27.03.2026, 17:44 1161
Братиславада Қазақстан мен Словакия арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Жанна Сағынова Словак Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік хатшысы Владимир Внукпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Келіссөздер барысында тараптар аграрлық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін, соның ішінде мал шаруашылығы, тұқым шаруашылығы және орман шаруашылығын талқылады. Сондай-ақ Словакиядан асыл тұқымды мал сатып алу, Қазақстанның Словакия нарығына жеткізілетін экспорттық агроөнім түрлерін кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Орман шаруашылығы саласындағы өзара түсіністік туралы бірлескен Меморандумды іске асырудың маңыздылығы, сондай-ақ сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссия аясында жұмыс істейтін бейінді жұмыс тобының қызметі атап өтілді. 2025 жылғы ақпанда өткен жұмыс тобының онлайн-кездесуінің қорытындылары бойынша қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру мақсатында дипломат Қазақстанның орман шаруашылығы мамандары үшін Словакия Республикасының мамандандырылған оқу орындары базасында тағылымдамалар ұйымдастыру мүмкіндігін, сондай-ақ ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы комитеті мен Словакияның Ұлттық орман орталығы арасындағы өзара іс-қимылды дамыту мәселесін қарастыруды ұсынды.
Биотехнологиялар, топырақтану, өсімдік селекциясы мен генетикасы, мал шаруашылығы және ветеринария салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларына ерекше назар аударылды. Елші Қазақстанның Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының қызметімен таныстырып, аталған орталық пен Словакияның Ұлттық ауыл шаруашылығы және азық-түлік орталығы, сондай-ақ Братиславадағы Орталық бақылау және сынақ ауыл шаруашылығы институты арасындағы ынтымақтастықты жолға қоюды ұсынды.
ЮНЕСКО-ның саятшылық өнерін Қазақстан мен Словакияның материалдық емес мәдени мұрасы ретінде тануы екіжақты ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашатыны атап өтілді. Дипломаттың пікірінше, Словакияда сұңқаршылықты кәсіби оқытумен айналысатын орман мектептері желісінің болуы қазақ құсбегілерін даярлау үшін қосымша мүмкіндіктер береді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделілігін растады және талқыланған барлық бағыттар бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға келісті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
28.03.2026, 20:46 131
Камерун астанасында Қазақстанның негізгі реформалары таныстырылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Камерун Республикасының Яунде қаласында өтетін Дүниежүзілік сауда ұйымының 14-ші Министрлік конференциясы (МК-14) қарсаңында Қазақстан Республикасының ДСҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Төребаев ДСҰ-ға қосылу мәселелері бойынша 14-ші Қытай дөңгелек үстеліне спикер ретінде қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Дөңгелек үстелге ДСҰ-ға қосылу процесінің әртүрлі кезеңдеріндегі елдер, ДСҰ мүшелері және халықаралық серіктестер қатысып, қосылу, экономикалық реформалар жүргізу және жаһандық сауда жүйесіне интеграция мәселелері бойынша тәжірибе алмасты.
Қазақстанның Тұрақты өкілі ДСҰ-ға қосылу процесі жоғары деңгейдегі институционалдық дайындықты және мемлекеттік саясаттың үйлесімділігін талап ететінін атап өтті. Қосылудың табысты болуы мемлекеттік органдар арасындағы тиімді үйлестіруге, ұлттық басымдықтарды нақты айқындауға және бизнес-қоғамдастықпен белсенді өзара іс-қимылға байланысты екені айтылды.
Қазақстан тәжірибесіне сүйене отырып, реформаларды кезең-кезеңімен және теңгерімді түрде жүргізу неғұрлым болжамды әрі тұрақты сауда ортасын қалыптастыруға ықпал ететіні аталып өтті. Қазақстан 2015 жылы ДСҰ-ға қосылғаннан бері елдің сыртқы сауда айналымы екі есеге жуық өсіп, 140 млрд. АҚШ долларынан асты, ал тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 200 млрд. АҚШ долларынан асып, оның ішінде шикізаттық емес секторларға бағытталған инвестициялар да бар.
Сөз барысында ДСҰ қызметіне толыққанды қатысуға көшу қажеттілігі атап өтілді, оның ішінде комитеттер жұмысына қатысу, келіссөздерге қатысу және ұйым құралдарын тұрақты негізде пайдалану мәселелері қамтылды.
Сонымен қатар, Орталық Азия өңіріндегі қосылу процестері өңірлік экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететіні, бұл теңізге шығу мүмкіндігі жоқ елдер үшін ерекше маңызға ие екені атап өтілді.
Іс-шара қатысушылары ДСҰ-ға қосылуға деген қызығушылықтың әртүрлі өңірлерде, оның ішінде Африкада жоғары деңгейде сақталып отырғанын атап өтті, бұл көпжақты сауда жүйесіне экономикалық интеграция мен реформаларды жүргізудің тиімді алаңы ретінде деген сенімнің сақталып отырғанын көрсетеді.
Қазақстан ДСҰ-ға қосылу процесінің барлық кезеңдерінде елдермен практикалық тәжірибе алмасуға және қолдау көрсетуге дайын екенін растады.
ДСҰ-ның 14-ші Министрлік конференциясының ресми ашылуы 2026 жылғы 26 наурызда Яунде қаласында өтеді және төрт күнге созылып, 2026 жылғы 29 наурызға дейін жалғасады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.03.2026, 19:44 186
Берлин қазақстандық қызғалдақтарды достық пен көктемгі жаңарудың символы ретінде қабылдады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Берлинде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Германияның Федералдық азық-түлік және ауыл шаруашылығы министрлігіне табыстаған қызғалдақтарды отырғызу рәсімі өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараға Қазақстанның Германиядағы Елшісі Нұрлан Онжанов пен Германияның Федералдық азық-түлік және ауыл шаруашылығы министрлігінің Статс-хатшысы Маркус Шик қатысты.
Өз сөзінде Статс-хатшы Еуропада көктемнің танымал символдарының біріне айналған қызғалдақтардың тарихи отаны қазіргі Қазақстан аумағы екенін атап өтті. Ол Қазақстан үкіметіне алғыс білдіріп, мұндай бастамалардың сенімді нығайтып, екіжақты ынтымақтастықтың дамуына ықпал ететінін жеткізді.
Қазақстанның Германиядағы дипломатиялық миссиясының басшысы Н.Онжанов Наурыз мерекесі күндері өткізіліп отырған бұл рәсімнің ерекше мәнге ие екенін, оның жаңару, үйлесім және халықтар достығы идеяларын бейнелейтінін атап өтті.
Ресми бөлімнен кейін дәстүрлі қазақ музыкасы шырқалып, көктемгі мерекелік көңіл күй мен мәдени жақындастық атмосферасын қалыптастырды.
Рәсімнің шарықтау шегі ретінде гүл пиязшықтарын бірлесіп отырғызу өтті. Бұл әрекет серіктестік, бірлік және екі елдің жарқын болашаққа деген ұмтылысын білдіреді.
Отырғызылған қызғалдақтар Қазақстан мен Германия арасындағы достықтың жарқын символына айналып, Наурыз мерекесінің негізінде жатқан жаңару, өзара құрмет және ынтымақтастық құндылықтарын айқындай түсті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.03.2026, 18:42 1266
Қатарда казақстандық еріктілердің эвакуациялық шараларға қосқан үлесі аталып өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Катар Мемлекетіндегі Елшілігі өңірдегі төтенше жағдай кезінде эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастыруға үлес қосқан Қатарда тұратын қазақстандық еріктілермен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Елшісі Арман Исағалиев еріктілердің жоғары жауапкершілігі мен қиын жағдайларда үйлесімді әрекет ету қабілетін ерекше атап өтті.
Елші өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың: "Ерікті болу - игі істер жасау, жақсылық істеп, басқаға үлгі көрсету, Отаныңа адал қызмет ету, туған жеріңе жанашыр болу" деген сөздерін келтіріп, бұл қағидаттардың аталған жағдайда толық көрініс тапқанын жеткізді.
Сонымен қатар, еріктілердің қызметі шынайы патриотизм мен азаматтық бірліктің жарқын үлгісі екені айтылды. Қиын әрі қауіпті кезеңге қарамастан, қазақстандық еріктілер Елшілікпен бірге үйлесімді түрде ұйымшылдық, батылдық пен жанашырлық танытып, Қазақстан азаматтарына, оның ішінде балаларға, әйелдерге және мүгедектігі бар тұлғаларға жан-жақты көмек көрсетті.
Жалпы, Катардағы қазақстандық еріктілер эвакуацияның барлық кезеңдері барысында Елшіліктің ұйымдастыру жұмыстарына елеулі үлес қосты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.03.2026, 17:39 176
Жапония Парламентінің Спикері Қазақстанның жаңа Конституциясымен таныстырылды
Достарға айту
Қазақстанның Жапониядағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Жапония Парламенті Өкілдер палатасының Спикері Эйсуке Моримен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Е.Баударбек-Қожатаев жапон саясаткерін ағымдағы жылғы
1 шілдеде күшіне енетін Қазақстан жаңа Конституциясының негізгі ережелері туралы хабардар етіп, республикалық референдум қорытындысы жаңартылған конституциялық қағидаттар мен құндылықтардың қоғамдық қолдауының жоғары деңгейін көрсеткенін атап өтті. Сұхбаттасушыға азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуын кеңейтуге және барлық этностар мен қоғамдық топтардың өкілдігін қамтамасыз етуге бағытталған жаңа қоғамдық-саяси институттардың - "Құрылтай" мен "Халық Кеңесі" функциялары түсіндірілді.
Өз кезегінде Э.Мори Қазақстанды "дана ел" деп атап, мемлекеттегі саяси өзгерістерді және Астананың халықаралық бастамаларын жоғары бағалады. Спикер жаңа Конституцияның қабылдануы елдің одан әрі дамуы үшін маңызды жетістік болып табылатынын мәлімдеп, Қазақстанмен тығыз парламентаралық байланыстарды жалғастыруға мүдделілігін білдірді. Ол республиканың елеулі экономикалық әлеуетін және Қазақстан мен Жапония арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын да атап өтті.
Сонымен бірге, тараптар парламентаралық диалогты, соның ішінде Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасы желісі бойынша, одан әрі нығайтудың қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.03.2026, 23:13 426
Қатар Парламенті Қазақстандағы референдум қорытындыларын жоғары бағалады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Елшісі Арман Исағалиев Қатар Мемлекетінің Консультативтік кеңесінің Төрағасы Хасан бен Абдулла Әл-Ғаниммен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен Қатар арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі жай-күйін талқылап, оны одан әрі нығайтудың басым бағыттарын айқындады. Парламентаралық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қазақ дипломаты жаңа Конституция жобасы бойынша өткізілген референдумның қорытындылары туралы ақпарат беріп, елдің институционалдық дамуы мен мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудегі маңызын атап өтті.
Өз кезегінде қатарлық тарап референдум нәтижелері қоғамның жүргізіліп жатқан реформаларға кең қолдауын айқын көрсететінін атап өтіп, жаңартылған конституциялық модель мемлекеттің орнықты дамуы мен институттарының тиімділігін арттыруға берік негіз болатынына сенім білдірді.
Сонымен қатар, тараптар жоғары деңгейдегі өзара сапарлар қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға өзара мүдделілігін растады.
Осы орайда, екі ел халықтары арасындағы өзара құрмет пен қолдауға негізделген дәстүрлі достық қатынастардың мазмұны жаңа серпінмен толығып, одан әрі нығыйып келе жатқанын атап өтті.
Кездесу соңында өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, бейбітшілік пен тұрақтылықтың негізгі алғышарты ретінде қайшылықтарды тек саяси-дипломатиялық жолмен шешудің маңыздылығы айтылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.03.2026, 22:06 246
Мажарстан Ұлттық банкінің Төрағасы Қазақстанның мемлекеттік даму және экономикалық реформаларын жоғары бағалайды
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Мажарстан Ұлттық банкінің Төрағасы Михай Варгамен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар қазақстан-мажар ынтымақтастығының ағымдағы жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Экономикалық өзара іс-қимыл мәселелеріне, оның ішінде орталық банктер желісі бойынша ынтымақтастыққа, сондай-ақ екіжақты инвестициялық байланыстарды дамытуға ерекше назар аударылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан Елшісі екі ел арасындағы серіктестіктің тұрақты серпінін атап өтіп, банк саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге, оның ішінде мажар қаржы институттарын Қазақстандағы жобаларды іске асыруға тартуға мүдделілік білдірді. Сонымен қатар, дипломат Қазақстанда өткен референдум туралы және оның Қазақстан Республикасының демократиялық дамуын одан әрі нығайтудағы маңызы жөнінде ақпарат берді.
Өз кезегінде, Ұлттық банк Төрағасы референдум нәтижелерін және Қазақстан Республикасының демократияны дамытудағы жетістіктерін жоғары бағалады. Сондай-ақ ол Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен және қаржылық реттеушілермен ақша-кредит саясаты саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайына оң баға беріп, кәсіби диалогты тереңдетуге және қаржылық тұрақтылық пен тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге бағытталған озық тәжірибелермен алмасуға дайын екенін білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі елдің бейінді ведомстволары арасында тұрақты байланыстарды қолдауға және өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделілігін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.03.2026, 21:48 461
Хельсинкиде Қазақстанның жаңа Конституциясына қатысты референдумның қорытындылары талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Хельсинкидегі Қазақстанның Елшілігінде Финляндияның Журналистер қауымдастығының өкілдері мен сарапшылардың қатысуымен брифинг өтті. Іс-шара Қазақстандағы маңызды оқиғалар туралы өзекті ақпаратпен алмасу және медиа саласындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ екіжақты қатынастарды нығайту алаңына айналды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Брифинг барысында Қазақстанның Елшісі Азамат Әбдіраимов қатысушыларды Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі референдумның қорытындыларымен таныстырып, Орталық сайлау комиссиясы жариялаған мәліметтерді ұсынды.
Қазақстандық дипломат аталған нәтижелер Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың күш-жігеріне берілген тиісті баға және жүргізіп отырған саясатына сенімнің айқын көрінісі екенін атап өтті. Оның айтуынша, жаңа Конституцияның қабылдануы - ел үшін аса маңызды әрі тарихи оқиға, ол мемлекеттік институттарды дамытуға және қоғамның құқықтық негізін күшейтуге жаңа мүмкіндіктер ашады.
Сонымен қатар, Қазақстан мен Финляндия арасындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша 2025 жылғы атқарылған жұмыстардың нәтижелері талқыланды. Тараптар саяси, экономикалық және мәдени салалардағы жетістіктерге тоқталып, екіжақты қарым-қатынастардың оң қарқынын атап өтті. Қатысушылар сондай-ақ өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту мүмкіндіктерін талқылап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.03.2026, 20:50 696
Алматыда өткен бизнес-форумда Қазақстан мен Үндістанның фармацевтика саласындағы ынтымақтастық әлеуеті талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров "Kazakhstan-India Pharma Business Meeting" бизнес-форумына қатысты. Аталған іс-шараның мақсаты - Қазақстан мен Үндістан арасындағы фармацевтика саласындағы ынтымақтастықты дамыту және тереңдету, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Аталған форумға жетекші фармацевтикалық компаниялар мен ұйымдардың өкілдері, соның ішінде "Acies Pharmaceutical Pvt. Ltd.", "Abaris Healthcare Pvt. Ltd.", "Akriti Pharmaceuticals Pvt Ltd.", "AMTEC Health Care Pvt Ltd." қатысты. Бұл екі елдің бизнес қауымдастықтарының Қазақстан мен Үндістан арасындағы жан-жақты экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға өзара қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда 12 мыңнан астам үндістандық студент білім алуда, олардың көпшілігі медициналық университеттерде оқиды. Бұл қазақстандық білім беру жүйесіне деген сенімнің жоғары деңгейін көрсетеді және денсаулық сақтау мен медициналық зерттеулер саласындағы болашақ байланыстар үшін берік негіз қалайды. Мұның айқын мысалы - жақында үнділік MSN Group-тың Алматы облысында толық циклді фармацевтикалық зауыт салу бойынша инвестициялық жобасы", - Ә. Қуантыров деп атап өтті.
Өз кезегінде Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды фармацевтика саласының даму қарқынына, атап айтқанда, қалада заманауи салалық кластерлердің қалыптасуына, ғылыми орталықтардың ашылуына және дәрілік заттарды өндіру жобаларының іске қосылуына қанағаттанушылық білдірді.
Қазақстандағы Үндістан Елшісі Я.К. Сайлас Тангал бизнес-форумды өткізудің маңыздылығын және екі ел арасындағы ұзақ мерзімді экономикалық қатынастарды дамыту мүмкіндіктерін атап өтті.
Іс-шара аясында "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ тарапынан Қазақстанның инвестициялық және фармацевтикалық әлеуеті таныстырылды. Таныстырылым барысында үндістандық кәсіпкерлерге еліміздің аумағында дәрілік заттар мен медициналық жабдықтар өндірісін жерсіндіруге белсенді қатысу ұсынылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
30.03.2026, 09:13Бауыржан Артықов лауазымынан босатылды 30.03.2026, 10:04 3521Олжас Бектенов Халықаралық Аралды құтқару қорының басқарма мүшелерімен кездесті30.03.2026, 12:00 2791Қазақстанның Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығының Усть-Лугадағы вахтолық лагеріндегі жағдайға түсініктеме30.03.2026, 13:15 2056Алматы облысында жанжал барысында оқ атылды30.03.2026, 14:14 1491Жалған ақпарат пен діни арандатуға қатысты қатаң шаралар қабылданады - прокуратура
26.03.2026, 19:28 172176Болгарияның ең көне университетінде Наурыз мерекесі аталып өтті26.03.2026, 20:42 172106Сан-Франциско қаласында Наурыз мерекесі аталып өтті26.03.2026, 21:44 172096Сеулде Наурыз мерекесіне арналған кітаптың тұсаукесері өтті26.03.2026, 22:47 172046Баку Наурыз мерекесін қазақы үлгіде кең көлемде атап өтті27.03.2026, 09:58 170716Қазақстан мен Иран СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі өтті
04.03.2026, 10:54 239231Босния және Герцеговина Елшісі сенім грамотасының көшірмесін табыстады17.03.2026, 17:12 223266Жұмысшы мамандықтар қызметіндегі жасанды интеллект16.03.2026, 10:44 223186Мемлекет басшысы референдумға белсене қатысқан жастармен әңгімелесті16.03.2026, 19:22 223041Балалар спортын қаржыландыру көлемі екі есеге жуық артады17.03.2026, 13:32 222781Қазақстан туризмді қолдауды күшейтеді: жаңа заң сала мен туристер үшін нені өзгертеді

