14.01.2026, 16:57 1886
Қара теңіздегі мұнай танкерлеріне дрон шабуылы - ҚР СІМ мәлімдеме жасады
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ресми өкілі Ерлан Жетібаевтың Қара теңіздегі мұнай танкерлермен байланысты оқиғалар жөніндегі мәлімдемесі, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ү.ж. 13 қаңтарда Қара теңіз акваториясында Каспий құбыры консорциумының теңіз терминалына бет алған үш танкерге ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы жасалған шабуылдарға байланысты айтарлықтай алаңдаушылық білдіреді.
Осы орайда бірқатар еуропалық мемлекеттердің елшілерімен өткізілген шұғыл кездесулер, сондай-ақ америкалық тараппен және өзге де шетелдік серіктестермен болған байланыстар барысында халықаралық құқық нормаларын қатаң сақтай отырып, көмірсутегін тасымалдаудың, оның ішінде теңіз жолдарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдаудың маңыздылығына ерекше мән бердік.
Қазақстан Республикасының қандай да бір қарулы қақтығысқа қатысушы болып табылмайтынын, жаһандық және еуропалық энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға елеулі үлес қосып келе жатқанын әрі энергия ресурстарын жеткізудің үздіксіздігін халықаралық талаптарға толық сәйкес қамтамасыз етіп отырғанын ерекше атап өтеміз. Осыған байланысты аталған танкерлердің барлық қажетті рұқсаттары болғанын және талап етілетін сәйкестендіру жабдықтарымен қамтамасыз етілгенін атап көрсетеміз.
Соңғы уақытта мұндай оқиғалардың жиілеуі халықаралық энергетикалық инфрақұрылымның қалыпты жұмыс істеуіне төнетін тәуекелдердің артып келе жатқанын айғақтайтынын атап өтеміз және серіктестерімізді алдағы уақытта осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында бірлескен шаралар әзірлеу үшін тығыз өзара іс-қимыл жасауға шақырамыз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
14.01.2026, 15:20 6611
Женевада 2026 жылға жоспарланған Өкілетті конференцияға дайындық мәселелері талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Бүгін Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымы жанындағы және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Төребаевтың Халықаралық электр байланысы одағының (ХЭО) Бас хатшысы Дорин Богдан-Мартинмен кездесуі өтті. Кездесу барысында Қазақстан мен ХЭО арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары талқыланды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Елші Қазақстан Республикасы Президентінің Өңірлік экологиялық саммитке қатысу жөніндегі ресми шақыруын Бас хатшыға табыстап, орнықты даму мақсатындағы цифрлық шешімдер саласында өзара іс-қимылды нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Тараптар сондай-ақ ХЭО-ның 2026 жылғы Өкілетті конференциясына дайындық мәселелері бойынша пікір алмасты және Қазақстанның Халықаралық электр байланысы одағының жұмысына белсенді қатысуға мүдделілігін растады.
Кездесу барысында практикалық ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктеріне, соның ішінде ХЭО алаңында Қазақстанның сарапшыларының қатысуымен бірлескен іс-шараларды өткізу мәселелерін пысықтауға ерекше назар аударылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.01.2026, 14:46 6866
Қазақстан мен Словения: ынтымақтастықтың болашағына ортақ көзқарас
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Словениядағы Елшісі Алтай Әбибуллаев Словен Республикасы Премьер‑министрінің орынбасары - Сыртқы және еуропалық істер министрі Таня Файонмен кездесуінде екі ел арасындағы саяси сұхбаттастықты одан әрі нығайтуға, экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай‑ақ цифрландыру, инновациялар және көлік логистикасы салаларындағы әріптестікті дамытуға деген ниетін растады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сұхбат барысында келесі жылы Қазақстан мен Словения дипломатиялық қатынастардың орнағанына 35-жылдығы екіжақты ынтымақтастықтың кемелдігі мен тұрақтылығын айғақтайтын маңызды белес болмақ.
Т.Файон Словения үшін Қазақстанның Орталық Азиядағы негізгі серіктес екенін атап өтіп, өткен жылы Словен Президентінің Астанаға жасаған ресми сапарының нәтижелерін өте жоғары бағады. Ол сапардың екіжақты қатынастарды нығайтуға қосқан елеулі үлесін және қол жеткізілген уағдаластықтарды одан әрі ілгерілетуге дайын екені жеткізді.
Кездесу барысында көпқырлы өзара іс‑қимылды тереңдету және барлық деңгейде, соның ішінде сыртқы істер министрлері арасындағы тұрақты байланыстарды қолдау мәселелері талқыланды. Вице‑премьер словен тарапының тең төрайымы ретінде 2026 жылғы наурызда Люблянада Үкіметаралық комиссияның 5‑отырысын және Қазақстан‑Словен цифрлық форумын өткізуге дайын екенін растады.
Ерекше назар сауда‑экономикалық байланыстарды кеңейту перспективаларына аударылды. Атап айтқанда, фармацевтика, жасанды интеллект, ақпараттық‑коммуникациялық технологиялар, инжиниринг және энергия тиімділігі салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері қарастырылды. Қазақстанның маңызды транзиттік хаб ретіндегі рөлінің артуына байланысты Орта дәліз аясында логистиканы дамыту маңыздылығы аталып өтті. Сондай‑ақ словениялық компаниялардың Қазақстандағы жобаларға, оның ішінде өндірісті жергіліктендіру бағытындағы бастамаларға қатысу мүмкіндіктері талқыланды.
Қазақ дипломаты Словенияның 2024-2025 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне табысты төрағалық етуімен, әрі 2026-2028 жылдарға Адам құқықтары жөніндегі кеңеске сайлануымен құттықтады. Тараптар халықаралық ұйымдар мен көпжақты алаңдарда ынтымақтастықты жалғастыруға деген мүдделілігін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.01.2026, 13:05 7111
Ұлан-Батырда Қазақстан мен Моңғолия арасындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтақынов Моңғолияның Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп министрі - Қазақстан-Моңғолия сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) төрағасы Мягмарсүрэнгийн Бадамсүрэнмен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, кездесуге Моңғолияның Отбасы, еңбек және әлеуметтік қорғау істері жөніндегі министрі Тилеуханы Аубакир, Моңғолияның Парламент депутаты - Қазақстан-Моңғолия парламентаралық достық тобы төрағасының орынбасары Хажекберийн Жангабыл, сондай-ақ Моңғолияның Парламент депутаты Сархадын Зулпхар қатысты.
Кездесу барысында тараптар ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, жеңіл өнеркәсіп, туризм, білім беру және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ екі ел арасындағы тауар айналымын ұлғайту мүмкіндіктерін талқылады. Салалық мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері арасындағы тікелей іскерлік байланыстарды кеңейтуге, кооперацияны дамытуға және бірлескен жобаларды іске асыруға ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, екіжақты қатынастарды дамытуда және халықтар арасындағы байланыстарды нығайтуда парламенттік достық топтарының рөлінің маңыздылығы атап өтілді.
Кездесу қорытындысы бойынша 2026 жылы Астана қаласында ҮАК-тың 10-шы мерейтойлық отырысын ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.01.2026, 12:12 7576
Риядта Іскерлік кеңесі қызметін жандандыру мәселелері талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі Мадияр Меңілбеков Қазақстан-Сауд Арабиясы Іскерлік кеңесінің тең төрағасы Ахмед Әл-Дахилмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Келіссөздер барысында тараптар екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың ілгерілету перспективаларын қарастырды.
Қазақстан Елшісі Іскерлік кеңесті екі ел арасындағы инвестициялық өзара әрекеттесуді кеңейту, іскерлік байланыстарды дамыту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін негізгі алаң ретінде белсенді пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.
Өз кезегінде, Ахмед Әл-Дахил қос мемлекет арасындағы ықпалдастықтың елеулі әлеуетін атап өтіп, сауд тарапының өзара тиімді әріптестікті нығайтуға мүдделі екенін растады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен іс-шаралар өткізу және бизнес делегацияларының өзара сапарларын ұйымдастыру арқылы Іскерлік кеңестің қызметін жандандыруға уағдаласты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.01.2026, 11:01 7856
Кореяның болашақ дипломаттары Қазақстанның сыртқы саяси бағыты және реформаларымен танысты
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Корея Республикасындағы Елшісі Нұрғали Арыстанов "Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясаты және Корея Республикасымен қарым-қатынастарды дамыту" тақырыбында дәріс оқыды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шара Корея мәдениет қауымдастығының қолдауымен болашақ дипломаттарды даярлау тренингі аясында ұйымдастырылды. Дәріске халықаралық қатынастар мен дипломатияға қызығушылық танытқан Корея Республикасының орта және жоғары сыныптарында оқитын шамамен 80-нен астам оқушы - болашақ жас көшбасшылар қатысты.
Өз сөзінде қазақ дипломаты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Turkistan" газетіне берген "Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты" атты сұхбатында көтерілген негізгі бағыттарға жан-жақты тоқталды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының 2026 жылды Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуы үшін бетбұрыс кезең ретінде айқындағанын атап өтті. Тұрақты экономикалық өсімге, инфрақұрылымды ауқымды жаңғыртуға, Қазақстанды өңірлік логистикалық хаб ретінде қалыптастыруға, сондай-ақ 2026 жылдың Жасанды интеллект жылы деп жариялануына байланысты цифрландыру мен жасанды интеллектті дамыту басымдықтарына ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, Президенттің ауыл шаруашылығы, көлік, инфрақұрылым және логистика салаларына озық технологияларды енгізу жөніндегі бастамалары айтылды. Осы тұрғыда Alatau City жобасын қоса алғанда, "ақылды қалалар", жасыл бастамалар және туризмді дамыту шаралары таныстырылды.
Елші Арыстанов сұхбатта белгіленген жаңғырту бағыттарының Корея Республикасының тәжірибесі мен стратегиялық басымдықтарымен үндес келетінін атап өтіп, бұл цифрландыру, инновациялар, жасыл энергетика, орнықты даму және урбанистика салаларында екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге зор мүмкіндік ашатынын жеткізді. Ол Қазақстан мен Корея күш-жігерінің синергиясы екіжақты қатынастарды сапалы жаңа деңгейге көтеретініне сенім білдірді.
Дәріс барысында Елші Қазақстанның бейбітшілік, дінаралық диалог және өзара құрмет қағидаттарына берік екенін де тілге тиек етті. Осы контексте корей буддалық Чогие орденінің өкілдері тұрақты түрде қатысып келе жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің маңыздылығы ерекше аталып өтті.
Іс-шара аясында қатысушыларға Қазақстан туралы туристік бейнеролик көрсетіліп, ақпараттық журналдар мен туристік жолсілтемелер таратылды. Дәрістен кейін сұрақ-жауап сессиясы өтті.
Іс-шараның шығармашылық бөлігі ерекше назар аудартты. Оқушылар алдын ала Қазақстанға қатысты өз көзқарастарын дайындап, мәдениет, тарих, сыртқы саясат және туристік әлеует тақырыптарында топтық презентациялар ұсынды. Әр топ өз бағытын Елшіге таныстырып, кездесуді мазмұнды түрде одан әрі жандандыра түсті, сондай-ақ оқушылардың дайындық деңгейі мен белсенділігін айқын көрсетті.
Сұрақ-жауап сессиясы барысында қатысушылар түрлі тақырыптар бойынша терең білімін көрсетті. Талқылау ұлттық бірегейлік пен мемлекеттік рәміздер, этномәдени және діни әралуандылықтың қоғамдық келісімді нығайтудағы рөлі, сондай-ақ этникалық корейлердің Қазақстан қоғамының дамуына қосқан үлесі және олардың Қазақстан мен Корея арасындағы "алтын көпір" ретіндегі маңызына арналды.
Аталған іс-шара Қазақстан мен Корея арасындағы өзара түсіністікті тереңдетуге, сенім мен достық атмосферасын нығайтуға, сондай-ақ екі ел арасындағы жастар мен білім беру саласындағы алмасуларды дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.01.2026, 10:57 8136
Қазақстан мен Финляндия ядролық және радиациялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Азамат Әбдіраимов Радиациялық және ядролық қауіпсіздік басқармасының (STUK) Бас директоры Петтери Тиипанамен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар өткен жылғы ынтымақтастықты қорытындылады, сондай-ақ ядролық және радиациялық қауіпсіздік саласындағы 2026 жылға арналған өзара іс-қимыл жоспарларын талқылады. Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы реттеу және тәжірибе алмасу мәселелеріне, сондай-ақ екі елдің бейінді ведомстволары арасындағы практикалық өзара іс-қимылды кеңейту перспективаларына басты назар аударылды.
Қазақстан Елшісі қазақстандық тараптың сараптамалық біліммен алмасуды, бірлескен іс-шараларды өткізуді және институционалдық өзара іс-қимылды нығайтуды қоса алғанда, "STUK"-пен ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделілігін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, тұрақты байланыстарды қолдауға өзара мүдделілігін растады және өзара іс-қимылды сараптамалық деңгейде жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.01.2026, 15:05 11291
Президент АҚШ-пен келіссөздер бойынша өкілін тағайындады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Мемлекет басшысының өкімімен Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Ержан Хозеұлы Қазыханға Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша келіссөздер процесіндегі Қазақстан Республикасы Президенті Өкілінің міндеттері жүктелді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.01.2026, 13:31 27436
Жиддада Ауғанстан жөніндегі ИЫҰ Байланыс тобының Кабулға сапарына дайындық талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Жидда қаласындағы Бас консулы, Қазақстан Республикасының Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) жанындағы Тұрақты өкілінің орынбасары Руслан Қоспанов ИЫҰ-ның Ауғанстан жөніндегі Министрлік байланыс тобының Кабул қаласына жоспарланған сапарына дайындық аясында ұйымдастырылған техникалық деңгейдегі дайындық отырысына қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Техникалық кездесу аталған сапарға дайындық және ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің бірлескен күш-жігерін үйлестіру үдерісіндегі маңызды кезең болды. Отырыс барысында қатысушылар ұйымдастырушылық-техникалық мәселелерді пысықтауға, сондай-ақ ИЫҰ-ның Ауғанстан жөніндегі Байланыс тобының Кабул қаласына сапарының күн тәртібін келісуге баса назар аударды.
Дипломаттар алдағы іс-шаралардың негізгі аспектілері бойынша пікір алмасып, ИЫҰ-ға мүше елдердің Ауғанстанмен өзара іс-қимыл мәселелерінде үйлестірілген ұстанымының және сапардың тиімділігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.
ИЫҰ-ның Ауғанстан жөніндегі Министрлік байланыс тобы 2025 жылғы 21-22 маусымда Ыстамбұл қаласында өткен ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің 51-ші сессиясында қабылданған №61/51-POL "Ауғанстандағы жағдай туралы" қарарының 33-бабына сәйкес құрылды.
Байланыс тобы ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Ауғанстанға қатысты саяси, гуманитарлық және экономикалық аспектілерді қоса алғанда, күш-жігерін үйлестіру, ынтымақтастықты дамыту және іс-қимылдарының сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында құрылған.
2025 жылғы 23 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында Қазақстан ИЫҰ-ның Ауғанстан жөніндегі Байланыс тобының отырысына қатысты. Байланыс тобының құрамына Қазақстан, Сауд Арабиясы Корольдігі, Түркия, Пәкістан, Катар, Біріккен Араб Әмірліктері, Бангладеш, Индонезия, Гамбия, Өзбекстан, Иран, Мысыр және Әзербайжан кіреді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
14.01.2026, 08:57Қазақстан Үкіметі жер қойнауын зерттеудің жаңа кезеңіне кірісуде: геологиялық барлауға 240 млрд теңге бөлінеді 14.01.2026, 09:13 14366Қанат Бозымбаев өңірлерде "Ауыл аманаты" жобасының жүзеге асырылу барысын тексерді14.01.2026, 10:47 14106Қарағанды облысында әлеуметтік сала мәселелеріне арналған жиын өтті14.01.2026, 10:57 8686Қазақстан мен Финляндия ядролық және радиациялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады14.01.2026, 11:01 8406Кореяның болашақ дипломаттары Қазақстанның сыртқы саяси бағыты және реформаларымен танысты
08.01.2026, 10:10 1106962026 жылы Қазақстанда медицина қызметкерлерінің еңбек ақысы көтеріледі және құқықтық қорғалуы күшейтіледі08.01.2026, 11:25 110236Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен 82 млн теңгеге жер мемлекетке қайтарылды08.01.2026, 15:57 109526Отандық өндірушілерге тауарларды теміржол арқылы тасымалдау шығындары өтеледі08.01.2026, 16:29 108671Аида Балаева Көші-қон саясаты тұжырымдамасының негізгі ережелерін түсіндірді09.01.2026, 12:04 972112025 жылы мүгедектікті белгілеуге қатысты 113 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды
17.12.2025, 17:47 232726Ташкентте қазақ киносының күндері өтті17.12.2025, 15:52 228211Венада Айман Мұсақожаеваның концерті өтті17.12.2025, 13:33 213191Брюссельде Қазақ киносының күндері өтті17.12.2025, 11:28 204671Домбыра мен сазсырнай Бельгияның Корольдік музыкалық аспаптар музейінің коллекциясына енді06.01.2026, 20:48 199496Заңнамалық актілер жаңа Цифрлық кодекске сәйкес келтіріледі

