30.12.2025, 20:26 856

Қазақстан мен Грузия сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан мен Грузия сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен Грузияның Сыртқы істер министрі Мака Бочоришвили арасында телефон арқылы сөйлесу өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Сұхбат барысында сыртқы саяси ведомстволардың басшылары биылғы жылы екіжақты өзара іс-қимылдың қорытындыларын шығарып, қазақ-грузин қатынастарының даму серпініне оң баға берді. Саяси диалогты одан әрі нығайтуға және екіжақты күн тәртібінің барлық аспектілері бойынша практикалық өзара іс-қимылды дамытуға дайындық расталды.

Екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Ұлттық экономикалардың дамуына елеулі үлес қосып, өндірістің өсуіне және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал ететін инвестициялық саладағы кооперацияны жандандырудың маңыздылығы аталып өтті.

Министрлер тығыз жұмыс байланыстарын қолдап, сындарлы диалогты жалғастыруға уағдаласты.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны