04.08.2006, 13:09 2892

Мәскеуде ЕурАзЭҚ-тың жанындағы тұрақты өкілдер комиссиясының отырысы өтуде

МИСКЕУ. 4-тамыз. Kazakhstan Today. Мәскеудегі ЕурАзЭҚ үйінде ЕурАзЭҚ-тың жанындағы тұрақты өкілдер комиссиясының отырысы өтуде. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне қоғамдастықтың баспасөз қызметі хабарлады.

Күн тәртібінде қоғамдастыққа мүше алты елдің интеграциялық ықпалдастығына қатысты кең көлемді мәселелер топтамасы қаралады. Атап айтсақ, өзара инвестицияларды қорғау және ынталандыру, сондай-ақ, техникалық реттеу, санитарлық, мал дәрігерлік және фитосанитарлық шаралар саласы бойынша ЕурАзЭҚ-тың ақпараттық жүйесін құру, қоғамдастықтың шекаралық мекемелерінің сыртқы шекараларда дағдарысты ахуалдар туындаған жағдайдағы ықпалдастығы туралы келісімдердің жобасы талқылануда.

Отырысқа қатысушылар ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің отын-энергетикалық кешендерін 2020-жылға дейін дамыту стратегиясының жобасын жасау төңірегінде пікір алмасып, Кедендік одаққа мүше елдердің сыртқы шекараларындағы өткізу бекеттерін жайластыру жөніндегі 2001-2005-жылдарға арналған бірлескен мақсатты бағдарламаның жүзеге асырылу барысын сарапқа салады.

Отырысқа ЕурАзЭҚ-тың бас хатшысы Григорий Рапота қатысуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны