21.03.2026, 12:34 1076

ЕҚЫҰ-да Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі референдумның қорытындылары хабардар етілді

ЕҚЫҰ-да Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі референдумның қорытындылары хабардар етілді
Сурет: gov.kz
ЕҚЫҰ ДИАҚБ директоры Мария Телалианның жыл сайынғы баяндамасы барысында Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілдігі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) мен қатысушы мемлекеттердің өкілдерін ү.ж. 15 наурызда өткен Республикалық референдумның қорытындылары туралы хабардар етті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Қазақстанның Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, референдумға 9 миллионнан астам азамат қатысып, елдің жаңа Ата Заңын қабылдауды дауыс беруге қатысушылардың 87,15 пайызы қолдағаны атап өтілді. Осылайша, референдум өтті деп танылды, ал жаңа Конституция - Қазақстан халқының еркін ерік білдіруі нәтижесінде қабылданды.

Дауыс беру қорытындылары конституциялық реформаны кеңінен қоғамдық қолдауды айғақтайтыны және елде демократиялық процестің табысты жүргізілгенін растайтыны атап өтілді. Жаңа, шынымен халықтық Конституция ресми түрде 2026 жылдың 1 шілдесінде күшіне енеді.

Сөз барысында жаңа Конституцияның ережелерін іске асыру ұлттық заңнаманы ауқымды жаңартудың негізі болатыны баяндалды. Алдағы кезеңде Парламентке Президент институтын, Құрылтайды, Халық кеңесін, сондай-ақ елорда мәртебесін және елдің әкімшілік-аумақтық құрылымын реттейтін актілерді қоса алғанда, бес жаңа конституциялық заң енгізу жоспарлануда.

Сонымен қатар, тағы сегіз Конституциялық заң мен 60-тан астам нормативтік құқықтық актілерді, соның ішінде негізгі кодекстерді жүйелі түрде қайта қарау қажет болады. Аталған заңнамалық үдеріс алдағы парламенттік сайлаумен үндестірілетін болады, оны өткізу ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін көзделеді.

Референдумді халықаралық бағалауға ерекше назар аударылды. ТМД, ТМД ПАА, ШЫҰ, Түркі мемлекеттері ұйымының, ТүркПА, ҰҚШҰ ПА, ИЫҰ және АӨСШК халықаралық байқаушылары дауыс берудің ашық және транспарентті сипатын, азаматтардың кеңінен қатысуын, процестің барлық қатысушыларының құқықтарын сақтауды және еркін, саналы және тәуелсіз таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуді бірауыздан атап өтті.

Осыған байланысты референдум Қазақстанның ұлттық заңнамасына және сайлау саласындағы халықаралық міндеттемелеріне сәйкес деп танылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны