10.03.2026, 15:07 1186

Қазақстан мен Испания парламентаралық диалогты нығайтуда

Қазақстан мен Испания парламентаралық диалогты нығайтуда
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Елшісі Данат Мұсаев Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясындағы Испания делегациясының мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кездесуге Ассамблеяның вице-президенті Антонио Гутьеррес Лимонес, Испания Сенатының Сыртқы істер комитетінің жаңа төрайымы Пилар Рохо, сондай-ақ Испаниядағы түрлі саяси фракциялардың өкілдері қатысты. Бұл парламентаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша мазмұнды әрі жан-жақты пікір алмасуға мүмкіндік берді.

Сұхбат барысында тараптар Қазақстанның Еуропа Кеңесімен өзара

іс-қимылының қазіргі жай-күйі мен болашағын, сондай-ақ Қазақстан мен Испания арасындағы парламентаралық диалогты дамыту мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық реформаларға ерекше назар аударылды. Бұл реформалар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен ауқымды саяси жаңғыру үдерісінің жалғасы болып табылады.

Д. Мұсаев ү.ж. 15 наурызда мемлекет жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдум өтетінін хабарлады. Өзгерістердің ауқымы мен маңыздылығы, сондай-ақ Конституция жобасын талқылау процесінің ашықтығы ел тарихында бұрын-соңды болмаған деңгейде жүзеге асырылып отырғанын атап өтті.

Ол конституциялық реформа елдің орнықты дамуын қамтамасыз етуге, Парламенттің рөлін күшейтуге және адам құқықтарын қорғау кепілдіктерін нығайтуға бағытталғанын, сондай-ақ "адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін" қағидатын бекітетінін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар парламентаралық диалогты одан әрі нығайтуға және Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы аясындағы ынтымақтастықты жандандыруға өзара мүдделіліктерін растады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны