03.12.2025, 23:15 32046
Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келісім бойынша ресми келіссөздерді бастады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ арасындағы Визалық режимді жеңілдету туралы келісім және Реадмиссия туралы келісім бойынша алғашқы ресми келіссөздер раунды өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Отырысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев пен Еуропалық комиссияның Миграция және ішкі істер жөніндегі бас директораты бас директорының орынбасары Йоханнес Лухнер тең төрағалық етті.
Келіссөздердің басталуы символдық әрі маңызды оқиға болды. Желтоқсан айында Қазақстан мен ЕО арасындағы Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанына 10 жыл толады. Жаңа келіссөздер трегінің іске қосылуы он жыл бойы жүйелі түрде дамып келе жатқан қатынастардың жетілгенін, мазмұндылығын және стратегиялық бағыттылығын көрсетеді.
Тараптар келіссөздердің ашылуы сенім деңгейінің артуын, азаматтар үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге, гуманитарлық және қоғамдық байланыстарды нығайтуға деген ортақ ұмтылысты айқын көрсететінін атап өтті. Сонымен қатар бұл келіссөздер Еуропалық одақ пен Орталық Азия мемлекеті арасындағы алғашқы процесс екені және осы қадамға тарихи мән беретіндігі ерекше аталып өтті.
Талқылау конструктивті және іскерлік жағдайда өтті. Тараптар өз көзқарастарымен алмасып, бастапқы бағдарларды келісіп, алдағы жұмыстың негізгі бағыттарын айқындады. Келіссөздер екі тараптың да алға дәйекті түрде ілгерілеуге және сапарларды жеңілдетуге, адамдар арасындағы байланыстарды нығайтуға, ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал ететін заманауи құқықтық база қалыптастыруға дайын екенін көрсетті.
Ресми келіссөздердің басталғаны ҚР Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен ЕО Сыртқы саясат және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Кая Калластың төрағалығымен 1 желтоқсанда Брюссельде өткен Қазақстан-Еуроодақ ынтымақтастық кеңесінің 22-ші отырысы кезінде жарияланды.
Қазақстан мен Еуропалық одақ келіссөздерді жалғастыруға және келесі раундты 2026 жылы Астанада өткізуге уағдаласты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
05.12.2025, 22:59 5541
Қазақстан мен Аустрия парламенттік ынтымақтастықты жандандыруға келісті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Вена қаласына сапары аясында Аустрия Республикасының Парламенті Ұлттық кеңесінің президенті Вальтер Розенкранцпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Cұхбат барысында қазақ-аустрия қарым-қатынастарының қазіргі күйі мен келешегі, Еуропалық одақпен серіктестікті тереңдету және ЕҚЫҰ аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Министр екіжақты ынтымақтастықтың жоғары қарқынын атап өтіп, түрлі салалардағы байланыстарды одан әрі кеңейту маңыздылығына назар аударды.
Аустрия тарапы Қазақстан мен ЕО арасындағы белсенді саяси диалогты және Астананың халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша сындарлы ұстанымын жоғары бағалады.
Тараптар екіжақты парламентаралық ынтымақтастығын жандандыруға уағдаласып, тұрақты кездесулерді қолдауға ниет білдірілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.12.2025, 21:56 6016
АҚШ сарапшылары Қазақстанды Орталық Азиядағы жетекші экономика ретінде сипаттады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Магжан Ілиясов Нью-Йорк қаласына жұмыс сапарын жүзеге асырып, оның аясында Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірқатар іс-шараларға қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сапардың негізгі шарасы АҚШ-тың сараптамалық, іскер және қаржы топтарынан 40-тан астам өкілді біріктірген "Bridging Continents: Kazakhstan’s Strategic Role in West-East Trade" атты дөңгелек үстел болды. Қатысушылар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, транзиттік дәліздерді кеңейту, аса маңызды минералдарды жеткізу және Шығыс-Батыс бағыты бойынша байланыстылықты күшейту мәселелерін талқылады.
Елші Мемлекет басшысының Вашингтон қаласына жасаған сапары мен "C5+1" Саммитінің негізгі қорытындыларымен бөлісіп, екіжақты ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті. Бұл үдеріс 17 млрд долл. асатын коммерциялық келісімдердің қол қойылуымен расталды.
АҚШ сарапшылары Қазақстанды Орталық Азиядағы жетекші әрі серпінді дамып келе жатқан экономика ретінде сипаттап, елдің Орта дәлізді ілгерілетуге және тұрақты көлік-логистикалық тізбектерді қалыптастыруға қосқан үлесін жоғары бағалады. Сонымен қатар, Қазақстанның Авраам келісімдеріне қосылу туралы шешімі оң қабылданып, логистика, ауыл шаруашылығы, су технологиялары және цифрлық қызметтер салаларындағы ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашып, елдің халықаралық аренадағы дипломатиялық рөлін күшейткені аталып өтті.
Сапар шеңберінде Елші АҚШ-тың іскер топтарының өкілдерімен кездесіп, аса маңызды минералдарды өндіру және қайта өңдеу жобаларына америкалық бизнестің қатысу перспективаларын, сондай-ақ Қазақстанның инвестициялық ахуалының артықшылықтарын талқылады.
Бағдарламаның тағы бір маңызды бөлігі "The Explorers Club" ұйымының Президенті Ричард Уизмен кездесу болды. Кездесу барысында халықаралық зерттеу бастамаларын дамыту және Қазақстанның туристік әлеуетін ілгерілету мәселелері қарастырылды.
Бұдан бөлек, М.Ілиясов дипломаттар арасындағы бейбітшілік пен халықаралық тұрақтылықты нығайтуға елеулі үлес қосқан тұлғаларды марапаттауға арналған "Diwali Foundation USA" ұйымы тарапынан "Diwali Stamp - The Power of One" сыйлығымен марапатталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.12.2025, 20:48 6266
Қазақстан мен Оман арасындағы Үкіметаралық ынтымақтастық нығаюда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы мен Оман Сұлтандығы арасындағы Үкіметаралық комиссияның бірінші отырысы өтіп, онда тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға туралы уағдаластыққа қол жеткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров пен Оман Сұлтандығы Сыртқы істер министрінің орынбасары Халифа Әл-Харисидің төрағалығымен өтті.
Отырыс жұмысына комиссияның қазақ және оман бөліктерінің мүшелері, сондай-ақ Оман Сұлтандығының министрліктерінің, ведомстволарының және басқа да мемлекеттік басқару органдарының шақырылған басшылары мен жауапты қызметкерлері қатысты.
Комиссия отырысының алдында тараптар делегациялары басшылары шағын құрамда мазмұнды келіссөздер жүргізді, онда екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйін және оның одан әрі қарай даму келешегін талқылады.
Отырыс барысында тараптар елдер арасындағы қатынастардың келешегін атап өтіп, қол жеткізілген оң барыста дамытуға ортақ міндеттемені растады.
Іс-шара инвестициялық және қаржылық ынтымақтастық, көлік және логистика, коммуникация және технологиялар, ауыл шаруашылығы, туризм, фармацевтика, энергетика және мәдени-гуманитарлық өзара әрекеттесу сияқты көптеген мәселелерді қамтыды.
Отырыс қорытындысы бойынша үкіметаралық комиссия тараптары бірлескен Хаттамаға қол қойып, Астана қаласында келесі отырысты өткізу туралы уағдаласты.
Сонымен қатар, Үкіметаралық комиссияның бірінші отырысы аясында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ә.Қуантыровтың көлік, байланыс және ақпараттық технологиялар министрлігінің, Сауда, индустрия және инвестицияларды ілгерілету министрлігінің және "Oman Investment Authority" басшылығымен жұмыс кездесулері өтті. Онда Қазақстан мен Оман арасындағы ынтымақтастықты одан әрі қарай дамыту келешегі және оны кеңейту жолдары талқыланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.12.2025, 19:42 6556
Қазақстан Мадрид үшін Азия бағытындағы негізгі басымдықтарының қатарында
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев осы елде аккредиттелген Азия өңірі мемлекеттері дипломатиялық өкілдерінің басшылары қатысқан іс-шара аясында Корольдіктің Сыртқы істер, Еуропалық одақ және ынтымақтастық министрі Хосе Мануэль Альбареспен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Оның барысында испан сыртқы саяси ведомствосының басшысы жақын арада жарияланатын "Испанияның Азия стратегиясы" аясында Мадридтің Азия құрлығымен байланыстарды нығайтуға бейілділігін атап өтті. Аталған құжат алдағы кезеңге арналған өзара іс-қимылдың негізгі бағдарларын айқындайтын болады.
Азия-Тынық мұхиты елдері елшілері тобының (ASPAC) атынан және оның төрағасы ретінде сөз сөйлеген Д. Мұсаев Корольдіктің өңір мемлекеттерімен әріптестікті тереңдетуге деген ұмтылысын құптады. Ол өңіраралық өзара байланыстылықты нығайтудың өзектілігін ерекше атап өтті.
Сонымен қатар экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге жоғары қызығушылық бар екенін жеткізді. Түрлі деңгейлердегі тұрақты өзара сапарлар мен екіжақты және көпжақты алаңдарда мазмұнды диалогты қолдаудың маңызына айрықша назар аударылды.
Осы тұрғыда стратегиялық сипаттағы қазақ-испан қатынастарының дәйекті дамуы атап өтіліп, екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту перспективалары талқыланды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша мұндай форматтағы кездесулерді тұрақты негізде өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.12.2025, 18:39 6811
Қазақстан мен Аустрия индустриялық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын пысықтауда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтың Аустрияға ресми сапары аясында ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидулла Оспанкұлов Қазақстанда инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылау мақсатында австриялық өнеркәсіптік және технологиялық компаниялармен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесулер барысында "Primetals Technologies Austria GmbH" компаниясымен келіссөздер өтті. Бұл - "Primetals Technologies" халықаралық корпорациясының ең ірі бөлімшесі, ол экологиялық таза болат өндіру технологиялары, металлургиялық процестерді цифрландыру және автоматтандыру саласында маманданған. Компания жылдық айналымы 750 млн еуродан астам ірі машина жасау кәсіпорындарының бірі және инжиниринг, прокат технологиялары мен интеллектуалды өндірістік жүйелер саласында жетекші құзыреттерге ие. Бұған дейін компания "ERG" компаниясымен ірі металлургиялық жобаны іске асыру туралы келісімге қол қойған болатын. Осы ынтымақтастықты жалғастыру мақсатында тараптар "Primetals Technologies" компаниясының Қазақстандағы жаңа индустриялық бастамаларға, соның ішінде "Qarmet" және басқа да кәсіпорындармен ықтимал серіктестікке қатысу мүмкіндіктерін талқылады.
Сонымен қатар Ғ.Оспанкұлов "Magnatech GmbH" басшылығымен кездесті. Бұл компанияның металлургия және тау-кен өнеркәсібі салаларындағы жобаларды іске асыруда 30 жылдан астам тәжірибесі бар. "Magnatech" қышқылдарды регенерациялау технологиялары, энергия үнемдейтін шешімдер, өнеркәсіптік жабдықтарды жеткізу және толық циклді инжиниринг саласында маманданған. Компания АҚШ, Германия, Бразилия, Аустрия, Үндістан, Түркия және ТМД елдерінде зауыттар салу және жасыл энергетика технологияларын енгізу жобаларын іске асырған. Кездесу барысында тараптар Қазақстанда технологиялық шешімдерді жергіліктендіру, металлургияда экологиялық және ресурсты үнемдейтін технологияларды енгізу, өндірістерді жаңғырту және сервистік қолдау бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективаларын талқылады.
Сапар аясында сондай-ақ Қазақстан нарығына шығуға, өндірістік кооперацияны кеңейтуге және Орта дәліздің логистикалық мүмкіндіктерін дамытуға мүдделі бірқатар австриялық компаниялармен кездесулер өтті.
Комитет төрағасы атап өткендей, Қазақстан негізгі салалық жобаларда австриялық компаниялардың және технологиялық серіктестердің қатысуын кеңейтуге мүдделі: "Аустриялық компаниялар инженерлік салада жоғары құзыретке және индустриялық жобаларды іске асырудағы көпжылдық тәжірибеге ие. Қазақстан металлургия мен машина жасаудан бастап экологиялық технологиялар мен өнеркәсіпті жаңғыртуға дейін серіктестік үшін зор мүмкіндіктер ұсынады. Біз инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуге және бірлескен бастамаларды барлық кезеңде сүйемелдеуге дайынбыз", - деп атап өтті ол.
Тараптар алдағы бірлескен жобаларды әзірлеу бойынша практикалық қадамдарға көшуге келісті. Жақын арада өнеркәсіп пен металлургия салаларындағы бастамаларды жедел пысықтау үшін компаниялармен және салалық ведомстволармен қосымша консультациялар өткізу жоспарлануда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.12.2025, 17:41 7241
Мемлекет басшысы Таиланд Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев Маха Вачиралонгкорнды Таиланд Корольдігінің Ұлттық мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президент Астана мен Бангкок арасындағы достыққа, өзара түсіністікке негізделген қатынастардың тұғыры биік, әлеуеті мол екенін атап өтті.
Сонымен қатар екі елдің сан қырлы ықпалдастығы қос халықтың игілігі жолында беки беретініне сенім білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.12.2025, 16:59 23931
Туризм және серіктестік: Қазақстан Финляндияда өз мүмкіндіктерін таныстырды
Сурет: Akorda
Достарға айту
Қазақстанның Финляндиядағы Елшілігінде еліміздің туристік әлеуетіне арналған презентация өтті. Іс-шара фин қоғамдастығын Қазақстанның бай табиғаты, мәдени мұрасы және қарқынды дамуы жөнінде кеңінен таныстыру алаңына айналды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Презентация барысында туризм Қазақстан мен Финляндия арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың маңызды салаларының бірі екені атап өтілді.
Сондай-ақ Қазақстанда туристік саланы дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының қатарына енетіні және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық ашықтықты кеңейтуге, мәдени дипломатияны нығайтуға және орнықты экономикалық бастамаларды ілгерілетуге бағытталған саяси бағытымен үндесетіні ерекше назарға алынды. Сонымен қатар екі ел арасындағы өзара туристік ағынды арттырудың, туристік және білім беру ұйымдары арасындағы тікелей байланыстарды нығайтудың маңызы атап көрсетілді.
Іс-шара аясында қатысушыларға заманауи қалалар мен іскерлік туризм орталықтарынан бастап, Ұлы Жібек жолының мәдени мұра нысандарына дейінгі Қазақстанның негізгі туристік бағыттары таныстырылды. Сондай-ақ елдің бірегей туристік өнімін қалыптастыратын табиғи көрікті жерлерге - таулы бағыттарға, ұлттық парктерге, дала ландшафттарына және мөлдір таза көлдерге ерекше көңіл бөлінді.
Презентацияға бизнес, Финляндияның жетекші университеттерінің өкілдері мен студенттері, сондай-ақ туристік контент пен халықаралық шолуларға маманданған блогерлер мен медиа-коммуникаторлар қатысты.
Ресми бөлім аяқталған соң қонақтар қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татып, Қазақстанның табиғи және мәдени көрікті жерлерін бейнелейтін фотосуреттер көрмесін тамашалады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.12.2025, 16:37 7026
Сеулде "Travel Kazakhstan" туристік жолсілтеменің тұсаукесері өтті
Достарға айту
Сеул қаласында белгілі корей жазушысы және саяхатшы Со Бён Ён әзірлеген "Travel Kazakhstan" туристік жолсілтемесінің таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараға мемлекеттік мекемелердің өкілдері, сарапшылар қауымдастығы, туризм индустриясы мен БАҚ мүшелері, сондай-ақ Қазақстанның достарын қосқанда 70-тен астам қонақ қатысты.
Құттықтау сөзінде Қазақстан Елшісі Нұрғали Арыстанов аталған кітаптың жарық көруі корей аудиториясы арасында Қазақстанның туристік әлеуетін ілгерілетуге қосылатын маңызды үлес екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл басылым өзара сапарлардың өсуіне және екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстардың нығаюына ықпал етеді.
Қазақ дипломаты туристік алмасулар бойынша өзекті статистиканы да келтірді. 2025 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстанға Кореядан 41400 турист келген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20% көп. Аталған кезеңде Кореяға 46500 қазақстандық барған, бұл 12% өсімді көрсетеді.
Сеул қалалық кеңесінің депутаты Айсулуу Аширалиева да құттықтау сөз сөйлеп, Корея қоғамының Қазақстан мен Орталық Азия елдеріне деген қызығушылығы жылдан жылға артып келе жатқанын тілге тиек етті. Ол жаңа басылым халықтарымызды жақындатуға және өзара сапарларды ынталандыруға маңызды үлес қосатынына сенім білдірді.
Кітап авторы Со Бён Ён басылымның негізгі мазмұнын таныстырып, Қазақстан жайлы өзінің әсерлерімен бөлісті. Оның сөзінше, бұл кітап корейлік туристерге Қазақстанды заманауи, қонақжай әрі қызықты туристік бағыт ретінде жаңаша ашуға көмектеседі.
Іс-шара барысында сұрақ-жауап сессиясы өтіп, одан кейін автор қонақтарға арналған автограф-сессиясын өткізді.
Мәдени бағдарлама жас қазақстандық домбырашы Милана Базарованың өнерімен әрленді. Ол "Тепеңкөк" және "Балбырауын" атты екі танымал күйді орындады.
Жалпы, қатысушылар Қазақстанға айрықша қызығушылық танытып, "Travel Kazakhstan" жолсілтемесі алдағы уақытта да екі ел арасындағы туризмді дамытуға үлес қоса беретініне сенім білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
05.12.2025, 02:52Қазақстан диалогты нығайтуды және ЕҚЫҰ-ның негізін қалаушы қағидаттарын ұстануды жақтады 05.12.2025, 10:04 29531Қазақстан Сыртқы істер министрі ЕҚЫҰ басшылығымен кездесулер өткізді05.12.2025, 08:57 27221Қазақстан СІМ басшысы ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді05.12.2025, 09:01 27211Венада Орталық Азия және Солтүстік Еуропа елдері сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті05.12.2025, 16:59 23681Туризм және серіктестік: Қазақстан Финляндияда өз мүмкіндіктерін таныстырды
01.12.2025, 12:48 73506Сианьдағы Қазақстанның Бас консулдығы өңіраралық инвестициялық ынтымақтастықтың нығаюына белсенді ат салысуда01.12.2025, 15:43 72686Мемлекет басшысы Румыния Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады01.12.2025, 14:38 72331Астана мен Сеул зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда01.12.2025, 13:34 72316Қазақстан - Дания ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтерілуде30.11.2025, 09:19 68651Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуылға байланысты Қазақстан наразылық білдірді
13.11.2025, 17:40 176451Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Касымалиев Астанада Үкіметаралық кеңестің 13-ші отырысын өткізді13.11.2025, 23:28 174686Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге хат жолдады10.11.2025, 21:56 151676Алматыда бұрынғы президент резиденциясының орнында жаңа саябақ ашылды19.11.2025, 16:26 146201Президент Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады20.11.2025, 15:30 145876Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші - Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ерлан Қаринді қабылдады

