27.03.2026, 14:36 1816
Измирде қазақстандық студенттер Наурыз мейрамын атап өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Измир қаласындағы Орталық паркте түркі халықтарының жаңа жылы Наурыз мерекесіне арналған "Bahar" халықаралық көктем фестивалі өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шара Измир қаласының әкімдігі мен Қазақстан Республикасының Бас консулдығының бірлескен ұйымдастыруымен өткізілді. Фестивальге Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген студенттер мен Измир қаласының тұрғындары қатысты. Фестиваль түркі халықтары өкілдері арасындағы байланыстарды нығайтуға және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты ілгерілетуге арналған маңызды алаңға айналды.
Қазақстандық павильон домбыраның әуенімен және "Izmir Qazaq Jastary" студенттік бірлестігінің белсенділері дайындаған дәстүрлі ұлттық тағамдарымен қонақтардың ерекше назарын аударды.
Bahar" фестивалінің өткізілуі мәдени байланыстарды одан әрі нығайтуға, қоғамдық дипломатияны дамытуға және Қазақстан Республикасының ұлттық дәстүрлерін шетелде ілгерілетуге ықпал етті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
27.03.2026, 23:13 1711
Қатар Парламенті Қазақстандағы референдум қорытындыларын жоғары бағалады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Елшісі Арман Исағалиев Қатар Мемлекетінің Консультативтік кеңесінің Төрағасы Хасан бен Абдулла Әл-Ғаниммен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен Қатар арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі жай-күйін талқылап, оны одан әрі нығайтудың басым бағыттарын айқындады. Парламентаралық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қазақ дипломаты жаңа Конституция жобасы бойынша өткізілген референдумның қорытындылары туралы ақпарат беріп, елдің институционалдық дамуы мен мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудегі маңызын атап өтті.
Өз кезегінде қатарлық тарап референдум нәтижелері қоғамның жүргізіліп жатқан реформаларға кең қолдауын айқын көрсететінін атап өтіп, жаңартылған конституциялық модель мемлекеттің орнықты дамуы мен институттарының тиімділігін арттыруға берік негіз болатынына сенім білдірді.
Сонымен қатар, тараптар жоғары деңгейдегі өзара сапарлар қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға өзара мүдделілігін растады.
Осы орайда, екі ел халықтары арасындағы өзара құрмет пен қолдауға негізделген дәстүрлі достық қатынастардың мазмұны жаңа серпінмен толығып, одан әрі нығыйып келе жатқанын атап өтті.
Кездесу соңында өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, бейбітшілік пен тұрақтылықтың негізгі алғышарты ретінде қайшылықтарды тек саяси-дипломатиялық жолмен шешудің маңыздылығы айтылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.03.2026, 22:06 691
Мажарстан Ұлттық банкінің Төрағасы Қазақстанның мемлекеттік даму және экономикалық реформаларын жоғары бағалайды
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Мажарстан Ұлттық банкінің Төрағасы Михай Варгамен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар қазақстан-мажар ынтымақтастығының ағымдағы жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Экономикалық өзара іс-қимыл мәселелеріне, оның ішінде орталық банктер желісі бойынша ынтымақтастыққа, сондай-ақ екіжақты инвестициялық байланыстарды дамытуға ерекше назар аударылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан Елшісі екі ел арасындағы серіктестіктің тұрақты серпінін атап өтіп, банк саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге, оның ішінде мажар қаржы институттарын Қазақстандағы жобаларды іске асыруға тартуға мүдделілік білдірді. Сонымен қатар, дипломат Қазақстанда өткен референдум туралы және оның Қазақстан Республикасының демократиялық дамуын одан әрі нығайтудағы маңызы жөнінде ақпарат берді.
Өз кезегінде, Ұлттық банк Төрағасы референдум нәтижелерін және Қазақстан Республикасының демократияны дамытудағы жетістіктерін жоғары бағалады. Сондай-ақ ол Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен және қаржылық реттеушілермен ақша-кредит саясаты саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайына оң баға беріп, кәсіби диалогты тереңдетуге және қаржылық тұрақтылық пен тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге бағытталған озық тәжірибелермен алмасуға дайын екенін білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі елдің бейінді ведомстволары арасында тұрақты байланыстарды қолдауға және өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделілігін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.03.2026, 21:48 1016
Хельсинкиде Қазақстанның жаңа Конституциясына қатысты референдумның қорытындылары талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Хельсинкидегі Қазақстанның Елшілігінде Финляндияның Журналистер қауымдастығының өкілдері мен сарапшылардың қатысуымен брифинг өтті. Іс-шара Қазақстандағы маңызды оқиғалар туралы өзекті ақпаратпен алмасу және медиа саласындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ екіжақты қатынастарды нығайту алаңына айналды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Брифинг барысында Қазақстанның Елшісі Азамат Әбдіраимов қатысушыларды Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі референдумның қорытындыларымен таныстырып, Орталық сайлау комиссиясы жариялаған мәліметтерді ұсынды.
Қазақстандық дипломат аталған нәтижелер Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың күш-жігеріне берілген тиісті баға және жүргізіп отырған саясатына сенімнің айқын көрінісі екенін атап өтті. Оның айтуынша, жаңа Конституцияның қабылдануы - ел үшін аса маңызды әрі тарихи оқиға, ол мемлекеттік институттарды дамытуға және қоғамның құқықтық негізін күшейтуге жаңа мүмкіндіктер ашады.
Сонымен қатар, Қазақстан мен Финляндия арасындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша 2025 жылғы атқарылған жұмыстардың нәтижелері талқыланды. Тараптар саяси, экономикалық және мәдени салалардағы жетістіктерге тоқталып, екіжақты қарым-қатынастардың оң қарқынын атап өтті. Қатысушылар сондай-ақ өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту мүмкіндіктерін талқылап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.03.2026, 20:50 1326
Алматыда өткен бизнес-форумда Қазақстан мен Үндістанның фармацевтика саласындағы ынтымақтастық әлеуеті талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров "Kazakhstan-India Pharma Business Meeting" бизнес-форумына қатысты. Аталған іс-шараның мақсаты - Қазақстан мен Үндістан арасындағы фармацевтика саласындағы ынтымақтастықты дамыту және тереңдету, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Аталған форумға жетекші фармацевтикалық компаниялар мен ұйымдардың өкілдері, соның ішінде "Acies Pharmaceutical Pvt. Ltd.", "Abaris Healthcare Pvt. Ltd.", "Akriti Pharmaceuticals Pvt Ltd.", "AMTEC Health Care Pvt Ltd." қатысты. Бұл екі елдің бизнес қауымдастықтарының Қазақстан мен Үндістан арасындағы жан-жақты экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға өзара қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда 12 мыңнан астам үндістандық студент білім алуда, олардың көпшілігі медициналық университеттерде оқиды. Бұл қазақстандық білім беру жүйесіне деген сенімнің жоғары деңгейін көрсетеді және денсаулық сақтау мен медициналық зерттеулер саласындағы болашақ байланыстар үшін берік негіз қалайды. Мұның айқын мысалы - жақында үнділік MSN Group-тың Алматы облысында толық циклді фармацевтикалық зауыт салу бойынша инвестициялық жобасы", - Ә. Қуантыров деп атап өтті.
Өз кезегінде Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды фармацевтика саласының даму қарқынына, атап айтқанда, қалада заманауи салалық кластерлердің қалыптасуына, ғылыми орталықтардың ашылуына және дәрілік заттарды өндіру жобаларының іске қосылуына қанағаттанушылық білдірді.
Қазақстандағы Үндістан Елшісі Я.К. Сайлас Тангал бизнес-форумды өткізудің маңыздылығын және екі ел арасындағы ұзақ мерзімді экономикалық қатынастарды дамыту мүмкіндіктерін атап өтті.
Іс-шара аясында "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ тарапынан Қазақстанның инвестициялық және фармацевтикалық әлеуеті таныстырылды. Таныстырылым барысында үндістандық кәсіпкерлерге еліміздің аумағында дәрілік заттар мен медициналық жабдықтар өндірісін жерсіндіруге белсенді қатысу ұсынылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.03.2026, 19:47 1756
Қазақстан мен Чехия сыртқы саяси ведомстволар деңгейіндегі мазмұнды диалогты тереңдетуге ниетті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Чех Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Петр Мацинка Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшісі Қайрат Әбдірахмановты қабылдады. Достық әрі өзара сенімге негізделген жағдайда өткен кездесу барысында тараптар екіжақты қатынастардың өзекті мәселелерін, соның ішінде алдағы сапарларға дайындық барысын талқылап, өңірлік және халықаралық күн тәртібінің негізгі аспектілері бойынша пікір алмасты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Дипломатиялық миссияның басшысы чех министрін Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының ағымдағы басымдықтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың іске асырылу барысы туралы хабардар етті. 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына ерекше назар аударылды.
Конституциялық өзгерістердің саяси жүйені одан әрі демократияландыруға, билік тармақтарының теңгерімін нығайтуға және қазақстандық қоғамдағы этномәдени әрі конфессиялық әралуандық жағдайында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін кеңейтуге бағытталғаны атап өтілді.
Өз кезегінде П.Мацинка Қазақстанның Орталық Азия аймағында Чех Республикасы үшін басым бағыттардың бірі болып саналатынын жеткізді. Чех дипломатиясының басшысы қазіргі геосаяси тұрақсыздық кезеңіндегі Қазақстанның басты ерекшелігі саналатын тұрақтылығына тоқталды. Министр референдумда Қазақстан халқы қолдау білдірген жаңа Конституцияда көрініс тапқан парламенттік қайта құрулардың батылдығын атап өтіп, қазақстандық саяси реформаларға зор қызығушылық танытты.
Сұхбаттастар сауда-экономикалық ынтымақтастықтың оң серпінін және оны өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, ғылым мен білім беру салаларында одан әрі тереңдету үшін айтарлықтай әлеуеттің бар екенін растады. Қосылған құны жоғары бірлескен жобаларды іске асырудың, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперация мен технологиялар трансферін дамытудың маңыздылығы атап өтілді.
Көпжақты алаңдардағы, соның ішінде БҰҰ, ЕҚЫҰ шеңберіндегі және өзге де халықаралық форматтардағы өзара іс-қимыл мәселелеріне бөлек назар аударылды. Осы орайда ҚР Елшісі Чех Республикасының сыртқы саяси ведомствосының басшысын халықаралық аренадағы қазақстандық басшылықтың соңғы бастамалары туралы хабардар етті. Тараптар жаһандық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша ұстанымдарды үйлестіруге мүдделі екендіктерін растады.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Чех Республикасы арасындағы жоғары және ең жоғары деңгейлердегі белсенді саяси диалогты жалғастыруға өзара дайындық білдірілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.03.2026, 18:46 1726
Мысыр Араб Республикасы баруға ұсынылмайтын елдер тізімінен шығарылды
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Мысыр Араб Республикасының баруға ұсынылмайтын мемлекеттер тізімінен шығарылғанын хабарлайды. Бұл шешім аталған елдегі қазіргі жағдайды, сондай-ақ азаматтық инфрақұрылымның, оның ішінде халықаралық әуежайлар мен туристік аймақтардың жұмыс істеу жағдайларын ескере отырып қабылданды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сонымен қатар, Таяу Шығыстағы ахуалдың әлі де шиеленісті болып қалуына, сондай-ақ өңірдің бірқатар мемлекеттерінде әуе кеңістігінің мезгіл-мезгіл жабылуына байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі келесі елдерге жағдайдың толық тұрақтануына дейін сапарлардан бас тарту жөніндегі ұсынымдарын сақтайды: Бахрейн, Біріккен Араб Әмірліктері, Израиль, Йемен, Иордания, Ирак, Иран, Қатар, Сауд Арабиясы Корольдігі, Кувейт, Ливан, Оман және Сирия.
Өңірде жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке қауіпсіздік шараларын күшейту, ықтимал қауіпті аймақтарға барудан бас тарту, жергілікті билік органдарының нұсқауларын қатаң сақтау, соның ішінде зымырандық қауіп туындаған жағдайда дереу баспаналарға (қорғаныс орындарына) бару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерімен, туроператорлармен және әуе тасымалдаушыларымен тұрақты байланыста болу қажеттігі тағы да еске салынады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.03.2026, 17:44 1921
Братиславада Қазақстан мен Словакия арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Жанна Сағынова Словак Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік хатшысы Владимир Внукпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Келіссөздер барысында тараптар аграрлық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін, соның ішінде мал шаруашылығы, тұқым шаруашылығы және орман шаруашылығын талқылады. Сондай-ақ Словакиядан асыл тұқымды мал сатып алу, Қазақстанның Словакия нарығына жеткізілетін экспорттық агроөнім түрлерін кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Орман шаруашылығы саласындағы өзара түсіністік туралы бірлескен Меморандумды іске асырудың маңыздылығы, сондай-ақ сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссия аясында жұмыс істейтін бейінді жұмыс тобының қызметі атап өтілді. 2025 жылғы ақпанда өткен жұмыс тобының онлайн-кездесуінің қорытындылары бойынша қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру мақсатында дипломат Қазақстанның орман шаруашылығы мамандары үшін Словакия Республикасының мамандандырылған оқу орындары базасында тағылымдамалар ұйымдастыру мүмкіндігін, сондай-ақ ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы комитеті мен Словакияның Ұлттық орман орталығы арасындағы өзара іс-қимылды дамыту мәселесін қарастыруды ұсынды.
Биотехнологиялар, топырақтану, өсімдік селекциясы мен генетикасы, мал шаруашылығы және ветеринария салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларына ерекше назар аударылды. Елші Қазақстанның Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының қызметімен таныстырып, аталған орталық пен Словакияның Ұлттық ауыл шаруашылығы және азық-түлік орталығы, сондай-ақ Братиславадағы Орталық бақылау және сынақ ауыл шаруашылығы институты арасындағы ынтымақтастықты жолға қоюды ұсынды.
ЮНЕСКО-ның саятшылық өнерін Қазақстан мен Словакияның материалдық емес мәдени мұрасы ретінде тануы екіжақты ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашатыны атап өтілді. Дипломаттың пікірінше, Словакияда сұңқаршылықты кәсіби оқытумен айналысатын орман мектептері желісінің болуы қазақ құсбегілерін даярлау үшін қосымша мүмкіндіктер береді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделілігін растады және талқыланған барлық бағыттар бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға келісті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.03.2026, 17:25 156486
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийге "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын тапсырды
Сурет: Akorda
Достарға айту
Ақордада әйгілі альпинист Ерванд Ильинскийге жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен әлем альпинизмінде аты аңызға айналған тұлғамен жүздескеніне қуанышты екенін жеткізді.
- Өзіңіздің зор қажыр-қайратыңыз бен аса жоғары кәсібилігіңіздің арқасында Қазақстан Республикасының көк Туы Жер шарының асу бермес асқарларында желбіреді. Әлемнің ең биік нүктелерін бағындырған тәжірибелі шыңға өрмелеуші, халықаралық турнирлердің жеңімпазы ретінде дүние жүзіне даңқыңыз жайылды. Эверестке шығып, беделді "Жеті шың" клубына мүше болған алғашқы қазақстандық атандыңыз. Сізді елімізде альпинизм мектебінің негізін қалаушы ретінде құрметтейді. Отандық мектеп Қазақстанның жаһандық брендіне айналды. Талап мен тәртіпті қатар қоятын талантты бапкерден бір шоғыр альпинист-спортшылар тәлім алды. Олардың қатарында әлем рекордын жаңартқан, чемпион атанған, халықаралық альпинизм қозғалысының элитасына кірген мықтылар баршылық. Бапкерлікпен шұғылданған уақыт ішінде жүзден астам спорт шеберін даярладыңыз. Шәкірттеріңіздің арасында халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, тіпті, еңбек сіңірген спорт шеберлері де бар. Сіздің жетекшілігіңізбен Қазақстан құрамасы әлемде бірінші болып биіктігі 8 мың метрден асатын барлық 14 шыңға шықты. Мұның өзі бірегей жетістік саналады. Спортшыларымыз альпинизмнің сіз қалыптастырған даңқты дәстүрін жалғастырып, көптеген халықаралық сайыстан табысты оралып жүр, - деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Тихоновичтің асыл қасиеттері мен адамдарға, әсіресе, альпинистерге деген шынайы қамқорлығын жоғары бағалады.
- "Адам өмірі ең жоғары спорттық жетістіктерден құнды" деген теңеуіңіз альпинистер арасында қанатты сөзге айналып кетті. "Альпинизм - адам мен табиғат арасындағы шахмат ойыны" деп дәл айтқансыз. К2 (Чогори) шыңын бетке алған командаңыздың алай-түлей боранға тап болғаны мәлім. Сол сәтте шыңның ұшар басына қол созым жер қалғанына қарамастан, кері қайттыңыз. Мұндай шешім қабылдау оңай емес. Осыдан-ақ дана, мейірбан жан екеніңізді аңғарамыз. Жетістік пен жеңіске ешқашан масаттанған емессіз. Бәріне белгілі, үйреншікті бағыттармен жүргенде де сақтықты ұмытпадыңыз. Кез келген жорыққа осылай тыңғылықты дайындалу даңқты альпинист, спортшы, тәлімгер ретінде сіздің "төлқұжатыңызға" айналды, - деді Мемлекет басшысы.
Президент елімізде альпинизмді насихаттауда Ерванд Ильинскийдің орасан жұмыс атқарғанын атап өтті.
- Асқар шыңдарға құштарлық, тауға шығу - әуестік қана емес, қоршаған ортаны қастерлеп, ластамауға үндейтін айрықша экологиялық өмір салты. Жаңа Конституцияда көрініс тапқан табиғатты аялау, экологиялық мәдениет және тазалық қағидаттары ұлттық болмысымызбен біте қайнасып кетуге тиіс. Тау табандылыққа, тәртіп пен жанашырлыққа үйретеді. Биікке көтерілген адам рухтанады. Дәл осы себепті альпинизм мен тау туризмін нағыз өмір мектебі деп атауға болады. Ол мықтыларды шыңдайды, өз ортаңда жауапты болуға баулиды. Бұл мәдени әрі психологиялық феноменді барынша қолдап, оны жастар тәрбиесінде пайдалануымыз керек. Үкіметтің, салалық министрліктің алдында альпинизмді спорт және заманауи тау туризмінің бір түрі ретінде жан-жақты дәріптеу міндеті тұр. Мемлекет пен демеушілердің қаржысын тарта отырып, нақты іс-қимыл бағдарламасын әзірлеу қажет. Мемлекет бұл өзекті міндетті шешуді қолға алады, оған тиісті назар аударылады, - деді ол.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Тихоновичтің ғұмыр жолын жасампаз патриотизмнің, айрықша жанқиярлық пен аса жоғары кәсібиліктің жарқын үлгісі деп санайды.
- Жастар табанды әрі өнімді еңбек әрдайым лайықты бағасын алатынын көруге тиіс. Табыстың оңай келмейтінін түсінгені жөн. Еңбек - бәрін жеңбек. Мейлі, спортта, бизнесте, білімде, ғылымда, далалық жұмыста не зауытта болсын, өз ісіне шын берілген, көздеген мақсаты айқын адамдар өмірлік мұратына жетеді. Құрметті Ерванд Тихонович Ильинский сияқты азаматтар - қоғамның тірегі, ерлік пен еңбекқорлықтың, төзімділіктің жарқын үлгісі. Сондықтан мен сізге альпинизмдегі аса үздік жетістіктеріңіз, сондай-ақ ел спортының дамуына қосқан елеулі үлесіңіз және белсенді қоғамдық қызметіңіз үшін жоғары ерекшелік белгісі - "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын беру туралы шешім қабылдадым. Бүгін осы награданы өзіңізге зор құрметпен тапсырамын. Ерванд Тихонович, сізге мықты денсаулық, бақ-береке, мол табыс тілеймін! Альпинистер арасында "Өзіңізді сақтаңыз!" деген сөз жиі айтылады. Сізге және жаныңызд
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
30.03.2026, 09:13Бауыржан Артықов лауазымынан босатылды 30.03.2026, 10:04 3111Олжас Бектенов Халықаралық Аралды құтқару қорының басқарма мүшелерімен кездесті30.03.2026, 12:00 2381Қазақстанның Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығының Усть-Лугадағы вахтолық лагеріндегі жағдайға түсініктеме30.03.2026, 13:15 1766Алматы облысында жанжал барысында оқ атылды30.03.2026, 14:14 1201Жалған ақпарат пен діни арандатуға қатысты қатаң шаралар қабылданады - прокуратура
26.03.2026, 19:28 172101Болгарияның ең көне университетінде Наурыз мерекесі аталып өтті26.03.2026, 20:42 171986Сан-Франциско қаласында Наурыз мерекесі аталып өтті26.03.2026, 21:44 171926Сеулде Наурыз мерекесіне арналған кітаптың тұсаукесері өтті26.03.2026, 22:47 171816Баку Наурыз мерекесін қазақы үлгіде кең көлемде атап өтті27.03.2026, 09:58 170421Қазақстан мен Иран СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі өтті
04.03.2026, 10:54 239211Босния және Герцеговина Елшісі сенім грамотасының көшірмесін табыстады16.03.2026, 10:44 223146Мемлекет басшысы референдумға белсене қатысқан жастармен әңгімелесті17.03.2026, 17:12 222856Жұмысшы мамандықтар қызметіндегі жасанды интеллект16.03.2026, 19:22 222631Балалар спортын қаржыландыру көлемі екі есеге жуық артады16.03.2026, 16:56 222431Астанада 1-3 қазан күндері AI & Digital Bridge 2026 халықаралық IT-форумы өтеді

