29.12.2025, 18:04 1711

Болгарияның жаңадан тағайындалған Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті

Болгарияның жаңадан тағайындалған Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті
Сурет: gov.kz
ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Болгария Республикасының жаңадан тағайындалған Елшісі Георги Воденскиден сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында тараптар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-болгар серіктестігінің қазіргі жай-күйі мен оны нығайту перспективаларын талқылады.

Сұхбаттастар Болгария Республикасының Президенті Румен Радевтің Астанаға өткен ресми сапары (2025 жылғы 8-9 маусым) және Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның 5-ші отырысы (София қ., 2025 жылғы 19-20 мамыр) аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысына ерекше назар аударды.

Сонымен қатар дипломаттар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Кездесу соңында Ә.Бақаев Елшіге Қазақстандағы дипломатиялық миссиясына табыс тіледі. Өз кезегінде Болгария Елшісі көрсетілген ізетке алғысын білдіріп, Астана мен София арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға бар күш-жігерін салатынына сенім білдірді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны