Қазақстан Жидда қаласында өткен қайырымдылық фестиваліне қатысты
Сурет: gov.kz
Қазақстан өткен "Ізгі іс жолындағы бір кесе" (A Cup for a Good Cause) атты жыл сайынғы қайырымдылық фестиваліне қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Аталған іс-шараға Қазақстанның қатысуы еліміздің Жидда қаласындағы Бас консулдығының белсенді қолдауымен қамтамасыз етіліп, Сауд Арабиясы Корольдігімен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жұмыс аясында жүзеге асырылды.
Қазақстанның ұлттық экспозициясы фестивальге келушілер мен халықаралық қоғамдастық өкілдері тарапынан зор қызығушылық тудырды. Фестиваль шеңберінде іс-шара қонақтары еліміздің мәдениетімен, ұлттық дәстүрлерімен, дәстүрлі тұрмыс элементтерімен, сондай-ақ қазақ ұлттық асханасының ерекшеліктерімен танысу мүмкіндігіне ие болды. Ұсынылған материалдар мен экспозициялар қазақ халқының бай тарихи-мәдени мұрасы туралы түсінікті кеңейтуге ықпал етті.
Сонымен қатар, іс-шара қонақтарына Қазақстанның мәдени және танымдық туристік маршруттары ұсынылды. Оларға тарихи қалалар, сәулет ескерткіштері, мәдени мұра нысандары және этнотуристік бағыттар кіріп, халқымыздың дәстүрлері мен тұрмысын таныстыруға мүмкіндік берді.
Қазақстанның мәдени және танымдық туристік маршруттары ұсынылған іс-шарада тарихи қалалар, сәулет ескерткіштері, мәдени мұра нысандары және этнотуристік орындар кіріп, халқымыздың дәстүрлері мен тұрмысы таныстырылды. Жергілікті тұрғындар мен шетелдік қонақтар ел табиғатының сан қырлығын - көркем каньондар мен шексіз далалардан бастап, таулы ландшафттар мен көлдерге дейін - жан-жақты танысу мүмкіндігіне ие болды.
Қазақстанның Бас консулдығы мен қазақстандық диаспора "Өз Елінің мәдениеті мен дәстүрлерін насихаттаудағы белсенді қатысуы үшін" арнайы естелік сыйлықпен марапатталды.
Жидданың Бірінші Әйелдер Қайырымдылық Қауымдастығы (Jeddah First Women's Charity Association) басқармасының төрайымы Др. Хала Али Хасан қазақ диаспорасына ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді лайықты дәрежеде танытқаны үшін алғыс білдіріп, мәдени өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендіктерін жеткізді.
Өз кезегінде Қазақстанның Жидда қаласындағы Бас консулы Руслан Қоспанов фестивальге Қазақстанның белсенді қатысуы үйлесімді командалық жұмыстың нәтижесі болғанын атап өтті.
Жидда қаласының Бірінші Әйелдер Қайырымдылық Қауымдастығы (Jeddah First Women's Charity Association) ұйымдастырған іс-шараға түрлі елдерден келген 100-ден астам қатысушы, оның ішінде 13 мемлекеттің бас консулдықтары қатысып, өз елдерінің мәдени және ұлттық көрмелерін таныстырды. Фестиваль барысында жиналған қаражат аз қамтылған отбасылар мен балаларға қолдау көрсетуге бағытталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

