16.01.2026, 22:18 2381

Кувейттің "KUFPEC" компаниясы Қазақстанның газ секторына инвестиция салуға қызығушылық танытуда

Кувейттің "KUFPEC" компаниясы Қазақстанның газ секторына инвестиция салуға қызығушылық танытуда
Сурет: gov.kz
Қазақстанның Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі Ержан Елекеев Kuwait Foreign Petroleum Exploration Company (KUFPEC) Бас атқарушы директоры Исса Әл-Марагимен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында Қазақстан мен Кувейт Мемлекеті арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары, сондай-ақ энергетика секторындағы өзара іс-қимылдың ықтимал бағыттары талқыланды.

KUFPEC басшылығы Қазақстанның мұнай-газ саласындағы мүмкіндіктерді зерттеуге қызығушылық білдіріп, елдің инвестициялық әлеуетін алдын ала талдаудың басталғаны туралы хабарлады.

Тараптар ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын және компанияның орта мерзімді перспективада газ саласының жобаларын іске асыруға ықтимал қатысуын айқындау мақсатында диалогты жалғастыруға және ақпарат алмасуға әзірлігін растады.

Kuwait Foreign Petroleum Exploration Company (KUFPEC) - Кувейттен тыс жерлерде мұнай мен табиғи газды барлауға, игеруге және өндіруге мамандандырылған халықаралық компания. Компания Kuwait Petroleum корпорациясының еншілес кәсіпорны және өз қызметін Аустралия, Азия, Африка және Солтүстік Америка елдерін қоса алғанда, бес континенттегі 10-нан астам елде жүзеге асырады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны