12.03.2026, 11:13 2921
Қазақстан мен Иордания тікелей әуе қатынасын ашу перспективаларын талқылады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Иорданиядағы Елшісі Талғат Шалданбай Иорданияның Көлік министрі Нидал Мурди Абдулла Катаминмен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар көлік-логистика саласындағы Қазақстан-Иордания ынтымақтастығын дамыту мәселелерін және екіжақты өзара іс-қимылды кеңейту перспективаларын талқылады. Сұхбаттастар саяси диалогтың жоғары деңгейін атап өтіп, серіктестікті әрі қарай нығайтуға өзара мүдделілікті растады.
Қазақстан мен Иордания арасында әуе қатынасын ашу мәселесін пысықтаумен қатар, жоғары деңгейінде бұдан бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға ерекше назар аударылды.
Көлік инфрақұрылымы мен логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтудің, оның ішінде Орталық Азия мен Таяу Шығыс арасындағы халықаралық көлік дәліздерін дамытудың маңыздылығы аталып өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар көлік саласындағы ынтымақтастықты әрі қарай дамыту мақсатында салалық ведомстволар желісі бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендіктерін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
12.03.2026, 18:13 661
Шэньси халық үкіметі Қазақстандағы конституциялық реформаларды жоғары бағалады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Сиань қаласындағы Бас консулы Жошыхан Қыраубаев Шэньси провинциясы партия комитетінің Білім жөніндегі комитеті хатшысының орынбасары Цзи Инцюмен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар екіжақты өзара іс-қимылды тереңдетуге өзара мүдделілік танытатынын растады және білім беру мен гуманитарлық салалардағы ынтымақтастыққа жаңа серпін беру туралы уағдаласты.
Дипломат қытай тарапын Қазақстан Республикасы Үкіметі жоғары білім беру саласында жүргізіп жатқан қазіргі реформалармен, сондай-ақ ұлттық білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттарымен егжей-тегжейлі таныстырды.
Тараптар білім беру гранттарын бөлу кезінде заманауи технологиялық бағыттарға айрықша назар аудару қажеттігі жөнінде келісімге келді. Сонымен қатар Қазақстан аумағында Шэньси провинциясының жетекші жоғары оқу орындарының бірлескен филиалдарын ашу мүмкіндігі талқыланды.
Бас консул сұхбаттасушыны 15 ү.ж. наурызда Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша Ұлттық референдум өткізілетіні туралы да хабардар етті. Жаңа Конституция жобасында көзделген негізгі конституциялық өзгерістер жеткізіліп, ұсынылып отырған реформа Қазақстан Президенті Касым-Жомарт Токаев бастамашылық еткен дәйекті саяси жаңғыру үдерісінің қисынды жалғасы екені аталып өтті.
Қытай тарапына Конституция жобасының негізгі ережелері ұсынылды. Атап айтқанда, бір палаталы Парламент құру, жоғары консультативтік орган ретінде "Қазақстан Халық Кеңесін" қалыптастыру және Вице-Президент институтын енгізу мәселелері қамтылды. Сонымен қатар Қазақстанның тәуелсіздігі, егемендігі мен аумақтық тұтастығы қағидаттарын конституциялық тұрғыдан бекітуге, сондай-ақ адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін күшейтуге ерекше назар аударылды.
Цзи Инцю алдағы референдум Қазақстанның саяси дамуындағы маңызды кезең болатынына сенім білдіріп, оның демократиялық институттарды нығайтуға, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға және елдің одан әрі прогрессивті дамуына ықпал ететіне сенім білдірді.
Ғылыми қауымдастық өкілдері жүргізіліп жатқан реформалардың жүйелілігіне жоғары баға беріп, олардың заң үстемдігін нығайтуға және институционалдық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті. Конституциялық өзгерістер елдің ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық дамуына берік құқықтық негіз қалыптастыратыны аталып өтті.
Сонымен қатар, Шэньси провинциясының Жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық оқушылар мен ғылыми мамандардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының жоғары дәрежеде болуына үнемі назар аударылатындығын айтты. Қазақстан өңірлері мен Шэньси провинциясы арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған іс-шараларды бірлесіп өткізуге және әр түрлі сала мамандарының қысқа мерзімді тәжірибе алмасу курстарын ұйымдастыруға қызығушылық білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және тұрақты диалогты жалғастыруға өзара мүдделілік танытты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.03.2026, 15:10 1106
Астанада Қазақстан-Бельгия саяси консультациялардың алтыншы раунды өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан мен Бельгия сыртқы саяси ведомстволары арасындағы саяси консультациялардың алтыншы раунды өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақ делегациясын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов, ал Бельгия делегациясын Бельгия Сыртқы істер, сыртқы сауда және ынтымақтастық мақсатындағы даму жөніндегі федералдық мемлекет қызметінің Екіжақты қатынастар жөніндегі бас директоры Биргит Стевенс басқарды.
Консультациялар барысында тараптар Қазақстан-Бельгия ынтымақтастығының саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы бүгінгі дамуы мен келешегін талқылады.
Тараптар Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісім тұрғысынан қоса алғанда, ҚР мен ЕО арасындағы байланыстарды одан әрі нығайтуға қызығушылық білдірді, сондай-ақ өңірлік және жаһандық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.
Консультациялардың қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты өзара құрмет пен сындарлы серіктестік негізінде одан әрі арттыруға дайындық білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.03.2026, 14:07 161
Қазақстанның мемлекеттік органдары мен дипломатиялық өкілдіктерінің қолдауымен Таяу Шығыс өңірінен Қазақстанға 9926 қазақстандық елге қайтарылды
Достарға айту
Ираннан Түрікменстан шекарасы арқылы жерүсті бағытымен үш Қазақстан Республикасының азаматы шығарылды. Эвакуация басталғалы бері Ираннан елге 69 Қазақстан азаматы қайтарылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сонымен қатар 68 ҚР азаматы Израильден эвакуацияланды.
Өңірдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерде іс-қимылдарды үйлестіруді жалғастырып, отандастармен тұрақты байланыс орнатып, Қазақстан азаматтарына қажетті көмек көрсетуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.03.2026, 13:25 2871
Қазақстан Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымының сессиясында ядролық державалар арасындағы диалогты қайта жандандыруға шақырды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан делегациясы ҚР Ұлттық ядролық орталығының Бас директоры Ерлан Батырбековтің төрағалығымен өтіп жатқан Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымының (ЯСЖТШҰ) "Б" Жұмыс тобының 66-сессиясына қатысуда, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Өз сөзінде ҚР Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Мұхтар Тілеуберді халықаралық қауіпсіздік архитектурасындағы қазіргі сын-қатерлер мемлекеттердің жедел ұжымдық әрекетін және өзара сенімді қалпына келтіруді талап ететінін атап өтті.
Осыған байланысты ол сессия қатысушыларына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясында айтқан ядролық державалар арасында жоғары деңгейдегі диалогты қайта жандандыру жөніндегі бастамасын еске салды. Бұл бастама ядролық қаруды қолдану қаупін едәуір төмендетуге, Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың (ЯҚТШ) және Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың (ЯСЖТШ) режимдерін нығайтуға бағытталған. Сонымен қатар, Қазақстан мұндай келіссөздерді өткізу үшін өз алаңын ұсынуға дайын екендігін білдірді.
Онымен қоса, Елші Қазақстан мен халықаралық қауымдастық биылғы жылы Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толуын атап өтетінін, бұл оқиға ЯСЖТШ-ға қол қойылғанының 30 жылдығымен тұспа-тұс келетінін ерекше атап өтті. Полигонның жабылуы ядролық сынақтарға жаһандық мораторийдің қалыптасуына ықпал еткен және түптеп келгенде Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт бойынша келіссөздердің басталуына әрі оның қабылдануына жол ашқан маңызды тарихи кезең болды.
Осыған байланысты Қазақстан өзінің халықаралық міндеттемелерін әрі қарай да қатаң ұстанатынын және өз аумағында орналасқан Халықаралық мониторинг жүйесінің бес станциясынан нақты уақыт режимінде деректер ұсыну арқылы ЯСЖТШҰ-ның верификациялық режиміне үлес қосуды жалғастыратынын растады.
ЯСЖТШҰ-ның "Б" Жұмыс тобының 66-сессиясы 2026 жылғы 19 наурызға дейін жалғасады. Сессия қорытындысы бойынша Шартқа қол қойған мемлекеттер отырыстың қорытынды есебін қарап, қабылдайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.03.2026, 12:15 2951
Қазақстан Еуропалық жария құқық ұйымымен (EPLO) ынтымақтастықты кеңейтуде
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин Еуропалық жария құқық ұйымының (EPLO) директоры Спиридон Флогаитиспен келіссөздер өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар Қазақстанның EPLO ұйымымен жария құқық, мемлекеттік басқару, академиялық және сараптамалық өзара іс-қимыл салаларындағы ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Қазақстандық университеттер мен ғылыми-зерттеу орталықтарымен әріптестікті дамытуға, бірлескен білім беру және зерттеу жобаларын іске асыруға, академиялық ұтқырлық бағдарламаларын кеңейтуге, сондай-ақ қазақстандық мамандар мен ғалымдардың ұйым өткізетін халықаралық іс-шаралар мен сараптамалық бастамаларға қатысуына ерекше назар аударылды.
Қазақстан Елшісі сұхбаттасына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елде жүргізіліп жатқан саяси және институционалдық реформалар туралы, соның ішінде жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі алдағы референдум туралы ақпарат берді. Конституциялық реформалар құқық үстемдігі қағидаттарын одан әрі нығайтуға, демократиялық институттарды дамытуға және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталғаны атап өтілді.
Өз кезегінде Спиридон Флогаитис Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды жоғары бағалап, олардың құқықтық мемлекетті нығайту және мемлекеттік институттарды жаңғырту тұрғысынан маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар ол EPLO қызметіне қазақстандық білім беру және ғылыми мекемелерінің белсенді қатысуын, оның ішінде елдің бірқатар жетекші университеттерімен ынтымақтастықты және қазақстандық сарапшылардың ұйымның халықаралық бағдарламалары мен сараптамалық құрылымдарына қатысуын оң бағалады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге өзара мүдделілігін растады және өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттарын белгіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.03.2026, 10:08 2121
Қазақстан мен Мысыр үкіметаралық іс-қимылдың күн тәртібін өзектендіруде
Достарға айту
Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Асқар Жеңіс Мысырдың Сыртқы істер, халықаралық ынтымақтастық және шетелдегі мысырлықтар істері жөніндегі министрінің орынбасары доктор Самар әл-Ахдальмен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
2026 жылғы ақпандағы Мысыр министрлер кабинетінің ауқымды реструктуризациясын ескере отырып, тараптар сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Мысыр үкіметаралық комиссиясы (ҮАК) аясындағы жаңа ұйымдастырушылық механизмдер мен өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.
Осыған байланысты, кездесудің басты тақырыбы осы жылы Астанада өтуі жоспарланған ҮАК-тың алтыншы отырысына дайындық болды. Министрдің орынбасары үкіметтегі қайта құрулардың нәтижесінде комиссия қызметін енді тікелей сыртқы саяси ведомство қадағалайтынын атап өтті.
Пікір алмасу аясында тараптар Таяу Шығыстағы аймақтық қауіпсіздік мәселелерін талқылап, осы тақырып бойынша екі елдің Сыртқы істер министрлері арасында жақында өткен телефон арқылы сөйлесудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, қазақстандық дипломат сұхбаттасын 15 наурызға жоспарланған конституциялық референдумға дайындық барысымен таныстырды.
Кездесу соңында тараптар ҮАК-ты өткізу мерзімдерін жеделдетуге және тұрақты дамудың барлық бағыттары бойынша белсенді диалогты жалғастыруға ниетті екендіктерін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.03.2026, 09:49 2451
ЮНЕСКО-да Қазақстанның гендерлік теңдікті ілгерілетудегі тәжірибесі таныстырылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Гендерлік теңдік, адам құқықтары, әділеттілік және жауапкершілік - Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік саясаттың және жүргізіліп жатқан реформалардың маңызды қағидаттары, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бұл Қазақстан делегациясының ЮНЕСКО мүше мемлекеттері мен хатшылығының қатысуымен өткен жоғары деңгейдегі іс-шарада жасаған баяндамасында аталып өтті. Кездесу Халықаралық әйелдер күніне және Нью-Йоркте өтіп жатқан БҰҰ Әйелдер мәртебесі жөніндегі комиссиясының 70-ші сессиясына арналды.
ЮНЕСКО Бас директоры Халед әл-Анани кездесуде сөз сөйлеп, Ұйымның білім беру, ғылым және мәдени саясат салаларында гендерлік теңдікті қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігеріне шролу жасады.
Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі, Елші Асқар Абдрахманов қатысушыларды гендерлік теңдікті ілгерілету және елдің әлеуметтік, саяси және экономикалық өміріндегі әйелдердің рөлін нығайту саласындағы Қазақстанның кешенді тәжірибесімен таныстырды.
ЮНЕСКО мандаты аясында отандық дипломат цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің қарқынды дамуын ескере отырып, әйелдердің білім беру, ғылым және инновация салаларына қатысуын кеңейту бойынша қабылданып жатқан шараларға бөлек тоқталды.
Осы орайда Қазақстандағы жоғары оқу орындары студенттерінің 52,5 %-ын қыздар құрайтындығы, шағын және орта кәсіпорындардың 48 %-дан астамы әйелдерге тиесілі екендігі және олардың мемлекеттік қызметтегі үлесі 55,8 % құрайтындығы атап өтілді. Сонымен қатар, елімізде ғылыми және техникалық салалардағы әйелдерді қолдау, цифрлық ортада және сот төрелігі саласында әйелдерге қатысты кемсітушіліктің алдын алу жобалары жүзеге асырылуда.
Қазақстан ЮНЕСКО-ның гендерлік теңдікке қатысты жаһандық басымдығын толығымен қолдайды. Өз кезегінде, Алматыдағы Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары бойынша БҰҰ Аймақтық орталығы, сондай-ақ ЮНЕСКО Кеңсесінің жобалары осы маңызды саладағы өңірлік диалог пен ынтымақтастық үшін тиімді платформа қызметін атқарады", - деді отандық дипломат.
Сөзінің соңында Тұрақты өкіл Қазақстанның бүкіл әлемде және қоғамдық өмірдің барлық салаларында гендерлік теңсіздікті жою бойынша халықаралық қауымдастықтың бірлескен күш-жігеріне беріктігін тағы да растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.03.2026, 23:37 3881
Джакартада Қазақстан-Индонезия ынтымақтастығының перспективалары талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Индонезиядағы Елшісі Сержан Әбдікәрімов Индонезия Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Азия-Тынық мұхиты өңірі және Африка мәселелері жөніндегі жаңа Бас директоры Санто Дармосумартомен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Индонезия ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен перспективаларын, соның ішінде саяси диалогты, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайту мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
С.Әбдікәрімов контрәріптесіне Қазақстандағы конституциялық және әлеуметтік-саяси реформалар мен елдің жаңа Конституция жобасының негізгі новеллаларын атап өтіп, жобаға қатысты жалпыұлттық референдум 2026 жылғы 15 наурызда өтетінін мәлім етті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Индонезия арасындағы конструктивті диалогты жалғастыруға және өзара тиімді серіктестікті дамытуға өзара қызығушылықтарын растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
11.03.2026, 13:47Сеул қаласында Қазақстанның туристік мүмкіндіктері талқыланды 11.03.2026, 12:43 52711Бельгиядағы Қазақстан жастары алдағы республикалық референдумды талқылады11.03.2026, 11:40 52711Қазақстанның конституциялық реформасы және Чехиямен ғылыми-білім беру байланыстары CEVRO университетінде талқыланды10.03.2026, 21:25 51896Түркия сарапшылары жаңа Конституция жобасына жоғары баға берді11.03.2026, 10:37 51861Швейцария Астанада өтетін Аймақтық экологиялық саммитте озық инновацияларын ұсынатын болды
04.03.2026, 10:54 237786Босния және Герцеговина Елшісі сенім грамотасының көшірмесін табыстады26.02.2026, 22:48 230001Қазақстан Сыртқы істер министрі "Орталық Азия - Ұлыбритания" форматындағы сыртқы саяси ведомстволар басшыларының кездесуіне қатысты26.02.2026, 23:25 229466Қазақстан мен Ұлыбритания басым салаларда экономикалық серіктестікті тереңдетуде26.02.2026, 17:47 229461Загребте жаңа Конституция жобасы таныстырылды26.02.2026, 18:49 229411Қазақстан БҰҰ Туризм ұйымымен бірге өңірлік туристік хаб ретіндегі рөлін нығайтуда

