19.01.2026, 18:56 31291
Қазақстан мен Испания энергетика саласындағы ынтымақтастықты талқылады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев Испанияның Энергетика жөніндегі мемлекеттік хатшысы Жоан Гроисардпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар энергетикалық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Атап айтқанда энергетика саласының орнықты дамуын қамтамасыз ету, қуат көздерін алмастыру, энергия тиімділігін арттыру және заманауи технологиялық шешімдерді енгізу мәселелері талқыланды.
Елші Қазақстанның аталған саладағы мемлекеттік саясатының басымдықтары, соның ішінде энергетика секторын жаңғырту, энергетикалық теңгерімді әртараптандыру, ЖЭК дамыту және энергетикалық инфрақұрылымның орнықтылығын нығайту бағытында жүзеге асырылып жатқан шаралар жөнінде ақпарат берді.
Өз кезегінде Мемлекеттік хатшы Корольдіктің осы бағытта Қазақстанмен диалогты кеңейтуге қызығушылық танытып, "жасыл" энергетиканы дамыту, энергетикалық жүйелерді заманауи сын-қатерлерге бейімдеу және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы испан тәжірибесімен бөлісті.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар аталған салада практикалық тетіктерді дамытуға ниетті екендерін растап, бірлескен бастамаларды әзірлеу жөніндегі жұмысты жалғастыруға уағдаласты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
17.02.2026, 17:13 17156
Парижде Қазақстанның Еуразиядағы тұрақтылық пен байланыстылықты нығайтудағы рөлі талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Франция Сенатында Қазақстан мен Орталық Азияның геоэкономикалық мүмкіндіктері мен геосаяси сын-қатерлеріне арналған конференция өтті. Іс-шара Франция Сенатының вице-президенті Лоик Эрве қолдауымен ұйымдастырылып, Еуропа перспективалары және қауіпсіздік институтының (IPSE) бастамасымен өткізілді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан тарапынан конференция жұмысына Қазақстанның Франциядағы Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова, Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты Евгений Больгерт және "Xander Group" компаниясының бас директоры Искандер Ақылбаев қатысты.
Қазақстан Елшісі мен Франция Сенатының вице-президенті Қазақстанның стратегиялық маңызын атап өтіп, оның Орталық Азиядағы тұрақтылықты қамтамасыз етудегі және өңірлік экономикалық ықпалдастық пен көлік байланыстарын дамытудағы жүйеқұраушы рөлін ерекше атап өтті. Сондай-ақ Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы өзара байланысты нығайтудағы сенімді серіктес екені айтылды. Жаһандық өзгерістер жағдайында Қазақстанмен ынтымақтастықты тереңдету Франция мен Еуропалық одақтың ұзақ мерзімді мүдделеріне сай келетіні атап көрсетілді.
Сенатор Е.Больгерт Қазақстанның теңгерімді әрі прагматикалық сыртқы саясат ұстанымына берік екенін жеткізді. Ол жаңа Конституцияның қабылдануы елдің саяси дамуының маңызды кезеңі болатынын, тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсімге, инвестициялық тартымдылықты арттыруға және шетелдік серіктестермен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге қосымша мүмкіндіктер ашатынын айтты.
И.Ақылбаев Транскаспий халықаралық көлік бағытының (Орта дәліз) дамуына, инфрақұрылымды жаңғыртуға және логистикалық байланыстылықты күшейтуге назар аударды. Оның айтуынша, бұл бастамалар жеткізу тізбектерін әртараптандыруға, стратегиялық ресурстарға қолжетімділікті кеңейтуге және еуропалық серіктестер үшін сауда бағыттарының тұрақтылығын арттыруға ықпал етеді.
Екі тақырыптық сессияны IPSE президенті Эммануэль Дюпьи мен Институт сарапшысы Пьер Морен жүргізді. Пікірталасқа француз сенаторлары, депутаттар және сарапшылық-академиялық орта өкілдері қатысты. Талқылау барысында Орталық Азияның стратегиялық тұрғыдан жаңа кезеңге қадам басқаны атап өтіліп, Қазақстан өңірлік тұрақтылықты нығайтуда, экономикалық ықпалдастықты тереңдетуде және көлік байланыстарын дамытуда айқындаушы рөл атқаратыны ерекше көрсетілді.
Конференция қорытындысы бойынша Франция, Қазақстан және Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға өзара қызығушылық расталды. Бұл тұрақты, өзара байланысты және болжамды Еуразиялық кеңістікті қалыптастыруға ықпал ететіні аталып өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.02.2026, 16:25 16361
Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Сурет: Akorda
Достарға айту
Қазақстан Президенті қазақ-қырғыз қарым-қатынасының оң динамикасына тоқталып, оған тұрақты саяси диалог, екі ел үкіметтері мен іскер топтары арасындағы белсенді ықпалдастық септігін тигізіп отырғанын атап өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Бауырлас елдердің көшбасшылары сауда-экономика, көлік-логистика және су-энергетика салаларындағы ынтымақтастықтың қарқынды түрде дамып келе жатқанына назар аударды.
Президенттер достық, стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухындағы мемлекетаралық байланыстарды одан әрі кеңейтуге бейіл екенін растады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровқа елімізде Конституциялық реформа жүргізіліп жатқанын айтты. Бұл жаңғырту мемлекеттің қарыштап өркендеуіне негіз қалайды. Қырғызстан Президенті Қазақстандағы ауқымды өзгерістерді қолдайтынын мәлімдеді.
Мемлекеттер басшылары өңірлік ынтымақтастық мәселелері жөнінде ортақ пікірде екенін жеткізді.
Қазақстан Президенті Бішкекте ШЫҰ саммиті мен Дүниежүзілік көшпенділер ойындары секілді маңызды халықаралық іс-шаралардың табысты өтуіне тілектестік білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровтың ел бірлігін сақтауға, қырғыз мемлекеттілігін нығайтуға бағытталған шешімдерін қуаттады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.02.2026, 16:02 17416
Амман қаласында Қазақстан мен Иордания арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Иорданиядағы Елшісі Талғат Шалданбай Иордания СІМ Бас хатшысы Дайфалла Әли Әл-Файезбен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тараптар Қазақстан мен Иордания арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, екіжақты байланыстардың оң динамикасын атап өтті. Сонымен қатар, сұхбаттасушылар саяси диалогты нығайтуға, практикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ұстанымдарды әрі қарай үйлестіруге мүдделілігін растады.
Қазақстан Елшісі иордан тарапына еліміздегі соңғы ішкі саяси өзгерістер туралы ақпарат берді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Ұлттық құрылтай отырысының қорытындысы бойынша конституциялық реформаға қатысты бастама көтерілгендігін атап өтті. Конституцияның жаңа редакциясын қалыптастыру жөніндегі жұмыстың аяқталғаны және оны 2026 жылғы 15 наурызда өтетін Республикалық референдумның қорытындысы бойынша қабылдау жоспарланып отырғандығын хабарлады.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар сенім мен өзара түсіністікті әрі қарай тереңдетудің маңыздылығын атап өтіп, өзара қызығушылық тудыратын салаларда тұрақты байланыстарды қолдауға және ынтымақтастықты дамытуға дайындықтарын растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.02.2026, 15:12 17691
Қазақстан делегациясы Африка одағының 39-шы Саммитіне қатысты
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі, Қазақстанның Африка одағы жанындағы Тұрақты өкілі Жалғас Әділбаев бастаған Қазақстан делегациясы 2026 жылғы 14-15 ақпан аралығында Аддис-Абебада өткен Африка одағына (АО) мүше мемлекеттер басшыларының жыл сайынғы 39-шы Саммитіне қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Саммитке АО-ға мүше 48 мемлекеттің делегациясы Мемлекет және үкімет басшылары, сыртқы істер министрлері деңгейінде, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйымдардың басшылары мен өкілдері қатысты.
Құрметті қонақтар мен серіктестер қатарында БҰҰ Бас хатшысы және Африка одағы жанындағы бақылаушы мемлекеттердің бірқатар жоғары лауазымды өкілдері болды.
39-шы Саммиттің тақырыбы: "2063 жылға дейінгі күн тәртібінің мақсаттарына қол жеткізу үшін тұрақты сумен жабдықтауды және қауіпсіз санитария жүйелерін қамтамасыз ету" деп жарияланды. Отырыстар барысында су қауіпсіздігі, трансшекаралық су ресурстарын басқару, сумен жабдықтау және санитария саласындағы инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру, сондай-ақ континенттегі климаттың өзгеруіне және құрғақшылыққа төзімділікті нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Күн тәртібі аясында Африканың бірқатар елдеріндегі қақтығыстарды реттеу, АО-ның институционалдық реформасын ілгерілету, Африка құрлықтық еркін сауда аймағын құру туралы келісімді одан әрі іске асыру, Африканың жаһандық басқаруға қатысуын кеңейту, соның ішінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін реформалау, сондай-ақ құрлық елдерінің қатысуымен өтетін алдағы халықаралық форумдарға дайындық мәселелері де қаралды.
Саммит қорытындысы бойынша мүше мемлекеттердің тұрақты даму мақсаттарына, соның ішінде таза су мен санитарияға қолжетімділік саласындағы мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі бірлескен күш-жігерін жандандыруға бағытталған тиісті шешімдер мен декларациялар қабылданды.
Саммит аясында қазақ дипломаты Конго Демократиялық Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ноэлла Наквипонемен, КДР-дың Эфиопиядағы Елшісі Жан Леон Илунгамен, Панафрикалық Парламенттің Вице-президенті, Эфиопия Парламентінің депутаты доктор Ашебиро Гайомен және Джибути Республикасы СІМ департаментінің директорымен, Эфиопияның Туризм, мәдениет және спорт министрлерімен, сондай-ақ Эфиопияда тіркелген дипломатиялық корпус өкілдерімен кездесулер өткізді. Кездесулер барысында екіжақты және көпжақты ынтымақтастық форматтарындағы, соның ішінде БҰҰ мен АО шеңберіндегі өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.02.2026, 14:44 17941
Қазақстан мен Үндістан саяси диалогты тереңдетуге және консулдық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі
Достарға айту
Қазақстанның Үндістандағы Елшісі Азамат Есқараев Үндістан Сыртқы істер министрлік департаменттің Бас директоры Бина Джорджпен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Үндістан арасындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін және сыртқы саяси ведомстволар арасындағы диалогты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.
Кездесулер барысында қазақ дипломаты Үндістан тарапын Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан негізгі саяси және институционалдық реформалар туралы хабардар етті. Әсіресе конституциялық өзгерістерге ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, мемлекеттік билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті күшейту, Президент өкілеттіктерін шектеу, Парламенттің рөлін арттыру, жергілікті өкілді органдардың құзыретін кеңейту, сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайту, сондай-ақ адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін институционалдық тұрғыдан бекіту мәселелері аталып өтті.
Тараптар консулдық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, соның ішінде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тақырыптары бойынша пікір алмасты. Үндістан тарапы практикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделілік танытып, алдағы уақытта консулдық консультациялар өткізу мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін білдірді.
Кездесу сындарлы әрі достық ахуалда өтіп, тараптардың қазақ-үнді қатынастарын нығайтуға және практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге бейілділігін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.02.2026, 13:55 18186
Шаңхайда Қазақстан мен Қытайдың негізгі қалалары арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Шаңхай қаласындағы Бас консулдығында Шаңхай қаласы Халық үкіметінің Сыртқы істер канцеляриясы өкілдерімен кездесу өтті, оның барысында тараптар Шаңхай мен Алматы бауырлас қалалары арасындағы практикалық өзара іс-қимыл мәселелерін, сондай-ақ Астана қаласымен ынтымақтастық перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесудің негізгі тақырыбы 2026 - 2028 жылдарға арналған Алматы қаласы әкімдігі мен Шаңхай қаласының мэриясы арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Практикалық іс-қимыл жоспарын (Жол картасын) пысықтау болды. Тараптар бұл қадам екі мегаполис арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын дамытуға бағытталған байланыстарды тереңдетудің негізі болатыны жөнінде ортақ пікір білдірді.
Қазақстанның Шаңхайдағы Бас консулы Нұрлан Аққошқаров екіжақты қатынастарды іске асыруын оңтайландыру маңыздылығын атап өтті. Осы тұрғыда ол Алматы қаласының әкімдігі мен Шаңхай мэриясы арасындағы Жол картасын қабылдаудың, сондай-ақ екіжақты қатынастарды одан әрі нығайту және өңірлік жаңа ынтымақтастықты нығайту мақсатында биыл Шаңхай мэрі Гун Чжэннің Алматыға сапарын ұйымдастырудың маңызды екенін жеткізді.
Шаңхай Сыртқы істер канцеляриясы басшысының орынбасары Фан Сяо ҚР мен ҚХР-дың негізгі қалалары арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мен практикалық тұрғыда дамыту маңыздылығына тоқталды. Осыған байланысты, қытай тарапы ағымдағы жылдың бірінші жартысында Шаңхай мэрі Гун Чжэннің Алматы және Астана қалаларына сапарын ұйымдастыруды ұсынды.
Сонымен қатар, ол 2026 жылғы 26 - 28 наурыз аралығында "Шаңхай шығыс торабы" халықаралық коммерциялық ынтымақтастық аймағында Шет ел инвестициялары конференциясының бірінші жиыны өтетіні туралы хабарлады. Қытай тарапы жыл сайын Шаңхай қаласында өткізуді жоспарлап отырған осы іс-шараға қазақ тарапын да шақырды.
Бас консул қазақ тарапының инвестициялық ынтымақтастықты нығайту үшін аталған конференция жұмысына қатысуға келісімін білдірді.
Екі елдің қалалары мен өңірлері арасындағы байланыстарды кеңейту мақсатында Н.Аққошқаров Алматы мен Шаңхай арасындағы әуе рейстері санын арттырудың маңыздылығын атап өтті. Бұл екі қала арасындағы сапарлар мен іскерлік қатынастарды, туризм мен іскерлік байланыстардың дамуына оң серпін беретіні айтылды. Қазақстан мен Қытайдың өзара мәдениет жылы аясында тараптар Алматы мен Шаңхай қалалары арасында мәдени іс-шаралар өткізудің маңыздылығына да назар аударылды.
Бас консул Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан өзгерістер мен реформалар туралы айтты. Дипломат жаңа Конституция жобасын қабылдау үшін 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өтетінін, оның Қазақстан дамуында маңызды кезең болатынын мәлімдеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.02.2026, 12:45 18431
Братиславада Қазақстан мен Словакия арасындағы іскерлік ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Жанна Сағынова Жилина өлкесінің Сауда-өнеркәсіп палатасының басшылығымен, атап айтқанда директор Павол Витекпен және басқарма мүшесі Ян Мишурамен, сондай-ақ "AZC Group" компаниясының иесі Ян Саболмен бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесулер барысында Қазақстан мен Словакия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері жан-жақты талқыланды. Елші Қазақстанның экономикалық және инвестициялық әлеуеті туралы ақпарат беріп, словакиялық іскер топ өкілдерін қазақстандық нарықтың мүмкіндіктерімен таныстырды.
Тараптар өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, ақпараттық технологиялар, туризм және білім беру салаларында бірлескен жобалар мен кооперацияны дамыту зор әлеуетке ие екенін атап өтті.
Өңірлік сауда-өнеркәсіп палатасының басшылығымен өткен кездесуде өңіраралық іскерлік, мәдени-білім беру және туристік байланыстарды дамытуға басымдық берілген ынтымақтастықтың негізгі бағыттары қарастырылды. Палата өкілдері қазақстандық серіктестермен өзара байланыстар орнатуға қызығушылық білдіріп, Қазақстаннан келетін бизнес-миссияны қабылдауға дайын екендерін растады.
Ян Саболмен өткен кездесу барысында екіжақты күн тәртібіндегі экономикалық мәселелер бойынша пікір алмасу жүзеге асырылып, өзара қызығушылық тудыратын салаларда бірлескен жобаларды іске асыру перспективалары талқыланды.
Жилина өңірінің сауда-өнеркәсіп палатасы Словакия Республикасындағы ең ірі өңірлік палаталардың қатарына жатады. Жилина өңірі индустрияландыру деңгейі жоғары, экономикалық тұрғыдан дамыған аймақтардың бірі болып табылады, мұнда машина жасау саласы экономиканың негізгі тірек салаларының бірі саналады.
"AZC Group" компаниялар тобының портфеліне Орталық Еуропадағы ондаған компания кіреді. Соңғы жылдары топ Үндістан, Бразилия және Азия нарықтарында өз ұстанымын нығайтуға ұмтылуда. 2024 жылы компания тобының айналымы шамамен 4 миллиард еуроны құрады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.02.2026, 11:51 18681
Куала-Лумпурда Түркі тілдерінің дүниежүзілік күні мерекеленді
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Малайзиядағы Түркия Елшілігінде 15 желтоқсанды ЮНЕСКО шешімімен Түркі тілдерінің дүниежүзілік күні ретінде белгілеуге арналған мәдени іс-шара өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Аталған шешім 2025 жылғы қараша айында Самарқанд қаласында өткен ЮНЕСКО-ның 43-ші Бас конференциясында қабылданды. 15 желтоқсан күні тарихи оқиғамен - түркі халықтарының көне жазба дәстүрін әлемге танытқан Орхон жазбаларының оқылуымен байланысты.
Іс-шараға Малайзиядағы Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Түркия және Өзбекстан елшілері, дипломаттар, академиялық орта өкілдері және қоғам қайраткерлері қатысты.
Өз сөзінде Қазақстанның Малайзиядағы Елшісі Булат Сүгірбаев аталған қарардың қабылдануы ортақ тарих пен мәдени мұраны ескере отырып, түркі халықтары арасындағы мәдени диалог пен ынтымақтастықты нығайтудың заңды әрі маңызды қадамы екенін атап өтті. Қазақстан түркі тілдер отбасының ажырамас бөлігі болып табылатын қазақ тілін дамытуға және оның халықаралық қарым-қатынас құралы ретіндегі рөлін арттыруға дәйекті түрде қолдау көрсетіп келеді.
Түркияның Малайзиядағы Елшісі Эмир Салим Юксель Түркі тілдерінің дүниежүзілік күнінің бекітілуі түркі мемлекеттері арасындағы мәдени ынтымақтастықтың жаңа кезеңін ашатынын атап өтті.
Іс-шараның мәдени бағдарламасын қазақстандық студенттердің домбырадағы орындауы көркемдей түсті.
Кездесу қорытындысы бойынша түркітілдес мемлекеттердің елшілері мұндай іс-шараларды Малайзияда тұрақты түрде өткізуге және Түркі тілдерінің дүниежүзілік күнінің алғашқы жылдығын ү.ж 15 желтоқсанда Куала-Лумпурда бірлесіп атап өтуге уағдаласты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
17.02.2026, 11:51Куала-Лумпурда Түркі тілдерінің дүниежүзілік күні мерекеленді 17.02.2026, 12:45 18071Братиславада Қазақстан мен Словакия арасындағы іскерлік ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды17.02.2026, 13:55 17826Шаңхайда Қазақстан мен Қытайдың негізгі қалалары арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды17.02.2026, 14:44 17581Қазақстан мен Үндістан саяси диалогты тереңдетуге және консулдық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі17.02.2026, 15:12 17331Қазақстан делегациясы Африка одағының 39-шы Саммитіне қатысты
14.02.2026, 18:09 66771Алматыда Қазақстан Сыртқы істер министрінің БҰҰ агенттіктерінің басшыларымен кездесуі өтті15.02.2026, 10:50 61676Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичті Сербияның Мемлекеттілік күнімен құттықтады13.02.2026, 19:48 59251Мемлекет басшысы АҚШ елшісі Джули Стаффтты қабылдады13.02.2026, 18:17 58491Қазақстан мен Қырғызстан одақтастық қатынастарды нығайтуды жалғастыруда13.02.2026, 17:21 57646Қазақстан мен Қырғызстан одақтастық қатынастарды дамытуды жалғастырып, стратегиялық диалогты нығайтуда
19.01.2026, 15:15 236146Өнеркәсіптік объектілер үшін санитариялық-қорғау аймақтарын белгілеудің жаңа қағидалары20.01.2026, 11:17 235486Күн бетінде ең қуатты жарқыл болды20.01.2026, 10:34 2026 жылы салық режимін қалай таңдауға болады: кәсіпкерлер 1 наурызға дейін хабарлама тапсыруы қажет2334312026 жылы салық режимін қалай таңдауға болады: кәсіпкерлер 1 наурызға дейін хабарлама тапсыруы қажет20.01.2026, 21:15 226491Алматыда ірі заңсыз нысан сот шешімімен бұзылып жатыр09.02.2026, 22:39 223971Қазақстан мен Үндістан стратегиялық серіктестікті нығайту перспективаларын талқылады

