23.02.2026, 23:22 6446

Иорданияда Қазақстандағы конституциялық реформалар талқыланды

Қазақстанның Иорданиядағы Елшісі Талғат Шалданбай Иордания Тәуелсіз сайлау комиссиясының төрағасы Мұса Маайтамен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін, оның ішінде сайлау үдерістерін ұйымдастыру және өткізу бойынша тәжірибе алмасуды, сондай-ақ Иордания Тәуелсіз сайлау комиссиясынан бақылаушылардың Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау бойынша биыл 15 наурызда өтетін Республикалық референдумға қатысуын талқылады.

Елші иордан тарапына саяси жүйені жаңғыртуға және өкілді институттардың рөлін күшейтуге бағытталған Қазақстандағы реформалар туралы толық ақпарат беріп, Конституция жобасы қоғамның түрлі топтарының өкілдерінен келіп түскен ұсыныстар мен бастамалар негізінде дайындалғанын атап өтті.

М.Маайта Қазақстанда жүргізіліп жатқан конституциялық реформаларға қызығушылық танытты және иордан тарапынан бақылаушылар жіберуге дайын екендігін растады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар саяси диалог пен бірлескен практикалық жұмыстағы оң динамика бар екеніне назар аударды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны