25.03.2026, 11:55 226
Кенияда алғаш рет Наурыз мерекесі аталып өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Елшілігі Кенияда алғаш рет Наурыз мерекесін салтанатты түрде атап өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараға Кения мемлекеттік органдардың өкілдері, БҰҰ жүйесіндегі халықаралық ұйымдар, дипломатиялық корпус, бизнес-қауымдастық, діни және мәдени ұйымдар қатысты.
Қазақстан Елшісі Барлыбай Садықов өз сөзінде, Наурыз мейрамының тойлануы еліміздің тарихындағы маңызды оқиғамен - 2026 жылғы 15 наурызда өткен жалпыұлттық Референдумның табысты өтуімен және жаңа Конституцияның қабылдануымен тұспа-тұс келгенін атап өтті. Бұл оқиға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті Қазақстанды" құруға, парламентаризмді нығайтуға және азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысуын кеңейтуге бағытталған реформаларын жүзеге асырудың маңызды кезеңіне айналды.
Бүгін, 21 наурыз "Наурызнама" күнтізбесінде Ынтамақтастық күні ретінде ерекше орын алады. Бұл - Қазақстанның халықаралық құқық нормалары пен БҰҰ Жарғысын сақтай отырып, дауларды мен жанжалдарды тек дипломатиялық жолмен шешуге бейілділігін растайтын және әлемдік аренада ілгерілетуге ұмтылатын асқақ рухы", - деп атап өтті Б.Садықов.
Іс-шараның құрметті қонағы БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-Хабитат Атқарушы директоры Анаклаудия Россбах өз сөзінде Наурыздың жаңару мен бірліктің символы ретінде ұлттық мереке шеңберінен әлдеқайда асып түсетінін атап өтті. Ол бұл мерекенің ғасырлар бойы достық пен тату көршілік қарым-қатынастарды нығайтуға ықпал ететін терең мәдени маңыздылығына тоқталды.
А.Россбах ханымның айтуынша, адам мен табиғат арасындағы үйлесімділікке, сондай-ақ қоғам ішіндегі ынтымақтастыққа үндейтін Наурыз философиясы БҰҰ-ның тұрақты дамуды қамтамасыз ету жөніндегі миссиясымен тікелей үндес келеді.
Іс-шара аясында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің видеожолдауы көрсетілді. Ол қатысушыларды Халықаралық Наурыз күнімен құттықтап, бұл мерекенің бейбітшілік пен бірлікті ілгерілетудегі маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ қонақтардың назарына Қазақстандағы және әлемнің басқа елдеріндегі Наурыз мерекесін тойлау дәстүрлері туралы бейнеролик көрсетілді.
Қонақтар үшін Орталық Азия елдерінің (Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан) және Әзербайжанның Кенияда жұмыс істейтін өкілдерімен бірлесіп, мазмұнды мәдени бағдарлама дайындалды. Қонақтар қазақ салт-дәстүрлерімен танысып, ұлттық билерді тамашалады. Соның ішінде қазақтың "Қара жорға" және әзербайжанның "Яллы" билері ерекше қызығушылық тудырды.
Іс-шара салтанатты кешкі аспен аяқталды. Қонақтарға палау, қуырдақ, бауырсақ және қазақ пен Орталық Азия асханасының басқа да дәстүрлі тағамдары ұсынылды. Биыл Наурыз мейрамының Ораза айтпен (Ид аль-Фитр) тұспа-тұс келуі бұл оқиғаға бірлік пен рухани келісімнің ерекше символдық мәнін берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
27.03.2026, 11:13 2936
Қазақстан Римде су қауіпсіздігі мен аграрлық ынтымақтастық бойынша жаһандық бастамаларды ілгерілетуде
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев бастаған Қазақстан делегациясы Римдегі Халықаралық ауыл шаруашылығын дамыту қорының (IFAD) бас кеңсесінде өткен "БҰҰ-су ресурстары" тетігінің 43-ші кездесуіне қатысты. Іс-шара барысында қазақстандық делегация Астанада өтетін Аймақтық экологиялық саммиттің және Мемлекет басшысының БҰҰ құрамында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасын іске асыру бойынша жоспарланған халықаралық консультациялардың таныстырылымын өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Римге жұмыс сапары кезінде Қазақстан сыртқы саяси ведомствосы басшысының бірінші орынбасары Е.Ашықбаев сондай-ақ Италия Республикасының Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрлігінің, БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) және Халықаралық ауыл шаруашылығын дамыту қорының (IFAD) басшылығымен бірқатар кездесу өткізді.
Атап айтқанда, Италияның Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрінің орынбасары Эдмондо Чириеллимен өткен кездесуде екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері және Қазақстан мен Италия арасындағы қатынастарды одан әрі дамыту перспективалары, соның ішінде C5 + 1 платформасы, сондай-ақ Өнеркәсіптік және экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Италия үкіметаралық жұмыс тобы (ҮЖТ) аясындағы мәселелер талқыланды.
Кездесу барысында қазақ дипломаты Италия СІМ басшысының орынбасарын Мемлекет басшысының реформалар бағдарламасы аясында Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси реформалар, Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасы жөніндегі референдумның нәтижелері, сондай-ақ елдің саяси жүйесін одан әрі трансформациялау жөнінде хабардар етті.
Қазақстан Сыртқы саяси ведомствосы басшысының бірінші орынбасары өзінің итальяндық әріптесін еліміздің бірқатар өзекті халықаралық мәселелер жөніндегі ұстанымымен таныстырды.
Өз кезегінде Э.Чириелли екіжақты қатынастардың дамуындағы жоғары серпінді атап өтіп, Қазақстанның ішкі реформаларды жүзеге асыру және сыртқы саясат саласындағы бастамаларын оң бағалады.
БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) Бас директорының бірінші орынбасары Годфри Магвензимен кездесуде Қазақстанның ФАО-мен ынтымақтастығына қатысты мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, тараптар ауыл шаруашылығын жаңғырту, азық-түлік қауіпсіздігі және су ресурстарын рационалды пайдалану сияқты салалардағы бірлескен іс-қимылды бағалады.
Е.Ашықбаев Қазақстанның Орталық Азияның астық қоры ретінде өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын және бидай мен майлы дақылдар өндіру мен экспорттау бойынша жетекші орынға ие екенін атап өтті. Осы саланы дамытуға бағытталған күш-жігер өз нәтижесін беруде: өткен жылы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 13,6%-ға өсті.
Қазақстан сыртқы саяси ведомствосы басшысы бірінші орынбасарының айтуынша, алдағы жылдары Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласын айтарлықтай нығайтып, жоғары қосылған құны бар өнімдердің үлесін 70%-ға дейін арттыруды көздейді. Осы мақсатқа жету үшін ел жаңа өңдеу зауыттарын салуды және қолда бар өндіріс орындарын жаңғыртуды жоспарлауда.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Е.Ашықбаев Қазақстанның ФАО-мен серіктестік қатынастарды нығайтуға, соның ішінде агроөнеркәсіп саласында 700-ден астам инвестициялық жобаны іске қосуға бағытталған үш жылдық жоспарды жүзеге асыруға дайын екендігін атап өтті.
IFAD президенті және UN-Water төрағасы Альваро Лариомен өткен кездесуде тараптар су қауіпсіздігі саласындағы өңірлік және халықаралық бастамаларды ілгерілетуге бағытталған бірлескен күш-жігерді талқылады. Е.Ашықбаевтың айтуынша, "KazAID" агенттігі арқылы еліміз серіктес мемлекеттерге гуманитарлық көмек көрсетіп, дағдарыс, табиғи апаттар және басқа да төтенше жағдайлардан зардап шеккен аймақтардың әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығына үлес қосуда.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары сондай-ақ қазіргі әлемде маңызы барған сайын артып келе жатқан су ресурстары мәселелеріне назар аударды. Осы тұрғыда ол Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымы құрамында Халықаралық су ұйымын құру бастамасының маңыздылығына назар аударып, Қазақстанның халықаралық ынтымақтастық пен тұрақты даму қағидаттарына бейілділігін атап өтті.
Өткізілген кездесулер барысында Е.Ашықбаев Қазақстанда ФАО-ның Орталық Азияға арналған субаймақтық кеңсесін ашуға деген қызығушылықты атап өтті. Бұл Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған БҰҰ Тұрақты даму мақсаттары аймақтық орталығын нығайтып, өңірдегі азық-түлік қауіпсіздігі күн тәртібіне оң әсер етер еді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.03.2026, 10:00 3196
Қазақстан мен Қасиетті Тақ дінаралық диалог пен ынтымақтастықты тереңдету бағытын растады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
2026 жылғы 26 наурызда Ватиканда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Қасиетті Тақтың Дінаралық диалог жөніндегі дикастериясының префектісі кардинал Джордж Кувакадпен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Қасиетті Тақ арасындағы достық әрі сенімді қарым-қатынастардың жоғары деңгейін атап өтіп, олардың дәйекті дамып келе жатқанын және ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға өзара қызығушылық бар екенін жеткізді.
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі аясындағы өзара іс-қимылға айрықша назар аударылды. Ватикан тарапы 2026 жылғы қазанда Астана қаласында өтетін Съез Хатшылығының кезекті отырысына өз делегациясының қатысатынын растады.
Сондай-ақ тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, дінаралық және мәдениетаралық диалогты ілгерілету, бейбітшілікті нығайту және тұрақты дамуға жәрдемдесу мәселелерін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екендіктерін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.03.2026, 09:58 3456
Қазақстан мен Иран СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрі Аббас Аракчимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тараптар Таяу Шығыстағы қазіргі жағдайды талқылап, екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.
Сұхбат барысында Е.Көшербаев ирандық әріптесіне Иран төңірегіндегі жағдайға байланысты алаңдаушылық білдіріп, осыдан бұрын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдегендей Қазақстан тарапы Түркістан қаласын бейбіт келіссөздер өткізуге алаң ретінде ұсынуға дайын екендігін растады.
Сонымен қатар, тараптар екіжақты қатынастардың өзекті мәселелері бойынша диалогты жалғастыруға келісті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.03.2026, 22:47 4986
Баку Наурыз мерекесін қазақы үлгіде кең көлемде атап өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Баку қаласының орталығындағы Теңіз жағалауында көктем мен жаңару мерекесі Наурызға арналған мәдени-көпшілік іс-шаралардың салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Мерекені Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы Елшілігі және BI Group құрылыс холдингі ұйымдастырды. Ашылу рәсіміне елшілер мен халықаралық ұйымдардың басшылары, мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, Баку жұртшылығы және Әзербайжанда тұратын қазақстандықтар қатысты.
Іс-шараны аша отырып, Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел Наурызды Каспий теңізі жағалауында атап өтудің бауырлас екі халық арасындағы мәдени және тарихи байланыстардың символына айналғанын атап өтті. Дипломат биыл тұспа-тұс келген Наурыз бен Ораза айттың түркі әлеміне ортақ құндылық екеніне назар аударды. Сонымен қатар, мұндай іс-шаралар Әзербайжан тұрғындарына Қазақстанның дәстүрлері мен заманауи жетістіктерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік беретінін мәлімдеді. Елші Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы, сондай-ақ күллі түркі әлеміндегі қарым-қатынастарда жаңару, бірлік пен ынтымақтастық рухының үстем екенін атап өтті.
Қонақтарды сондай-ақ BI Group компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі жетекшісі Әмір Амангелдинов құттықтап, бұл іс-шаралардың Баку қаласының барлық тұрғындары мен қонақтары үшін арнайы ұйымдастырылғанын айтты.
Әзербайжандықтардың 20-22 наурыз аралығында Қазақстанның этномәдени мұрасымен танысуға мүмкіндігіне ие болды. Мерекелік бағдарлама белгілі әртістердің, фольклорлық ансамбльдердің, балалар би ұжымдарының өнерін, қазақ және әзербайжан музыкасының үздік үлгілерін қамтыды.
Ерекше қызығушылық тудырған би нөмірлерінің қатарында "Қара жорға" флешмобы мен түркі халықтарын біріктіретін "Яллы" биі болды. Концерт "бұқаралық дискотекаға" айналып, Баку тұрғындары мен Әзербайжанда тұратын қазақстандықтар қазақ және әзербайжан әуендеріне бірге биледі.
Интерактивті бөлім қазақ және әзербайжан тілдерінің ортақ тамырларын зерделеуге арналған танымдық байқауларды, сондай-ақ ұлттық "арқан тарту" және "асық ату" ойындарын қамтыды.
Мерекенің маңызды бөлігі ою-өрнек салу және ұлттық әшекейлер жасау сияқты мастер-класстар болды. Дәстүрлі тағамдармен танысу да көпшіліктің ерекше ықыласына ие болды. Қонақтарға мерекенің нышаны саналатын тағамдар - наурыз көже, бауырсақ, палау, жент және құрт ұсынылды.
Іс-шара аясында бағалы сыйлықтарға ұтыс ойнатылды. Атап айтқанда, Air Astana және Fly Arystan әуе компаниялары Баку тұрғындарына Қазақстанға әуе билеттерін ұсынды. Бұл екі ел арасындағы туристік және гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамытуға деген ұмтылысты көрсетеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.03.2026, 21:44 5236
Сеулде Наурыз мерекесіне арналған кітаптың тұсаукесері өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
ЮНЕСКО мен "Орталық Азия - Корея Республикасы" ынтымақтастық форумының Хатшылығының қолдауымен "Nauryz Traditions Along the Silk Roads" атты кітаптың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараға дипломаттар, іскер топтардың өкілдері, ғылыми қауымдастық, мәдени ұйымдар өкілдері, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.
Әртүрлі елдерден шыққан 25 автор қатысуымен дайындалған бұл кітапта Наурыздың көктемгі жаңару, бейбітшілік, гүлдену және табиғатпен үйлесімділік мерекесі ретіндегі маңыздылығы ашылып, Еуразия халықтары арасында сақталған бай дәстүрлері ұсынылған.
Қазақстан Елшісі Нұрғали Арыстанов өзінің құттықтау сөзінде Наурыздың Қазақстанның мәдени және рухани өмірінде ерекше орын алатынын және оның жаңаруды, бірлікті, дәстүрлердің сабақтастығын және табиғатқа құрмет көрсетуді білдіретінін атап өтті. Ол Наурыз мерекесінің ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізілуі Еуразия мемлекеттерінің мәдени ортақтығы мен ынтымақтастығының айқын көрсеткіші екенін айтты.
Қазақ дипломаты сондай-ақ Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы саяси, экономикалық және мәдени салалардағы қатынастардың серпінді дамып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, алда өтетін алғашқы "Орталық Азия - Корея Республикасы" саммиті, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 ж. қыркүйектегі Сеулге сапары екіжақты ынтымақтастыққа одан әрі серпін беріп, ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Сондай-ақ Елші 2026 жылғы 15 наурызда өткен Қазақстанның жаңа Конституциясы бойынша республикалық референдумның қорытындылары туралы айтып берді. Ол Қазақстан халқының жаңа Конституцияны қолдағанын және бұл ел болашағы үшін қоғамның жоғары азаматтық белсенділігін, бірлігі мен жауапкершілігін көрсеткен маңызды қоғамдық-саяси оқиға болғанын атап өтті. Оның айтуынша, референдум қорытындылары Қазақстанды одан әрі жаңарту мен жаңғыртудың жаңа кезеңін айқындады.
Өз сөздерінде Орталық Азия елдерінің Елшілері, Korea Heritage Service әкімшісінің орынбасары Чхве Бо Гын (Choi Bo-geun) және "Корея - Орталық Азия" ынтымақтастық форумының Хатшылығының атқарушы директоры Ли Чон Гук (Rhee Jong Kook) Наурыздың өңір халықтарын ортақ тарихи және рухани құндылықтар негізінде біріктіретінін атап өтті. Сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығы атап көрсетілді.
Жалпы, "Nauryz Traditions Along the Silk Roads" кітабының тұсаукесері Қазақстан, Орталық Азия елдері және Корея Республикасы арасындағы мәдени диалогты одан әрі дамытудың маңызын айқындаған маңызды оқиға болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.03.2026, 20:42 5741
Сан-Франциско қаласында Наурыз мерекесі аталып өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Сан-Франциско қалалық әкімдігінде алғаш рет қазақ қауымдастығының қатысуымен Наурыз мерекесі аталып өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстанның Сан-Францискодағы Бас консулдығының қолдауымен және Кремний алқабындағы Қазақ-Америкалық қауымдастығының ұйымдастыруымен бұл мереке иран, әзірбайжан, түрік және өзбек қауымдастықтарының өкілдерін біріктіріп, кең көлемде тойланды.
Іс-шара барысында Сан-Франциско қаласының мэрі Дэниел Люри құттықтау сөз сөйлеп, Наурыздың көктемгі жаңару мерекесі ретінде, бейбітшілік пен келісімнің, өзара түсіністіктің символы ретіндегі маңызын атап өтті. Сонымен қатар, осындай мәдени көпірлерді қалыптастырып отырған қауымдастықтарға алғысын білдірді. Атап айтқанда, Кремний алқабындағы Қазақ-Америкалық қауымдастығының президенті Жұлдыз Тримоваға іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастыруға қосқан зор үлесі үшін құрмет грамотасын табыстады.
Қазақстанның Сан-Франциско қаласындағы Бас консулы Назира Нұрбаева өз сөзінде Наурыздың халықтар арасындағы мәдени байланыстарды нығайтудағы және ұлттың рухани дәстүрлерін сақтаудағы ерекше маңызын атап өтті. Сонымен қатар, жергілікті қазақ қауымдастығының дамуына және көркеюіне елеулі үлес қосып жүрген бірқатар тұлғаларды құрмет грамоталарымен марапаттады.
Сан-Франциско қалалық әкімдігінің тарихында алғаш рет оның қабырғалары ішіне қазақ халқының көшпелі өркениетінің нышаны - дәстүрлі киіз үй орнатылды. Киіз үй жергілікті тұрғындар мен америкалық қауымдастықтың қызығушылығын тудырды. Мерекелік бағдарлама аясында қатысушы елдердің ұлттық музыкасы мен би өнері, сондай-ақ ұлттық тағамдар ұсынылды. Қазақстан атынан Анель Мурзагулова қазақ биін, Жәнібек Рысбек "Көроғлы" және "Сарыарқа" күйлерін, ал Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, опера әншісі Азамат Жылтыркөзов әсерлі вокалдық өнерін паш етті.
Іс-шараға американдық ресми, іскерлік және қоғамдық топтардың, шетелдік дипломатиялық корпустың, түркі тілдес диаспоралардың 500-ге жуық өкілі қатысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.03.2026, 19:28 5731
Болгарияның ең көне университетінде Наурыз мерекесі аталып өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Болгариядағы Елшілігінің қолдауымен "Әулие Климент Охридски" София университетіндегі Қазақ тілі, тарихы және мәдениеті орталығында Наурыз мейрамына арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараға университеттің профессор-оқытушылық құрамы өкілдері және қазақ тілін үйреніп жүрген студенттер қатысты.
Қазақстанның Болгариядағы Елшісі Виктор Темірбаев өзінің сөзінде қатысушыларды Наурыз мерекесімен құттықтап, оның табиғаттың жаңаруының, жаңа өмірдің басталуының және адам мен қоршаған орта арасындағы үйлесімділіктің символы ретіндегі маңызын атап өтті.
2024 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда Наурыз мерекесін тойлау жаңа мазмұнмен толықтырылып, 14-23 наурыз аралығында атап өтілетін "Наурызнама" онкүндігі форматы бекітілді. Онкүндіктің әр күні Қазақстанның мәдени мұрасы мен қоғамдық дәстүрлерінің байлығын бейнелейтін жеке тақырып пен құндылыққа арналған", - деді В.Темірбаев.
Қазақ дипломаты сондай-ақ Болгарияда да 20 наурызда мағынасы ұқсас және жаңару мен үміттің жалпы адамзаттық құндылықтарын көрсететін "Първа пролет" (Көктемнің алғашқы күні) мерекесі атап өтілетіндігі символдық мәнге ие екендігін айтты.
Мәдени бағдарлама аясында болгар студенттері қазақ тілінде өлең оқып, тілді меңгерудің жоғары деңгейін және еліміздің мәдениетіне деген терең қызығушылығын көрсетті. Қатысушылар Болгарияның ең көне және ең беделді жоғары оқу орындарының бірінің қабырғасында қазақ тілін оқыту екіжақты мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтудың жарқын айғағы екендігін атап өтті.
Іс-шара соңында қонақтар қазақ ұлттық тағамдарынан және Наурыз мерекесінің басты дәстүрлі тағамы әрі молшылықтың, амандық пен жаңарудың символы болып табылатын Наурыз көжеден дәм татты.
Қазақ тілі, тарихы және мәдениеті орталығы 2015 ж. наурызда "Әулие Климент Охридски" София университетінің Түркология және алтаистика кафедрасында ашылған. Университетте сондай-ақ 2018 ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен жасасқан келісім негізінде "Әл-Фараби" ғылым, білім беру және мәдени орталығы қызмет атқарып келеді.
Жалпы, аталған орталықтар қазақ мәдениетін насихаттауға, қазақ тілін үйренуе және екі ел арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға бағытталған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.03.2026, 18:09 6781
Словенияда референдум қорытындысы бойынша Қазақстанның даму барысы таныстырылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Еуразия халықтарының жаңару, үйлесім және бірлік идеясын бейнелейтін ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы қарсаңында Қазақстанның Словениядағы Елшісі Алтай Әбибуллаев Словения мен Хорватияның 74 Құрметті консулы және Балқан өңірінің іскер топтары өкілдерінің арнайы басқосуында құрметті арнайы қонақ ретінде сөз сөйледі. Іс-шара Словенияның мемлекеттік резиденциясы - Брдо Конгресс орталығында өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақдипломаты республикалық референдум нәтижесінде қабылданған жаңа Конституцияның мазмұнына егжей-тегжей тоқталып, еліміздің заманауи келбетін - қарқынды дамып келе жатқан мемлекетіміз бен Еуразия көлік-логистикасының маңыздылығына назар аударды. Ол Азия мен Еуропаны жалғайтын Транскаспий халықаралық көлік бағытының (Орта дәліз) стратегиялық маңызын атап өтті. Сондай-ақ экономиканы әртараптандыруға, өнеркәсіпті, цифрлық технологияларды дамытуға және қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыруға бағытталған реформалар туралы айтты.
Елші өз сөзінде Құрметті консулдардың заманауи дипломатияны дамытудағы, халықаралық байланыстарды нығайтудағы, сауда-экономикалық ынтымақтастық пен туризмді кеңейтудегі маңызды миссиясын ерекше атап өтті. Консулдар өз кезегінде 2028 жылдың екінші жартысында Алматыда өтетін Консулдардың дүниежүзілік федерациясының (FICAC) кезекті отырысына белсенді қатысу ниетін растады.
Іс-шара барысында 2024 жылы Люблянада Қазақстан Елшілігінің ашылуынан кейін айтарлықтай жандана түскен қазақстан‑словен ынтымақтастығын нығайту мәселелері де талқыланды. Елші 2025 жылы Словения Президенті Наташа Пирц Мусардың Қазақстанға жасаған ресми сапарының екіжақты қатынастар үшін ерекше маңызын атап өтті. Қатысушылар 2026 жылды Президент жариялаған "Цифрландыру және жасанды интеллект жылы" аясында жаңа мүмкіндіктер ашатын "AI & Digital Bridge" бизнес-форумына шақырылды.
Кездесу қатысушылары Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға шынайы қызығушылық білдіріп, мұндай іс-шаралардың елдің экономикалық және инвестициялық әлеуетін ілгерілету үшін маңызды екенін атап өтті. 2027 жылы Қазақстан мен Словения дипломатиялық қатынастардың 35 жылдығын атап өтеді, бұл серіктестікті тереңдетуге қосымша серпін бермек.
Кездесудің сәнін келтірген қазақстандық виолончельшілердің өнер көрсетуі ерекше көңіл-күй қалыптастырып, Қазақстанның бай мәдени алуан түрлілігін айшықтады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
27.03.2026, 09:58Қазақстан мен Иран СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі өтті 27.03.2026, 10:00 2566Қазақстан мен Қасиетті Тақ дінаралық диалог пен ынтымақтастықты тереңдету бағытын растады27.03.2026, 11:13 2306Қазақстан Римде су қауіпсіздігі мен аграрлық ынтымақтастық бойынша жаһандық бастамаларды ілгерілетуде
20.03.2026, 09:23 158626Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ораза айт мерекесімен құттықтады21.03.2026, 13:37 47766Қазақстанның су ұйымын құру жөніндегі бастамасы Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында ұсынылды25.03.2026, 20:27 47701Қазақстан CІМ-де дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Молдова Елшісін қабылдады25.03.2026, 17:25 47676Қазақстан мен БАӘ сыртқы істер министрлері өңірдегі жағдайды талқылады21.03.2026, 12:34 46956ЕҚЫҰ-да Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі референдумның қорытындылары хабардар етілді
04.03.2026, 10:54 238671Босния және Герцеговина Елшісі сенім грамотасының көшірмесін табыстады26.02.2026, 22:48 230846Қазақстан Сыртқы істер министрі "Орталық Азия - Ұлыбритания" форматындағы сыртқы саяси ведомстволар басшыларының кездесуіне қатысты26.02.2026, 23:25 230331Қазақстан мен Ұлыбритания басым салаларда экономикалық серіктестікті тереңдетуде26.02.2026, 17:47 230286Загребте жаңа Конституция жобасы таныстырылды26.02.2026, 18:49 230276Қазақстан БҰҰ Туризм ұйымымен бірге өңірлік туристік хаб ретіндегі рөлін нығайтуда

