23.06.2026, 19:42 1096
Қазақстан шетелдік әріптестермен құқықтық ынтымақтастықты дамытуда
Достарға айту
Қазақстан заңнаманы дамытуға, құқықтық тетіктерді нығайтуға және салалық мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіруге ерекше көңіл бөле отырып, халықаралық құқықтық диалогты кеңейтуде. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин Грек Республикасы Әділет министрлігінің Тұрақты хатшысы Василики Гиавимен кездесу өткізді. Кездесу барысында Қазақстан Елшісі грек тарапын Қазақстан Республикасында елдің қоғамдық-саяси жүйесін одан әрі дамытуға бағытталған ауқымды саяси және конституциялық реформалардың жүзеге асырылу барысымен таныстырды. Жаңа Конституцияның ережелерін іске асыруға, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, қоғамдық-саяси институттарды дамытуға, сондай-ақ алдағы Құрылтай сайлауына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Грек тарапы Қазақстанда жаңа Конституцияны іске асыру аясында заң үстемдігі қағидаттарын одан әрі нығайту, сот жүйесін жетілдіру, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін кеңейту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етілді.
Сонымен қатар, Қазақстанның Ирактағы Елшісі Талғат Шалданбай Ирактың Әділет министрі Халид Шуванимен кездесу өткізді. Тараптар құқықтық ынтымақтастықты дамыту, шарттық-құқықтық базаны кеңейту, сондай-ақ сотталған адамдарды беру және консулдық-құқықтық өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Қазақстан мен Ирак салалық мемлекеттік органдар арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
23.06.2026, 17:32 3961
Астанада Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою үшін БҰҰ өңірлік кеңсесі ашылды
Достарға айту
Вена халықаралық орталығында БҰҰ Ғарыш кеңістігі басқармасы (БҰҰ ҒКБ) мен "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ арасында Астана қаласында Төтенше жағдайларды басқару және әрекет ету мақсатында ғарыштық ақпаратты пайдалану жөніндегі БҰҰ платформасының (UN-SPIDER) Өңірлік қолдау кеңсесін құру туралы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Құжатқа БҰҰ ҒКБ директоры Арти Холла-Майни және "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Шоқпаров қол қойды.
Меморандумға қол қою Қазақстан мен БҰҰ арасындағы апаттар тәуекелдерін басқару, төтенше жағдайларды мониторингтеу және Орталық Азия мемлекеттерінің табиғи әрі техногендік қауіп-қатерлерге төзімділігін арттыру үшін ғарыштық технологияларды қолдану саласындағы ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам болды.
Құжатқа сәйкес, UN-SPIDER Өңірлік қолдау кеңсесі "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ базасында жұмыс істейтін болады және Жерді қашықтықтан зондтау деректеріне қолжетімділікті кеңейтуге, мамандардың әлеуетін арттыруға, тәжірибе алмасуға, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және оларға ден қою үшін ғарыштық шешімдерді енгізуге жәрдемдеседі.
Қазақстанда UN-SPIDER Өңірлік қолдау кеңсесін құру 2026 жылғы 16 маусымдағы ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған ұлттық ғарыш саласын дамыту жөніндегі тапсырмаларға сәйкес келеді. UN-SPIDER бағдарламасы БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарына сәйкес құрылған және барлық мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың апаттар қаупін төмендету және төтенше жағдайларға ден қою қызметін қолдау үшін ғарыштық ақпарат пен технологияларға қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.06.2026, 17:06 4676
Қазақстан мен Бельгия Транскаспий халықаралық көлік бағытының транзиттік әлеуетін нығайту мәселесін талқылады
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Брюссельге ресми сапары аясында ҚР Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Бельгияның Сыртқы істер министрі Максим Превомен келіссөздер өткізді. Тараптар Қазақстан-Бельгия қатынастарының қазіргі деңгейін жоғары бағалап, саяси диалогты жан-жақты дамыту, сауда-экономикалық және гуманитарлық қатынастарды жан-жақты нығайту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Тараптар көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту және Транскаспий халықаралық көлік бағытының транзиттік әлеуетін нығайту мәселелеріне бөлек назар аударды. Министр Е.Көшербаев Қазақстанның бірлескен жобаларды іске асыру және іскерлік байланыстарды одан әрі кеңейту үшін қолайлы жағдайлар жасауға дайын екендігін атап өтті.
Келіссөздер барысында білім беру және ғылым салаларындағы ынтымақтастықтың, екі елдің жетекші университтері мен зерттеу орталықтары арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары әлеуеті де атап өтілді. Бельгия тарапынан KU Leuven, Ghent University және IMEC (Interuniversity Microelectronics Centre) университетаралық орталығы әріптестікті дамытуға қызығушылық танытуда.
Сонымен қатар, тараптар көпжақты алаңдардағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылап, өңірлік және жаһандық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.
Бельгия Қазақстанның мемлекетаралық деңгейде де, Еуропалық одақпен өзара іс-қимыл аясында да маңызды серіктесі болып табылады. Брюссель еліміздің экономикасына инвестиция салатын он ірі инвестордың қатарына кіреді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі жарты миллиард АҚШ долларынан асты. Бұл ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін елеулі әлеуеттің бар екенін көрсетеді", - деп атап өтті Е.Көшербаев.
Келіссөздердің қорытындысы бойынша Қазақстан мен Бельгия арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және басым салалардағы бірлескен бастамаларды іске асыруға деген өзара мүдделілік расталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.06.2026, 16:45 5061
Бельгия Королі Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Достарға айту
Бельгия Королі Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Бұл екі ел арасындағы қарым-қатынас тарихындағы алғашқы мемлекеттік сапар болып табылады, деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Премьер-министрі Барт де Вевермен кездесу барысында.
Мемлекет басшысы сондай-ақ, Бельгияны Қазақстанның Еуропалық одақтағы негізгі серіктестерінің бірі деп атады. Оның айтуынша, экономикалық ынтымақтастықтың қарқыны өзара байланысты одан әрі дамытуға зор мүмкіндік бар екенін көрсетіп отыр.
Бельгия соңғы жиырма жыл ішінде Қазақстан экономикасына тартылған тікелей инвестициялардың жалпы көлемі 15 миллиард АҚШ долларына жетіп, елімізге инвестиция құятын жетекші он мемлекеттің қатарына кіреді.
Өзара сауда көлемі де тұрақты өсіп, өткен жылы 580 миллион АҚШ долларынан асып жығылған.
Қазақстанда бельгиялық капиталдың қатысуымен 110-нан астам компания табысты жұмыс істеп келеді. Бұл өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға деген ортақ ұмтылысымыздың айқын көрінісі", - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Өз кезегінде Премьер-министр Барт де Вевер Бельгияның екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі тереңдетуге және стратегиялық әріптестікті кеңейтуге мүдделі екенін мәлімдеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.06.2026, 16:22 5451
Қазақстан мен Моңғолия іскерлік байланыстарды кеңейтуге мүдделі
Сурет: СІМ
Достарға айту
Қазақстан мен Моңғолия сауда-инвестициялық байланыстарды нығайтуда, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
QazExportPromotion" АҚ мен моңғолиялық "MAКС Group" компаниясы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Құжат Моңғолияда Серіктестік кеңсесін құруды көздейді. Бұл кеңсе қазақстандық экспортты ілгерілетуге, инвестициялық өзара іс-қимылды дамытуға және екі ел кәсіпкерлері арасындағы іскерлік байланыстарды кеңейтуге арналған тұрақты алаңға айналады.
Кеңсе қазақстандық тауарларды ілгерілетуге, сенімді серіктестерді іздеуге, бизнес-бастамаларды сүйемелдеуге, салалық көрмелер мен таныстырылымдарды ұйымдастыруға, сондай-ақ экономиканың басым секторларында бірлескен жобаларды іске асыруға жәрдемдеседі.
Ынтымақтастық аясында Қазақстан мен Моңғолия нарықтарына шығуға мүдделі компанияларға практикалық қолдау көрсетуге, өзекті іскерлік ақпарат алмасуға, сауданың перспективалы бағыттарын айқындауға және бизнес-қоғамдастықтар арасындағы тікелей байланыстарды нығайтуға ерекше назар аударылады.
Меморандумға қол қою қазақстан-моңғол экономикалық әріптестігін дамытудағы маңызды қадам болды және тараптардың сауда-инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі арттыруға дайын екенін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.06.2026, 12:47 8056
Эстония екі мемлекет арасындағы әріптестікті тереңдетуге ықпал ететін жобаларды қолдауға қызығушылық танытуда
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Елшісі Алтай Көлгінов "Эстония-Қазақстан" парламентаралық достық тобының мүшелері, Эстония Парламентінің депутаттарымен кездесті. А.Көлгінов депутаттарды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүзеге асырып жатқан саяси жаңғыртудың негізгі бағыттары туралы хабардар етті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Атап айтқанда, мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіруді, институционалдық реформаларды және Парламенттің бір палаталы құрылымына көшуді көздейтін Қазақстанның жаңартылған Конституциясының алдағы уақытта күшіне енетіндігіне назар аударылды. Эстония тарапы еліміздің саяси архитектурасын жаңартудың орталық элементтерінің бірі ретінде Қазақстандағы бір палаталы парламент жүйесіне көшуге ерекше назар аударды.
Тараптап парламентаралық өзара іс-қимылды саяси, экономикалық және мәдени салаларда сенімді нығайтудың, тәжірибе алмасудың және бірлескен бастамаларды ілгерілетудің маңызды құралы ретінде дамытуға ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының БҰҰ Азия және Тынық мұхитына арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (БҰҰ АзТМЭӘК) жанындағы Тұрақты өкілі Марғұлан Баймұхан Таиланд Корольдігі Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ұйымдар департаментінің Бас директоры Пинсуда Джаянамамен кездесті.
Тараптар көпжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды талқылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.06.2026, 20:38 22986
Қазақстанға ЕО-ға мүше мемлекеттерден тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жиынтық көлемі 200 млрд АҚШ долларынан асқан
Достарға айту
Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы байланыстылықты нығайту: Транскаспий халықаралық көлік бағытының перспективалары мен стратегиялық әлеуеті" атты бизнес-конференция ұйымдастырылып, Еуропалық комиссияның, Еуропалық парламенттің, халықаралық қаржы институттарының, көлік-логистика компанияларының, сондай-ақ Қазақстан мен Еуропалық Одақтың іскер топтарының өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Транскаспий халықаралық көлік бағытының (ТХКБ) Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы қатынастар үшін стратегиялық маңызына арналған бірінші сессиясында А. Исетов Қазақстан мен Еуропалық Одақты ондаған жылдарға созылған сенімді диалог пен өзара тиімді ынтымақтастық байланыстыратынын атап өтті.
Қазақстандық дипломат бүгінде ТХКБ дәстүрлі транзиттік дәліз шеңберінен шығып, Орталық Азия мен Еуропаның мүдделеріне қызмет ететін ауқымды геоэкономикалық жобаға айналуда екеніне тоқталды. Жаһандық жеткізу тізбектерінің трансформациясы және сенімді әрі әртараптандырылған бағыттарға сұраныстың артуы жағдайында Қазақстан Шығыс пен Батыс арасындағы ашық, орнықты және өзара тиімді байланыстылықты дамыту бағытын дәйекті түрде қолдап келеді.
ТХКБ-ны Еуропалық Одақтың "Global Gateway" бастамасымен ұштастыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Көлік инфрақұрылымын жаңғырту, цифрлық шешімдерді енгізу және логистикалық үдерістерді жетілдіру екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге қосымша мүмкіндіктер ашатыны аталып өтті.
Аталмыш іс-шара қорытындысы бойынша көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуға және аталған бағыттағы Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған бірқатар келісімдерге қол қою рәсімі өтті.
Еуропалық Одақ Қазақстанның ең ірі сауда және инвестициялық серіктесі. Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің 10 жылдығы қарсаңында екіжақты қатынастар тұрақты оң серпін көрсетуде. 2025 жылы өзара сауда көлемі 45,1 млрд АҚШ долларына жетсе, ЕО-ға мүше мемлекеттерден тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жиынтық көлемі 200 млрд АҚШ долларынан асты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.06.2026, 20:36 23421
Мемлекет басшысы Брюссельге ресми сапармен барды
Сурет: СІМ
Достарға айту
Мемлекет басшысы Брюссельге ресми сапармен барды. Қазақстан Президентінің келуіне орай Бельгия астанасының әуежайында Құрмет қарауылы ротасы сап түзеді., деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаевты Еуропа Одағының Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Эдуардс Стипрайс пен басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.
Ертең Еуропалық кеңестің штаб-пәтерінде Еуропа Одағының басшылары Антониу Коштамен және Урсула фон дер Ляйенмен екіжақты келіссөздер жүргізіледі. Сондай-ақ, сапар аясында бірқатар маңызды бірлескен құжатқа қол қойылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.06.2026, 19:36 23156
Қазақстан Азия мен Африкадағы серіктестермен ынтымақтастықты жандандыруда
Сурет: СІМ
Достарға айту
Өткен аптада Қазақстан дипломаттары Вьетнам, Оңтүстік Корея және Мароккодан келген серіктестермен бірқатар кездесулер өткізіп, стратегиялық әріптестікті дамытуды, инвестициялар тартуды және бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Вьетнам Социалистік Республикасының Қазақстан Республикасындағы жаңадан тағайындалған Елшісі Нгуен Тхань Леден сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.
Кездесу барысында тараптар алдағы жоғары деңгейдегі іс-шаралар мен өзара сапарлар кестесіне ерекше назар аудара отырып, Қазақстан мен Вьетнам арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылады.
Ә.Қуантыров Қазақстанның Вьетнаммен жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға айрықша мән беретінін және сауда-экономикалық, инвестициялық байланыстарды кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті.
Тараптар көпжақты форматтағы өзара іс-қимылды, ең алдымен БҰҰ, АӨСШК және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберінде жалғастыруға дайын екендіктерін растады.
Кездесу соңында министрдің орынбасары вьетнамдық дипломатқа Қазақстандағы жұмысына табыс пен сәттілік тіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
23.06.2026, 09:45Мемлекет басшысы Бельгияда білім алып, жұмыс істеп жатқан жерлестерімізбен кездесті 23.06.2026, 10:30 41691Әлеуметтік желілерде алауыздықты қоздырғаны үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына қарастырыған - ҚР Бас прокуратурасы23.06.2026, 11:47 37531Қазақстан "Бір белдеу, бір жол" бастамасын дамытудың жаңа бағыттарын ұсынды23.06.2026, 12:04 37046ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі тағайындалды23.06.2026, 12:15 36221Жәннат Дүбірова Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі қызметінен босатылды
18.06.2026, 10:34 157786Саин көшесінде автобус жолағы пайда болады17.06.2026, 17:32 152121Emirates әуе компаниясы Алматы мен Дубай арасында жүк рейстерін іске қосты19.06.2026, 19:07 148756Қазақстан Еуропалық одақтың тиісті тізбесіне енгізілген аса маңызды шикізат материалдарының 34 түрінің 21-ін өндіреді және өңдейді19.06.2026, 18:40 148601Қызылорда қаласында бес елді мекеннің әкімдерін сайлау өтеді19.06.2026, 16:49 147381Халықаралық ықпал және цифрлық жаңғыру: Қазақстан саясатының жаңа басымдықтары
06.06.2026, 12:47 177186Қазақстан мен Сауд Арабиясы туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде05.06.2026, 21:54 171941СҚО-да машина жасау саласының өсу қарқыны бір жарым есе артты25.05.2026, 14:54 166091Vietjet Алматыдан Хной мен Прагаға 185 000 теңгеден басталатын бағамен рейстерді іске қосады01.06.2026, 21:07 162171Өскеменде Халықаралық балаларды қорғау күніне орай "Дәстүр HUB" шығармашылық кеңістігі ашылды18.06.2026, 10:34 157786Саин көшесінде автобус жолағы пайда болады

