12.12.2025, 23:30 17116

Қазақстан Елшісі Босния және Герцеговина Президиумының Төрағасына сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстан Елшісі Босния және Герцеговина Президиумының Төрағасына сенім грамоталарын тапсырды
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәулет Батырашев Босния және Герцеговина Президиумының Төрағасы Желько Комшичке сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары талқыланып, энергетика, ақпараттық технологиялар, жасанды интеллект және азық-түлік қауіпсіздігі салаларындағы ынтымақтастықтың айтарлықтай мүмкіндіктері аталып өтті.

Елші Президиумның төрағасына Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың әртүрлі салаларындағы ауқымды реформаларды жүзеге асыру және кешенді әлеуметтік-саяси өзгерістер жөнінде ақпарат берді.

Қазақстанның бейбіт және ашық сыртқы саясат ұстанып, Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы мен халықаралық құқыққа сәйкес мемлекеттердің егемендігі, теңдігі және аумақтық тұтастығы қағидаттарын берік қолдайтыны аталып өтті. Дипломат Қазақстанның мемлекетаралық байланыстарды нығайтуға және Қазақстан мен Босния және Герцеговина арасындағы халықаралық алаңдардағы өзара іс-қимылды тереңдетуге бағытталған саясатын да жеткізді.

Босния және Герцеговинаның басшысы реформалар бағытын жоғары бағалап, Қазақстанның айтарлықтай жетістіктеріне назар аударып, сондай-ақ елдің екі континенттің тоғысындағы ірі транзиттік-тасымалдау әлеуеті бар жетекші еуразиялық экономикалық держава ретіндегі рөлін атап өтті.

Ж.Комшич Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа және бүкіл Қазақстан халқына алдағы ҚР Тәуелсіздік күніне орай амандық пен өркендеу тілектерімен жылы құттықтауларын жолдады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны