04.01.2026, 17:06 31121

Қасым-Жомарт Тоқаев Мин Аун Хлайнға құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мин Аун Хлайнға құттықтау жеделхатын жолдады
Сурет: Akorda
Мемлекет басшысы Мьянма Одағы Республикасы Президентінің міндетін атқарушы мен оның отандастарын осы елдің ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Президент Астана мен Нейпьидо арасындағы достық және өзара түсіністікке негізделген ынтымақтастықтың тұғыры берік, әлеуеті зор екенін атап өтіп, бірлескен күш-жігер арқылы ықпалдастық қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мин Аун Хлайнның жауапты қызметіне толағай табыс, Мьянма халқына құт-береке тіледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны