16.01.2026, 17:42 12741
Қазақстан және Таиланд сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен Таиланд Корольдігінің Сыртқы істер министрі Сихасак Пуангкеткео арасында телефон арқылы сөйлесу өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сұхбат барысында сыртқы саяси ведомстволардың басшылары Қазақстан-Таиланд қатынастарының үдемелі даму қарқынын жоғары бағалап, екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы перспективаларын талқылады.
Тараптар саяси диалогты кеңейтуге, сауда және инвестициялар, өңдеу өнеркәсібі, көлік және логистика, цифрлық даму, туризм салаларындағы және өзге де басым бағыттардағы өзара әрекеттестікті тереңдетуге одан әрі қолдау көрсетуге дайындықтарын білдірді.
Сонымен қатар министрлер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша ұстанымдарды одан әрі үйлестіру мақсатында тұрақты жұмыс байланыстарын қолдауға уағдаласты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
10.03.2026, 14:28 6
Женевада зияткерлік меншік және инновациялар саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
World Intellectual Property Organization (Зияткерлік меншік жөніндегі дүниежүзілік ұйым - ДЗМҰ) штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасының ДСҰ және басқа да халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Төребаевтың ДЗМҰ Бас директоры Дарен Тангпен кездесуі өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен ДЗМҰ арасындағы зияткерлік меншік жүйесін дамыту және инновациялық экожүйені нығайту салаларындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады. Қазақстан тарапы 2026 жылғы 23-26 ақпан аралығында Астана және Алматы қалаларында өткен ДЗМҰ Академиясының зияткерлік меншік саласында кадрларды даярлау қажеттіліктерін бағалау жөніндегі миссиясының табысты өткеніне алғысын білдірді. Аталған миссия Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қолдауымен Қазпатент және оның Алматы қаласындағы РМҚК ҰЗМИ филиалы базасында зияткерлік меншік бойынша ұлттық оқу орталығын құру жолындағы маңызды қадам екені аталып өтті.
Сондай-ақ, Қ.Төребаев Қазақстанның инновациялық дамуының ұлттық стратегиясын әзірлеуде көрсеткен сараптамалық қолдауы үшін ДЗМҰ-ға алғысын білдірді. Аталған стратегия зияткерлік меншік компонентін қамтиды.
Осыған байланысты 16-17 наурыз күндері Қазақстанда зияткерлік меншікті басқару саласындағы әлеуетті арттыруға бағытталған IMPACT бағдарламасы шеңберінде семинар өтетіні аталып өтті.
Кездесуге қатысушылар сондай-ақ зияткерлік меншік саласындағы білім беру ынтымақтастығының дамуын, соның ішінде ДЗМҰ, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі және Maqsut Narikbayev University бірлесіп жүзеге асырып отырған зияткерлік меншік және бизнес құқығы бойынша Магистр бағдарламасын атап өтті. Бұл бағдарлама Еуразиялық кеңістікте ДЗМҰ-ның осындай алғашқы бастамасы болып табылады. Бағдарламаның алғашқы түлектері 18 студентті құрады, олардың қатарында Қазақстан, Үндістан, Танзания және Өзбекстан елдерінің өкілдері бар.
Қазақстан тарапы сондай-ақ ДЗМҰ-ның зияткерлік меншікті жедел дамыту қоры (WIPO IP Acceleration Fund) аясында ұсынылған екі жобаны таныстырды. Аталған жобалар өнеркәсіптік меншік объектілеріне сараптама жүргізу барысында жасанды интеллект технологияларын енгізуге, сондай-ақ аудио және аудиовизуалды туындылардың пайдаланылуын мониторингтеу бойынша цифрлық жүйе құруға бағытталған.
Бұдан бөлек, тараптар жасанды интеллект саласындағы стартаптарды қолдауға бағытталған ДЗМҰ-ның бірлескен бастамасын талқылады. Пилоттық жобаны іске қосуға дайындық жұмыстары жүргізіліп, қазіргі уақытта оның ресми іске қосылу мерзімдері келісілуде. Жоба ДЗМҰ сарапшыларының қатысуымен стартаптарға арналған оқыту және акселерациялық бағдарламаларды өткізуді көздейді.
Сондай-ақ тараптар Қазақстанның бизнес өкілдері мен ШОБ субъектілерінің ДЗМҰ Академиясының білім беру бағдарламаларына қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуді талқылап, жеке сектордың зияткерлік меншік саласындағы оқыту курстары мен біліктілікті арттыру бағдарламаларына белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, тараптар ДЗМҰ-ның алдағы Бас ассамблеялары аясында Қазақстанның ұлттық көрмесін дайындау мәселесін талқылады. Көрмеде елдің инновациялар және креативті индустриялар саласындағы жетістіктерін таныстыру жоспарлануда.
Тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және Қазақстанның ДЗМҰ органдарының жұмысына белсенді қатысуына өзара мүдделілігін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.03.2026, 13:26 6
Чехияның іскерлік топ өкілдері Қазақстандағы реформалар мен инвестициялық әлеуетке қызығушылық танытуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Чехияның жетекші технологиялық және өнеркәсіптік компаниялары Қазақстан мен Орталық Азия нарығында елеулі мүмкіндіктер бар екенін атап өтті. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшісі Қайрат Әбдірахмановтың чех компанияларының басшыларымен өткізген кездесулері барысында мәлімделді. Кездесулер Қазақстан мен Чехия арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған дәстүрлі диалог аясында өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Чехияның іскер топтары Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси реформалар мен елдің жоғары экономикалық көрсеткіштеріне зор қызығушылық танытып отырғанын жеткізді. Кәсіпкерлер инвестициялық ахуалды одан әрі жақсартуға бағытталған шаралар өзара тиімді жобаларды іске асыруға берік негіз қалыптастыратынына сенім білдірді.
ZVVZ Engineering" компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы Мартин Воячекпен өткен кездесуде өнеркәсіптік кооперацияны кеңейту перспективалары талқыланды. Атап айтқанда, Қазақстанда өнеркәсіптік сүзгілер өндірісін жергіліктендіру жоспары қарастырылды. Бұл бастама инвестициялар тартуға, технологиялар трансферіне және жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етпек.
OMNIPOL" компаниясының басшысы Артем Мовсесянмен келіссөздер барысында авиация саласындағы ынтымақтастық мәселелері, оның ішінде L410 NG ұшақтарына қызмет көрсету жөніндегі сервистік орталық құру жоспары талқыланды. 2025 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігімен жасалған келісімшарт аясында аталған үлгідегі бірнеше әуе кемесі жеткізіліп, еліміздің түрлі өңірлерінде пайдаланылып жатқаны екіжақты серіктестіктің табысты үлгісі ретінде аталып өтті.
Компания иесі әрі бірегей патенттердің иегері Любош Новактың шақыруымен Елші "MEGA" кәсіпорнының өндірістік алаңдарын аралап, электромембраналық үдерістер, су тазарту жүйелеріндегі электродиализ технологиялары және сүт өнеркәсібіндегі деминерализация шешімдерімен танысты.
Турнов қаласындағы "SKLOSTROJ" зауытында оның иесі Мартин Голд шыны ыдыс өндірісіне арналған жабдықтарды жасау үдерісі мен компанияның экспорттық әлеуетін таныстырды. Аталған кәсіпорындарда қазақстандық мамандардың еңбек етуі кәсіби байланыстарды нығайтуға және құзыреттер алмасуына ықпал етуде.
Кездесулер барысында бұл кәсіпорындардың Қазақстан мен Чехия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, өзара тиімді байланыстарды кеңейтуге, заманауи технологияларды енгізуге және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға елеулі үлес қосып отырғаны аталып өтті.
Сондай-ақ "Astana Motors Czech" компаниясының қызметіне ерекше назар аударылды. Компания халықаралық деңгейде танылған "Chery" автомобиль брендінің өнімдерін Чехия нарығында ілгерілету арқылы және дистрибуция мен сервистік қызмет көрсету саласында чех іскер топтарымен әріптестікті дамыта отырып, берік позиция қалыптастырды. Белгілі қазақстандық "Astana Motors" компаниясының Еуропаның өңірлік нарықтарында автомобиль өнімдерінің қатысуын кеңейту ниеті құптарлық бастама ретінде аталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.03.2026, 12:22 76
Иорданияның сараптамалық топтары Қазақстандағы конституциялық реформаларды талқылады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Иорданиядағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Иорданияның жетекші БАҚ өкілдері мен сарапшылар қауымдастығы (Jordan News Agency (Petra), The Jordan Times, Alanbat News, Jordan Daily және Жеке қолданбалы ғылымдар университеті) қатысқан брифинг өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстанның Иорданиядағы Елшісі Талғат Шалданбай мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және ашықтығын күшейтуге бағытталған елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды конституциялық реформалар туралы иордандық әріптестерді хабардар етті.
Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өткізілетініне ерекше назар аударылды. Бұл реформа елеулі өзгерістерді көздейтіндігі және құрылымы мен негізгі нормалары бойынша сапалық тұрғыдан өзгеше болатындығы аталып өтті.
Қатысушылар Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасының негізгі мазмұнымен таныстырылды. Жоба Конституциялық Соттың рөлін күшейтуді, азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдіктерін кеңейтуді, Вице-Президент институтын енгізуді, бірпалаталы парламентке және пропорционалды сайлау жүйесіне көшуді, мемлекеттің зайырлы сипатын бекітуді, сондай-ақ заңнамалық бастама құқығына ие болатын Халық кеңесін құруды көздейді.
Иордания БАҚ өкілдері Қазақстандағы саяси өзгерістерді талқылауға белсенді қатысып, олардың мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігі мен ашықтығын арттырудағы маңыздылығын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушыларға Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасы туралы ақпараттық материалдар табыс етілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.03.2026, 11:17 101
UPD: Эвакуация басталғалы бері Таяу Шығыс елдерінен 8585 қазақстандық елге қайтарылды
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп, Таяу Шығыстан азаматтарымызды қайтару жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Өңірдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерде іс-қимылдарды үйлестіру жұмыстарын жалғастырып, отандастарымызбен тұрақты байланыста.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.03.2026, 10:14 161
Софияда Қазақстандағы конституциялық реформаларға қолдау білдірді
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Болгариядағы Елшілігінде ҚР-дағы ауқымды саяси өзгерістер мен алда жоспарланған жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумды талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараға Болгарияның сарапшылар, ғылыми-академиялық қауымдастық және БАҚ өкілдері, сондай-ақ "Қазақстанның достары клубының" мүшелері қатысты.
Елші Виктор Темірбаев өз сөзінде жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен тұжырымдамалық негіздерін таныстырып, аталған құжат елдің одан әрі үдемелі дамуына берік негіз қалайтынын атап өтті.
Қазақ дипломаты Ата заңның жаңартылған нұсқасының мазмұны адамға бағытталған сипатқа ие екендігін, өзекті қоғамдық құндылықтар мен мемлекеттік қағидаттарды бейнелейтінін, сондай-ақ билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді неғұрлым теңгерімді бөлу арқылы саяси жүйені жаңғыртуға бағытталғанын жеткізді.
Конституцияның жаңа мәтіні қазақстандық мемлекеттіліктің кемелдігін, елдің халықаралық беделін және прогрессивті дамуға стратегиялық бағдарын айқын көрсетеді", - деді В.Темірбаев.
Сарапшылар қауымдастығының өкілдері Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан саяси реформаларға жоғары бағаларын беріп, олардың жүйелі әрі кезең-кезеңімен жүргізіліп отырғандығын атап өтті. Қатысушылардың пікірінше, конституциялық реформалар демократиялық институттарды нығайтуға, азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуын кеңейтуге, сондай-ақ адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге ықпал етеді.
Қатысушылар конституциялық жаңашылдықтарға, оның ішінде бірпалаталы парламентке көшу, жоғары консультативтік орган - "Қазақстан Халық Кеңесін" құру және вице-президент институтын енгізу мәселелеріне ерекше назар аударды.
Қазақстан Халық Кеңесі азаматтық қоғам мен Президент арасындағы байланыстырушы буын ретінде маңызды рөл атқара алады. Сонымен қатар, оның өкілеттіктерінде тікелей демократия белгілері айқын көрініс табады", - деді "Әулие Климент Охридски" София университеті Шығыс тілдері мен мәдениеттері орталығының аға ғылыми қызметкері Камен Величков.
Іс-шара қорытындысында дөңгелек үстелге қатысушылар жоспарланған реформаларды іс жүзінде жүзеге асыру Қазақстанның серпінді дамып келе жатқан, ашық және құқық үстемдігі қағидаттарына берік мемлекет ретіндегі халықаралық имиджін нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.03.2026, 18:11 256
Қазақстан мен Израиль СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Израиль Мемлекетінің Сыртқы істер министрі Гидеон Саармен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тараптар Таяу Шығыстағы ағымдағы ахуалды талқылап, екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін қарастырды.
Сұхбат барысында Е.Көшербаев израильдік әріптесіне Израильде жүрген ҚР азаматтарын эвакуациялауға жәрдем көрсету туралы өтініш білдіріп, бұл мәселе еліміз үшін басым міндеттердің бірі екенін атап өтті.
Өз кезегінде Г.Саар Израиль тарапы Қазақстан азаматтарын эвакуациялау мәселесін шешуге бар күш-жігерін салатынын жеткізіп, бұл мәселені өзінің жеке бақылауына алатынына сендірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.03.2026, 12:08 16
UPD: Қазақстан азаматтарын шиеленіс аймағынан эвакуациялауды ұйымдастыруда
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп, Таяу Шығыстан азаматтарымызды қайтару жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Эвакуация басталғалы бері резидент және резидент емес әуе компанияларының қолдауымен 7300-ден астам қазақстандық елге қайтарылды.
Әуе рейстерінен бөлек, азаматтарды эвакуациялау Әзербайжан, Армения және Түрікменстанның құрлықтағы мемлекеттік шекаралары арқылы да жүзеге асырылуда.
Өңірдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерде іс-қимылдарды үйлестіру жұмыстарын жалғастырып, отандастарымызбен тұрақты байланыста.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.03.2026, 14:01 726
Қазақстан мен Кувейт cыртқы істер министрлері Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Кувейт Мемлекетінің Сыртқы істер министрі шейх Жаррах Жабер әл-Ахмад Ас-Сабахпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сұхбат барысында тараптар аймақтық және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, оның ішінде Таяу Шығыстағы жағдай жөнінде пікір алмасты.
Е.Көшербаев өңірдегі қауіпті әскери эскалацияға байланысты алаңдаушылық білдіріп, Қазақстанның ұстанымын жеткізді және қақтығысты халықаралық құқық қағидаттарына сай дипломатиялық жолмен реттеудің маңыздылығын атап өтті.
Сұхбат нәтижесінде саяси ведомстволар басшылары екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды жалғастыруға бейілділігін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
05.03.2026, 19:00Ереванда қазақ-армян гуманитарлық ынтымақтастығын нығайту мәселесі талқыланды 05.03.2026, 18:58 40836Словениядағы қазақстандық қауымдастықпен кездесуде Конституциялық реформа талқыланды06.03.2026, 10:37 38286UPD: Қазақстан азаматтарын шиеленіс аймағынан эвакуациялауды ұйымдастыруда06.03.2026, 13:18 37376Астана Халықаралық қаржы корпорациясының Қазақстандағы басшысымен кездесті06.03.2026, 14:22 37166Саяси консультациялардың алғашқы раунды аясында Астана мен Бангкок ынтымақтастықтың жаңа кезеңін талқылады
04.03.2026, 10:54 237511Босния және Герцеговина Елшісі сенім грамотасының көшірмесін табыстады26.02.2026, 22:48 229881Қазақстан Сыртқы істер министрі "Орталық Азия - Ұлыбритания" форматындағы сыртқы саяси ведомстволар басшыларының кездесуіне қатысты26.02.2026, 23:25 229361Қазақстан мен Ұлыбритания басым салаларда экономикалық серіктестікті тереңдетуде26.02.2026, 17:47 229356Загребте жаңа Конституция жобасы таныстырылды26.02.2026, 18:49 229311Қазақстан БҰҰ Туризм ұйымымен бірге өңірлік туристік хаб ретіндегі рөлін нығайтуда

