11.01.2024, 18:56 44771

Қазақ дипломаты Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымын басқарады

Қазақ дипломаты Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымын басқарады
Сурет: gov.kz
2023 жылғы 3 қазанда Дохада өткен Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының (АҚИҰ) 6-шы Бас Ассамблеясы шешімімен - қазақ дипломаты Асқар Мусинов 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап АҚИҰ Бас директоры лауазымына сайланды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.

А. Мусинов - Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде түрлі қызметтерді атқарған мансаптық дипломаты. Мысырдағы, Сауд Арабиясындағы, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі және Оңтүстік Африкадағы ҚР Елшісі лауазымында болды.

Сонымен қатар, ол ҚР СІМ-де министрдің орынбасары және жауапты хатшысы қызметтерін атқарды. АҚИҰ Бас директор болып тағайындалғанға дейін, 2018 - 2023 жылдар аралығында Ислам ынтымақтастығы ұйымында Бас хатшының ғылым және техника жөніндегі орынбасары болды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны