06.01.2026, 19:18 11811
Қазақстан Сыртқы істер министрі Хорватия Елшісін қабылдады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Хорватия Республикасының Елшісі Рефик Шабановичті қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тараптар екіжақты күн тәртібіндегі мәселелерді, оның ішінде саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету, сондай-ақ мәдениет және білім саласындағы өзара әрекеттестікті дамытуды талқылады.
Экономикалық және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға, көлік-логистикалық ынтымақтастықты кеңейтуге айрықша назар аударылды. Бұл өзара сауда көлемін және іскерлік байланыстарды арттырудың маңызды факторы ретінде қарастырылады.
Өзара қызығушылық тудыратын түрлі салалардағы іс-қимылды жалғастыруға дайындық расталып, биік және жоғары деңгейлердегі сапарларды дайындау мәселелерін қоса алғанда, 2026 жылға арналған екіжақты іс-шаралар бойынша пікір алмасу өтті. Атап айтқанда, екіжақты қатынастардың дамуына қосымша серпін беретін Хорватия Премьер-министрінің Астанаға сапарын ұйымдастырудың маңыздылығы аталып өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша дипломаттар Астана мен Загреб арасындағы мазмұнды диалогты жалғастыруға және жан-жақты өзара ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ниеттерін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
06.01.2026, 14:17 14041
Алжирдің Коммуникация министрі Қазақстан Президентінің сұхбатына қызығушылық танытты
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Алжирдегі Елшісі Әнуарбек Ахметов Алжир Халық Демократиялық Республикасының Коммуникациялар жөніндегі министрі Зохейр Буамамамен кездесті. Министрдің құзіретіне мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі және елдің идеологиялық мәселелері кіреді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында алжирлік министр назарына Мемлекет басшысының "Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты" атты сұхбаты ұсынылып, өз кезегінде ол Қазақстан басшысы жүзеге асырып отырған ішкі саяси реформалар мен бастамаларға, олардың ел егемендігін, патриотизмді және азаматтардың әл-ауқатын нығайтуға бағытталғанына жоғары баға берді.
Министр З. Буамама аталған сұхбаттың негізгі тұжырымдары, сондай-ақ Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар мен қол жеткізілген нәтижелер жетекші алжирлік бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланатынына сенім білдірді.
Сонымен қатар, практикалық қызметте зерделеу және пайдалану үшін Қазақстан Республикасының ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттарының аудармасы табысталды. Құжат алжирлік министрдің үлкен қызығушылығын тудырып, ол Қазақстан басшылығының жүйелі әрі байыпты ұстанымдарын жоғары бағалады.
Тараптар сондай-ақ сыртқы саяси ведомстволар арасында және Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Алжирдің Коммуникациялар министрлігі арасындағы ынтымақтастық аясында елдердің халықаралық аренадағы оң имиджін ілгерілету мәселелері бойынша перспективалы бағыттар мен тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін жан-жақты талқылады.
Алжир тарапы қазіргі геосаяси тұрақсыздық жағдайында Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатты қалыптастырудағы тәжірибесі ерекше қызығушылық тудыратынын атап өтті.
Экономикалық құрылымдардың ұқсастығын, күрделі геосаяси ахуалды және жаһандық сын-қатерлердің артуын ескере отырып, З. Буамама Алжир Қазақстанның ең табысты тәжірибелерін, әсіресе сыртқы ақпараттық жұмыс пен ішкі саясаттағы стратегиялық басымдықтарды айқындау саласында зерделеуге және бейімдеуге мүдделі екенін жеткізді.
Жалпы алғанда, тараптар ресми және сараптамалық делегациялар алмасуын, сондай-ақ өзара тиімді ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық базасын пысықтауды қамтитын бірлескен іс-қимыл жоспарын айқындады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.01.2026, 13:10 15006
Қазақстан мен Израиль Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысына дайындық мәселелерін талқылады
Достарға айту
Қазақстанның Израильдегі Елшісі Даулет Ембердиев Қазақстан-Израиль сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы, Израиль Қаржы министрі Зеэв Элькинмен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында екі ел арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті күн тәртібі талқыланып, оның ішінде биік және жоғары деңнейде жоспарланып отырған сапарлар туралы пікір алмасылды.
Ерекше назар биыл Израильде өтетін Үкіметаралық комиссияның отырысына дайындық мәселелеріне, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы нормативтік-құқықтық базаны кеңейту мәселелеріне аударылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.01.2026, 12:10 16221
Риядта өнеркәсіптік ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Корольдіктің Өнеркәсіп және минералды ресурстар министрі Бандар Әл-Хорайефпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Келіссөздер барысында өнеркәсіп және тау-кен металлургия кешені салаларындағы ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасу, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықты кеңейтудің елеулі әлеуетін атап өтіп, экономиканың басым секторларындағы әріптестікті тереңдетуге өзара мүдделілік танытты.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар диалогты жандандыруға келісті және ынтымақтастықтың нақты бағыттарын айқындады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.01.2026, 11:02 16881
Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне жаңа мүше-мемлекеттердің туларын орнату рәсімін өткізді
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігі 2026-2027 жылдарға сайланған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жаңа тұрақты емес мүшелерінің туларын салтанатты түрде орнату рәсімін өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қауіпсіздік Кеңесінің мәжіліс залы алдында Бахрейн, Колумбия, Конго Демократиялық Республикасы, Латвия және Либерияның Тұрақты өкілдері өз елдерінің мемлекеттік туларын орнатып, аталған елдердің Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына ресми түрде кіргенін білдірді.
Қауіпсіздік Кеңесінің жаңа жылдағы жұмысының бірінші күнінде салтанатты рәсімді өткізу дәстүрі 2018 жылдың қаңтар айында, Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалығы кезеңінде бастау алған болатын. Содан бері бұл тәжірибе Кеңестің барлық мүшелері тарапынан дәйекті түрде қолдау тауып, соңғы жылдары Қазақстанның Тұрақты өкілдігі үйлестіруімен жүзеге асырылып келеді.
Атап өтерлігі, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №S/2025/848 жазбасы арқылы рәсімделген Кеңес шешіміне сәйкес, аталған салтанатты шара Қауіпсіздік Кеңесінің ресми жыл сайынғы іс-шарасы ретінде бірауыздан қабылданып, оның жұмыс әдістеріне енгізілді. Осылайша, Қазақстан бастамасы институционалдық тұрғыдан бекітіліп, Қауіпсіздік Кеңесінің рәсімдік әрі символикалық мәдениетінің тұрақты элементіне айналды.
Іс-шараны аша отырып, Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров қазіргі геосаяси шиеленіс жағдайында Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты және тұрақты емес мүшелерінің белсенді қатысуымен қабылданатын шешімдері жаһандық бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ орнықты дамуға жәрдемдесу тұрғысынан айрықша маңызға ие екенін атап өтті.
БҰҰ Бас хатшысының атынан сөз сөйлеген Таяу Шығыс және Азия-Тынық мұхит аймағының мәселелері бойынша Бас хатшының көмекшісі Халед Хиари Қауіпсіздік Кеңесінің жаһандық қауіпсіздік архитектурасындағы негізгі рөлін атап өтіп, Кеңес жұмысы шеңберінде сенімді нығайтуға, диалогты ілгерілетуге және институционалдық сабақтастықты қамтамасыз етуге қосқан Қазақстанның үлесін жоғары бағалады.
2026 жылғы қаңтар айындағы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы ретінде сөз сөйлеген Сомали Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Абукар Дахир Осман халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке төнетін қазіргі заманғы сын-қатерлер мен қауіптерге бірлесіп ден қою мақсатында мемлекеттерді белсенді әрі үйлестірілген өзара іс-қимылға шақырды.
Өз кезегінде, Қауіпсіздік Кеңесінің жаңадан сайланған мүшелерінің өкілдері қысқаша сөз сөйлеп, салтанатты рәсімді ұйымдастырғаны үшін қазақстандық тарапқа алғыс білдіріп, 2026-2027 жылдар кезеңінде Қауіпсіздік Кеңесіндегі қызметінің негізгі басымдықтарын атап өтті.
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде бес тұрақты мүше мемлекет (АҚШ, Қытай, Ресей, Ұлыбритания және Франция) және 10 тұрақты емес мүше мемлекет қызмет атқарады. Олар жыл сайын БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен екі жылдық мерзімге сайланады.
Аталған салтанатты рәсім Қауіпсіздік Кеңесінің жаңадан сайланған мүшелері үшін айрықша маңызға ие болып, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты БҰҰ-ның басты органындағы аталған елдер мандатының салтанатты басталуын білдіреді. Ұлттық туларды көтеру мемлекеттердің Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына ену сәтіне ерекше саяси әрі символикалық мән беріп, Кеңес мүшелерінің бүкіл халықаралық қауымдастық алдындағы ортақ жауапкершілігін айқындайды.
Қазақстанның бастамасына дейін Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелерінің туларын ауыстыру рәсімі негізінен техникалық сипатта жүргізіліп келді. Алайда 2018 жылдан бастап аталған жаңашылдықтың арқасында бұл үдеріс бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен Қауіпсіздік Кеңесінің алғашқы жұмыс күні өткізілетін ресми салтанатты рәсім форматына ие болды.
2019 жылдың қаңтар айында Қазақстанның Тұрақты өкілдігі Қауіпсіздік Кеңесінің мүше мемлекеттерінің тулары үшін Қазақстанда жасалған және ұлттық ою-өрнектермен безендірілген арнайы тұғырлар сыйға тартты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.01.2026, 10:55 17181
Масқатта Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінің қорытындылары талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Оман Сұлтандығындағы Елшілігі "Астанадағы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезі тұрақты дінаралық диалогтың үлгісі ретінде" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараға 2022 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезінің жұмысына қатысқан Оман Сұлтандығы Бас мүфти кеңсесінің бас хатшысы Шейх Ахмад бен Сауд бен Саид Ас-Сияби, Өзбекстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшісі Абдусалом Хатамов, Оманның сараптамалық-талдау қауымдастығы мен БАҚ өкілдері қатысты.
Қазақстанның Оман Сұлтандығындағы Елшісі А.Тұматов өз сөзінде іс-шараға қатысушыларды Съездің тарихы, оның даму кезеңдері туралы қысқаша хабардар етіп, ағымдағы жылдың 17-18 қыркүйегінде өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының кезекті VIII Съезінің негізгі жайттарына тоқталды.
Сонымен қатар, Шейх Ахмад Ас-Саяби өз сөзінде VII съезд жұмысына қатысқаны туралы жақсы естеліктерімен бөлісті. Оман дінбасыларының өкілі Астанадағы форум өзін дінаралық диалогты, өзара сенім мен бейбітшілік мәдениетін нығайтуға ықпал ететін танылған және беделді халықаралық платформа ретінде танытқанын атап өтті. Оның айтуынша, съездің қызметі діннің жасампаздықтың, бейбітшілік пен келісімнің қайнар көзі бола алатындығын және болуы керектігін айқын көрсетеді.
Сондай-ақ, бұл іс-шараның басқа да қатысушылары Астана діни форумының дінаралық диалогты ұйымдастырудағы бірегей тәжірибесін атап өтіп, Қазақстан мен Оманның бейбітшілікті, үйлесімділікті және өркениетаралық өзара түсіністікті нығайтуға көзқарастарының ұқсастығын, сондай-ақ екі елдің толеранттылық, өзара құрмет және бейбіт қатар өмір сүру қағидаттарына танылғанын беріктігін құаттады.
Қорытындылай келе, дөңгелек үстелге қатысушылар өзара сыйластық, жауапкершілік және шешімдерді бірлесіп іздеу қағидаттарына негізделген осындай диалогты одан әрі қарай дамыту жаһандық тұрақтылық пен өзара түсіністікті нығайтуға маңызды үлес болып табылатынына сенім білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.01.2026, 20:40 23676
Риядта өнеркәсіптік ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Корольдіктің Өнеркәсіп және минералды ресурстар министрі Бандар Әл-Хорайефпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Келіссөздер барысында өнеркәсіп және тау-кен металлургия кешені салаларындағы ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасу, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықты кеңейтудің елеулі әлеуетін атап өтіп, экономиканың басым секторларындағы әріптестікті тереңдетуге өзара мүдделілік танытты.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар диалогты жандандыруға келісті және ынтымақтастықтың нақты бағыттарын айқындады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.01.2026, 17:06 31466
Қасым-Жомарт Тоқаев Мин Аун Хлайнға құттықтау жеделхатын жолдады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Мемлекет басшысы Мьянма Одағы Республикасы Президентінің міндетін атқарушы мен оның отандастарын осы елдің ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президент Астана мен Нейпьидо арасындағы достық және өзара түсіністікке негізделген ынтымақтастықтың тұғыры берік, әлеуеті зор екенін атап өтіп, бірлескен күш-жігер арқылы ықпалдастық қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Мин Аун Хлайнның жауапты қызметіне толағай табыс, Мьянма халқына құт-береке тіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.01.2026, 09:04 29276
Мемлекет басшысы Швейцария Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев Кран-Монтана тау-шаңғы курортындағы өрт салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Швейцария Конфедерациясының Президенті Ги Пармеланға көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қазақстан Президенті жақындарынан айырылған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, жарақат алған адамдардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді. Сондай-ақ еліміз осы қиын-қыстау сәтте Швейцария халқын қолдайтынын жеткізді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
07.01.2026, 09:29Православиелік қазақстандықтар Рождество мерекесін тойлап жатыр 07.01.2026, 10:33 21586Мемлекет басшысы Рождество мерекесімен құттықтады07.01.2026, 11:23 1286Hyundai өз зауыттарына 30 мың адамтектес робот орналастырады
01.01.2026, 12:23 978412026 жылғы базалық зейнетақы мөлшері айқындалды01.01.2026, 00:19 91141Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Жаңа жылмен құттықтады01.01.2026, 10:26 72626Жаңа Салық кодексінің негізгі өзгерістері қандай06.01.2026, 16:21 51701ЖИ Қазақстандағы жұмыс күшінің өнімділігін 70% арттыра алады - зерттеу06.01.2026, 17:37 46716Үкімет Қазақстанның цифрлық шешімдерді жасайтын және сататын елдер қатарына кіруі үшін озық IT-технологияларды қарқынды дамытуды жалғастырады
17.12.2025, 17:47 232136Ташкентте қазақ киносының күндері өтті17.12.2025, 15:52 227651Венада Айман Мұсақожаеваның концерті өтті15.12.2025, 23:30 225936Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды15.12.2025, 23:10 222941Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 22:01 213931Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді

