06.05.2024, 18:03 32246
Қазақстан Президенті Сербия басшысымен өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселе жөнінде пікір алмасты
Сурет: akorda
Достарға айту
Мемлекет басшысы Сербия Президенті Александр Вучичпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Вучич екіжақты ынтымақтастықты жандандыру, соның ішінде бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру және биылғы екінші жартыжылдықта Қазақстан Президентінің Белградқа сапарын ұйымдастыру мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселе жөнінде пікір алмасты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
23.05.2024, 17:07 8541
Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы төрағалығы Грузиядан Қазақстанға өтті
Елімізде 13 халықаралық көлік дәлізі болса, оның 5-і теміржол дәлізі
Достарға айту
Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы төрағалығы Грузиядан Қазақстанға өтті, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
✅Әзірбайжан астанасы Баку қаласында Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы (ОАӨЭЫ) бағдарламасы аясында теміржол көлігі бойынша жұмыс тобының 8-ші отырысы өтті. Оған ОАӨЭЫ мүше елдері Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия, Қытай Халық Республикасы, Моңғолия, Ауғанстан, Пәкістан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан қатысты.
Аймақтық ынтымақтастық бағдарламасы аймақтағы сауданы кеңейтуге, өңірлік көлік жобаларын жүзеге асыруға және экономикалық дәліздерді дамытуға бағытталған.
Кездесуде тараптар дәліздерді дамытудың одан әрі перспективалары, инфрақұрылымды кеңейту, теміржолдардың теңіз порттарымен және терминалдармен өзара әрекеттесуі, мемлекетаралық тораптардағы жүктерді өткізу тәртібі, цифрландыру және т.б. мәселелерді талқылады. Биыл
ОАӨЭЫ төрағалығы Грузиядан Қазақстанға өтті.
Естеріңізге сала кетсек, елімізде 13 халықаралық көлік дәлізі болса, оның 5-і теміржол дәлізі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.05.2024, 16:22 10981
Мемлекет басшысы Сингапур Республикасына мемлекеттік сапармен барады
Достарға айту
Мемлекет басшысы 23-24 мамыр күндері Президент Тарман Шанмугаратнамның шақыруымен Сингапур Республикасына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурдың жоғары басшылығымен, халықаралық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді және Қазақстан-Сингапур бизнес форумының жұмысына қатысады деп жоспарланып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.05.2024, 14:54 13116
Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерімен кездесу өткізді
Сурет: akorda
Достарға айту
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Жиынды ашқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы Қазақстанның, сондай-ақ өз атынан барша Иран халқы мен оның басшылығына осы елдің Президенті мен Сыртқы істер министрінің қайғылы қазаға ұшырауына байланысты көңіл айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев шет мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді шешу жөніндегі ШЫҰ-ның маңызды форматтарының бірі екеніне тоқталды.
Еліндегі ауыр жағдайға қарамастан Иранның, сондай-ақ алдағы уақытта қатарымызға қосылатын Беларусьтің өкілдері Астанадағы Сыртқы істер министрлерінің кеңесіне алғаш рет қатысып отырғанын ерекше атап өткім келеді. Сіздердің елдеріңіз "шанхай рухын" одан әрі күшейтуге және ШЫҰ аясындағы көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға айтарлықтай үлес қосатынына сенімдімін. Қазірдің өзінде біздің ұйымға Еуразия құрлығындағы он мемлекет мүше. Бұл елдерде жер шары халқының жартысына жуығы тұрады, сондай-ақ әлемдік жалпы ішкі өнімнің төрттен бірі және жаһандық сауда-саттықтың 15 пайызы осы мемлекеттерге тиесілі. Қазақстан ШЫҰ-ның төрағасы ретінде Ұйымның әлеуетін одан әрі арттыру үшін бар күш-жігерін жұмсайды", - деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бастамаларын қолдағаны және бірлескен табысты жұмысы үшін ұйымға мүше мемлекеттерге алғыс айтты.
Президенттің айтуынша, ШЫҰ-ның цифрлық, туристік және энергетикалық салалар бойынша ұйымдастырылған форумдарын қоса алғанда,100-ден астам іс-шара өткен.
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы елдерінің "Киелі орындары" жобасы аясында жүргізілген жұмыстар аяқталып келеді. Біздің бастамамызбен 2024 жыл ШЫҰ-да Экология жылы болып жарияланды. Қазақстан Үкіметі энергетика, көлік және мәдениет салаларында қосымша бірқатар айтулы шараға дайындық жұмыстарын жалғастыруда. Әрине, ШЫҰ-ның алдағы Астана саммитіне баса назар аударамыз. Елдеріміз үшін маңызды осы Форумға толыққанды дайындық жүргізу мақсатында Сыртқы істер министрлері кеңесіне зор жауапкершілік жүктеледі. Маңызды құжаттар тізімін және шешімдер әзірлеу жөніндегі жұмыстарыңызды жоғары бағалаймын. Осындай 20-дан астам құжат мемлекеттер басшылары кеңесінің қарауына ұсынылды. Олардың тиімді іске асырылуы ШЫҰ аясындағы жан-жақты серіктестіктің нығаюына елеулі үлес қосарына сенімдімін", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент ШЫҰ-ның Астана саммиті қарсаңында белсенді жұмыс атқарғаны үшін сыртқы саясат ведомстволарының басшыларына алғыс айтты.
Кездесуге Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров, Қытай Сыртқы істер министрі Ван И, Пәкістан Премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхаммед Исхак Дар, Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу, Қырғызстан Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев, Тәжікстан Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин, Өзбекстан Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов, Беларусь Сыртқы істер министрі Сергей Алейник, Үндістанның Сыртқы істер вице-министрі Рави Дамму, Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Мехди Сафари, ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин, ШЫҰ Өңірлік терроризмге қарсы құрылымы Атқарушы комитетінің директоры Руслан Мирзаев қатысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.05.2024, 16:24 21816
Президент ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасарын қабылдады
Достарға айту
Президент ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Лю Гочжунды қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Лю Гочжунды қабылдады.
Әңгімелесу барысында қазақ-қытай стратегиялық серіктестігінің қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары, сондай-ақ бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин қол жеткізген уағдаластықтарды екі ел үкіметтерінің іске асыру барысы талқыланды.
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан Қытайдың сенімді серіктесі және солай болып қала береді. Сонымен қатар ҚХР-мен екіжақты қарым-қатынасты мүлде жаңа деңгейге көтеру еліміз үшін маңызды басымдық саналады.
"Қазақcтан мен Қытайдың жан-жақты стратегиялық серіктестігі мен мәңгілік достығы ұдайы дамып келеді. Біз болашаққа сеніммен қараймыз. Мұны ерекше атап өту керек. Екіжақты сауда-саттықтың көлемі бойынша көш бастап тұрған Қытай - Қазақстанның жетекші сауда-экономикалық серіктесі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 40 миллиард долларға жетті. Бұл - рекордтық көрсеткіш. Біз мұны 100 миллиард долларға дейін жеткізуді көздеп отырмыз. Бұл мақсатқа қол жеткізуге болады", - деді Мемлекет басшысы.
Өз кезегінде Лю Гочжун Қытай мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
"Қытай халқының сыралғы әрі ізгі ниетті досы ретінде Сіз осы жылдар ішінде Қытай мен Қазақстан қатынастарының дамуына сүбелі үлес қостыңыз. Мұны қытай тарапы жоғары бағалайды. Сіздің басшылығыңызбен еліңіз қуатты, гүлденген Жаңа Қазақстанды құру жолында ілгерілей беретініне сенімдімін. Қытай мен Қазақстан - тату көршілер, сенімді серіктестер әрі бір-бірін толықтыратын достас елдер", - деді Лю Гочжун.
Кездесу барысында сауда, инвестиция, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, энергетика және туризм салаларындағы ықпалдастықты нығайту перспективалары қарастырылды. Сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мәселелері талқыланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.05.2024, 17:34 23501
Қазақстанға Германиядан тартылған тікелей инвестиция көлемі рекордтық көрсеткішке жетті
Германиядан тартылған тікелей инвестиция көлемі 64 пайызға өсіп, 770 миллион долларға жетті
Достарға айту
Мемлекет басшысы Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарма төрағасы Катрина Клаас-Мюльхойзерді қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарма төрағасы және CLAAS Group компаниясы байқаушылар кеңесінің төрағасы Катрина Клаас-Мюльхойзер екіжақты экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективасын талқылады.
Мемлекет басшысының айтуынша, Германия Қазақстанның Еуропа Одағындағы стратегиялық серіктесі саналады. Сауда-экономикалық қатынастар қарқынды дамып келеді. Сондай-ақ неміс бизнесі Қазақстандағы үлесін кеңейтуге қызығушылық танытып отыр.
Президент былтыр Қазақстанға Германиядан тартылған тікелей инвестиция көлемі 64 пайызға өсіп, 770 миллион долларға жеткенін атап өтті. Бұл - рекордтық көрсеткіш.
Кездесуде ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық мәселесіне де ерекше назар аударылды. Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін Орнықты егіншіліктің аймақтық орталығын құру жөнінде ұсыныс айтқанын еске салды. Президенттің пікірінше, бұл орталық еліміздің ауыл шаруашылығы әлеуетін барынша толық пайдалануға, инновациялық технологияларды енгізуге және оларды коммерцияландыруға ықпал етеді.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Қазақстанның аграрлық әлеуетін дамытуға CLAAS зауытының қосқан үлесін жоғары бағалады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.04.2024, 17:49 48911
Қазақ-қытай қатынастары ең жоғары деңгейде - Тоқаев
Сурет: akorda
Достарға айту
Мемлекет басшысы ҚХР Қорғаныс министрі Дун Цзюньді қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қытай Халық Республикасының Қорғаныс министрі Дун Цзюньге ілтипат білдіре отырып, оның тату көршілік, достық қатынастарды және өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесін ерекше атап өтті. Президент қазақ-қытай байланыстары жоғары деңгейде екеніне, яғни арада мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық серіктестік орнағанына назар аударды.
Мемлекет басшысының пікірінше, көпжақты құрылымдар аясында Қазақстан мен Қытайдың өңірлік және халықаралық қауіпсіздіктің негізгі мәселелеріне қатысты көзқарастары ұқсас.
Біз Біріккен Ұлттар Ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес шеңберінде конструктивті диалог құрып, бір-бірімізге қолдау білдіріп келеміз. Сондай-ақ Қытайдың дүниежүзілік дамуға, жаһандық қауіпсіздік пен өркениетке қатысты ұсынған бастамаларын жоғары бағалаймыз әрі қолдаймыз. Бұл бастамалар әлемдегі қауіпсіздіктің қазіргі жүйесін нығайтуға оң үлес қосады деп санаймын", - деді Президент.
Өз кезегінде ҚХР Қорғаныс министрі Дун Цзюнь қонақжайлық көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, ШЫҰ-ға мүше елдердің қорғаныс министрлерінің кеңесі жоғары деңгейде өткенін атап өтті.
Әңгімелесу барысында тараптар бітімгерлік, білім және әскери-техника салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін жеткізді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.04.2024, 14:38 49456
Қазақстан мен АҚШ азаматтарға виза беру рәсімін жеделдетуге ниетті
Достарға айту
Вашингтонда екі елдің құзыретті органдары өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен АҚШ Мемлекеттік департаменті арасында консулдық консультациялар өтті, деп хабарлайды Америка Құрама Штаттарындағы Қазақстан Республикасының Елшілігіның баспасөз қызметінен.
Қазақстандық делегацияны ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Бауыржан Ақатаев, америкалық делегацияны АҚШ Мемлекеттік департаментінің Оңтүстік және Орталық Азия істері бюросы Орталық Азия бойынша басқармасының директоры Брайан Стиммлер басқарды.
Келіссөздер барысында тараптар көптеген мәселелерді, соның ішінде азаматтардың өзара сапарларын жеңілдету, екі ел азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, ҚР-дан асырап алынған балаларға бақылауды күшейту бойынша іс-қимылды талқылады. Көші-қон саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, ҚР азаматтарының АҚШ-қа заңсыз көші-қонының жолын кесу бойынша бірлескен шаралар белгіленді.
Консультацияларға қатысушылар туристік, іскерлік және мәдени байланыстарды одан әрі нығайтуға ықпал ететін екі елдің азаматтары үшін виза беру рәсімдерін оңайлату мен жеделдетудің маңыздылығын атап өтті.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар тұрақты негізде консулдық мәселелер бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және арттыруға дайындығын растады.
Сонымен қатар, сапар аясында қазақстандық делегация америкалық "Winrock International" ҮЕҰ өкілдерімен кездесу өткізіп, оның барысында заңсыз көші-қон мен адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзара іс-қимыл перспективаларын талқыланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.04.2024, 17:18 50881
Ұлыбритания СІМ басшысы Қазақстанға ресми сапармен келді
Достарға айту
Ұлыбритания СІМ басшысы Қазақстанға ресми сапармен келді, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Сыртқы істер, Достастық және халықаралық даму министрі Дэвид Кэмерон Астанаға ресми сапармен келді", деп көрсетілген хабарламада.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
27.05.2024, 14:12Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы төмендеуде 27.05.2024, 13:16 2466Ақмола облысында темір жолда тұз қышқылы төгілді27.05.2024, 14:03 2186Алматы облысындағы Шарын каньонының маңында туристер мінген автобус аударылды27.05.2024, 12:27 2156Ұлытау облысы прокуратурасы сомасы 3,7 млрд теңгені құрайтын заңсыз мемлекеттік сатып алулардың күшін жойды27.05.2024, 12:23 1536Еліміздің мектептеріне қазақ тілі бойынша емтихан басталды
23.05.2024, 12:53 110601Елімізде адам папилломасы вирусына қарсы вакцина сатып алуға 9,7 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді23.05.2024, 12:26 108916АШМ 2,5 млн га алқапта табын шегіртке зиянкестері таралады деп болжап отыр23.05.2024, 16:48 105096Білім беру мекемелеріндегі бейнебақылау камералары, дабыл батырмалары мен турникеттер орнату жөніндегі жұмыстардың орындалуы үкіметтің назарында24.05.2024, 19:49 71426БҚДА "ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ" АҚ-ға алдын ала ескерту жолдады24.05.2024, 19:55 71026Біз соғысты тоқтатуға емес, алдын алуға тырысуымыз керек - Тоқаев
02.05.2024, 16:37 124381Бакуде Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры кеңесінің бірінші отырысы өтті02.05.2024, 16:34 120676Елімізде қаржы пирамидалары мен заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі алдын алу шаралары талқыланды02.05.2024, 12:14 120446Сенат жаңа туған нәрестеге бірден ЖСН беретін заң нормасын мақұлдады02.05.2024, 15:49 117876Туризм және спорт министрі Алматының туристік әлеуетімен танысты02.05.2024, 16:15 117666"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның тұтынушыларына негізсіз есептелген 1,2 млрд. теңге сомасы қайтарылады