29.04.2026, 12:24 716
Қазақстанның мемлекеттік қызметкерлері Бакуда оқу-тәжірибелік бағдарламадан өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында магистратурада оқып жүрген жергілікті атқарушы органдардың бір топ мемлекеттік қызметкерлері Бакуда екі апталық оқу-тәжірибелік бағдарламадан өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бағдарлама Әзербайжан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы тарапынан ұйымдастырылып, мемлекеттік басқарудағы цифрлық трансформация, заң шығару қызметіндегі цифрландыру, гендерлік теңдік саясаты, туризм саясаты, экологиялық басқару, адам құқықтары, мемлекеттік егемендік және халықаралық қатынастар тақырыптарындағы дәрістерді қамтыды.
Бағдарлама аясында қатысушылар Парламенттің, ASAN инновациялар орталығының, Экономикалық реформаларды талдау және коммуникациялар орталығының, Халықаралық қатынастарды талдау орталығының, Отбасы, әйелдер және балалар мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеттің қызметімен танысты, сондай-ақ Қазақстанның Әзербайжандағы Елшілігінде болды.
Қазақстанның Бакудағы Елшісі Әлім Байел магистранттармен кездесу барысында мемлекеттік басқару саласындағы тәжірибе алмасу, бірлескен оқу бағдарламалары мен академиялық ынтымақтастық Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы байланыстарды дамытуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Мұндай іс-шаралар арқылы мемлекеттік қызметкерлер өздерінің кәсіби біліктілігін арттырып қана қоймай, бауырлас халықтардың мәдениеті мен мұраттарын, достас елдердің қоғамдық өмірінің қыр-сырын тереңірек танып-біледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
29.04.2026, 17:20 1016
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті
Сурет: Akorda
Достарға айту
Әңгімелесу барысында президенттер Қазақстан мен Беларусь арасындағы қарым-қатынас жүйелі түрде дамып келе жатқанын атап өтіп, ынтымақтастықтың барлық бағыты бойынша оң динамика байқалатынын атап өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекеттер басшылары сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты одан әрі кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.
Тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасып, алдағы бірлескен іс-шаралардың кестесін қарастырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысына және Еуразиялық экономикалық форум жұмысына қатысуға шақырды. Аталған жиындар мамыр айының соңында Астана қаласында өтеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.04.2026, 16:18 886
Президент Чехия Премьер-министрін І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев Андрей Бабишке бұл мемлекеттік награда Чехия мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін табысталғанын айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
- Сіз Қазақстанның сенімді досы әрі халықаралық деңгейдегі көрнекті мемлекет қайраткерісіз. Екіжақты қарым-қатынасты табысты дамытуға бағытталған сындарлы ұстанымыңызды жоғары бағалаймын. Сіз өзара ықпалдастықты ілгерілету жолында аянбай еңбек етіп келесіз, сол себепті байланыстарымыздың келешегіне сеніммен қараймыз. Елдеріміз арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға зор үлес қосқаныңыз үшін Сізге І дәрежелі "Достық" орденін табыстау туралы шешім қабылдадым. Бұл жоғары марапат қазақ-чех берік достығының жарқын символына айналады. Серіктестігіміз болашақта да жанданып, нығая беретініне сенімдімін, - деді Президент.
Андрей Бабиш жоғары мемлекеттік наградамен марапаттағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді.
- Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың нәтижелі дамып келе жатқанына шынайы қуаныштымын. Саяси диалогымыз ашық әрі сындары сипатқа ие. Халықаралық аренадағы ықпалдастығымыз тұрақтылыққа, бейбітшілік пен серіктестікке бейіл екенімізді көрсетеді. Чех Республикасы Қазақстанның әлемдік аренадағы сенімді әріптесі екенін мақтан тұтады. Президент мырза, осы жоғары марапатқа лайық көргеніңіз және халықаралық серіктестік пен диалогты нығайтуға зор үлес қосқаныңыз үшін алғыс айтамын. Алдағы уақытта да халықтарымыз арасындағы достықты тереңдету, әлемде тұрақтылық орнату жолында қызмет ете береміз деп сенемін, - деді Чехия Премьер-министрі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.04.2026, 15:15 2491
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Сурет: Akorda
Достарға айту
Екі ел делегацияларының қатысуымен өткен келіссөз барысында Президент өзара ықпалдастықты одан әрі нығайтудың әлеуеті мол екеніне тоқталды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
- Екіжақты саяси ынтымақтастық пен экономикалық қарым-қатынастың болашағы зор деп санаймын. БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдар аясындағы миссияларымыз тығыз жұмыс істеп, диалогты тұрақты түрде сақтап келеді. Көптеген бағыт бойынша байланыстарымызды дамытуға мүмкіндік жеткілікті, - деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев Чехияның сындарлы әрі прагматикалық сыртқы саясатына жоғары баға берді. Президенттің айтуынша, екі ел арасындағы саяси диалог сан қырлы серіктестікке қолайлы жағдай жасайды. Парламентаралық ықпалдастық қарқынды дамып келеді.
Мемлекет басшысы Чехия Қазақстанның Еуропа Одағындағы негізгі сауда серіктестерінің бірі екеніне назар аударды.
- Тауар айналымының динамикасы көңіл көншітерліктей. Әрине, біз алдағы уақытта да сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге ниеттіміз. Бүгінде елімізде 190-нан астам чех компаниясы жұмыс істеп жатыр, соның ішінде Škoda, Omnipol, Tatra және ZVVZ секілді маңдайалды кәсіпорындар мен басқа да өндіріс саласындағы сенімді әріптестеріміз бар. Бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік мол, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Өз кезегінде Андрей Бабиш бүгінгі сапар екіжақты қарым-қатынастың жаңа кезеңіне жол ашатынын айтты.
- Біз Қазақстанды стратегиялық серіктес санаймыз. Бірлескен күш-жігердің арқасында екіжақты тауар айналымының көлемін арттырамыз деп сенемін. Ең алдымен, энергетика саласындағы ықпалдастықты нығайтқымыз келеді. Сіздің елден ұзақ мерзімді мұнай тасымалына мүдделіміз. Энергетика саласын дамыту стратегиямыз атом энергиясына арқа сүйейді. Сондықтан Қазақстанға әлемдегі уран өндіретін ірі мемлекет ретінде де қызығушылық танытамыз, - деді Чехия Премьер-министрі.
Чех Үкіметінің басшысы Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігі қуат өндірудің әртараптандырылған тәсіліне негізделгеніне мән берді. Сондай-ақ ол чех компанияларының аталған салада бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін растады.
Андрей Бабиш Қасым-Жомарт Тоқаевты жаңа Конституция қабылдау бойынша референдумның табысты өтуімен құттықтап, бұған мемлекеттілікті нығайтатын және елді жарқын болашаққа жетелейтін маңызды қадам ретінде баға берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш өнеркәсіп, мұнай-газ, атом энергиясы, көлік-логистика, қорғаныс өнеркәсібі, цифрландыру, ауыл шаруашылығы және денсаулық сақтау салаларындағы өзара ынтымақтастық перспективаларын талқылады.
Әңгімелесу барысында екі ел арасындағы қарым-қатынас тек экономикамен шектелмейтіні, ортақ тарихи оқиғалар мен мәдени-гуманитарлық байланыстарға негізделетіні жайында айтылды.
Мемлекет басшысы қазақ даласына Пржевальский жылқыларын қайта жерсіндіруді көздейтін бірегей жобаға атсалысқаны үшін чехиялық әріптестеріне ризашылығын білдірді. Президент Өңірлік экологиялық саммитте бұл бастаманы еліміздің биоалуантүрлілікті сақтау саласында жеткен жетістіктерінің бірі ретінде атаған болатын.
Премьер-министр Қазақстан азаматтарына виза режимін жеңілдету мәселесіне Чехияның екіжақты деңгейде және Еуропа Одағы аясында ықпал етуге ниетті екенін жеткізді.
Келіссөз қорытындысы бойынша тараптар жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды нақты іске асыру үшін жобалар тізімін әзірлейді.
Андрей Бабиш Қасым-Жомарт Тоқаевты өзіне ыңғайлы уақытта Чехияға сапармен келуге шақырды. Мемлекет басшысы бұл ұсынысты ықыласпен қабыл алды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.04.2026, 13:35 9001
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Чехия Премьер-министрі Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді
Сурет: Akorda
Достарға айту
Ақордада елімізге ресми сапармен келген Чех Республикасының Премьер-министрі Андрей Бабишті қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Салтанатты шарада Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш бір біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт берген соң Қазақстан мен Чехияның әнұрандары орындалды.
Одан кейін Қазақстан Президенті мен Чехия Премьер-министрі келіссөз өтетін залға барды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Андрей Бабишке ілтипат білдіріп, Қазақстан жұртшылығы оны Чех Республикасында ғана емес, Еуропаға белгілі саяси қайраткер ретінде жақсы білетінін жеткізді.
- Екі ел арасында бұрыннан тығыз әрі достық қарым-қатынас орнаған. Сауда-саттық табысты дамуда. Қос халықтың бір біріне құрметі зор. Ірі халықаралық құрылымдар шеңберінде бірлесе әрекет етіп келеміз. Бұл - өте маңызды. Елшіліктеріміз белсенді жұмыс істеп тұр. Орайлы сәтті пайдалана отырып, Өзіңізбен бірге чех кәсіпкерлерінен құралған үлкен делегация алып келгеніңіз үшін алғыс айтамын. Кеше Астанада бизнес-форум өтті. Оның нәтижесі елдерімізге пайдалы болады деп ойлаймын. Өз тарапымнан сан қырлы ынтымақтастығымызды одан әрі дамытуға бар күшімді саламын, - деді Президент.
Андрей Бабиш қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, еліміздің түрлі салада жеткен жетістіктеріне жоғары баға берді.
- Қазақстан - Орталық Азиядағы аса маңызды мемлекет. Сондықтан осынау ғажап елге сапармен келу - мен үшін зор мәртебе. Жақында жаңа Конституция қабылдадыңыздар. Құтты болсын! Сіздердің бұл бағыттағы тәжірибелеріңіз бізге де пайдалы болады деп есептеймін. Қазақстанға келу көптен бергі арманым еді. Өйткені мен университетті аяқтағаннан кейін, яғни, 1978 жылы Шымкент және Жамбыл (Тараз) қалаларымен өзара байланыс орнатқан департаментте жұмыс істедім. Қазақстан - энергетика саласында аса үлкен орны бар ел, әлемдегі уран өндіретін ірі мемлекеттердің қатарына кіреді. Бүгінде атом электр станцияларының маңызы арта түсті. Сол себепті осы салада келісімге келгенімізге қуаныштымын. Қазақстанның жасанды интеллект бағытындағы жетістіктері таңқаларлық. Екі елге ортақ дүние көп. Чехия мен Қазақстан үкіметтері өзара ынтымақтастықты одан әрі ілгерілету үшін аянбай еңбек етеді деп ойлаймын, - деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.04.2026, 13:26 561
Қазақстан мен Әзербайжан дипломатиялық қызмет пен кадрлық саясат саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Аппарат басшысы Амангелді Саинов Әзербайжан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Эльнур Исрафил оглу Мамедовпен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Келіссөздерге сыртқы саяси ведомстволардың кадрлық және қаржылық саясат, жылжымайтын мүлікті басқару және ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне жауапты құрылымдық бөлімшелер басшылары қатысты.
Дипломаттар дипломатиялық қызметтің рөлі және ұлттық мүдделерді тиімді ілгерілету мақсатында оларды одан әрі жетілдіру жолдары туралы пікір алмасты. Қазақстан мен Әзербайжанның сыртқы саяси ведомстволарының кадрлық саясатына, соның ішінде дипломаттарды іріктеу рәсімдерін жетілдіру және олардың кәсіби даярлығына ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында сондай-ақ тараптар дипломатиялық өкілдіктер қызметін қаржылық қамтамасыз ету мен бюджеттік жоспарлаудың негізгі аспектілерін және дипломатиялық қызмет қызметкерлерін ынталандыру тетіктерін талқылады.
Сапар қорытындысы бойынша тараптардың ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге, тәжірибе алмасуды жүйелі түрде дамытуға және сыртқы саяси ведомстволар желісі бойынша бірлескен бастамаларды іске асыруға өзара мүдделілігі расталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.04.2026, 11:22 1831
Қазақстан мен Словакия көлік-логистикалық өзара іс-қимылды дамытудың басым бағыттарын талқылады
Достарға айту
Қазақстаның Словакиядағы Елшісі Жанна Сағынова Словак Республикасының Көлік министрі Йозеф Ражпен кездесу өткізді. Келіссөздер барысында тараптар көлік саласындағы екіжақты ынтымақтастықты ілгерілету мәселелерін қарастырды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Елші Қазақстанның Еуразиядағы көлік-логистикалық орталық ретіндегі мүмкіндіктерімен таныстырып, олардың екіжақты экономикалық қатынастар аясында, сондай-ақ транзиттік мультимодальды тасымалдарды ұйымдастыруда пайдаланылуы мүмкін екенін атап өтті.
Сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту тұрғысында Қазақстан мен Словакия арасындағы оңтайлы маршруттар мен орнықты жеткізу тізбектерін әзірлеудің маңыздылығы атап өтілді. Елші Орталық Азия мен Еуропаны байланыстыратын Транскаспий көлік бағытының стратегиялық маңызын атап өтіп, словакиялық тарапқа ТМТМ Халықаралық қауымдастығына қатысу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Тараптар көлік байланысын сапалы кеңейту мақсатында Орта дәлізді Транскаспий халықаралық көлік бағытымен ұштастырудың орындылығы жөнінде ортақ пікір білдірді. Бұл желіде Братислава Еуропадағы маңызды көлік тораптарының бірі ретінде мультимодальды, оның ішінде өзендік тасымал қызметтерін ұсынады. Ықтимал серіктес ретінде Министр "Словак Республикасының Қоғамдық порттары" акционерлік қоғамын ұсынды.
Азаматтық авиация және жүк әуе тасымалдары саласындағы ынтымақтастық перспективаларына да ерекше назар аударылды. Сұхбаттасушылар Қазақстан мен Словакия арасында тұрақты тікелей жолаушылар рейстерін жолға қоюдың маңыздылығын, сондай-ақ заманауи инфрақұрылымы мен қолайлы географиялық орналасуына ие Астана және Алматы халықаралық әуежайларын Словакиядан Азия елдеріне ұшулар үшін транзиттік хабтар ретінде пайдалану әлеуетін атап өтті. Словакия тарапының пікірінше, тиісті екіжақты келісімді жедел түрде жасасу жолаушылар мен жүктерді әуе арқылы тасымалдауды жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасайды.
Йозеф Раж Словакия Үкіметінің Қазақстанмен ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделілігін растады және көлік логистиканы, сондай-ақ тікелей әуе қатынасын дамыту өзара сауданың кеңеюіне, іскерлік байланыстардың нығаюына, туристік ағындардың артуына және екі ел арасындағы гуманитарлық байланыстардың жандануына ықпал ететінін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Словакия арасындағы көлік-логистикалық өзара іс-қимылды кеңейту үшін қажетті күш-жігер жұмсауға дайын екендіктерін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.04.2026, 10:42 8731
Орынбор облысының іскер топтары Қазақстан өңірлерімен ынтымақтастықты жандандыруға мүдделі
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақов Орынбор облысына жұмыс сапары барысында "Орынбор облысының кәсіпкерлік-өнеркәсіптік палатасы" одағының президенті Наталья Струнцовамен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен Орынбор облысы арасындағы делегациялар алмасудың белсенді қарқынын, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың үдемелі дамуын атап өтті.
Бас консул елдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың іске асырылуы, 2026 жылы өткізілетін халықаралық форумдар туралы ақпарат берді. Орынбор облысы Қазақстанның негізгі серіктестерінің бірі және маңызды көлік торабы болып қала береді. Қазақстан сыртқы сауда айналымы көлемі бойынша 25%-дан астам үлеспен және өңірлік экспорт бойынша Орынбор облысы ынтымақтасатын барлық елдердің арасында жетекші орын алады. Бұл көрсеткіш үлкен іске асырылмаған әлеуетті көрсетеді. Бас консулдық Орынбор қаласында Қазақстан Республикасының Құрметті консулы кеңсесін ашуын жоспарлауда, бұл өңіраралық өзара іс-қимылды дамытуға ықпал етеді.
Өз кезегінде Наталья Струнцова серіктестік қатынастарды дамытуға өзара мүдделілік пен ынтымақтастық ауқымын кеңейту ниетін білдірді. 2025 жылы Қазақстан өңірлерінің Орынбор облысымен тауар айналымы 2024 жылмен салыстырғанда 11%-ға өсті және республика өңірдің шетелдік серіктесі ретінде 2-орынға ие болды. Негізгі экспорттық позициялар - отын-энергетика кешені өнімдері, азық-түлік тауарлары, қара металдар және бұйымдар, минералдық тауарлар, механикалық жабдықтар мен құрылғылар және т.б. Орынбор облысы білім беру саласында тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға мүдделі, мұнда Қазақстанның 4000-нан астам студенті білім алуда.
Сол күні Ерлан Ысқақов Орынбор облысының өнеркәсіптік, мәдени және әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.04.2026, 22:53 246
Қазақстан Ядролық қаруды таратпау туралы шартты қолдайды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
2026 жылғы 27 сәуірде Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) штаб-пәтерінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа (ЯҚТШ) қатысушы мемлекеттердің Шолу конференциясы өз жұмысын бастады. Бұл - ядролық қарусыздану және таратпау саласындағы ең маңызды халықаралық келісімдердің бірі, ал оның Шолу конференциясы қазіргі таңда халықаралық шиеленістің өсуі, өңірлік қақтығыстар және қару-жарақты бақылау жүйесінің әлсіреуімен сипатталатын аса күрделі жағдайда өтуде, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жалпы саяси пікірталас аясында ұлттық деңгейде сөз сөйлеген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Қазақстан Республикасының ЯҚТШ режимін нығайту және ядролық тәуекелдерді төмендетуге бағытталған практикалық әрі шынайы шараларды ілгерілету жолын дәйекті түрде қолдап келе жатқанын атап өтті. Қазақстанның ұстанымы оның тарихи тәжірибесіне негізделген: Семей ядролық сынақ полигонын жабу және ядролық арсеналдан өз еркімен бас тарту - бұл қадамдар халықаралық қауіпсіздік пен сенімді нығайтуға қосылған маңызды үлес болып қала береді. Осы тұрғыда делегация басшысы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ядролық державалар арасындағы диалогты қайта жандандыру жөніндегі бастамасының өзектілігін атап өтті.
Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ туралы шарттың (Семей шарты) төрағасы ретінде Қазақстанның жеке мәлімдемесінде аймаққа қатысушы мемлекеттердің жаһандық ядролық қарусыздану режимін нығайтуға қосқан үлесі атап өтілді. Шарттың Семей қаласында қол қойылғанына 20 жыл толуына орай, аймақ мемлекеттері аймақаралық ынтымақтастықты дамытуға және ядролық қарудан азат жаңа аймақтарды құруға шақырды.
Конференция аясында Қазақстан Республикасы делегациясының басшысы БҰҰ Бас хатшысының орынбасары - Қарусыздану мәселелері жөніндегі жоғарғы өкілі Изуми Накамицумен, сондай-ақ бірқатар шетелдік делегациялар басшыларымен халықаралық қауіпсіздік саласындағы өзекті күн тәртібін талқылау мақсатында кездесулер өткізді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров Конференцияның Екінші Бас комитетінің төрағасы функцияларын атқаруда. Аталған комитеттің мандатына таратпау мәселелері, өңірлік мәселелер және Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің кепілдіктері кіреді.
ЯҚТШ Шолу конференциясы халықаралық қауіпсіздік саласындағы негізгі іс-шаралардың бірі болып табылады, оның барысында қатысушы мемлекеттер Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуына шолу жасап, қазіргі жағдайларда режимді нығайтудың жолдарын талқылауды жалғастырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
29.04.2026, 13:35Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Чехия Премьер-министрі Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді 29.04.2026, 10:42 8221Орынбор облысының іскер топтары Қазақстан өңірлерімен ынтымақтастықты жандандыруға мүдделі29.04.2026, 15:15 1981Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді29.04.2026, 16:18 1796Президент Чехия Премьер-министрін І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады29.04.2026, 17:20 1581Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті
24.04.2026, 21:57 139176Қазақстан мен Германия "жасыл" стратегиялық серіктестікті нығайтуда: климат, су және орнықты даму27.04.2026, 11:09 107531Қазақстан мен БАӘ стратегиялық серіктестікті нығайтуға бейілділіктерін растады24.04.2026, 23:56 102856Қазақстан мен Латвия екіжақты қатынастарды тереңдетуге ұмтылысын растады24.04.2026, 23:47 99451Мәскеу мемлекеттік университетінде Қазақстанмен ынтымақтастық перспективалары талқыланды24.04.2026, 22:55 96976СІМ-де ЮНЕП делегациясының Қазақстанға сапарының қорытындылары талқыланды
10.04.2026, 23:02 726836Қазақстан-Польша Үкіметаралық комиссиясы аясында ынтымақтастық перспективалары қарастырылды13.04.2026, 21:35 473666Қазақстан СІМ-де Франция Сенаты делегациясымен кездесу өтті14.04.2026, 09:37 473566Латвия мен Қазақстан көлік және логистика салаларындағы екіжақты байланыстарды нығайтуды жалғастыруда13.04.2026, 19:54 Қазақстан CІМ басшысы мен ҰҚШҰ Бас хатшысы бұдан әрі болатын өзара іс-қимылдың мәселелерін талқылады473506Қазақстан CІМ басшысы мен ҰҚШҰ Бас хатшысы бұдан әрі болатын өзара іс-қимылдың мәселелерін талқылады10.04.2026, 22:00 462186Сеулде "Орталық Азия - Корея Республикасы" алғашқы саммитіне дайындық мәселелері талқыланды

