22.01.2008, 11:41 1729

Қырғызстан Республикасының Қамбарата ГЭС-2 құрылысына 1,2 млрд сом бөлінеді

Қырғызстан Республикасының Қамбарата ГЭС-2 құрылысына 1,2 млрд сом бөлінеді

Бішкек. 22 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан Республикасының Қамбарата ГЭС-2 құрылысына 1,2 млрд сом бөлінеді, деп хабарлайды агенттік Қырғызстан Республикасының қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қаржы министрлігінің басшысы Тажикан Қалымбетовтың айтуынша, мемлекет тарапынан қомақты қаржы бөліну көзделген. Мәселен, Қамбарата ГЭС-2 құрылысына 1,2 млрд сом қарастырылған.

Сонымен қатар, 300 млн сомнан артық қаржы маңызды жол магистралдерінің қайта жөндеу жұмыстары мен құрылысына жұмсалатын болса, 178 млн сом - Қырғызстан Республикасында Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарт жөніндегі ұйымға мүше мемлекет басшылары кездесуінің дайындығына және өткізу шараларына бөлінеді.

Министр хабарлағанындай, бюджет табысы 44,2 млрд сом мөлшерінде жиналады. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда 7,2 млрд сомға артық. Бюджеттің шығыс бөлігі 48,6 млрд сомды құраса, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 8,1 млрд сомға жоғары.

Мемлекеттің негізгі табыс көзі елден түсіп жатқан салық төлемдері. Сарапшылардың балжамдары бойынша, бүгінде салық мөлшері кірістің 81,7% құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны