11.03.2026, 12:43 3486
Бельгиядағы Қазақстан жастары алдағы республикалық референдумды талқылады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Роман Василенко "QazSociety" қазақстандық қауымдастығының студенттерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында Елші белсенділерге азаматтық ұстанымы мен Бельгиядағы қазақстандық қауымдастықты дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Ол елдің қазіргі саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы, сыртқы саясаттағы басымдықтары, цифрландыру үрдісі және Еуропалық серіктестермен ынтымақтастық перспективалары туралы айтты.
Негізгі назар 15 наурызға белгіленген Қазақстан Конституциясының жаңа жобасы бойынша республикалық референдумға аударылды.
Қазақстан Конституциясының жаңа жобасы бойынша республикалық референдум елдің болашақ дамуы туралы қоғамдық диалогтың маңызды кезеңі болады. Ол азаматтарға өз пікірін тікелей білдіруге және ел дамуының негізгі бағыттарын талқылауға қатысуға мүмкіндік береді", - деді Роман Василенко.
Қатысушылар конституциялық реформаның егжей-тегжейіне, оның жүзеге асу механизмдеріне, сондай-ақ Қазақстанның саяси жүйесін дамыту және Еуропалық серіктестермен ынтымақтастықты нығайту перспективаларына қызығушылық көрсетті. Талқылау ашық форматта өтті, студенттер сұрақтар қойып, консулдық және құқықтық мәселелер бойынша түсініктемелер алды.
Бельгия және Люксембургте тұратын Қазақстан азаматтары 15 наурызда республикалық референдумға 07:00-ден 20:00-ге дейін Брюссельдегі Қазақстан Республикасының Елшілігіндегі №405 дауыс беру учаскесінде қатыса алады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
11.03.2026, 13:47 3271
Сеул қаласында Қазақстанның туристік мүмкіндіктері талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Сеул қаласында Қазақстанның туристік әлеуетін талқылауға арналған іс-шара өтті. Іс-шараға Корея Республикасының жетекші туристік операторлары қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында SCAT Airlines әуе компаниясы мен Қазақстанның туристік бағыттарына арналған презентациялар ұсынылды. Атап айтқанда, SCAT Airlines әуе компаниясының өкілі Андрей Цыганков Оңтүстік Кореяға рейстер санын кеңейту жоспарлары туралы айтып берді.
Іс-шараға қатысушыларға арнаған құттықтау сөзінде Қазақстанның Корея Республикасындағы Елшісі Нұрғали Арыстанов корейлік саяхатшылардың Қазақстанға деген қызығушылығының артып келе жатқанын атап өтіп, туризм, көлік және гуманитарлық байланыстар салаларында екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығын айтты.
Елші тарихи-мәдени мұрасы бай, бірегей табиғи ландшафттарға ие және қарқынды дамып келе жатқан экономикасы бар Қазақстан туристік және іскерлік сапарлар үшін барған сайын тартымды бағытқа айналып келе жатқанын атап өтті. Туристік алмасуларды дамытуда Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы тікелей әуе қатынасының кеңеюі ерекше рөл атқарады.
Қазіргі уақытта екі ел арасында қысқы маусымда аптасына 11 рейс, ал жазғы кезеңде аптасына 20 рейске дейін орындалады. Әуе қатынасы Алматы, Астана және Шымкент қалаларын Сеул және Пусан қалаларымен байланыстырып, шетелдік туристер үшін елдің көлік қолжетімділігін арттыруға және іскерлік байланыстардың дамуына ықпал етеді.
Іс-шара барысында Инчхон - Шымкент бағытындағы тікелей рейстің табысты жұмыс істеуіне ерекше назар аударылды. Қазіргі уақытта бұл рейс аптасына екі рет орындалып, жақын уақытта рейстер санын аптасына үшке дейін арттыру мүмкіндігі қарастырылуда.
Өзара туристік алмасудың оң динамикасы атап өтілді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға Корея Республикасынан шамамен 51 мың турист келген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 26%-ға көп. Өз кезегінде, шамамен 65 мың Қазақстан азаматы Корея Республикасына барып, бұл көрсеткіш 18%-ға артқанын көрсетеді.
Туристік ынтымақтастықтың одан әрі дамуы екі ел арасындағы белсенді саяси диалог аясында жүзеге асып жатқаны атап өтілді. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы қыркүйекте өтетін C5+K форматы саммитіне қатысу үшін Корея Республикасына жоспарланған сапарының маңыздылығы аталып өтті. Бұл сапар Қазақстан мен Корея арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға, оның ішінде экономикалық, гуманитарлық және туристік байланыстарды кеңейтуге айтарлықтай серпін береді деп күтілуде.
Сонымен қатар қатысушыларға 2026 жылғы 15 наурызда Қазақстанның жаңа Конституциясы бойынша өткізілетін алдағы референдум туралы ақпарат ұсынылды. Аталған бастама еліміздің саяси жүйесін елеулі жаңғыртуға бағытталған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.03.2026, 11:40 3696
Қазақстанның конституциялық реформасы және Чехиямен ғылыми-білім беру байланыстары CEVRO университетінде талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Чехиядағы Елшісі Қайрат Әбдірахмановтың Прага қаласындағы CEVRO университеті жанындағы Азия-Тынық мұхиты аймағын зерттеу орталығына (CAPS) сапары барысында қазақстан-чех қатынастарын ілгерілетудегі сарапшылар қауымдастығының рөлі талқыланды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Орталықтың Консультативтік кеңесінің төрағасы Ян Заградил мен атқарушы директоры Ян Железны өз мекемелерінің академиялық және білім беру салаларындағы қызметінің негізгі бағыттарын таныстырды. Бұл ретте Орталық Азияның саяси және экономикалық ерекшеліктерін зерттеуге деген қызығушылықтың артып келе жатқаны аталып өтті.
Осы орайда, чех талдаушылар қауымдастығы Қазақстанда іске асырылып жатқан ауқымды реформаларға, ең алдымен, жалпыхалықтық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасына ерекше мән беріп отыр.
Аталған реформалардың мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға, заң үстемдігі қағидатын нығайтуға, мемлекеттік институттардың ашықтығы мен есептілігін арттыруға, сондай-ақ әртараптандырылған әрі бәсекеге қабілетті экономиканы дамытуға бағытталғанына баса назар аударылды.
Орталықтың бейінін және оның зерттеулерінің ресми әрі іскер топтар арасындағы сұранысқа ие екенін ескере отырып, тараптар сараптамалық алмасуды кеңейтуге, сондай-ақ Қазақстан мен Чехияның талдау орталықтары мен академиялық қауымдастықтары арасындағы жұмыс байланыстарын дамытуға өзара мүдделілігін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.03.2026, 10:37 3921
Швейцария Астанада өтетін Аймақтық экологиялық саммитте озық инновацияларын ұсынатын болды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Цюрих қаласында 22-24 сәуірде Астанада өтетін Аймақтық экологиялық саммит қарсанында Каспий аймағында швейцариялық экологиялық технологияларды ілгерілету мүмкіндіктеріне арналған семинар өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Үкіметтік органдар, кәсіпорындар және сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысқан іс-шараны Қазақстанның Швейцариядағы Елішілігі және форумдағы швейцариялық павильонға жауапты "Swissenviro" компаниясы ұйымдастырды.
Қазақстанның Елшісі Қайрат Саржанов саяси және экономикалық реформалардың негізгі бағыттарымен таныстырып, экологиялық модернизация елдің стратегиялық бағытының бір бөлігі екенін атап өтті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылып, жаңа Су кодексі қабылданды және су басқару инфрақұрылымын жаңарту жобалары жүзеге асырылуда. Сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықтың маңызы, соның ішінде Швейцарияның "Blue Peace Central Asia" бастамасы мен халықаралық су ұйымын құру жөніндегі Қазақстанның бастамасы ерекше аталып өтті.
Дүниежүзілік банк тобы, Жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар халықаралық орталығы, Switzerland Global Enterprise, Swiss Export Risk Insurance, Leica Geosystems және Swissenviro өкілдері өңірдің жоғары өнеркәсіптік және энергетикалық әлеуеті мен инвестициялық тартымдылығына назар аударды. Қатысушылар бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және экологиялық инновацияларды ілгерілету және серіктестікті дамыту үшін маңызды халықаралық алаң болып табылатын форумға белсенді қатысуға өз қызығушылықтарын растады.
Швейцариялық компаниялар су тазалау, қалдықтарды басқару, энергия тиімділігі, декарбонизация, жаңартылатын энергия және тұрақты қалалық даму салаларында мол тәжірибеге ие. Ал Қазақстан инвесторларға ашық жұмыс жағдайларын, жаңартылатын энергия саласындағы аукциондық жүйені, салықтық жеңілдіктерді және инвестицияларды қорғау механизмдерін ұсынуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.03.2026, 09:33 4166
АЭХА Басқарушылар Кеңесі Қазақстанның егеменді теңдік қағидатын ілгерілетуге бағытталған күш-жігерін қолдады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің (АЭХА) Басқарушылар Кеңесі Қазақстан бастамасымен өзінің тұрақты сессиясы барысында мүше мемлекеттердің егеменді теңдігін қалпына келтіру мәселесін қарауды жалғастырды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстанның Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Мұхтар Тілеуберді өз сөзінде егеменді теңдік мәселесі Агенттік басқаруында барлық мүше мемлекеттердің әділ әрі инклюзивті қатысуын қамтамасыз ететін негізгі қағида болып қала беретінін атап өтті. Осы мәселенің маңыздылығын ескере отырып, Қазақстан 2022 жылдан бастап АЭХА Басқарушылар Кеңесі және Бас конференциясының күн тәртібіне бұл тармақты жүйелі түрде енгізуді бастады.
Қазақстан елшісі АЭХА-да егеменді теңдікті қалпына келтіру жөніндегі 2023 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан ұсынған қарардың қолдауымен Агенттік өңірлік топтарына кірмейтін мемлекеттердің саны 17-ден 12-ге қысқарғанын атап өтті. Атап айтқанда, 2023 жылдан бастап Бахрейн, Бруней-Даруссалам, Қазақстан, Камбоджа және Непал Таяу Шығыс пен Оңтүстік Азия, Қиыр Шығыс және Азия-Тынық мұхит өңірлік топтарына қосылды. Сонымен қатар, қалған 12 мемлекетті өңірлік топтарға қосу жұмысы жалғасуы қажет екенін ерекше тоқталды.
АЭХА мүше мемлекеттері Басқарушылар Кеңесінде егеменді теңдік мәселесін талқылау бастамасын тағы да көтергені үшін Қазақстанға алғыстарын білдіріп, елімізді Қиыр Шығыс тобына қосылғанымен құттықтады. Сонымен қатар, қатысушылар басқа өңірлік топтарды АЭХА Бас конференциясының қарары аясында жаңа мүшелерді қабылдауда барынша икемділік танытуға шақырды.
Талқылаулар барысында мүше-мемлекеттер Басқарушылар Кеңесінің құрамын АЭХА жарғысының 6-бабына өзгерістердің тезірек күшіне енуі арқылы кеңейтуді қолдайтындықтарын білдіріп, бұл Агенттік директивалық органында мүше мемлекеттердің географиялық теңдестірілген өкілдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін мәлімдеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.03.2026, 22:28 4381
Қазақстанның Руандадағы Елшісі Руанда Президентіне сенім грамоталарын табыс етті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Руандадағы Елшісі Барлыбай Садықов Руанда Президенті Поль Кагамеге сенім грамоталарын табыс етті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сенім грамоталарын тапсырудың салтанатты рәсімі барысында Қазақстан Елшісі Астананың екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға, оның ішінде сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы саяси диалог пен өзара іс-қимылды жандандыруға ерекше назар аударатынын мәлімдеді.
Кездесу барысында 2025 жылғы 27-29 мамырда Руанда Президенті Поль Кагаменің Қазақстанға жасаған ресми сапарының қорытындыларына ерекше назар аударылды. Елші осы сапар барысында қол жеткізілген уағдаластықтар екіжақты әріптестікті сапалы жаңа деңгейге шығару үшін берік негіз қалағанын атап өтті.
Өз кезегінде П.Кагаме Қазақстанды Руанданың маңызды әрі перспективалы серіктесі деп мәлімдеді және өзара қызығушылық тудыратын барлық салаларда, соның ішінде цифрландыру, тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және т.б. салаларда ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екенін білдірді. Ол Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен Астанадағы келіссөздерін жылы еске алып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға деген ұмтылысын растады.
Руанда Президенті Қазақ дипломатын ресми түрде қызметке кірісуімен құттықтап, Қазақстан мен Руанда арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайту ісіне табыс тіледі. Сондай-ақ, Руанда басшысы Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевқа Қазақстанға сапары барысында қол жеткізілген келісімдерді іске асыруға бейілділігі үшін алғысын білдіріп, Қазақстан басшылығы мен халқына жылы лебіздерін жеткізді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.03.2026, 21:25 4911
Түркия сарапшылары жаңа Конституция жобасына жоғары баға берді
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Анкарада сарапшылар Қазақстандағы конституциялық реформаны талқылады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Давос форматында өткен жиынға Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Еркебұлан Сәпиев, Гаспыралы атындағы Сыртқы саяси зерттеу институтының басшысы профессор Эсма Өздашлы, Ақтеңіз университетінің профессоры Хайри Кесер, Түрік Құқық институты директорының орынбасары, заңгер Бетулай Химоғлу, Ахмет Джевад атындағы түркі әлемі зерттеу институтының басшысы профессор Рухи Ерсой, Анкара Қажы Байрам Вели университетінің профессорлары Жемиле Кынажы Баран, Левент Ерсин Ораллы және Кадир Ертач Челик қатысты.
Профессор Р. Ерсой Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президенттікке сайлануынан кейін Қазақстанда жан-жақты реформалар басталғанын атап өтіп, олардың нәтижесі қазіргі конституциялық реформаға әкелгеніне назар аударды.
Конституциялық құқық сарапшысы профессор Х. Кесер өз сөзінде конституция ұғымының тарихына тоқталып, әртүрлі елдердегі реформалар жөнінде мағлұмат берді. Осы ретте ол Қазақстанның жаңа Конституция жобасының кіріспесінде мемлекеттілік, татулық, мәдениет пен білім, ғылым мен инновация құндылықтарына ерекше назар аудару арқылы "жаңашылдық" әкелгенін жеткізді.
Б. Химоғлу Конституцияның 84%-ға өзгергенін, адам құқықтары және отбасы құндылықтары жөніндегі баптардың күшейгенін байқағанын айтты.
Л. Е. Ораллы елдің ұлттық құндылықтары - тіл, мәдениет және отбасы мәселелерінің конституциялық тұрғыдан бекітілуі Қазақстанның жаңа бір дәуірге қадам басқанының белгісі екенін білдірді.
Дж. К. Баран, К. Е. Челик және Э. Өздашлы "Жеті Жарғы" секілді тарихи заңдар арқылы қазақ халқының Ата Заңға үлкен мән беретініне назар аударды. Сонымен қатар, жаңа жобада Қазақстан билігінің қоршаған ортаға және адам құқықтарына ерекше мән беруі елдегі демократияның жоғары деңгейінің дәлелі екенін жеткізді.
Жалпы сарапшылар жаңа Конституция жобасына жоғары баға беріп, қазіргі күрделі заманда Қазақстанның жаңа Конституция қабылдауға ұмтылуын өте батыл қадам деп бағалады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.03.2026, 20:20 5131
Минскіде Қазақстандағы конституциялық реформалар және ақпараттық саладағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі Тимур Жақсылықов Беларусь Республикасының Ақпарат министрі Марат Марковпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тараптар екі елдің саяси диалогының жоғары деңгейін, сондай-ақ табысты дамып келе жатқан сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды ескере отырып, оны кеңейту қажеттігін атап өтті. Ақпараттық саладағы қазақ-белорус ынтымақтастығының ағымдағы жай-күйі мен перспективаларын талқылады.
Т.Жақсылықов Министрді ағымдағы жылдың 15 наурызында еліміздің жаңа Конституциясының жобасы бойынша Қазақстанда өтетін республикалық референдум туралы хабардар етті.
Ата заң жобасының негізгі новеллалары мен негізгі ережелерін таныстыра отырып, қазақ дипломаты ұсынылған конституциялық реформа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың дәйекті саяси қайта құруларының қисынды жалғасы болып табылатынын атап өтті.
Өз тарапынан М.Марков Қазақстанда табысты іске асырылып жатқан саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени реформаларды атап өтті, бұл елдің тұрақты және серпінді дамуын қамтамасыз етеді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ақпараттық саладағы тығыз өзара іс-қимылды жандандыруға дайын екендіктерін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.03.2026, 19:17 3486
Қазақстан мен Эфиопия ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастыққа дайын
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі Жалғас Әділбаев Эфиопияның Инновациялар және технологиялар министрі Белете Молла Гетахунмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Әңгімелесу барысында тараптар инновация, цифрлық трансформация, сондай-ақ жасанды интеллектіні енгізу саласындағы екіжақты іс-қимылдың кең ауқымды мәселелерін талқылап, екі елдің осы саладағы мақсат-міндеттерінің ұқсас екендігін атап өтті.
Кездесудің басында қазақ дипломат Министрді Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесіндегі ауқымды реформалар туралы хабардар етіп, 2026 жылғы 15 наурызда ел Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша жалпыұлттық Референдум өтетіні туралы мәлімдеді.
Сонымен қатар Ж.Әділбаев Эфиопияның цифрландыру динамикасына жоғары баға беріп, қазақстандық цифрлық даму бағдарламасы мен эфиопиялық "Digital Ethiopia" стратегиясының үндестігін атап өтті. Пікір алмасу барысында тараптар Эфиопия үкіметінің 2025 жылдың соңында ұсынған "Digital Ethiopia 2030" жаңа стратегиялық бағдарламасын іске асыру жоспарлары туралы бөлісті.
Министр қазақ дипломатты Эфиопияның цифрлық технологияларды дамытудағы мақсаттары мен міндеттері туралы хабардар етіп, осы салада ауқымды тәжірибесі бар Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға ықтиярын білдірді.
Қазақстан Елшісі өз кезегінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанда цифрлық технологиялар экожүйесін дамытуға және мемлекеттік қызметте жасанды интеллектіні қолдануға ерекше көңіл бөліп отырғанын жеткізді. Сонымен қатар, ол Мемлекет басшысының жарлығымен 2026 жыл Қазақстанда Жасанды интеллект және цифрлық технологиялар жылы болып жарияланғанын хабарлады.
Сұхбат аясында тараптар Астана мен Аддис-Абеба арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамыту мақсатында Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюға, сарапшылар деңгейінде консультациялар өткізуге және ресми делегациялардың өзара сапарларын ұйымдастыру бойынша ортақ мақсатқа сай мүдделілерін растады.
Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Эфиопияның жинақтаған тәжірибесі мен технологиялық әлеуеті екі елдің цифрлық трансформациядағы өңірлік көшбасшылығын нығайтуға қуатты серпін беретініне сенім білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
05.03.2026, 19:00Ереванда қазақ-армян гуманитарлық ынтымақтастығын нығайту мәселесі талқыланды 05.03.2026, 18:58 41306Словениядағы қазақстандық қауымдастықпен кездесуде Конституциялық реформа талқыланды06.03.2026, 10:37 39226UPD: Қазақстан азаматтарын шиеленіс аймағынан эвакуациялауды ұйымдастыруда06.03.2026, 20:25 38916Қазақстан СІМ-де Халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты жиын өтті06.03.2026, 21:28 38896Қазақстан мен Түркия Сыртқы істер министрлері өңірдегі жағдайды талқылады
04.03.2026, 10:54 237716Босния және Герцеговина Елшісі сенім грамотасының көшірмесін табыстады26.02.2026, 22:48 229901Қазақстан Сыртқы істер министрі "Орталық Азия - Ұлыбритания" форматындағы сыртқы саяси ведомстволар басшыларының кездесуіне қатысты26.02.2026, 23:25 229381Қазақстан мен Ұлыбритания басым салаларда экономикалық серіктестікті тереңдетуде26.02.2026, 17:47 229376Загребте жаңа Конституция жобасы таныстырылды26.02.2026, 18:49 229336Қазақстан БҰҰ Туризм ұйымымен бірге өңірлік туристік хаб ретіндегі рөлін нығайтуда

