11.03.2026, 15:40 591

Қазақстан мен Украина Тарас Шевченконың ортақ мұрасын сақтап келеді

Қазақстан мен Украина Тарас Шевченконың ортақ мұрасын сақтап келеді
Сурет: gov.kz
Қазақстанның Украинадағы Елшісі Төлежан Барлыбаев украин ақыны және суретшісі Тарас Шевченконың туғанына 212-жыл толуына арналған мерекеге қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Ұлы Кобзардың дүниеге келген және өскен Черкассы облысындағы Моринцы мен Шевченково ауылдарында қазақ дипломаты Тарас Шевченконың ескерткіштеріне және оның ата-анасының қабірлеріне гүл шоқтарын қойып, ақынның туған үйі мен украин ақынының ескерткіш мұражайы кешеніне барды.

Жұртшылық алдында сөйлеген сөзінде Елші Тарас Шевченконың шығармашылық мұрасы Қазақстанмен тығыз байланысты екенін, онда ол өз өмірінің айтарлықтай бөлігін өткізгенін атап өтті. Оның 350 астам суреттері, сондай-ақ көптеген әдеби туындылары қазақ халқының өмірі мен тұрмысына, Маңғышлақтың табиғатына арналған. Қазақстандықтар Тарас Шевченко туралы естелікті қамқорлықпен сақтайтыны баса атап өтілді - Форт-Шевченко қаласында ерекше ескерткіш кешені әрекет етеді, оның шығармашылығының есте қаларлық орындары, соның ішінде "Тарасов талы" мен құдық сақталған.

Т.Барлыбаев Моринцы, Шевченково ауылдары мен Богуслав ауданының кітапханаларының басшылығына "Шевченко Қазақстанда" кітаптарын, сондай-ақ украин тілінде жарық көрген "Ұлы Дала елінің сиқырлы аңыздары" атты қазақ ертегілерінің жинағын тапсырды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны