20.03.2026, 17:06 2206
Қазақстан мен Үндістан стратегиялық серіктестікті нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Үндістандағы Елшісі Азамат Есқараев Үндістан Республикасының Сыртқы істер министрі Субраманьям Джайшанкармен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.
А. Есқараев Үнді тарапына Чайтра Навратри мерекесі мен индуизмнің Жаңа жылы қарсаңында жылы лебіздерін білдіріп, бұл жаңару кезеңінің Қазақстан мен Үндістан арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға символдық мәні бар екенін атап өтті.
Қазақ дипломаты Қазақстан мен Үндістанның дипломатиялық қатынастар орнағанына отыз жылдан астам уақыт өткенін атап өтіп, екі ел халықтарының арасындағы байланыстар ресми дипломатиядан әлдеқайда терең, тарихи, мәдени және өркениеттік негізге ие екенін айтты. Сонымен бірге ол Үндістан Қазақстанның Оңтүстік Азиядағы уақыт сынақтан өткен негізгі стратегиялық серіктесі және жаһандық деңгейде аса ықпалды мемлекеттердің бірі екенін атап өтті.
Кездесу барысында Елші Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің Үндістанға алғаш рет сапарының ұйымдастырылуына алғыс білдіріп, 2026 жылғы 19-20 ақпанда өткен "India AI Impact Summit 2026" саммиті аясындағы іс-шаралардың жоғары деңгейде өткенін атап өтті.
Қазақстан тарапы Үндістан үкіметін 2026 жылғы БРИКС төрағалығымен құттықтап, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БРИКС саммиті аясында 2026 жылғы қыркүйекте Нью-Делиге мемлекеттік сапарын ұйымдастырудың мүмкіндіктерін талқылады.
Өз кезегінде Үндістанның сыртқы істер министрі С. Джайшанкар Қазақстан тарапын Айт және Наурыз мерекелерімен құттықтады. Ол уран саласындағы келісімге алғыс білдіріп, Таяу Шығыс жағдайына байланысты мұнай және газ саласында ұзақ мерзімді және сенімді келісімдер жасасуға қызығушылық танытты және сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендігін растады. Сондай-ақ, үнді тарапы Қазақстан Президентінің Үндістанға мемлекеттік сапарын БРИКС саммитіне дейін немесе одан кейін ұйымдастыру мәселесін қарастыруға дайын екендігі аталып өтті.
Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуда Tata Group және Reliance Industries сияқты ірі үнді конгломераттарымен байланыс орнату мәселелері талқыланды.
Кездесудің соңында тараптар стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдету және өзара қызығушылық тудыратын салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге ортақ ұмтылысын атап өтті.
Негізгі бағыттар бойынша, оның ішінде экономика, инвестициялар және жаңа технологиялық жобалар бойынша тұрақты ақпарат алмасу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
21.03.2026, 13:37 896
Қазақстанның су ұйымын құру жөніндегі бастамасы Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында ұсынылды
Достарға айту
Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров 2026 жылғы Дүниежүзілік су күніне арналған "Су және гендерлік теңдік" тақырыбындағы іс-шараға қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Өз сөзінде ол судың қоғамдық денсаулық сақтаудың, азық-түлік қауіпсіздігінің және орнықты дамудың негізі екенін, ал су ресурстарына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету әділеттілік пен инклюзивтілік мәселелерімен тікелей байланысты екенін атап өтті. Көптеген елдерде әйелдер мен қыздар су тапшылығының салдарын қатты сезінуіне ерекше назар аударылды, ал олардың су ресурстарын басқару процестеріне қатысуы жеткіліксіз болып қалады.
Қазақстан тарапы климаттың өзгеруі, экожүйелердің тозуы, орнықсыз тұтыну және гидрологиялық циклдің бұзылуы салдарынан жаһандық су ресурстарына түсетін қысымның артып келе жатқанын атап өтті. Қауіпсіз ауыз су мен санитарияға қолжетімділіктің тапшылығы сақталып отырған жағдайда, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және су саласындағы жаһандық басқаруды жетілдірудің айрықша маңызға ие екені баса айтылды.
Осыған байланысты, іс-шараға қатысушылар Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаевтың БҰҰ-80 реформасы процесінің шеңберінде БҰҰ қамқорлығымен мамандандырылған халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасымен таныстырылды. Бұл бастама институционалдық тиімділікті арттыруға, функциялардың қайталануын қысқартуға және су күн тәртібіне тиісті саяси мән беруге бағытталған.
Сондай-ақ, аталған мәселе бойынша алғашқы халықаралық консультацияларды ү.ж. сәуір айында Астанада Өңірлік экологиялық саммит аясында өткізу жоспарланып отырғаны жария етілді. Қазақстан БҰҰ-ға мүше мемлекеттер мен серіктестерді су күн тәртібі бойынша одан әрі диалогқа белсенді қатысуға шақырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.03.2026, 12:34 1071
ЕҚЫҰ-да Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі референдумның қорытындылары хабардар етілді
Сурет: gov.kz
Достарға айту
ЕҚЫҰ ДИАҚБ директоры Мария Телалианның жыл сайынғы баяндамасы барысында Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілдігі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) мен қатысушы мемлекеттердің өкілдерін ү.ж. 15 наурызда өткен Республикалық референдумның қорытындылары туралы хабардар етті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстанның Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, референдумға 9 миллионнан астам азамат қатысып, елдің жаңа Ата Заңын қабылдауды дауыс беруге қатысушылардың 87,15 пайызы қолдағаны атап өтілді. Осылайша, референдум өтті деп танылды, ал жаңа Конституция - Қазақстан халқының еркін ерік білдіруі нәтижесінде қабылданды.
Дауыс беру қорытындылары конституциялық реформаны кеңінен қоғамдық қолдауды айғақтайтыны және елде демократиялық процестің табысты жүргізілгенін растайтыны атап өтілді. Жаңа, шынымен халықтық Конституция ресми түрде 2026 жылдың 1 шілдесінде күшіне енеді.
Сөз барысында жаңа Конституцияның ережелерін іске асыру ұлттық заңнаманы ауқымды жаңартудың негізі болатыны баяндалды. Алдағы кезеңде Парламентке Президент институтын, Құрылтайды, Халық кеңесін, сондай-ақ елорда мәртебесін және елдің әкімшілік-аумақтық құрылымын реттейтін актілерді қоса алғанда, бес жаңа конституциялық заң енгізу жоспарлануда.
Сонымен қатар, тағы сегіз Конституциялық заң мен 60-тан астам нормативтік құқықтық актілерді, соның ішінде негізгі кодекстерді жүйелі түрде қайта қарау қажет болады. Аталған заңнамалық үдеріс алдағы парламенттік сайлаумен үндестірілетін болады, оны өткізу ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін көзделеді.
Референдумді халықаралық бағалауға ерекше назар аударылды. ТМД, ТМД ПАА, ШЫҰ, Түркі мемлекеттері ұйымының, ТүркПА, ҰҚШҰ ПА, ИЫҰ және АӨСШК халықаралық байқаушылары дауыс берудің ашық және транспарентті сипатын, азаматтардың кеңінен қатысуын, процестің барлық қатысушыларының құқықтарын сақтауды және еркін, саналы және тәуелсіз таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуді бірауыздан атап өтті.
Осыған байланысты референдум Қазақстанның ұлттық заңнамасына және сайлау саласындағы халықаралық міндеттемелеріне сәйкес деп танылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.03.2026, 11:31 1246
Қазақстан Конституциясы чех бизнесі үшін жаңа инвестициялық перспективаларға жол ашады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Референдум қорытындылары мен Қазақстанның жаңа Конституциясының қабылданғаны туралы алғашқылардың бірі болып чех қоғамының өкілдері - "Чех Республикасының Қазақстан Республикасымен сауда-экономикалық ынтымақтастығының келешегі" атты бизнес-семинарға қатысушылар хабардар болды. Чехияның іскер топтарын, салалық бірлестіктері мен сарапшылар қауымдастығын біріктірген бұл іс-шараны "CZ - Чех коммуналдық және энергетикалық технологиялары" консорциумы "FONTES RERUM" зерттеу институтымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
ҚР Елшісі Қайрат Әбдірахмановпен қатар, белгілі чех экономисі әрі саясаткері, Чех Республикасының бұрынғы Өнеркәсіп және сауда министрі Ян Младек, көрнекті дипломат, Чехияның бұрынғы Сыртқы істер министрі және БҰҰ Бас Ассамблеясының экс-төрағасы Ян Каван, кәсіпкер, ұйымдастырушы консорциумның жетекшісі Зденек Збытек, Чехия Өнеркәсіп және көлік одағының вице-президенті Франтишек Халоупецкий, сондай-ақ "EGAP" экспорттық сақтандыру компаниясы директорлар кеңесі төрағасының орынбасары Марек Длоухи баяндама жасады.
Чех кәсіпкерлеріне Қазақстандағы экономикалық өзгерістердің еліміздің жаңа Негізгі заңында заңнамалық тұрғыдан бекітілген негізгі бағыттары таныстырылды. Атап айтқанда, Конституцияда адам капиталын, білім беру, ғылым мен инновацияны дамыту мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде айқындалғаны, сондай-ақ меншіктің барлық нысандарын қорғау, халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаттарын құрметтеу көзделгені атап өтілді. Экономикалық реформалар кешенін іске асыру нәтижесінде Қазақстанның инвестициялық және сауда-экономикалық әлеуеті артып, бюрократиялық кедергілер азайып, атқарушы биліктің жауапкершілігі күшейеді деп күтілуде.
Қазақстан мен Чехия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда, инвестицияларды өзара тартуда және заманауи технологияларды енгізуде чех компаниялары мен даму институттарының маңызды рөлі атап өтілді. Нақты жобаларды, соның ішінде өткен жылдары қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру, Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы алдағы ең жоғары және жоғары деңгейдегі кездесулерге, сондай-ақ ірі екіжақты бизнес-форумдарды өткізуге дайындық аясында ерекше мәнге ие болып отыр.
Семинардың өтуі қазақстандық дипломаттардың жергілікті іскер топтармен бұған дейін өткізген кездесулерінің және Чехияның түрлі өңірлеріндегі озық технологиялық әрі өнеркәсіптік компаниялардың қызметімен танысуға арналған жұмыс сапарларының заңды жалғасы болды. Аталған іс-шаралар барысында қазақстандық тараппен серіктестікті тереңдетудің нақты бағыттары нақтыланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.03.2026, 10:29 1496
Братиславада Қазақстанда жаңа Конституция бойынша өткен референдумның қорытындылары талқыланды
Достарға айту
Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Жанна Сағынова Словак Республикасы Президентінің сыртқы саясат және халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі кеңесшісі Ян Кубишпен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тараптар екіжақты қатынастардың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылап, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Әңгіме барысында Елші 2026 жылғы 15 наурызда өткен референдумның қорытындыларымен таныстырып, Негізгі заңның қабылдануымен елдің ұзақ мерзімді, тұрақты дамуының бағыты айқындалатынын, сондай-ақ турбулентті кезеңнің сыртқы және ішкі сын-қатерлеріне жедел жауап бере алатын жаңа кезеңдегі Қазақстанның институционалдық архитектурасы қалыптасатынын атап өтті. Бір палаталы Парламентке (Құрылтайға) көшу, вице-президент институтын енгізу, Халық кеңесін қамтитын көпдеңгейлі қоғамдық диалог жүйесін құру, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін нығайту конституциялық өзгерістердің ауқымдылығын көрсетеді.
Дауыс беру үдерісіне халықаралық стандарттарға сәйкес өткеніне оң баға берген халықаралық байқаушылардың пікіріне де ерекше назар аударылды.
Я. Кубиш жүргізіліп жатқан конституциялық реформаға жоғары баға берді. Оның пікірінше, референдум қорытындылары қазақстандықтардың Президент Қ.К.Тоқаев жүргізіп отырған ауқымды саяси жаңғырулар мен әлеуметтік-экономикалық реформалар бағытын кеңінен қолдайтынын айқын көрсетеді. Сондай-ақ Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін нығайтуға ықпал етіп отырған проактивті сыртқы саясаттың нәтижелілігі аталып өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.03.2026, 23:20 2346
Ташкентте қазақ-өзбек ынтымақтастығының басым бағыттары талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Бейбіт Атамқұлов Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Бобур Усмановпен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтың Өзбекстан Республикасына жоспарланған ресми сапарына, Астана қаласында өтетін Өңірлік экологиялық саммитке дайындық мәселелері, сондай-ақ қазақстан-өзбек ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды.
Тараптар экология және климаттың өзгеруі мәселелерін шешуде өңірлік өзара іс-қимылды нығайту үшін Өңірлік экологиялық саммиттің маңыздылығын атап өтіп, оның бірыңғай өңірлік күн тәртібін қалыптастырудағы және нақты жобаларды іске асырудағы рөлін жоғары бағалады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасына ерекше назар аударылды.
Елші Б.Атамқұлов өзбек тарапына аталған ұйымның су ресурстары саласындағы мемлекетаралық үйлестіруді күшейтуге бағытталған артықшылықтары туралы жан-жақты ақпарат берді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар одақтастық және стратегиялық серіктестік рухында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға өзара дайын екендіктерін білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.03.2026, 22:13 1906
Аддис-Абебада эфиопиялық кофені Қазақстанға экспорттау мүмкіндіктері талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі Жалғас Әділбаев әлемдік нарыққа кофе экспорттау бойынша Эфиопиядағы жетекші компаниялардың бірі - "Хадид Трейдинг" басшылығымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сұхбат барысында тараптар Қазақстанға кофе экспортын дамыту перспективалары туралы пікір алмасты.
Қазақстандық дипломат соңғы жылдары Қазақстанда кофе индустриясының белсенді дамып келе жатқанына сұхбаттасушылардың назарын аударды. Осыған байланысты сапалы кофе жеткізетін жаңа серіктестерге, соның ішінде Эфиопиядан келетін өнімдерге деген сұраныс артып отыр.
Сонымен қатар, Елші Қазақстан тек кофені тұтынушы ғана емес, сонымен бірге эфиопиялық кофені көршілес Орталық Азия елдеріне, Ресей мен Батыс Қытайға экспорттауға арналған хабқа айнала алатынын атап өтті.
Қазақ дипломаты Қазақстан мен Эфиопия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін барлық алғышарттардың бар екенін айтты. Бұл, ең алдымен, елдегі тұрақты саяси жағдай және барлық көршілес мемлекеттермен бейбіт әрі тату көршілік қарым-қатынас. Оған қоса, ол Қазақстанның ішкі саяси жаңғыру мен экономикалық дамудың жаңа кезеңін бастан өткеріп жатқанын, оның аясында негізгі басымдық цифрлық трансформацияға және Қазақстан азаматтары қызметінің барлық салаларына жасанды интеллект технологияларын енгізуге бағытталғанын атап өтті.
Келіссөздердің жалғасында компания Бас директорының орынбасары А.Халифа Елшіге компанияның қызметі туралы ақпарат беріп, Қазақстанға кофе экспортын дамытуға мүдделілік танытты.
Кездесу соңында Қазақстан Елшісі компания өнімімен және халықаралық нарықтарға экспорттау үшін сапалы кофені іріктейтін зертханалық сараптама инфрақұрылымымен танысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.03.2026, 21:11 1441
Қазақстан халықаралық энергетикалық диалог орталығында
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Азамат Әбдіраимов 2026 жылғы 16-19 наурызда Вааса қаласында өткен "Energy Week" халықаралық форумына қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Форум жаңартылатын энергия көздерін, интеллектуалды энергия жүйелерін, газ энергетикасын және энергияны сақтау технологияларын қоса алғанда, энергетиканы дамытуға қатысты мәселелерді талқылау үшін шет елдердің өкілдерін, іскер топтарды және сарапшыларды жинады. Цифрландыруға, аккумуляторлық технологияларға, айналмалы экономикаға, ақылды қалаларға, энергетикалық секторды реттеуге және инновациялық бизнесті дамытуға ерекше назар аударылды.
Қазақ дипломаты Форумның ашылу салтанатында Қазақстанның энергетика секторындағы жетістіктерін атап өтіп, тұрақты дамуға баса назар аударып, одан әрі халықаралық ынтымақтастық үшін әлеуетті бағыттарды белгіледі.
Форум аясында Вааса қаласының мэрі Томас Хейрюмен, бизнес өкілдерімен кездесулер өтті, онда екіжақты ынтымақтастықты кеңейту және бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері талқыланды.
Сондай-ақ, Елші энергетика саласындағы әлемдік көшбасшы финдік "Wärtsilä" компаниясының өндірістік алаңында болып, компанияның вице-президенті Кеннет Энгбломен кездесті. Кездесу барысында Қазақстанның энергетика секторында озық технологияларды енгізу перспективалары қарастырылды.
Форумға қатысу Финляндияның энергетика саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және инновациялық технологияларды ілгерілетуге мүдделілігін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.03.2026, 20:09 1656
Найробиде Қазақстан-Кения ынтымақтастығын дамыту мәселелері талқыланды
Достарға айту
Қазақстанның Кениядағы Елшісі, ҚР Найробидегі БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов Кения Республикасының Сыртқы істер және диаспора министрлігінің Саяси мәселелер жөніндегі Бас директоры Джосфат Майкарамен, Президент Кеңсесі және Сыртқы істер министрлігі Протоколының басшысы Северин Люялимен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында қазақ дипломаты кениялық тарапты 2026 жылғы 15 наурызда орын алған жалпыұлттық референдум аясындағы конституциялық өзгерістер Қазақстанның саяси жүйесін одан әрі жаңғыртуды және мемлекеттік басқарудың тиімдірек және теңгерімді моделін қалыптастыруды көздейтіні, әлеуметтік-саяси тұрақтылықты нығайтуға және тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуге ықпал ететінін мәлімдеді.
Тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту жоспарларын, жоғары және ең жоғары деңгейдегі алдағы сапарларды, екіжақты шарттық-құқықтық базаны қалыптастыру мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасылып, көпжақты құрылымдар аясында тығыз ынтымақтастыққа дайындығы расталды.
Екіжақты өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша, соның ішінде сауда және инвестициялық даму, транзиттік және көлік бағыттары, оның ішінде Кения порттарын пайдалану мәселесі, ақпараттық және қаржылық технологиялар, ғарыш, тау-кен өндірісі, медицина, спорт, ауыл шаруашылығы, туризм, ғылыми және мәдени алмасулар салаларындағы ынтымақтастықты нығайту бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.
Д.Майкара Қазақстан мен Кения арасындағы жылы қарым-қатынасқа тоқтала келе, Қазақстанның дамуын жоғары бағалап, Найробидің Астанамен екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуіне және оны одан әрі дамытуға деген терең қызығушылығына назар аударды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара қызуғышылық танытатын мәселелер бойынша іс-қимылды жалғастыруға келісіп, ынтымақтастықты нығайту жөніндегі бірлескен шараларды, соның ішінде сауда және инвестиция, көлік, ақпараттық технологиялар және туризм салалары бойынша Қазақстан мен Кения арасындағы сарапшылар тобының шеңберіндегі жұмысты жандандыруға келісті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
20.03.2026, 09:23Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ораза айт мерекесімен құттықтады 20.03.2026, 13:59 2536Ақмола облысында Аймақтық инвестициялық штабтың отырысы өтті20.03.2026, 14:01 2471Марокколық сарапшылар Қазақстандағы конституциялық референдумді тарихи оқиға деп бағалады20.03.2026, 15:04 2401Джакартада Қазақстанның жаңа Конституциясы бойынша референдум қорытындылары талқыланды20.03.2026, 17:06 2341Қазақстан мен Үндістан стратегиялық серіктестікті нығайтуда
04.03.2026, 10:54 238646Босния және Герцеговина Елшісі сенім грамотасының көшірмесін табыстады26.02.2026, 22:48 230821Қазақстан Сыртқы істер министрі "Орталық Азия - Ұлыбритания" форматындағы сыртқы саяси ведомстволар басшыларының кездесуіне қатысты26.02.2026, 23:25 230306Қазақстан мен Ұлыбритания басым салаларда экономикалық серіктестікті тереңдетуде26.02.2026, 17:47 230251Загребте жаңа Конституция жобасы таныстырылды26.02.2026, 18:49 230246Қазақстан БҰҰ Туризм ұйымымен бірге өңірлік туристік хаб ретіндегі рөлін нығайтуда

