Қазақстан үшін Вьетнам - Оңтүстік-Шығыс Азиядағы негізгі серіктестердің бірі. Екіжақты сауда-экономикалық қатынастарды кеңейтуге зор әлеует бар. Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы $860 млн-ға жетті", - деді вице-премьер.
Sovico Group пен VietJet Air компанияларының Qazaq Air қызметін басқаруға және оны жаңа VietJet Qazaqstan брендімен дамытуға ниетті екенін жоғары бағалаймыз. Әуе желісінің кеңеюі көлік қатынасын арттырып, өңірде экономикалық өсімнің жаңа нүктелерін қалыптастырады", - деді "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.
Алдағы үш жылда агроөнеркәсіп кешенінде өңделген өнім үлесін 70%-ға жеткізуді көздеп отырмыз. Бұл мақсатта 220 мың тонна ет өндіретін 29 құс фабрикасы мен 850 млн жұмыртқа өндіретін 11 фабрика іске қосылмақ. Вьетнамдық серіктестерді бірлескен өндіріс құруға және су үнемдейтін заманауи технологияларды енгізуге шақырамыз", - деді Ермек Көшербаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

