27.04.2026, 20:11 196

Қазақстан мен БАӘ екіжақты қатынастарды дамытуда

Қазақстан мен БАӘ екіжақты қатынастарды дамытуда
Сурет: gov.kz
Қазақстан Респубикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Абу Даби Әмірлігін билеуші әулеттің аға өкілі шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Наһаянмен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Сұхбат барысында министр Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстан үшін ислам әлеміндегі сенімді әрі басты стратегиялық серіктес ел екенін атап өтті.

Келіссөздер барысында тараптар екі ел халықтарының игілігі үшін қолға алынған уағдаластықтар мен жобаларды табысты жүзеге асыру, сауда-экономика, инвестиция салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.

Өз кезегінде шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Наһаян Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы берік бауырластық қатынастардың қарқынды дамуына назар аударды.

Кездесу соңында Қазақстан СІМ басшысы шейх Сурурдың екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесін атап өтіп, Әмірліктер халқына тыныштық пен бақ-береке тіледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны