12.04.2024, 13:46 49961
Қазақстан Грузиямен өзара ынтымақтастықты нығайтуға аса мән береді - Тоқаев
Сурет: akorda
Достарға айту
Мемлекет басшысы Грузия Парламентінің төрағасы Шалва Папуашвилиді қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мейманға ілтипат білдіре отырып, Қазақстан Оңтүстік Кавказ өңіріндегі негізгі серіктестерінің бірі - Грузиямен жан-жақты қарым-қатынасты нығайтуға айрықша мән беретінін атап өтті. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Грузия арасындағы достық пен өзара түсіністік екіжақты байланыстарды тереңдету ісінде елеулі табысқа қол жеткізу үшін берік негіз болатынын айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев парламентаралық диалогтың мемлекетаралық қатынастарды нығайтуда маңызды рөл атқаратынына тоқталды. Бұл ретте "Қазақстан-Грузия" парламентаралық достық тобы ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтуге айтарлықтай ықпал ете алатынын атап өтті.
Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінде қазақстандық бизнес Грузия экономикасының түрлі секторында қызмет етеді және екі елдің сауда-экономикалық қатынастарын одан әрі кеңейтуге үлес қосып келеді.
Кездесуде екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға баса назар аударылды. Қасым-Жомарт Тоқаев орайлы сәтті пайдалана отырып, футболдан ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатының ақтық кезеңіне шыққан достас Грузия халқын құттықтап, сәттілік тіледі.
Өз кезегінде Шалва Папуашвили құрмет көрсеткені үшін Мемлекет басшысы мен Қазақстан халқына алғыс айтты. Сондай-ақ бұл Грузия Парламенті төрағасының Қазақстан Республикасына алғашқы ресми сапары екенін, сондықтан оның сапары айтулы оқиға саналатынын атап өтті.
Шалва Папуашвили Грузияның Қазақстанмен арадағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға бейілді екенін растады. Оның айтуынша, Тбилиси Астанамен жан-жақты байланыстарды, соның ішінде көлік-логистика саласындағы ықпалдастықты тереңдетуге ниетті. Бұл ретте Грузия Парламентінің спикері Мемлекет басшысының Транскаспий халықаралық көлік бағытын бірлесіп дамыту туралы бастамасын қолдады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
25.07.2024, 12:15 2921
Бектенов РФ Түмен облысының губернаторымен шекара маңы және аймақаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Достарға айту
Премьер-Министр Олжас Бектенов Ресей Федерациясының Түмен облысының губернаторы Александр Моормен кездесу өткізді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Қазақстан-Ресей сауда қатынастарын дамыту аясындағы аймақаралық және шекара маңы ынтымақтастығы мәселелері талқыланды. Биылғы қаңтар-мамыр айларында Қазақстан өңірлері мен Түмен облысы арасындағы тауар айналымы $113,3 млн құрады.
Кездесу барысында көлік-логистика саласындағы ынтымақтастық мәселелері, атап айтқанда, мемлекеттік шекара арқылы автомобиль жүк-жолаушылар көпжақты өткізу пунктін реконструкциялау жобасы қаралды.
Кешенді күрделі жөндеу шеңберінде өткізу пунктінің қолданыстағы шекараларында кіру жолақтарын кеңейту және жүк көлігі бағытында 2 жолақ, жеңіл көлік бағытында 4 жолақ салу жоспарланып отыр. Жобаны іске асыру АӨП өткізу қабілетін жақсартуға және сауда-экономикалық байланыстарды арттыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар мәдени-гуманитарлық ынтымақтастыққа, жоғары білім, туризм және спорт салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне назар аударылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.07.2024, 21:15 7251
Тоқаев Иран Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Президентімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы Иран Ислам Республикасының жаңадан сайланған Президенті Масуд Пезешкианды жеңісімен құттықтап, жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
Әңгімелесу барысында екі ел басшылары қазақ-иран қатынастарын одан әрі нығайтуға өзара ниетті екенін растады.
Тараптар сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.07.2024, 15:13 9851
Сианьде "Орталық Азия - Қытай" Хатшылығының қызметі бойынша консультациялар өтті
Достарға айту
Азия-Тынық мұхит өңірі департаментінің директоры Ерғалым Нұрсәлімұлы бастаған Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің делегациясы "Орталық Азия - Қытай" форматындағы Хатшылығының қызметі бойынша 4-ші консультацияларға қатысты, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Аталған іс-шараға Орталық Азия елдері және ҚХР дипломаттары қатысты.
Консультациялар барысында тараптар көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуды талқылады. Іс-шараның негізгі күн тәртібі 2024 жылғы 30 наурызда ашылу салтанаты өткен "ОА - ҚХР" форматындағы Хатшылықты құру жөніндегі құжаттарды келістіру мәселелерін қамтыды.
Сонымен қатар аталған іс-шара аясында Шэньси провинциясының вице-губернаторы Чэнь Чуньцзянмен кездесу өтіп, осы форматтағы өзара іс-қимыл келешегі туралы пікір алмасылды.
Келіссөздер дәстүрлі достық және іскерлік атмосферада өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.07.2024, 15:56 15641
Орта мерзімді перспективада Қазақстан мен Өзбекстанның тауар айналымын $10 млрд дейін жеткізу жоспарлануда
Достарға айту
Алматыда Қазақстан мен Өзбекстан премьер-министрлері Олжас Бектенов пен Абдулла Ариповтің төрағалығымен екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен Үкіметаралық комиссияның 21-отырысы өтті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Тараптар Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға ресми сапары қарсаңында екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты және екі мемлекет басшыларының уағдаластықтарын іске асыру қарқынын қарастырды. Атап айтқанда, сауда-экономикалық, инвестициялық, су-энергетикалық ынтымақтастықты, көлік, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, экология және цифрландыру саласындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған жобалардың жай-күйі талқыланды.
Қазақстан мен Өзбекстанға Орталық Азиядағы барлық сауданың 57%-ы тиесілі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы $4,5 млрд құрады, 2024 жылдың 4 айында оның көлемі $1,2 млрд-тан асты.
Өнеркәсіптік кооперация 14,7 мыңнан астам жұмыс орнын аша отырып, $3,1 млрд сомасына 69 жобаны іске асыруды көздейді. Бүгінгі таңда $217 млн сомасына 12 бірлескен жоба сәтті жүзеге асырылып, 4,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Қазіргі уақытта $178 млн-ға 3 инвестициялық жоба іске асырылуда. Ірі жобалардың бірі - Тараз қаласындағы 500 мың тонна болат өнімін шығаратын электрометаллургия зауыты.
Қазақстанның Түркістан облысы мен Өзбекстанның Сырдария облысының аумақтарында ауданы 100 га болатын "Орталық Азия" халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы құрылысының жобасын іске асыру бірлескен өндірістер үшін қосымша ынталандыру жағдайларын жасауға мүмкіндік береді.
Машина жасау саласында Қазақстан мен Өзбекстан жыл сайынғы негізде электротехникалық өнімдер мен аккумуляторларды өзара жеткізу көлемін ұлғайту бойынша ынтымақтастықты кеңейтетін болады.
Жүк айналымын ұлғайтуға көлік саласындағы өзара байланыстарды кеңейту, теміржол инфрақұрылымын дамыту және "тар жерлерді" жою бойынша қабылданып жатқан шаралар ықпал етеді. Осыған байланысты тараптар "Дарбаза - Мақтаарал", Алматының айналма жолы, Достық стансасы жобаларын іске асыруға қызығушылық білдірді.
Су саласының екі елдің тыныс-тіршілігіне әсерін ескере отырып, ынтымақтастықты одан әрі нығайту құралдары пысықталды. Атап айтқанда, екі мемлекет аумағындағы су тарату учаскелерін цифрландыру және автоматтандыру бойынша бірлескен қадамдар қаралды.
Өзбекстан біз үшін тату көрші, одақтас әрі бауырлас мемлекет. Біздің үкіметтеріміздің алдына екі елдің Мемлекет басшылары орта мерзімді перспективада өзара тауар айналымын $10 млрд дейін жеткізу бойынша ауқымды міндет қойды. Бұл бағытта біз агроөнеркәсіп кешені мен азық-түлік өнеркәсібінде сауданы ұлғайтуға, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперация деңгейін арттыруға мүдделіміз", - деді Олжас Бектенов.
Өз кезегінде Абдулла Арипов Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынас соңғы жылдары стратегиялық әріптестік пен одақтастық негізде қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ аталған қарым-қатынасты одан әрі нығайту үшін зор әлеует бар.
Барлық салада оң өсім байқалады. Бұл біздің бауырлас халқымыздың мүдделеріне толық сай келеді. Мұндай жоғары деңгейдегі әріптестіктің маңызды факторы - екі мемлекеттің басшылары арасындағы достық пен сенімді қарым-қатынас екені сөзсіз. Бүгінгі кездесу мен қол жеткізілген уағдаластықтар біздің ынтымақтастығымызға қосымша серпін беретініне сенімдімін", - деді Абдулла Арипов.
Отырыс қорытындысы бойынша екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен Үкіметаралық комиссияның 21-отырысының хаттамасына қол қойылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.07.2024, 16:55 31421
Беларусь ШЫҰ-ның толыққанды мүшесі болды
Беларусь Республикасы 2010 жылдан бері Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысып келеді
Достарға айту
Елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде Беларусь Республикасы Ұйымның толыққанды мүшесі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Беларусь Республикасы 2010 жылдан бері Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысып келеді. Бастапқыда диалог бойынша әріптес болды, кейін бақылаушы мәртебесін алды.
Осы саммит қарсаңында ел Президенті Александр Лукашенко агенттік тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген болатын.
Айта кетейік, іс-шараға Қазақстан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Беларусь, Моңғолия, Әзербайжан, Қатар, Түркия және Түрікменстанның Мемлекет пен Үкімет басшылары, БАӘ-ден Рас әл-Хайма әмірлігінің әмірі, Үндістанның Сыртқы істер министрі, сондай-ақ ШЫҰ Бас хатшысы және ШЫҰ Өңірлік терроризмге қарсы құрылымының Атқарушы директоры қатысып отыр.
Саммитке сонымен қатар БҰҰ Бас хатшысы және ТМД, ЭЫҰ, АӨСШК, ҰҚШҰ, ЕЭК және АҚИҰ сияқты халықаралық ұйымдардың басшылары шақырылған.
ШЫҰ саммиті алғаш рет "ШЫҰ-ға мүше Мемлекет басшылары кеңесінің отырысы" және "ШЫҰ+" кездесуі форматында өтуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.07.2024, 13:00 32111
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Отырыс басталарда делегация басшылары Беларусь Республикасын Ұйым құрамына қабылдау және оған ШЫҰ-ға мүше мемлекет мәртебесін беру туралы шешімге қол қойды
Достарға айту
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Отырыс басталарда делегация басшылары Беларусь Республикасын Ұйым құрамына қабылдау және оған ШЫҰ-ға мүше мемлекет мәртебесін беру туралы шешімге қол қойды.
Мемлекет басшысы бүгінде Шанхай ынтымақтастық ұйымы достық, тату көршілік, теңқұқықтық және өзара қолдаудың, яғни "шанхай рухы" негізінде жұмыс істейтін мемлекетаралық қатынастардың тиімді тетігіне айналғанын атап өтті.
ШЫҰ кеңістігінде үш миллиардтан астам адам тұрады. Ұйымға экономикасы аса ірі және жылдам дамып келе жатқан мемлекеттер кіреді. Әлемдік жалпы ішкі өнімнің үштен бірі осы елдерге тиесілі. Бұл біздің Ұйымның орасан зор әлеуеті мен жаһандық рөлін айқын көрсетеді. Мүше мемлекеттердің даусы мен мүдделері тең дәрежеде ескерілетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы өзін бірегей алаң ретінде көрсетті. Дәл осындай мызғымас демократиялық негізге сүйенген ұзақмерзімді ынтымақтастығымыз жаңа мазмұнмен толыға түсетініне сенімдімін", - деді Мемлекет басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.07.2024, 17:06 34306
Тоқаев Тәжікстан Президентімен кездесті
Достарға айту
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ саммитіне арнайы қатысқаны және Астананың бастамалары мен басымдықтарын тұрақты түрде қолдап келе жатқаны үшін Эмомали Рахмонға ризашылығын білдірді.
Саммитке Сіздің қатысуыңыздың мәні зор. Себебі 1996 жылы құрылған Шанхай ынтымақтастық ұйымының бастауында болған президенттердің бірісіз. Менің ойымша, бұл ұйым - шын мәнінде, тиімді, беделді әрі демократиялық бірлестік. Ертеңгі саммит табысты өтеді деп үміттенемін", - деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағытта қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан мен Тәжікстан шын мәнінде одақтастық қатынастарды жолға қоя білді. Бұған Эмомали Рахмонның сіңірген еңбегі орасан.
Тәжікстан Президенті өз кезегінде Қазақстанның ШЫҰ-дағы төрағалығы табысты өткенін айтты. Сондай-ақ екі елдің сауда-экономикалық, мәдени гуманитарлық салалардағы және қауіпсіздік бағытындағы ынтымақтастығы жоспарлы түрде дамып келе жатқанын атап өтті.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон екі елдің халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастығының жекелеген аспектілерін қарастырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.07.2024, 11:30 35026
Путин ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді
Достарға айту
Қазақстан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) төрағалығын 2024 жылғы 3-4 шілдеде Астанада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының отырысын өткізе отырып аяқтайды. Саммитке қатысу үшін Қазақстан астанасына жоғары дәрежелі қонақтар келеді.
Іс-шараға ұйымға кіретін мемлекеттердің көшбасшылары мен жоғары лауазымды шенеуніктері қатысады. Сондай-ақ, бақылаушы елдердің көшбасшылары мен диалог бойынша серіктестер форумға қатысады деп күтілуде.
Владимир Путин ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді әуежайда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов қарсы алды.
Владимир Путин Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады.
ШЫҰ-ны 2001 жылы алты мемлекет - Қазақстан, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан құрған. Кейінірек бірлестікке Иран, Үндістан және Пәкістан елдері қосылды.
5 жыл ішінде Қазақстанның ШЫҰ елдерімен тауар айналымы 56,5%-ға өсіп, $66 млрд құрады. 2024 жылғы қаңтар-сәуірде ұйым ішіндегі өзара сауда көлемі $19,1 млрд құрады. Осы кезеңде ҚР мен РФ арасындағы тауар айналымы $7,4 млрд құрады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
26.07.2024, 13:22"Семей орманы" резерватындағы орманның оннан бір бөлігі өртеніп кеткен 26.07.2024, 13:26 28191ҰҚК қазақстандықтарды Ресеймен шекарадағы БӨП-да қозғалыстың шектелуі мүмкін екендігі туралы ескертті26.07.2024, 13:30 27961Сот Талдықорғандағы "Ардагерлер саябағы" жерлерін мемлекеттiк меншiкке қайтару туралы талап арызды қанағаттандырды26.07.2024, 14:00 27271Қостанай облысының табиғат қорғау прокуратурасы мемлекетке аңшылық алқаптарын қайтарды26.07.2024, 14:07 26696Нобель сыйлығының лауреаты Рэ Квон Чунг "Берел" қорық-мұражайындағы экспонаттарды жоғары бағалады
23.07.2024, 16:36 78431Ауылдық жерлерде 102 МСАК нысанының құрылысы аяқталды23.07.2024, 16:32 60556Алматыда күн панельдерін өндіру зауытының капсуласы салынды23.07.2024, 15:49 54571Мемлекет басшысы Мысыр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады23.07.2024, 16:31 54411Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін Үкімет "таза" 5%-бен тікелей субсидиялау тетігін енгізді23.07.2024, 16:15 54221ҚР Президенті Қасым Жомарт Тоқаев қысқа мерзімді демалыста
19.07.2024, 15:22 109346Ақтөбеде тұрғын үйлерді сапасыз салу бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды19.07.2024, 21:29 106136Алматыда 22 шілдеден жылу жүйелерін үш апталық сынақтан өткізу басталады27.06.2024, 20:26 104181Кіші Аралдың жағдайы тексеріліп, суды үнемдеу және экология мәселесі қолға алынады19.07.2024, 15:18 Бектенов Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін Қазақстандағы ең ұзын көпір құрылысының барысымен танысты103266Бектенов Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін Қазақстандағы ең ұзын көпір құрылысының барысымен танысты19.07.2024, 15:16 100886Үкімет су тасқынынан кейін инфрақұрылымды қалпына келтіруге қосымша 22,7 млрд теңге бөлді