30.12.2025, 18:57 1161

Қазақстан мен Өзбекстан СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан мен Өзбекстан СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Сұхбат барысында сыртқы саяси ведомстволардың басшылары өтіп бара жатқан жылдың қорытындылап, қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарының жүйелі түрде нығайып келе жатқанын атап өтті, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы қараша айында Ташкентке жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды практикалық тұрғыда іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Саяси, сауда-экономикалық, көлік-логистика, су-энергетика және мәдени-гуманитарлық салалардағы көпқырлы өзара іс-қимылды кеңейтуге одан әрі жәрдемдесуге өзара бейілділік расталды.

Сонымен қатар тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, алдағы кезеңге жоспарланған халықаралық іс-шаралардың кестесін қарастырды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны