23.12.2025, 14:37 2676

Қазақстан СІМ-де Тәжікстан Елшісімен кездесу өтті

Қазақстан СІМ-де Тәжікстан Елшісімен кездесу өтті
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев Тәжікстан Республикасының Елшісі Хайрулло Ибодзоданы қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық, транзиттік-көлік, су-энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-тәжік өзара іс-қимылының қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары талқыланды. Тараптар 2025 жыл үкіметтік, парламентаралық және ведомствоаралық деңгейлерде практикалық ынтымақтастықты кеңейтудің маңызды кезеңі болғанын атап өтті.

Өңірлік және халықаралық құрылымдар аясындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайту мәселесіне ерекше назар аударылып, оның ішінде тараптардың бастамаларына өзара қолдау көрсетуді жалғастыруға дайындық білдірілді.

Сұхбат соңында тараптар Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы достық қатынастардың жоғары деңгейін, сондай-ақ қазақ-тәжік стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі нығайтуға берік бейілділігін растады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны