09.02.2026, 20:09 5521

Брюссельде Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған поэтикалық іс-шара өтті

Брюссельде Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған поэтикалық іс-шара өтті
Сурет: gov.kz
Брюссель қаласындағы Қазақ мәдени орталығында ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілдерінің бірі Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына арналған әдеби іс-шара өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Іс-шара поэзия бойынша ашық сабақ форматында ұйымдастырылып, Бельгияда қазақ тілі мен мәдениетін үйреніп жүрген балалар мен ересектертер белсенді қатысты. Бағдарлама аясында ақынның өлеңдері оқылып, сөзіне жазылған әндер орындалды. Мұқағали Мақатаевтың шығармалары қазақ, француз, ағылшын және нидерланд тілдерінде орындалып, оның поэзиясының көптілді әрі халықаралық ортада да сұранысқа ие екені көрініс тапты.

Жылы әрі еркін атмосферада қатысушылар поэзияның ұрпақтар мен мәдениеттер арасындағы рухани байланыс құралы ретіндегі рөлі туралы пікір алмасты.

Бельгияда қазақ тілі мен әдебиетін насихаттау бағытындағы жұмыстардың бір бөлігі ретінде өткен іс-шарада, Мұқағали Мақатаевтың поэзиялық мұрасы бүгінгі көпмәдениетті ортада да өзектілігін сақтап отырғанын көрсетті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны