30.05.2025, 18:31 80496
Астана мен Ашхабад арасындағы ынтымақтастық оң серпін көрсетіп отыр - Тоқаев
Достарға айту
Мемлекет басшысы Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президентіне ілтипат білдіре отырып, оның бірінші "Орталық Азия - Италия" саммитіне қатысуы мемлекетаралық көпқырлы қарым-қатынастарды одан әрі ілгерілету тұрғысынан маңызды екенін атап өтті.
Екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытуға баса мән береміз. Экономикалық байланыстарда нақты нәтижелерге қол жеткіземіз деп есептеймін. Басқа да салалар бойынша, әсіресе, мәдени-гуманитарлық бағытта ықпалдастық қарқынды дамып келеді. Күн тәртібіндегі жобаларды жүзеге асыруға қос тарап та күш жұмылдыратынын ескерсек, өзара тиімді қарым-қатынастың келешегі зор", - деді Мемлекет басшысы.
Президенттің пікірінше, қазір Астана мен Ашхабад арасындағы ынтымақтастық өркендеп, көптеген негізгі салаларда оң динамика байқалады.
Сердар Бердімұхамедов Қасым-Жомарт Тоқаевқа қонақжайлық танытқаны және "Орталық Азия - Италия" саммитін табысты өткізгені үшін алғыс айтты.
Орталық Азия елдері мен Италия жоғары деңгейдегі осындай форматта тұңғыш рет келіссөз жүргізіп отыр. Саммит қорытындысы мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал ететініне сенімдімін", - деді Түрікменстан Президенті.
Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовке ыстық ықыласын жолдап, оның жауапты қызметіне толағай табыс тіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
08.01.2026, 18:04 2056
Шаңхайда Қазақстан саясатының басымдықтары және студенттік қауымдастықтың рөлі талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Шаңхай қаласындағы Бас консулы Нұрлан Аққошқаров ҚР Бас консулдығының консулдық округіне кіретін білім беру мекемелерінде оқып жатқан қазақстандық студенттермен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында Бас консул студенттерді Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарымен, Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан қазіргі әлеуметтік-экономикалық реформалармен, сондай-ақ қазіргі кезеңдегі қазақ-қытай екіжақты ынтымақтастығының басымдықтарымен таныстырды.
Шетелде жүрген ҚР азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, консулдық есепке тұру, көші-қон заңнамасын сақтау, сондай-ақ Қытай Халық Республикасында шетелдік студенттердің болу ережелерін орындау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу аясында қазақстандық студенттік қауымдастық үшін өзекті саналатын мәселелер бойынша жан-жақты пікір алмасу өтті. Атап айтқанда, оқу және тұрмыс жағдайлары, мәдени-гуманитарлық және қоғамдық бастамаларға қатысу, сондай-ақ Бас консулдықпен өзара іс-қимыл жасау мүмкіндіктері талқыланды.
Сонымен қатар Шаңхайдағы қазақстандық студенттік қауымдастықтың ұйымдастырушылық дамуына қатысты мәселелер, оның ішінде Шаңхайдағы Қазақстандық студенттер қауымдастығының (KSAS) басқарушы органдарын қалыптастыру тәртібі қаралды. Талқылау қорытындысы бойынша KSAS Президенті болып Дария Машынбай сайланды. Осы орайда, студенттік қауымдастықтың қазақстандық студенттердің қызметін үйлестірудегі, Бас консулдықпен өзара байланысты жолға қоюдағы, сондай-ақ мәдени, білім беру және қоғамдық іс-шараларды ұйымдастырудағы рөлі атап өтілді.
Н. Аққошқаров сапалы білім алудың маңыздылығын, қабылдаушы елдің заңнамасын қатаң сақтаудың қажеттілігін атап өтіп, қытай тілін меңгерген және ҚХР-да білім алу тәжірибесі бар мамандардың жоғары сұранысқа ие екенін ерекше атап өтті. Сонымен бірге, кездесуде Бас консул жас азаматтардың Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан елдегі өзгерістерді тұрақты түрде қадағалап отыру маңыздылығына назар аударды.
Мемлекет басшысының жастар саясатына ерекше көңіл бөлетінін және Қытайды терең білетінін атап өте отырып, сапалы кадрлардың кәсіби тұрғыда кең мүмкіндіктерге ие екенін, соның ішінде мемлекеттік қызмет жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуда үлкен әлеует бар екенін жеткізді. Осы тұрғыда қатысушылардың назарын 2026 жылғы 5 қаңтарда "Turkistan" газетінде жарияланған "Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты" атауымен жарық көрген ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың ауқымды сұхбатына аударды.
Кездесуді қорытындылай келе Бас консул студенттерді белсенді азаматтық ұстаным танытуға, қазақстандық студенттік қауымдастық ішіндегі өзара байланысты нығайтуға және шетелде Қазақстан Республикасының оң имиджін қалыптастыруға шақырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.01.2026, 16:12 2471
Парламенттік дипломатия - Қазақстан мен Португалия ынтымақтастығының дәнекері
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Португалиядағы Елшісі Жан Ғалиев Португалияның Республика Ассамблеясы Сыртқы істер және шетелдегі португал қауымдастықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Жозе Сезариумен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында дипломат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан жаңғырту реформаларының барысы жөнінде әңгімелеп берді. Сондай-ақ Қазақстан мен Португалия арасындағы ынтымақтастықтың ең перспективалы бағыттары - ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсіп, туризм және спорт, көлік пен логистика, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект, су ресурстары, білім беру және өзге де салалар сындарлы түрде талқыланды.
Елші Қазақстан тарапының парламентаралық диалогты жандандыруға әзір екенін атап өтті.
Өз кезегінде португалиялық депутат Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан өзгерістерге қызығушылық танытып, екі ел халықтарының жақындасуын, оның ішінде мәдени-гуманитарлық алмасулар арқылы нығайтуды қолдайтынын білдірді.
Әңгіме соңында тараптар парламенттік дипломатияға арқа сүйей отырып, екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге жәрдемдесуге уағдаласты. Ж.Сезариу алдағы уақытта Португалия Республикасы Ассамблеясының депутаттарынан құралған топтың басында Қазақстанға сапармен келуге дайын екенін білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.01.2026, 19:18 20416
Қазақстан Сыртқы істер министрі Хорватия Елшісін қабылдады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Хорватия Республикасының Елшісі Рефик Шабановичті қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тараптар екіжақты күн тәртібіндегі мәселелерді, оның ішінде саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету, сондай-ақ мәдениет және білім саласындағы өзара әрекеттестікті дамытуды талқылады.
Экономикалық және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға, көлік-логистикалық ынтымақтастықты кеңейтуге айрықша назар аударылды. Бұл өзара сауда көлемін және іскерлік байланыстарды арттырудың маңызды факторы ретінде қарастырылады.
Өзара қызығушылық тудыратын түрлі салалардағы іс-қимылды жалғастыруға дайындық расталып, биік және жоғары деңгейлердегі сапарларды дайындау мәселелерін қоса алғанда, 2026 жылға арналған екіжақты іс-шаралар бойынша пікір алмасу өтті. Атап айтқанда, екіжақты қатынастардың дамуына қосымша серпін беретін Хорватия Премьер-министрінің Астанаға сапарын ұйымдастырудың маңыздылығы аталып өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша дипломаттар Астана мен Загреб арасындағы мазмұнды диалогты жалғастыруға және жан-жақты өзара ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ниеттерін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.01.2026, 14:17 22646
Алжирдің Коммуникация министрі Қазақстан Президентінің сұхбатына қызығушылық танытты
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Алжирдегі Елшісі Әнуарбек Ахметов Алжир Халық Демократиялық Республикасының Коммуникациялар жөніндегі министрі Зохейр Буамамамен кездесті. Министрдің құзіретіне мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі және елдің идеологиялық мәселелері кіреді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында алжирлік министр назарына Мемлекет басшысының "Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты" атты сұхбаты ұсынылып, өз кезегінде ол Қазақстан басшысы жүзеге асырып отырған ішкі саяси реформалар мен бастамаларға, олардың ел егемендігін, патриотизмді және азаматтардың әл-ауқатын нығайтуға бағытталғанына жоғары баға берді.
Министр З. Буамама аталған сұхбаттың негізгі тұжырымдары, сондай-ақ Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар мен қол жеткізілген нәтижелер жетекші алжирлік бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланатынына сенім білдірді.
Сонымен қатар, практикалық қызметте зерделеу және пайдалану үшін Қазақстан Республикасының ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттарының аудармасы табысталды. Құжат алжирлік министрдің үлкен қызығушылығын тудырып, ол Қазақстан басшылығының жүйелі әрі байыпты ұстанымдарын жоғары бағалады.
Тараптар сондай-ақ сыртқы саяси ведомстволар арасында және Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Алжирдің Коммуникациялар министрлігі арасындағы ынтымақтастық аясында елдердің халықаралық аренадағы оң имиджін ілгерілету мәселелері бойынша перспективалы бағыттар мен тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін жан-жақты талқылады.
Алжир тарапы қазіргі геосаяси тұрақсыздық жағдайында Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатты қалыптастырудағы тәжірибесі ерекше қызығушылық тудыратынын атап өтті.
Экономикалық құрылымдардың ұқсастығын, күрделі геосаяси ахуалды және жаһандық сын-қатерлердің артуын ескере отырып, З. Буамама Алжир Қазақстанның ең табысты тәжірибелерін, әсіресе сыртқы ақпараттық жұмыс пен ішкі саясаттағы стратегиялық басымдықтарды айқындау саласында зерделеуге және бейімдеуге мүдделі екенін жеткізді.
Жалпы алғанда, тараптар ресми және сараптамалық делегациялар алмасуын, сондай-ақ өзара тиімді ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық базасын пысықтауды қамтитын бірлескен іс-қимыл жоспарын айқындады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.01.2026, 13:10 23611
Қазақстан мен Израиль Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысына дайындық мәселелерін талқылады
Достарға айту
Қазақстанның Израильдегі Елшісі Даулет Ембердиев Қазақстан-Израиль сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы, Израиль Қаржы министрі Зеэв Элькинмен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында екі ел арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті күн тәртібі талқыланып, оның ішінде биік және жоғары деңнейде жоспарланып отырған сапарлар туралы пікір алмасылды.
Ерекше назар биыл Израильде өтетін Үкіметаралық комиссияның отырысына дайындық мәселелеріне, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы нормативтік-құқықтық базаны кеңейту мәселелеріне аударылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.01.2026, 12:10 24826
Риядта өнеркәсіптік ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Корольдіктің Өнеркәсіп және минералды ресурстар министрі Бандар Әл-Хорайефпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Келіссөздер барысында өнеркәсіп және тау-кен металлургия кешені салаларындағы ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасу, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықты кеңейтудің елеулі әлеуетін атап өтіп, экономиканың басым секторларындағы әріптестікті тереңдетуге өзара мүдделілік танытты.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар диалогты жандандыруға келісті және ынтымақтастықтың нақты бағыттарын айқындады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.01.2026, 11:02 25486
Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне жаңа мүше-мемлекеттердің туларын орнату рәсімін өткізді
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігі 2026-2027 жылдарға сайланған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жаңа тұрақты емес мүшелерінің туларын салтанатты түрде орнату рәсімін өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қауіпсіздік Кеңесінің мәжіліс залы алдында Бахрейн, Колумбия, Конго Демократиялық Республикасы, Латвия және Либерияның Тұрақты өкілдері өз елдерінің мемлекеттік туларын орнатып, аталған елдердің Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына ресми түрде кіргенін білдірді.
Қауіпсіздік Кеңесінің жаңа жылдағы жұмысының бірінші күнінде салтанатты рәсімді өткізу дәстүрі 2018 жылдың қаңтар айында, Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалығы кезеңінде бастау алған болатын. Содан бері бұл тәжірибе Кеңестің барлық мүшелері тарапынан дәйекті түрде қолдау тауып, соңғы жылдары Қазақстанның Тұрақты өкілдігі үйлестіруімен жүзеге асырылып келеді.
Атап өтерлігі, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №S/2025/848 жазбасы арқылы рәсімделген Кеңес шешіміне сәйкес, аталған салтанатты шара Қауіпсіздік Кеңесінің ресми жыл сайынғы іс-шарасы ретінде бірауыздан қабылданып, оның жұмыс әдістеріне енгізілді. Осылайша, Қазақстан бастамасы институционалдық тұрғыдан бекітіліп, Қауіпсіздік Кеңесінің рәсімдік әрі символикалық мәдениетінің тұрақты элементіне айналды.
Іс-шараны аша отырып, Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров қазіргі геосаяси шиеленіс жағдайында Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты және тұрақты емес мүшелерінің белсенді қатысуымен қабылданатын шешімдері жаһандық бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ орнықты дамуға жәрдемдесу тұрғысынан айрықша маңызға ие екенін атап өтті.
БҰҰ Бас хатшысының атынан сөз сөйлеген Таяу Шығыс және Азия-Тынық мұхит аймағының мәселелері бойынша Бас хатшының көмекшісі Халед Хиари Қауіпсіздік Кеңесінің жаһандық қауіпсіздік архитектурасындағы негізгі рөлін атап өтіп, Кеңес жұмысы шеңберінде сенімді нығайтуға, диалогты ілгерілетуге және институционалдық сабақтастықты қамтамасыз етуге қосқан Қазақстанның үлесін жоғары бағалады.
2026 жылғы қаңтар айындағы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы ретінде сөз сөйлеген Сомали Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Абукар Дахир Осман халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке төнетін қазіргі заманғы сын-қатерлер мен қауіптерге бірлесіп ден қою мақсатында мемлекеттерді белсенді әрі үйлестірілген өзара іс-қимылға шақырды.
Өз кезегінде, Қауіпсіздік Кеңесінің жаңадан сайланған мүшелерінің өкілдері қысқаша сөз сөйлеп, салтанатты рәсімді ұйымдастырғаны үшін қазақстандық тарапқа алғыс білдіріп, 2026-2027 жылдар кезеңінде Қауіпсіздік Кеңесіндегі қызметінің негізгі басымдықтарын атап өтті.
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде бес тұрақты мүше мемлекет (АҚШ, Қытай, Ресей, Ұлыбритания және Франция) және 10 тұрақты емес мүше мемлекет қызмет атқарады. Олар жыл сайын БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен екі жылдық мерзімге сайланады.
Аталған салтанатты рәсім Қауіпсіздік Кеңесінің жаңадан сайланған мүшелері үшін айрықша маңызға ие болып, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты БҰҰ-ның басты органындағы аталған елдер мандатының салтанатты басталуын білдіреді. Ұлттық туларды көтеру мемлекеттердің Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына ену сәтіне ерекше саяси әрі символикалық мән беріп, Кеңес мүшелерінің бүкіл халықаралық қауымдастық алдындағы ортақ жауапкершілігін айқындайды.
Қазақстанның бастамасына дейін Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелерінің туларын ауыстыру рәсімі негізінен техникалық сипатта жүргізіліп келді. Алайда 2018 жылдан бастап аталған жаңашылдықтың арқасында бұл үдеріс бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен Қауіпсіздік Кеңесінің алғашқы жұмыс күні өткізілетін ресми салтанатты рәсім форматына ие болды.
2019 жылдың қаңтар айында Қазақстанның Тұрақты өкілдігі Қауіпсіздік Кеңесінің мүше мемлекеттерінің тулары үшін Қазақстанда жасалған және ұлттық ою-өрнектермен безендірілген арнайы тұғырлар сыйға тартты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.01.2026, 10:55 25786
Масқатта Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінің қорытындылары талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Оман Сұлтандығындағы Елшілігі "Астанадағы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезі тұрақты дінаралық диалогтың үлгісі ретінде" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараға 2022 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезінің жұмысына қатысқан Оман Сұлтандығы Бас мүфти кеңсесінің бас хатшысы Шейх Ахмад бен Сауд бен Саид Ас-Сияби, Өзбекстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшісі Абдусалом Хатамов, Оманның сараптамалық-талдау қауымдастығы мен БАҚ өкілдері қатысты.
Қазақстанның Оман Сұлтандығындағы Елшісі А.Тұматов өз сөзінде іс-шараға қатысушыларды Съездің тарихы, оның даму кезеңдері туралы қысқаша хабардар етіп, ағымдағы жылдың 17-18 қыркүйегінде өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының кезекті VIII Съезінің негізгі жайттарына тоқталды.
Сонымен қатар, Шейх Ахмад Ас-Саяби өз сөзінде VII съезд жұмысына қатысқаны туралы жақсы естеліктерімен бөлісті. Оман дінбасыларының өкілі Астанадағы форум өзін дінаралық диалогты, өзара сенім мен бейбітшілік мәдениетін нығайтуға ықпал ететін танылған және беделді халықаралық платформа ретінде танытқанын атап өтті. Оның айтуынша, съездің қызметі діннің жасампаздықтың, бейбітшілік пен келісімнің қайнар көзі бола алатындығын және болуы керектігін айқын көрсетеді.
Сондай-ақ, бұл іс-шараның басқа да қатысушылары Астана діни форумының дінаралық диалогты ұйымдастырудағы бірегей тәжірибесін атап өтіп, Қазақстан мен Оманның бейбітшілікті, үйлесімділікті және өркениетаралық өзара түсіністікті нығайтуға көзқарастарының ұқсастығын, сондай-ақ екі елдің толеранттылық, өзара құрмет және бейбіт қатар өмір сүру қағидаттарына танылғанын беріктігін құаттады.
Қорытындылай келе, дөңгелек үстелге қатысушылар өзара сыйластық, жауапкершілік және шешімдерді бірлесіп іздеу қағидаттарына негізделген осындай диалогты одан әрі қарай дамыту жаһандық тұрақтылық пен өзара түсіністікті нығайтуға маңызды үлес болып табылатынына сенім білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
08.01.2026, 16:12Парламенттік дипломатия - Қазақстан мен Португалия ынтымақтастығының дәнекері 08.01.2026, 18:04 2036Шаңхайда Қазақстан саясатының басымдықтары және студенттік қауымдастықтың рөлі талқыланды08.01.2026, 12:15 1646Гонконгта керемет айдаһар мен арыстан фестивалі өтеді
01.01.2026, 12:23 979212026 жылғы базалық зейнетақы мөлшері айқындалды01.01.2026, 00:19 91286Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Жаңа жылмен құттықтады06.01.2026, 16:21 90656ЖИ Қазақстандағы жұмыс күшінің өнімділігін 70% арттыра алады - зерттеу06.01.2026, 17:37 85671Үкімет Қазақстанның цифрлық шешімдерді жасайтын және сататын елдер қатарына кіруі үшін озық IT-технологияларды қарқынды дамытуды жалғастырады06.01.2026, 19:34 850962026 жыл Цифрландыру және ЖИ жылы деп жарияланды - Жарлық
17.12.2025, 17:47 232201Ташкентте қазақ киносының күндері өтті17.12.2025, 15:52 227711Венада Айман Мұсақожаеваның концерті өтті15.12.2025, 23:30 225996Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды15.12.2025, 23:10 222996Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 22:01 213991Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді

