30.12.2025, 17:58 2956

Қазақстан Сыртқы істер министрі Беларусь Елшісін қабылдады

Қазақстан Сыртқы істер министрі Беларусь Елшісін қабылдады
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Беларусь Республикасының Елшісі Алексей Богдановты қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-беларусь ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективаларын жан-жақты талқылады. Биік және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша мазмұнды пікір алмасу өтті.

Сұхбат соңында алдағы іс-шаралар мен бірлескен жобалар аясында сындарлы өзара іс-қимылды жалғастыруға дайындық білдірілді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны