10.12.2025, 11:02 41966

Қазақстан есірткімен және қылмыспен күрес жүргізуде БҰҰ-мен ынтымақтастыққа бейілдігін растады

Қазақстан есірткімен және қылмыспен күрес жүргізуде БҰҰ-мен ынтымақтастыққа бейілдігін растады
Сурет: gov.kz
Венадағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесінде БҰҰ Есірткі құралдары жөніндегі комиссия мен БҰҰ Қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі жөніндегі комиссияның бірлескен отырысы өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Сессия барысында Комиссиялардың алдағы жылдарға арналған қызмет бағыттарын айқындайтын стратегиялық, бюджеттік және әкімшілік мәселелер қаралды.

Астана қаласы бойынша Сот әкімшілігі департаменті басшысының орынбасары Еркебұлан Тындыбеков ұйымдасқан қылмысқа, сыбайлас жемқорлыққа, терроризмге және өзге де қылмыстық қызметтердің түрлеріне қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан делегациясы Комиссиялар жұмысына белсенді үлес қосуға, жинақталған тәжірибемен бөлісуге және есірткі қылмысына қарсы күрес пен халықаралық қауіпсіздікті ілгерілетуге бағытталған жаһандық күш-жігерді қолдауға дайын екенін растады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны