11.03.2026, 22:25 856

Армения Орталық сайлау комиссиясының төрағасы референдумды байқауға қатысады

Армения Орталық сайлау комиссиясының төрағасы референдумды байқауға қатысады
Сурет: gov.kz
Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев Арменияның Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Ваагн Овакимянмен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Сұхбат барысында армян тарапы Қазақстанда жүргізіліп жатқан конституциялық реформаның негізгі бағыттарымен таныстырылып, сондай-ақ 2026 жылғы 15 наурызда өтетін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы бойынша республикалық референдумға дайындық барысы туралы хабардар етілді.

Армения ОСК төрағасы референдумға халықаралық байқаушы ретінде қатысатынын растады. Ол Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғырту аясындағы конституциялық реформаның маңыздылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сайлау үдерістерін халықаралық стандарттарға сәйкес жетілдіру саласында тәжірибе алмасуды жалғастыру және ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделілігін растады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны