28.08.2006, 13:37 3263

ҚР СІМ ресми сапармен Түрікменстанға барады

АСТАНА. 28-тамыз. Kazakhstan Today. 30-31-тамызда ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаев ресми сапармен Түрікменстанға барады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Елшінің айтуынша, министр Түрікменстан президенті Сапармұрат Ниязовтың қабылдауында болады. "Кездесу барысында министр Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауын табыс етеді",- деді ол.

Сапар барысында сонымен бірге Қ.Тоқаев өзінің Түрікменстандық әріптесі Р.Мередовпен келіссөздер жүргізеді,- деді Е.Ашықбаев.

"Екі жақты келіссөздер саяси, сауда-экономикалық, көлік, мұнайгаз және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтардың келешегіне арналады. Қазақстан -Түрікменстан мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау үдерістері жөніндегі Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы келісім-шартты бекіту жөніндегі грамота алмасуға қатысты хаттамаға да қол қойылады деп күтілуде",- деді СІМ өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны