Жыл басынан бері қоғамда Алматыдағы жалпы білім беретін мектептердің Kundelik цифрлық білім беру платформасынан BilimClass жүйесіне көшуі қызу талқыланып жатыр.
Kazinform агенттігі тілшісі осы мәселенің мән-жайын анықтауға тырысты.
Kundelik ұстанымы
Kundelik компаниясының бас директоры әрі негізін қалаушы Мұхтар Ілиясовтың айтуына қарағанда, 2025 жылғы 26 желтоқсаннан бастап жүйеде күмән тудыратын белсенділік байқалған. Оның сөзінше, бұл- деректерді рұқсатсыз жаппай жүктеу әрекеті және олҚазақстан Республикасының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" заңын өрескел бұзу болып есептеледі.
Спикердің дерегінше, бұл әрекеттер Алматыдағы 219 мемлекеттік мектептің мәліметін қамтыған. Атап айтқанда, шамамен 310 мың оқушының, 220 мыңнан астам ата-ананың және 25 мыңға жуық педагогтің жеке дерегі жүктелген. Олардың ішінде 2018 жылдан бергі сынып журналдары, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар, үлгерім табельдері, сабақ кестелері мен есептік құжаттар бар.
-Әр мектеп бойынша жүктелген деректердің орташа көлемі бүкіл архивтік мәліметтерді қоса алғанда, шамамен 5 Гбболды. Бұл деректер "білім басқармасы мен мектептердің қажеттілігі үшін архивтеу" деген желеумен жүйелі түрде BilimClass платформасына көшірілген,- деді Мұхтар Ілиясов.
Оның айтуынша, мұндай жағдай тек Алматыда тіркелген. Сонымен қатар уәкілетті органдар тарапынан компанияға осы мәселеге қатысты ешқандай ресми хабарлама да, түсіндірме де берілмеген.
Осыған байланысты Kundelik Алматы әкіміне, Президент Әкімшілігіне, ҚР Оқу-ағарту министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне және Бас прокуратураға ресми өтініштер жолдаған. Алайда сұхбат алынған уақытқа дейін бұл өтініштерге ешбір жауап келіп түспеген.
Kundelik-тің қолданылу географиясы
Компания өкілдері барлық мектеп жүйеге мемлекеттік-жекеменшік әріптестік келісімдері аясында және ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық білім беру деректер қоры анықтамалығы негізінде тіркелгенін хабарлады.
-Қазіргі уақытта Kundelik Алматыдағы жұмысын жалғастырып жатыр, мұнда жекеменшік мектептердің басым бөлігі біздің платформаны таңдап отыр. Сонымен қатар жүйе Астанада, Шымкентте және Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында кеңінен қолданылады. Айта кету керек, Kundelik.kz Алматының мемлекеттік мектептері үшін әлі деқолжетімді,- деді Ілиясов.
Олжоспарлары туралы айтып, компанияның білім басқармасы және мемлекеттік органдардан ресми түсінік алуға ниеті бар екенін жеткізді.
-Қазір заңгерлермен бірге барлық мәселені құқық тұрғысынан шешуге тырысып жатырмыз. Алсервистің барлық желісі қалыпты режимде жұмыс істеп, өңірлердегі білім басқармалары, ҚР Оқу-ағарту және Қаржы министрліктері тарапынан қойылған міндеттерге сай дамуын жалғастырып жатыр,- деді ол.
Петиция және BilimClass реакциясы
Сонымен қатар E-Petition.kz порталында Алматы мектептерінің оқу жылының ортасында жаңа платформаға көшуіне алаңдаушылық білдірген петиция жарияланды. Петиция авторлары цифрлық жүйені оқу процесінің дәл ортасында өзгерту оның тиімділігіне кесірін тигізіп, мұғалімдерге қосымша жүктеме түсіруі және ата-аналар мен оқушылар үшін қолайсыздық тудыруы мүмкін екенін айтып отыр. Сондай-ақ, олардың пікірінше, BilimClass-тың қазіргі нұсқасы бірқатар көрсеткіш бойынша Kundelik-тен төмен көрінеді.
АлBilim Group IT-холдингінің баспасөз қызметі жаңа платформа Алматыдағы 15 мектепте пилоттық режимде сынақтан өткенін хабарлады. Тестілеу нәтижесінде мектеп әкімшілігі мен педагогтер BilimClass жүйесінің талаптарға толық сай келетінін растаған.
-Оқу процесіне кедергі келтірмеу үшін платформаны ауыстыру қысқы демалыс кезінде ұйымдастырылды, алмұғалімдерге жүйені пайдалану бойынша арнайы оқыту жүргізілді. Платформаның негізгі міндеттерінің бірі- күнделікті қайталанып істелетін жұмыстарды автоматтандырып, педагогтердің жұмысын азайту. Сол себепті бұл өзгеріс оларға қосымша ауыртпалық әкелмейді,- деп мәлімдеді компания.
Сонымен қатар мұғалімдер мен ата-аналарды қолдау үшін call-орталық іске қосылып, қажет болған жағдайда онлайн кеңес беру қызметі дежұмыс істеп тұр.
Дербес деректер мәселесі
Bilim Group Kundelik басшысының дербес деректердің рұқсатсыз жүктелгені туралы мәлімдемесіне детүсінік берді.
-Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Kundelik жүйесінен BilimClass платформасына ешқандай жеке деректер берілген жоқ. Мұнда тек мектептердің ішкі архивтері туралы сөз болып отыр. Деректер үшінші тұлғаларға берілмеген және BilimClass жүйесіне жүктелмеген. Бұл шаралар ең әуелі білім сапасын бақылау департаментіндегі аттестациядан өту үшін қажет болды. Барлық архивтеу жұмысы заң талаптары мен ақпараттық қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып жүргізілді,- деп хабарлады компания өкілдері.
Сондай-ақ компания білім басқармасы жеке деректердің таралуы немесе заңсыз берілуі жөніндегі ақпаратты жоққа шығаратын ресми түсінік бергенін атап өтті.
BilimClass пен Kundelik-тің айырмашылығы неде
Bilim Group мәліметінше, BilimClass- отандық платформа, онда қазақстандық білім беру контенті қолданылады және серверлік инфрақұрылым толықтай елаумағында орналасқан.
Платформа мен мобильді қолданба оқушылар, ата-аналар және педагогтер үшін тегін. Мұғалімдер электронды журнал, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау, интерактив сабақтар, бағаларды автоматты есептеу, БЖБ мен ТЖБ каталогтары, чаттар және аналитикалық құралдарды қолданады. Алмектеп басшылығы оқу процесінің толық цифрлық тарихына және үлгерім аналитикасына нақты уақыт режимінде қол жеткізе алады.
Сонымен қатар мектептер BilimLand, iTest және iMektep сияқты білім беру өнімдері біріктірілген экожүйеге қосылған.
Енгізу ауқымы және қаржыландыру
2025-2026 оқу жылының үшінші тоқсанында Алматыдағы 225 мемлекеттік мектептің барлығы BilimClass жүйесіне көшті. Платформада 314 275 оқушы мен 22 021 мұғалімнің дерегі бар. Компания мәліметінше, көшу қалыпты режимде өткен, мектептер тарапынан дау тудырған жағдай тіркелмеген.
Bilim Group өкілдері платформаны пайдалану үшін бюджеттік қаржыландыру қажет емес екенін ерекше атап өтті.
-BilimClass барлық өңір үшін толықтай тегін. Қазіргі таңда платформада Алматы мен Қазақстанның 11 өңірінде 2,5млн оқушы және 350 мың мұғалім жұмыс істеп жатыр. Көшуге байланысты туындаған барлық шығынды- оқыту, кеңес беру, техникалық қолдау жағын өнімнің өзі мойнына алады,- деді компания өкілдері.