14.01.2026, 10:57 3641

Қазақстан мен Финляндия ядролық және радиациялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Қазақстан мен Финляндия ядролық және радиациялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады
Сурет: gov.kz
Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Азамат Әбдіраимов Радиациялық және ядролық қауіпсіздік басқармасының (STUK) Бас директоры Петтери Тиипанамен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында тараптар өткен жылғы ынтымақтастықты қорытындылады, сондай-ақ ядролық және радиациялық қауіпсіздік саласындағы 2026 жылға арналған өзара іс-қимыл жоспарларын талқылады. Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы реттеу және тәжірибе алмасу мәселелеріне, сондай-ақ екі елдің бейінді ведомстволары арасындағы практикалық өзара іс-қимылды кеңейту перспективаларына басты назар аударылды.

Қазақстан Елшісі қазақстандық тараптың сараптамалық біліммен алмасуды, бірлескен іс-шараларды өткізуді және институционалдық өзара іс-қимылды нығайтуды қоса алғанда, "STUK"-пен ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделілігін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, тұрақты байланыстарды қолдауға өзара мүдделілігін растады және өзара іс-қимылды сараптамалық деңгейде жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны