22.12.2025, 17:54 1711
Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Сурет: Akorda
Достарға айту
Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдер басшыларының кездесуіне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге Ресей Президенті Владимир Путин, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
ТМД басшылары өзара ынтымақтастықтың негізгі даму бағдары мен қадамдарын талқылады.
Сондай-ақ Ұйым аясындағы ықпалдастықтың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
22.12.2025, 21:24 12301
Мәскеуде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ақпараттық саладағы өзара іс-қимылы талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Хатшылығында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрліктеріндегі ақпараттық құрылымдар басшыларының жыл сайынғы консультациялары өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында мүше мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының баспасөз қызметтері өкілдерінің ҰҚШҰ Хатшылығымен Ұйым қызметін ақпараттық тұрғыдан сүйемелдеу мәселелері бойынша жедел өзара іс-қимылын ұйымдастыруға қатысты мәселелер қаралды.
Сондай-ақ жалған ақпарат пен фейктердің таралуына қарсы іс-қимыл, оның ішінде жасанды интеллект технологияларын дұрыс мақсатта пайдалану мәселелері бойынша мазмұнды тәжірибе алмасу жүзеге асырылды.
Тараптар өзекті ақпараттық материалдармен жедел алмасуға ерекше назар аудару жөнінде уағдаласты.
Осы тұрғыда қатысушылар ҰҚШҰ-ның беделін нығайту және танымал ету мақсатында медиа кеңістіктегі практикалық ынтымақтастықтың мақсаттарын жан-жақты талқылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.12.2025, 19:58 1511
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесу өткізді
Сурет: Akorda
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев:
- Жаңа жыл қарсаңында дәстүрге айналған Петербургтегі кездесуіміз мазмұнды өтті. Біз ЕАЭО қызметіне қатысты бірқатар мәселені қарастырып, шешімдер қабылдадық. ТМД форматы аясындағы ықпалдастықтың аса маңызды, өзекті мәселелері талқыланды. ТМД - беделді әрі заман талабына сай халықаралық ұйым. Биыл өзара ынтымақтастығымыз табысты болғаны сөзсіз. Екіжақты қарым-қатынас қарқынды дамып келеді. 12 қарашада Ресейге жасаған мемлекеттік сапарым өте нәтижелі өтті. Сол сапар барысында қонақжайлық танытқаныңыз үшін Сізге ризашылығымды білдіремін. Қазақстан Ресеймен стратегиялық серіктестік және одақтастық байланыстарға ерекше мән береді. Біз Қазақстан мен Ресей азаматтарының күнделікті тұрмыс-тіршілігіне қатысты мәселелерде бірге әрекет етуіміз қажет. Ынтымақтастығымыз бен стратегиялық серіктестігімізді нығайтуға бағытталған ортақ жұмысымыз қос халықтың түпкі мүддесіне сай келеді.
Владимир Путин:
- Біз кешеден бері біраз жұмыс атқардық. Бүгінгі бейресми кездесу барысында ҰҚШҰ, ТМД аясындағы қызметімізді және екіжақты ынтымақтастық жағдайын талқыладық. Дегенмен Сізбен Қазақстан және Ресей арасындағы өзара байланыстардың басым бағыттарын дамыту үшін арнайы кездескеніме қуаныштымын. Менің ойымша, барлық сала оң қарқынмен алға ілгерілеп келеді. Екі ел арасында шешілмеген немесе түйткілді мәселе жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.12.2025, 18:40 25831
Словениядағы "Лука Копер" порты - Азия мен Еуропа арасында және Орта дәліздің әлеуетті транзиттік серіктесі
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан мен Словения мемлекеттерінің басшылары арасында 2025 жылғы наурызда қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағыты - Еуропаның ірі теңіз порттарының бірі "Лука Копер" орта дәлізін үйлестірудің негізгі қағидаттарын практикалық талқылау мақсатында Қазақстанның Словениядағы Елшісі Алтай Әбибуллаев порттың функционалдық қызметімен танысып, Басқарма төрайымы Невенка Кржанмен ынтымақтастық перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сұхбат барысында көлік, транзит және логистика саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша сындарлы пікір алмасу өтті. Елші словен тарапына Қазақстанның Еуразиялық кеңістіктегі негізгі транзиттік мемлекеттердің бірі ретіндегі әлеуетін, сондай-ақ халықаралық маңызы бар теміржол және мультимодальды маршруттарды қоса алғанда, қазіргі заманғы көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту бойынша ҚР Үкіметінің қабылдап жатқан шаралары туралы таныстырды.
Орта дәлізді дамытудың әлеуеті мен мүмкіндіктеріне, көлік бағыттарын әртараптандыру, жеткізу тізбегінің тұрақтылығын арттыру және еуропа мемлекеттері үшін логистикалық мүмкіндіктерді кеңейту міндеттеріне ерекше назар аударылды. Порт басқарма төрайымы "Лука Копердің" ағымдағы қызметі, оның инфрақұрылымдық мүмкіндіктері, терминалдардың мамандануы, сондай-ақ порт қуаттарын одан әрі дамыту және жаңғырту жоспарлары туралы ақпаратты ұсынды. Сындарлы диалогты жалғастыруға және практикалық өзара іс-қимылды дамытуға, оның ішінде ҚТЖ Экспресс және екі елдің басқа да бейінді құрылымдарымен және іскер топтарымен ынтымақтастықты кеңейту бөлігінде өзара мүдделілік расталды.
Словенияның Лука Копер порты жылына 24/7, 365 күн жұмыс істейді, іс жүзінде ауа-райына ұшырамайды, Словенияның Адриатикалық жағалауында 283 га жерде орналасқан, порт ашық теңізге тікелей қол жеткізе алмайтын барлық ЕО елдері үшін шешуші рөл атқарады (Австрияға жалпы импорттың 1/3 бөлігі, Венгрияға импорттың 45%).
Порт персоналы - Словенияның 2,5 мың жоғары білікті азаматы, жүк айналымының жыл сайынғы көлемі-23 млн. тонна немесе 1,5-1,8 млн контейнер, тауарлар мен жүктердің барлық түрлерін (мұнай мен газды қоспағанда), атап айтқанда, әлемдік брендтердің 1,1 млн жаңа автомобильдерін қабылдайды және жөнелтеді. Қазіргі уақытта Қытайдың шығыс жағалауынан және АТМ аймағынан Словенияның Лука Копер портына дейін теңіз арқылы жүктерді жеткізу ұзақтығы 43-46 күнді құрайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.12.2025, 17:37 26146
Қазақстан мен Алжир цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты талқылады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Алжирдегі Елшісі Әнуарбек Ахметов Алжир Халық Демократиялық Республикасының Білім экономикасы, стартаптар және микрокәсіпорындар министрі Нуреддин Уадамен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тараптар цифрландыру және білім экономикасы саласындағы бірлескен жұмыстың перспективалы бағыттарын, сондай-ақ екі елдің мемлекеттік ұйымдар және жеке компаниялар арасындағы әлеуетті жобаларды талқылады.
Ә.Ахметов алжирлік министрді Мемлекет басшысының Қазақстанда цифрландыру мен жасанды интеллектті дамыту жөніндегі бастамаларымен таныстырды, сондай-ақ оған Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы мен "Цифрлық көпір-2025" форумында сөйлеген сөзінің мәтіндерін берді.
Н.Уада еліміздің ұлттық цифрлық экожүйені дамытудағы, суперкомпьютерлерді тиімді пайдаланудағы және жасанды интеллектті кеңінен қолданудағы табыстарын жоғары бағалады. Ол ел Президенті деңгейінде экономикалық дамудың цифрлық векторын саяси қолдау табысқа жетудің басты факторы екенін атап өтті.
Алжирлік министр осы инновациялық секторды жүйелі дамыту және келешегі бар инфрақұрылымды қалыптастыруда Еуразиялық аймақтағы басты цифрлық хаб ретінде Қазақстанның тәжірибесін зерделеуге және енгізуге қызығушылығын танытты.
Кездесу барысында алжирлік министрге ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен дайындаған өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум жобасын ұсынылды.
Тұтастай алғанда, әңгімелесушілер осы салада нақты, өзара тиімді нәтижелерге жылдам қол жеткізу үшін сарапшылық делегациялардың сапарларымен алмасуды қамтитын бірлескен іс-қимыл жоспарын белгіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.12.2025, 16:52 1886
Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургтегі Мемлекеттік Эрмитажға барды
Сурет: Akorda
Достарға айту
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ның бейресми саммитіне қатысу үшін Санкт-Петербургке келген өзге де мемлекеттер басшыларымен бірге Эрмитажды аралап көрді. Мәртебелі меймандарға музейде экскурсия жүргізілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президенттер Александр, XVIII ғасырдағы Франция өнері залдарында орналасқан танымал көрмелерді тамашалады. Әсіресе, "Алтын көмбе" бірегей коллекциясындағы бағалы металдардан құйылған археологиялық жәдігерлер, тарихи Пикет және Герб залдарының интерьері ерекше қызығушылық тудырды. Меймандар бай қоры арқылы дүние жүзіне мәшһүр музейдің басқа да экспозицияларымен танысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.12.2025, 11:55 11981
Мемлекет басшысы Корея Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёңді туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президент жеделхатта Корея Республикасы Қазақстанның Азиядағы сенімді серіктесі екенін атап өтіп, екі ел арасындағы зор әлеуетке ие ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ерекше мән беретінін жеткізген. Сонымен қатар Корея Президентімен бірге күш-жігер жұмылдыра отырып, кеңейтілген стратегиялық әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге әзірлігін растады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёңнің аса жауапты қызметіне толағай табыс, Корея халқына құт-береке тіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.12.2025, 11:28 27546
Қазақстан мен Таиланд саяси диалог және экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Таиландтағы Елшісі Марғұлан Баймұхан Таиланд Сыртқы істер министрлігінің Тұрақты хатшысы Эксири Пинтаручимен кездесу өткізді. Тараптар екіжақты қатынастардың өзекті ахуалын талқылап, өзара сенімге негізделген ынтымақтастықтың тұрақты позитивті динамикасын атап өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Елші Қазақстан мен Таиланд арасындағы жоғары деңгейдегі сапарлар мен келісімдік-құқықтық базаның кеңеюі арқылы қолдау тапқан берік саяси диалог қалыптасқанын атап өтті. Соңғы екі жыл ішінде визасыз режим, сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі келісімдер, сондай-ақ цифрландыру, туризм, ауыл шаруашылығы және халықаралық даму салаларындағы меморандумдар қабылданды.
Тараптар 2026 жылы саяси байланыстарды одан әрі нығайтуға және ведомствоаралық өзара іс-қимылды жандандыруға өзара қызығушылық білдірді.
Кездесудің негізгі бөлігі экономикалық ынтымақтастыққа арналды. Қазақстан Орталық Азиядағы Таиландтың ең ірі сауда серіктесі болып табылады, бұл елдің аймақпен саудасының шамамен 70%-ын қамтамасыз етеді. Тараптар ауыл шаруашылығы, машина жасау, энергетика және туризм салаларында тауар айналымын арттыру мүмкіндіктерін қарастырды.
Таиландтың өңірлік азық-түлік хабын құру жөніндегі бастамасы аясында Қазақстанның астық пен ет өнімдерін экспорттаудағы әлеуеті ерекше атап өтілді. Сондай-ақ инвестицияларды қорғау, қосарланған салық салуды болдырмау және ветеринарлық бақылау мен өсімдік карантині жөніндегі құжаттарды аяқтау қажеттігі айтылды.
Жер қойнауын пайдалану және сирек металдар саласындағы ынтымақтастық та күн тәртібінде болды. Стратегиялық шикізат қоры мол Қазақстан Таиландтың жоғары технологиялық өндірісінің өсіп келе жатқан қажеттіліктерін ескере отырып, бірлескен жобаларды қарастыруды ұсынды.
Цифрлық саладағы серіктестік те маңызды бағыт ретінде аталды: цифрлық сауда, финтех, бұлттық технологиялар, киберқауіпсіздік және смарт-логистика. Қазақстан тарапынан БҰҰ АТМЭӘК құрылымында Алматыда Цифрлық шешімдер орталығын құру бастамасы таныстырылды.
Көлік байланыстығын дамыту мәселесі де талқыланды. Қазіргі уақытта Қазақстан мен Таиланд арасында Air Astana, SCAT Airlines және Thai AirAsia X әуекомпаниялар аптасына 23 тікелей рейс орындайды. Желтоқсанда ашылған Шымкент - Бангкок бағыты логистикалық және туристік өзара іс-қимылды күшейтті. Сонымен қатар тараптар Орта дәліздің және Қытай - Лаос - Таиланд теміржол жобасына негізделген мультимодальды бағыттардың мүмкіндіктерін атап өтті.
Елші Таиландқа келетін қазақстандық туристер санының артуын атап өтіп, Пхукет қаласында Қазақстан Консулдығын ашуға көрсетілген қолдау үшін ризашылығын білдірді. Оның ресми ашылуы 2026 жылғы қаңтарда өткізу жоспарлануда.
Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша көзқарастарының сәйкестігін растай отырып, көпжақты алаңдарда өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендерін білдірді.
Кездесу қорытындысында Елші М.Баймұхан Қазақстанның Таиланды Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды серіктесі ретінде қарастыратынын және саяси диалогты, экономикалық ынтымақтастықты әрі қарай нығайтуға ниетті екенін атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.12.2025, 10:24 26931
Қазақстан Кувейтпен энергетика саласындағы диалогты нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі Ержан Елекеев Кувейт мұнай корпорациясының бас атқарушы директоры шейх Науаф Сауд Ас-Сабахпен кездесу өткізді. Оның барысында энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту перспективалары талқыланды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу аясында Қазақстан Елшісі шейх Науаф Ас-Сабахқа Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің атынан Қазақстанға шақыру хат табыс етті. Сапар Қазақстан мен Кувейт арасындағы мұнай-газ және энергетика салаларындағы ынтымақтастық пен әріптестіктің ықтимал бағыттары бойынша келіссөздер жүргізуге бағытталған.
Келіссөздер барысында тараптардың екіжақты диалогты кеңейтуге және энергетика секторында тәжірибе алмасу мен өзара тиімді жобаларды іске асыруды қоса алғанда, өзара іс-қимылдың жаңа мүмкіндіктерін пысықтауға өзара мүдделілігі расталды.
Кувейт мұнай корпорациясы - Кувейт Мемлекетінің мемлекеттік ұлттық мұнай компаниясы және әлемдік энергетикалық нарықтың негізгі қатысушыларының бірі. Корпорация елдің көмірсутек ресурстарын барлау, өндіру, өңдеу, тасымалдау және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырады. Кувейтте мұнай өндірудің жылдық көлемі шамамен 147 млн тоннаны құрайды, бұл елдің жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды рөлін көрсетеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
19.12.2025, 17:45Президент орта державаларды БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне кеңінен қатыстыруға шақырды 19.12.2025, 16:42 178201Қазақстан Президенті әлемде қақтығыстардың өршуіне алаңдаушылық білдірді19.12.2025, 15:34 172676Қазақстан Президенті БҰҰ университетінде дәріс оқыды19.12.2025, 14:32 172141Қасым-Жомарт Тоқаев Hitachi Construction Machinery компаниясының президенті Масафуми Сэнзакиді қабылдады19.12.2025, 19:56 135971Бангкокта онлайн-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық конференция өтті
15.12.2025, 23:30 225061Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды15.12.2025, 23:10 222051Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 22:01 213041Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді17.12.2025, 11:28 190451Домбыра мен сазсырнай Бельгияның Корольдік музыкалық аспаптар музейінің коллекциясына енді17.12.2025, 13:33 190211Брюссельде Қазақ киносының күндері өтті

