04.12.2025, 11:38 33686
Қазақстан басты назарда: Германиямен медиа және сараптамалық ынтымақтастық
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Германияда "Қазақстан туралы медиа және сараптамалық коммуникация: диалог және сенім" тақырыбында Берлин Еуразиялық клубының (БЕК) 45-отырысы өтті. Іс-шараға саяси және іскер топтардың өкілдері, сарапшылар, қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ қазақстандық және германдық бұқаралық ақпарат құралдары қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Отырыс барысында сенімді нығайту, сараптамалық өзара іс-қимылды кеңейту және Қазақстан мен Германия арасындағы коммуникация сапасын арттыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар Еуропа тарапынан әлемнің тоғызыншы ең үлкен елі Қазақстанда іске асырылып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге деген өсіп келе жатқан қызығушылық аталып өтті.
Кіріспе сөзінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов соңғы жылдары елімізде мемлекеттік басқару жүйесі кешенді түрде жаңғыртылғанын, ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізілгенін атап өтті. Бұл өзгерістер ел ішінде де, халықаралық қоғамдастық тарапынан да сенімнің артуына ықпал еткенін айтты. Ол сондай-ақ Қазақстанның халықаралық күн тәртібіндегі белсенді әрі жауапты қатысушы ретінде орнықты позициясын күшейтіп келе жатқанын, конструктивті диалог пен өзара іс-қимылға ашық екенін жеткізді.
Бундестаг депутаты, "Германия - Орталық Азия" парламенттік тобының төрағасы Кристиан Гёрке өз сөзінде кәсіби және сараптамалық байланыстарды нығайту екі ел арасындағы сенімді тереңдетуге және ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашуға септігін тигізетінін атап өтті.
Негізгі баяндаманы "diplo.news" медиаплатформасының негізін қалаушы, танымал журналист Эвальд Кёниг жасады. Ол қазіргі коммуникациялық үрдістерге шолу жасап, неміс БАҚ-тарының Қазақстан жөніндегі жарияланымдарына талдау ұсынды. Сондай-ақ еуропалық журналистер мен сарапшылардың Қазақстандағы саяси жаңғыртуға, еліміздің өңірлік және халықаралық рөліне, сондай-ақ ашықтық пен сындарлы диалогты кеңейтуге бағытталған шараларға қызығушылығы артып отырғанын атап өтті.
Панелдік пікірталасқа Қазақстан мен Германияның жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сарапшылар медиа және сараптамалық ынтымақтастықты дамыту тетіктерін, сенімді нығайтудағы журналистиканың рөлін және Қазақстандағы саяси, экономикалық және қоғамдық үдерістерді объективті ақпараттандырудың маңызын талқылады.
Отырыс қорытындысында қатысушылар Қазақстанның диалог пен халықаралық серіктестікке ашық мемлекет ретіндегі ұстанымын жүйелі түрде нығайтып келе жатқанын атап өтіп, екі елдің сараптамалық және медиа қауымдастықтары арасындағы байланыстарды одан әрі кеңейтуге дайын екендерін білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
09.12.2025, 16:10 21966
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Мемлекет басшысы бірлескен күш-жігердің арқасында Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастық барлық бағытта дамып, саяси диалог бұрын-соңды болмаған қарқынды сипат алғанын атап өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қазақстан Президенті жуырда Ресей Федерациясына жасаған мемлекеттік сапарының және Владимир Путинмен жүргізген келіссөздердің табысты өткеніне баса назар аударып, оның нәтижесі жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық қарым-қатынастарға айтарлықтай серпін бергеніне тоқталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.12.2025, 15:46 15051
Бейжіңде қазақ тілін үйренушілер арасында байқау өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
ҚР-дың ҚХР-дағы Елшілігі Бейжіңдегі Қазақстанның мәдениет орталығында қазақ тілін үйренуші шетелдік студенттер арасында арасында 3-ші халықаралық байқау ұйымдастырды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Байқауға Бейжің тіл және мәдениет, Далянь шет тілдер университеттерінің студенттері, Корея Республикасы, Жапония, Таиланд, Ресей және Қытайдан келген студенттер, сондай-ақ қызығушылық танытқан Қытай азаматтары қатысты. Қонақтар қатарында жергілікті академиялық, қазақ БАҚ өкілдері мен Қазақстандық студенттер болды.
Қатысушылар алдында Қазақстанның ҚХР-дағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі Асқар Шалқарбаев құттықтау сөз сөйледі. Қытай тарапынан Бейжің шет тілдер университеті жанындағы Қазақстан зертеу орталығының басшысы Сун Фань және Далянь шет тілдер университетінің мұғалімі Лоу Йихуа сөз сөйледі.
Конкурстық бағдарлама аясында қатысушылар зияткерлік тапсырмаларды және шығармашылық қойылымдарды тамашалап, іс-шара қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен қатысушыларға грамоталар мен естелік кәдесыйлар табыс етілді.
Конкурс қазақ тілі мен мәдениетін шетелде ілгерілетуге, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы гуманитарлық байланыстарды нығайтуға айтарлықтай үлес қосты.
1 және 2 конкурстар Бейжің шет тілдер университетінде және Сиань шет тілдер университетінде 2023 және 2024 жылдары өткізілген болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.12.2025, 14:47 20101
Мәскеуде Брест қамалының қорғаушысы - қазақстандық туралы фильм ұсынылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Мәскеудегі Жеңіс мұражайы жанындағы "Поклонка" кинотеатрында "Цитадель" деректі фильмінің көрсетілімі өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Фильм Брест қамалының қаһарман қорғаушысы Қасым Жарменов туралы баяндайды. Цитадельдің басқа қорғаушыларымен бірге ол 1941 жылы 22 маусымда алғашқы шабуылды қабылдады, соғыста тұтқынға алынып, нацистік концлагерьлердің бүкіл қасіретін бастан өткерді. Жау лагерінен қашып шығып, кейін 1945 жылдың мамырына дейін Чехословакиядағы партизандық қозғалыс қатарында болды. Соғыстан кейін Шымкентке оралып, мектеп мұғалімі болды.
80 жылдан кейін оның немересі Денис пен шөбересі Тимур ата-бабасы ерлік жасаған жерге барып қайтты. Олар Брест қамалының аумағынан бір уыс топырақ алып, Қасым Жарменовтың қабіріне апарды. Осы сапардың негізгі оқиғалары аталған фильмнің сюжет желісіне негіз болған.
Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев жауынгердің туыстарының жобаға қатысуын ұрпақтар байланысының ажырамастығының және Брест қамалы қорғаушыларының өлшеусіз ерлігінің айғағы деп атады. Оның айтуынша, Ұлы Отан соғысы туралы деректі фильм тарихи естелікті сақтауда және жас ұрпақтың дүниетанымын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады, майданда және тылда болған оқиғаларды тереңірек түсінуге көмектеседі, сарбаздардың батылдығы мен жанқиярлығын көрсетіп, тарихи шындықты ашуға және сол дәуірдің трагедиясы мен қаһармандығынан сабақ алуға мүмкіндік береді.
Жоба авторы, "Скайфест" кинокомпаниясының бас директоры Алексей Никулиннің айтуынша, "Цитадель" атауының қос мағынасы бар - қамал мен отбасы. "Батыр ата-бабасының ізімен жүріп өту біздің кейіпкерлеріміз үшін отбасы тарихын да, өздерін де тереңірек түсіну жолы болды. Фильм әкелер мен балалар арасындағы бітпейтін проблеманы қозғайды, және кейіпкерлер оны өз жолдарымен жеңеді", - деп сипаттады А.Никулин.
Художественная литература" баспасының бас редакторы Георгий Пряхин Бауыржан Момышұлының "Психология войны" және Ресей Бас штабының Әскери академиясының докторанты Әсет Аккузиновтың Қазақстанның Жеңіске қосқан үлесі туралы "Плечом к плечу" атты жаңа жарық көрген кітаптарын ұсынды. Бұл кітаптар Елшіліктің қолдауымен жарық көрген. Сондай-ақ, Г.Пряхин жақын арада көрнекті қазақ жазушысы, майдангер Әбдіжәміл Нұрпейісовтың "Курландия" романының шығатынын жариялады. "Бұл шығарма соғыстан кейін жазылған және орыс тілінде әлі шықпаған. Роман өте талантты жазылған нағыз лейтенант прозасы", - деп атап өтті Г.Пряхин.
Рәсім соңында оның жүргізушісі, танымал қазақстандық әнші Наргиз Жолымбетова "Бессмертный полк" әнін орындады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.12.2025, 13:44 20336
Скопьеде Қазақстан Тәуелсіздік күніне арналған таныстырылым өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Скопье қаласының Мәдени-ақпараттық орталығында Қазақстан Республикасының Солтүстік Македониядағы Елшілігі Тәуелсіздік күніне және Егемендік декларациясының қабылданғанына 35 жыл толуына арналған таныстырылым шарасын ұйымдастырды. Іс-шараға мәдениет, академиялық және іскерлік орта өкілдері, БАҚ, саясаткерлер, дипломаттар мен жұртшылық қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараның ерекше бөлімі Қазақстанның табиғи және мәдени көрікті жерлеріне арналған, ҚР Елшілігі алғаш рет ұсынған фотокөрме болды. Қонақтар назарына елдің көркем ландшафттары, заманауи сәулет нысандары және тарихи мұра объектілері ұсынылып, Қазақстан жерінің байлығы мен әсемдігін жан-жақты көрсетуге мүмкіндік берді.
Жарқын визуалды экспозициямен толықтырылған таныстырылым Қазақстанның қарқынды дамуын айқын көрсетіп, қатысушылардың екіжақты ынтымақтастық перспективалары туралы хабардарлығын арттырды.
Іс-шараның мәдени бағдарламасы қонақтарға қазақ дәстүрлерінің атмосферасына терең бойлауға мүмкіндік берді. Қазақ диаспорасы өкілдерінің домбырадағы халық күйлері, ұлттық билері және ұлттық тағамдардан дәм тату іс-шараның жарқын есте қаларлық сәттері боп, көпшіліктің жоғары бағасын алды.
Өзінің құттықтау сөзінде Қазақстанның Елшісі Сатыбалды Бұршақов Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың еліміздің тұрақты дамуы мен қазақстандық қоғамның тұрақтылығын нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.12.2025, 12:41 20571
Қазақстан мен канадалық Квебек провинциясы экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтуде
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Квебек билігінің шақыруы бойынша Қазақстанның Канададағы Елшісі Дәулетбек Құсайынов франкофонды канадалық провинцияға ресми сапар жасады. Сапар бағдарламасына Квебек Үкіметі мен Парламенті басшылығымен, іскер топтар өкілдерімен, ғылыми-білім беру және мәдени мекемелермен кездесулер кірді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Квебек Лейтенант-губернаторы Манон Жанноттпен (британ монархының өкілі) өткен кездесуде тараптар экономикалық, мәдени және білім беру салаларындағы әріптестікті дамытуға өзара бейілдігін растады. М.Жаннотт Қазақстанның аграрлық және индустриялық өңірлерін өңіраралық байланыстарды дамыту үшін перспективалы серіктес ретінде қарастыратынын атап өтті.
Квебек-Ситиде қазақстандық дипломат провинция Парламентінің Вице-спикері Ф.Бенжаминмен, халықаралық қатынастар және франкофония министрі К.Скити және білім министрі М.Биронмен, сондай-ақ Солтүстік Американың тарихы бай ЖОО бірі - Лаваль университетінің басшылығымен кездесті.
Ресми сапардың екінші күні Квебекте орналасқан халықаралық ұйымдар өкілдерімен кездесулерге, сондай-ақ провинцияның ең ірі қаласы Монреальдағы инвестициялық-экономикалық келіссөздерге арналды.
Атап айтқанда, Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) өкілдерімен ұйым Президентінің Қазақстанға жақында жасаған сапарының қорытындылары және спортты дамытуға қосқан еліміздің үлесі талқыланды. Монреальдың іскер топтарымен кездесулер барысында Д.Құсайынов Қазақстан мен Квебек провинциясы арасындағы сауда-инвестициялық ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын таныстырды. Атап айтқанда, тау-кен, ауыл шаруашылығы, ақпараттық технологиялар, энергетика және туризм салаларындағы өзара қызығушылық тудыратын мүмкіндіктер ұсынылды.
Жалпы, Квебек провинциясындағы келіссөздер тараптардың экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделілігін растап, алдағы бірлескен жұмыстың нақты бағыттарын айқындады.
Квебек - Канададағы аумағы ең үлкен және халқы бойынша екінші (9 млн-нан аса тұрғын) провинция. Квебек экономикасы ел бойынша көлемі жағынан екінші болып, ЖІӨ-нің шамамен 20% қалыптастырады. Провинцияда өнеркәсіп жақсы дамыған, соның ішінде аэроғарыш саласы, металлургия, фармацевтика, бағдарламалық қамтамасыз ету және телекоммуникациялар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.12.2025, 22:01 21701
Қазақстан-Бразилия: Астанадағы саяси консультациялардың аясындағы жаңа мүмкіндіктер
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан мен Бразилия арасындағы саяси консультациялардың жетінші раунды өтті. Оған ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев пен Бразилия Сыртқы істер министрінің орынбасары Сюзан Клибанк төрағалық етті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу тараптардың ҚР мен БФР арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты барлық бағыттар бойынша динамикалық дамытуға дайын екенін растады.
Е.Ашықбаев екіжақты саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жоғары қарқынын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан мен Бразилия агроөнеркәсіптік кешен, өнімді қайта өңдеу, транспорт-логистикалық инфрақұрылым, энергетика, ауыл шаруашылығы, азаматтық авиация және цифрландыру салаларын бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін перспективалық бағыттар ретінде қарастырады. Ерекше қызығушылық өндірісті локализациялау мен жоғары технологиялық салаларға инвестиция тарту тудырады, бұл өз кезегінде екіжақты серіктестікті нығайтуға қосымша мүмкіндіктер ашады.
С.Клибанк Қазақстан тарапына БРИКС және COP-30 саммиттеріне жоғары деңгейде қатысқаны үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ Қазақстан Орталық Азиядан Бразилияда елшілігі бар жалғыз мемлекет екенін атап өтті, бұл, олардың пікірінше, Қазақстанның ұзақ мерзімді серіктестікке деген үлкен қызығушылығын көрсетеді. Сонымен қатар Астанадағы Бразилия елшілігі - бүкіл Орталық Азия өңіріндегі елдің жалғыз дипломатиялық өкілдігі, бұл Бразилияның Қазақстанға ерекше назар аударып, оны өңірдегі негізгі серіктес және тірек ретінде қарастыратынын айқындауда.
Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары білім саласы әлі толық ашылмаған бағыт екенін айтып, академиялық алмасулар мен португал тілін үйрету мүмкіндіктеріне назар аударды.
Сонымен қатар өңірдегі негізгі тенденциялар - өзара байланыстылықты нығайту, транспорт-логистикалық маршруттарды дамыту және тұрақты дамуға басымдық беру керектігін жеткізді.
Бразилия тарапы Қазақстанның көпжақты бастамаларын жоғары бағалап, соның ішінде жаһандық энергетикалық және ядролық қауіпсіздікті нығайтуға, "жасыл" экономиканы дамытуға, су-климаттық күн тәртібін алға жылжытуға және БҰҰ мен басқа халықаралық ұйымдар мен интеграциялық бірлестіктер аясындағы Қазақстанның белсенді рөліне ұмтылысын атап өтті. Бразилия мен Қазақстан көпжақтылыққа, дипломатияға және халықаралық ынтымақтастықтың тең құқылы принципіне ортақ ұстанымға ие екені аталып өтті.
Тараптар гуманитарлық және білім саласындағы байланыстарды кеңейту перспективаларын, соның ішінде университеттер арасындағы ынтымақтастық пен бірлескен зерттеу жобаларын қарастырды. Сондай-ақ туристік алмасуды арттыру мәселесі талқыланды.
Консультацияларды қорытындылай келе, тараптар келіссөздердің нәтижелеріне қанағаттанушылық білдіріп, әртүрлі деңгейлерде тұрақты байланыстарды жалғастыруға дайын екенін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.12.2025, 20:05 21436
Мемлекет басшысы Палестина Президенті Махмұд Аббаспен телефон арқылы сөйлесті
Достарға айту
Президенттер әңгімелесу барысында Қазақстан және Палестина арасындағы достық, өзара құрмет пен қолдауға негізделген қарым-қатынасты одан әрі дамыту маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекеттер басшылары саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты, сондай-ақ көпжақты құрылымдар аясындағы ықпалдастықты кеңейту перспективасын талқылады.
Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Таяу Шығыстағы ахуалды реттеу жөнінде пікір алмасты.
Қазақстан Президенті "Қос халық үшін екі мемлекет" формуласына сүйене отырып, аймақта тезірек бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуға бағытталған жаһандық әрекеттерді қуаттайтынын жеткізді.
Палестина басшысы Махмұд Аббас елі мен халқына ұдайы қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Қазақстанның әлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту ісінде айрықша рөл атқаратынына назар аударды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Махмұд Аббасты өзіне қолайлы уақытта Астанаға сапармен келуге шақырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.12.2025, 19:52 44411
Қазақстан мен Польша стратегиялық диалог пен гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Польшадағы Елшісі Нұрлан Жалғасбаев Польша Республикасының экс-Президенті Александр Квасьневскиймен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында қазақстандық дипломат А.Квасьневскийге Қазақстан мен Польша арасындағы тығыз, достық және одақтастық қатынастардың берік негізін қалаудағы тарихи үлесі үшін терең алғысын білдірді. Сондай-ақ Елші Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебіздерін жеткізді.
А.Квасьневский Қазақстанның қазіргі ішкі және сыртқы саясатын жоғары бағалап, оның салмақтылығы, ымыраға келуге ұмтылысы, төзімділік пен халықаралық диалогқа ашықтығы ерекше атап өтілетінін жеткізді.
Кездесуде гуманитарлық ынтымақтастық мәселелеріне айрықша көңіл бөлінді. Польшада 3 000-нан астам қазақстандық студенттің білім алуы екі ел арасындағы білім және мәдени байланыстарды кеңейтуге елеулі үлес қосатыны атап өтілді. Сонымен қатар Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі польша диаспораларының бірі тұрады. Ол екі халық арасындағы қатынастарды нығайтуда маңызды рөл атқарады. Екі ел арасындағы тікелей әуе рейстерінің кеңеюі іскерлік, гуманитарлық және қоғамдық байланыстарды дамытуға едәуір серпін беріп отырғаны да аталып өтті.
Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін де талқылады. Елші агроөнеркәсіп және фармацевтика салаларында Қазақстан мен Польша арасындағы сауда қатынастарының қарқынды дамып келе жатқанын айтып, өзара тиімді әріптестікті әрі қарай кеңейтуге Қазақстанның мүдделі екенін білдірді.
Тараптар ашық диалогты жалғастыруға және екіжақты қатынастарды одан әрі тереңдетуге жан-жақты қолдау көрсетуге ниетті екенін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
09.12.2025, 13:07Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады 09.12.2025, 16:10 21211Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады09.12.2025, 11:39 20946Жеңіс мұражайында қазақстандық жауынгерлердің сүйектері тапсырылды09.12.2025, 12:41 20566Қазақстан мен канадалық Квебек провинциясы экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтуде09.12.2025, 13:44 20331Скопьеде Қазақстан Тәуелсіздік күніне арналған таныстырылым өтті
05.12.2025, 22:59 98526Қазақстан мен Аустрия парламенттік ынтымақтастықты жандандыруға келісті05.12.2025, 16:59 92901Туризм және серіктестік: Қазақстан Финляндияда өз мүмкіндіктерін таныстырды05.12.2025, 21:56 89391АҚШ сарапшылары Қазақстанды Орталық Азиядағы жетекші экономика ретінде сипаттады05.12.2025, 20:48 89136Қазақстан мен Оман арасындағы Үкіметаралық ынтымақтастық нығаюда05.12.2025, 19:42 84601Қазақстан Мадрид үшін Азия бағытындағы негізгі басымдықтарының қатарында
13.11.2025, 17:40 176846Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Касымалиев Астанада Үкіметаралық кеңестің 13-ші отырысын өткізді13.11.2025, 23:28 175506Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге хат жолдады10.11.2025, 21:56 152051Алматыда бұрынғы президент резиденциясының орнында жаңа саябақ ашылды19.11.2025, 16:26 146571Президент Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады20.11.2025, 15:30 146221Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші - Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ерлан Қаринді қабылдады

