23.04.2026, 19:32 196

Қазақстан Сыртқы істер министрі ЭЫҰ Бас хатшысын қабылдады

Қазақстан Сыртқы істер министрі ЭЫҰ Бас хатшысын қабылдады
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Асад Маджид Ханды қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында тараптар ҚР-дың ЭЫҰ-мен өзара іс-қимылының ағымдағы жай-күйі мен перспективаларын талқылап, сауда-экономикалық және көлік-логистикалық ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ өңірлік ахуалға ерекше назар аударды.

ҚР Сыртқы істер министрі Қазақстанның ЭЫҰ-мен серіктестікті одан әрі тереңдетуге бейілділігін растады және Ұйымға мүше мемлекеттердің тұрақты дамуына бағытталған бірлескен бастамаларды тиімді іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

ЭЫҰ Бас хатшысы Қазақстанның Ұйым қызметіне қосқан үлесін жоғары бағалап, көлік дәліздерін дамыту, өнеркәсіптік кооперация және "жасыл" экономика сияқты басым бағыттар бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілік білдірді.

Кездесу күн тәртібінде сондай-ақ ЭЫҰ Хатшылығының қызметіне қатысты мәселелер қарастырылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны