16.03.2026, 13:02 3531
Люксембург парламентінде қазақ-люксембург ынтымақтастығы талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі және Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Елшісі Роман Василенко Люксембург Депутаттар палатасының Төрағасы Клод Визелермен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тараптар Қазақстан-Люксембург ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады. Саяси және парламентаралық диалогты одан әрі дамытуға қызығушылық бар екені атап өтілді.
Люксембург парламентінің төрағасы Қазақстандағы конституциялық реформаларды құптап, Люксембургтің парламенттік жүйесінде Қазақстандағы реформалармен үндес бірқатар институционалдық ерекшеліктер бар екенін атап өтті. Атап айтқанда, елде бір палаталы парламент - Депутаттар палатасы жұмыс істейді. Сонымен қатар, Люксембургтің Мемлекеттік кеңесі (Conseil d’État) - заң жобаларын қарауға қатысатын жоғары консультативтік орган қызмет етеді.
Тараптар Қазақстан мен Люксембург арасындағы парламентаралық өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға және саяси диалогты нығайтуға өзара мүдделілікті растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
17.03.2026, 12:45 4026
Мәскеуде Қазақстанның жаңа Конституциясы бойынша Референдумның қорытындылары талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Мәскеуде Қазақстан Елшілігінде Ресей парламентшілерінің, дипломаттардың, заңгерлер мен саясаттанушылардың қатысуымен ҚР жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша Референдумның қорытындысы бойынша дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесуді аша отырып, Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев жиналғандарды Орталық сайлау комиссиясы жариялаған плебисциттің алдын ала нәтижелерімен таныстырды. Алдын ала сандарға сәйкес, келу 73%-дан асқан, жаңа Конституцияны қолдап шамамен 8 миллионға жуық адам дауыс берген, бұл референдумға қатысушылардың 87%-дан астамын құрайды. Ол бұл көрсеткіштер Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың күш-жігерінің, оның саяси бағытына деген сенімнің нақты бағасы екенін, ал жаңа Конституцияны қабылдау ел үшін маңызды, шешуші оқиға болып табылатынын атап өтті.
Федерация Кеңесі Халықаралық істер комитеті төрағасының бірінші орынбасары Андрей Денисов Ресейде референдумды үлкен назармен және қызығушылықпен бақылағанын айтты. "Тәжірибе - шындықтың өлшемі. Қазақстанның жаңа конституциялық координаттар жүйесінде қалай дамитыны бізде өте қатты қызығушылық тудыруда",-деп атап өтті сенатор және Қазақстан-Ресей парламенттік өзара іс-қимылының сыналған нысандарын сақтаудың маңыздылығын еске салды.
Мемлекеттік Думаның Шағын және орта кәсіпкерлік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Альфия Когогина депутаттық корпуста референдумға дайындық пен оның өтубарысын жоғары ықыласпен бақылағанын айтты. Оның бағалауы бойынша, процесс бұзушылықсыз өтті, барлығы халықаралық және ұлттық заңнама шеңберінде болды, азаматтардың ерік білдіруі үшін барлық қажетті жағдайлар жасалды, бейтараптық қағидаттары сақталды, жоғары деңгейде өткізу қамтамасыз етілді, азаматтар өздерінің конституциялық құқықтарын іске асыра алды және үлкен қызығушылық танытты, бұған дауыс берушілердің аса жоғары белсенділігі куә.
РФ СІМ ТМД елдерінің үшінші департаменті директоры Александр Стерник Қазақстан басшылығы сайлау процесінің аса жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес толық ашықтығы мен демократиялық сипатын көрсетті деп келісті. Атап айтқанда, сайлаушылардың Конституция жобасының мазмұны туралы жоғары хабардарлығы үлкен әсер қалдырды.
Негізгі Заңның мазмұнына түсініктеме бере отырып, О.Е. Кутафин атындағы Мәскеу мемлекеттік заң университетінің ректоры Виктор Блажеев өзіне жақын білім беру саласына тоқталды. Оның пікірінше, азаматтардың тегін білім және медициналық қызмет алу құқығының мызғымастығы құқық пен еркіндікті қорғау тұрғысынан өте маңызды.
Саясаттанушы Алексей Власов жаңа Конституцияның қабылдануы уақтылы және қажет деп атады. Оның айтуынша, егер 1995 жылғы құжат КСРО ыдырағаннан кейінгі жағдайды ескере отырып, жаңа мемлекеттіліктің негізін құраса, ендігі жаңа Негізгі Заң соңғы онжылдықтардағы іргелі өзгерістерді бекітеді.
Онымен Аймақтық мәселелер институтының ғылыми жетекшісі Дмитрий Журавлев келісті. Ол КСРО ыдырағаннан кейін жаңа мемлекеттерде супер президенттік республикалардан басқа ештеңе болмағанын еске салды. "Бұл тетік өз міндетін орындады, артық болып қалды, енді Қазақстанның жаңа Конституциясында белгіленгендей парламенттік-президенттік республика тиімдірек болуда. Және де, оның тез қабылданғаны өте жақсы. Өйткені, кез келген ескінің қалдықтары процесті баяулатады, олар жаман болғаннан емес, қазіргі заманға сай болмағаннан", - деді сарапшы.
РФ Үкіметі жанындағы Заңнама және салыстырмалы құқықтану институтының директоры Талия Хабриева Қазақстанның жаңа Конституциясы бойынша ең жоғары заң стандарттары деңгейінде жүргізілген орасан зор жұмысты атап өтті. "Бұл, бір жағынан, әлемдік конституциялық мұраның жалпыға танылған қағидаттарын ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің ұлттық-тарихи ерекшеліктерін ескеретін оңтайлы модельді іздеу - және бұл, менің ойымша, өткен конституциялық реформаның басты ерекшелігі деуге де болады", - деп түйіндеді ол.
Справедливый мир" институтының геосаясат жөніндегі сараптамалық кеңесінің жетекшісі Владимир Грачев таныс байқаушылардың референдум туралы әсерлерімен бөлісті, олардың барлығы жетістік туралы, қазақстандықтардың белсенділігі мен ынта-жігері туралы тамсана айтқанын жеткізді.
Ресей Ғылым академиясының Қытай және қазіргі Азия институтының Орталық Азия зерттеулер орталығының жетекшісі Александра Перминова да жоғары белсенділікті ескеріп, бұл жоғары сапалы үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстарының нәтижесі екенін атап көрсетті.
Осы тұрғыда РҒА Шығыстану институтының Орталық Азия заманауи зерттеулер зертханасының меңгерушісі Андрей Быков көптеген қазақстандық интернет-пайдаланушылардың өз аккаунттарында референдумға баруға дайын екендіктерін атап өткендеріне назар аударды. "Бұл азаматтардың оқиғаға деген көзқарасының көрсеткіші, олар үшін бұл өте маңызды болды, өйткені елдің болашағы осыған байланысты", - деді ол.
Валдай" клубын дамыту қоры кеңесінің төрағасы Андрей Быстрицкий Қазақстанда бірегей жаңа қоғамның қалыптасуын байқағанын және оның одан әрі дамуын бақылауқызығушылық тудыратынын айтты. Оның айтуынша, жаңа Конституция саяси элитада және қоғамның өзінде де көптеген мәселелерді қайта қарауға жол ашады.
Ресей СІМ ММХҚИ Дипломатиялық академиясының заң факультеті кафедра меңгерушісі Андрей Данелян жаңа Конституцияда орыс тілі мәртебесінің өзгеруіне түсініктеме бере отырып, республикада орыс тіліне қатысты ешқандай проблема жоқ екенін айта кетті. Ол өзінің ЖОО-ғықазақстандық студенттердің орыс тілін жетік білетінін мысалға келтірді.
Дөңгелек үстелді қорытындылай келе, оның қатысушылары қазақстандықтарды референдумның сәтті өтуімен құттықтап, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың рөлін және оның соңғы жылдардағы ауқымды саяси өзгерістерді дәйекті жалғастыру бойынша бағытын атап өтті.
Олардың пікірінше, Қазақстанның жаңа Конституциясы ішкі және сыртқы сын-қатерлерге өзгерістер мен жауаптарды көрсетеді. Сондай-ақ, олар жаңа Негізгі Заң Қазақстан мен Ресей арасындағы тату көршілік қарым-қатынастарды дамытуға қызмет ететініне сенім білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.03.2026, 11:53 4326
Женевада телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және киберқауіпсіздік мәселелері талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Женевадағы Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымы жанындағы Тұрақты өкілдігі Халықаралық электр байланысы одағымен (ХЭО) бірлесіп "Телекоммуникациялар - киберқауіпсіздіктің негізі" тақырыбында брифинг өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шара Женевада аккредиттелген дипломатиялық миссиялардың өкілдерін біріктіріп, телекоммуникациялық инфрақұрылымның киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мен цифрлық жүйелердің тұрақтылығын арттырудағы рөлін талқылауға арналды.
Іс-шараның ашылуында Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Қайрат Төребаев құттықтау сөз сөйлеп, сенімді телекоммуникациялық инфрақұрылым қазіргі цифрлық экономиканың негізгі тіректерінің бірі екенін, ал халықаралық ынтымақтастық жаһандық киберқауіпсіздікті нығайтуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Бағдарлама аясында ХЭО сарапшылары киберқауіпсіздік саласындағы жаһандық үрдістер мен негізгі сын-қатерлерге шолу жасады.
Қазақстанның цифрлық трансформациясы туралы презентацияны Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Дамир Сейсембеков таныстырды. Ол телекоммуникация секторын дамыту елдің цифрлық трансформациясының негізгі қозғаушы күштерінің бірі екенін атап өтті.
Презентация барысында Қазақстанның цифрлық экожүйені белсенді түрде дамытып жатқаны атап өтілді: бүгінде 1300-ден астам мемлекеттік қызмет онлайн форматта қолжетімді, ал электрондық үкімет жүйесі БҰҰ-ның электрондық үкіметті дамыту индексінде 24-орында тұр.
Сондай-ақ телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға ерекше назар аударылды: соңғы үш жылда салаға 2,5 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция тартылды, ал "Қолжетімді интернет" ұлттық жобасы 2027 жылға қарай ел аумағын 100 пайыз интернетпен қамтуды көздейді.
Өткізілген брифинг дипломатиялық және сарапшылық қауымдастық арасында қауіпсіз әрі тұрақты цифрлық инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша пікір алмасуға арналған тиімді алаң болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.03.2026, 17:32 1766
Бейжіңде Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту және стратегиялық серіктестікті нығайту сұрақтары талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшісі Шахрат Нұрышев ҚХР Коммерция министрінің орынбасары Лин Цзимен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тараптар стратегиялық әріптестіктің жоғарғы деңгейін растап, өзара сауданың тұрақты оң динамикасын атап өтті: 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы рекордтық 48,7 млрд. долл. жетті.
Атап айтқанда, биыл өткізуге жоспарланып отырған ҚР - ҚХР Ынтымақтастық комитетінің сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі кіші комитетінің кезекті 14-ші отырысына сапалы дайындық мәселесіне, сондай-ақ "Қорғас" шекара маңы халықаралық ынтымақтастық орталығы аясындағы өзара іс-қимылдар мен инфрақұрылымдық жобалар бойынша ынтымақтастыққа ерекше назар бөлінді.
Ш.Нұрышев қазақ тарапының сапалы отандық өнімдерінің экспортын ұлғайтуға, өзара сауданы ынталандыра алатын бірлескен жобаларды дамытуға мүдделілігін, сондай-ақ "Қытайға экспорт" бастамасы аясындағы іс-шараларға белсенді қатысуға дайын екенін атап өтті.
Сонымен қатар тараптар ағымдағы жылға жоспарланған бірқатар бірлескен сауда-экономикалық іс-шаралар мен қол қоюға көзделген екіжақты құжаттардың дайындық мәселелерін талқылады.
ҚР ҚМ МКК-нің деректері бойынша, 2025 ж. Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 34,1 млрд долл. құрады (+13,2%). Оның ішінде Қазақстанның Қытайға экспорты - 15,2 млрд долл. (+2,1%), ал Қазақстанның импорты - 18,9 млрд долл. (+24,1%).
ҚХР БКБ-ның деректері бойынша, 2025 ж. Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 48,7 млрд. долл. құрады (+11%). Оның ішінде Қазақстанның Қытайға экспорты - 19 млрд долл. (+19,3%), ал Қазақстанның импорты - 29,7 млрд долл. (+6,2%).
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.03.2026, 16:29 1996
ЮНЕСКО алаңында Қазақстан исламофобияға қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға қолдау білдірді
Сурет: gov.kz
Достарға айту
ЮНЕСКО-да өткен "Исламофобиямен күрес: білім, мәдениет және диалог арқылы адам құқықтарын ілгерілету" тақырыбындағы дөңгелек үстелде Қазақстанның этносаралық және дінаралық келісімді нығайту және мәдениет пен білімді ілгерілету саласындағы тәжірибесі таныстырылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Исламофобияға қарсы күрестің халықаралық күніне (15 наурыз) орайластырылған іс-шараға ЮНЕСКО-ға мүше мемлекеттердің дипломаттары, ЮНЕСКО мен Ислам ынтымақтастық ұйымының өкілдері, сарапшылар және қоғам қайраткерлері қатысты.
Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі, Елші Асқар Абдрахманов өз сөзінде діни төзімсіздікпен күресте халықаралық серіктестікті нығайтудың маңыздылығын атап өтті. "Білім беруді, ғылымды, мәдениетті және коммуникацияларды дамыту арқылы бейбітшілікті қолдауға арналған мамандандырылған БҰҰ агенттігі ретінде ЮНЕСКО төзімсіздіктің, нәсілшілдіктің және кемсітушіліктің барлық түрлеріне қарсы тұрудағы күш-жігерінің ажырамас бөлігі ретінде исламофобиямен күресте маңызды рөл атқарады", - деді қазақ дипломаты.
Осыған байланысты ол іс-шараға қатысушыларға Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің дінаралық және мәдениетаралық диалог үшін тұрақты платформа құрудағы рөлін ерекше атап өтті. Елші Қазақстандағы білім берудің сапасын, қолжетімділігін, цифрландыруын жетілдіру шаралары және азаматтарды әлеуметтік қолдау, соның ішінде Сирия мен Ирактағы қарулы қақтығыс аймақтарынан қайтарылған әйелдер мен балаларды қоғамға қайта интеграциялау тәжірибесі туралы айтты. Осы орайда еліміздегі практикалық жұмыс исламофобиямен және төзімсіздікдің басқа да түрлерімен күресудегі кең ауқымды шараларды жүзеге асыруға ықпал ететіні аталып өтті.
Дөңгелек үстелге қатысушылар білім беру мен мәдениеттің қоғамдарында өзара түсіністік пен әртүрлілікті құрметтеуді ілгерілетудегі маңызды рөлін атап өтті.
ЮНЕСКО-да өткен "Исламофобиямен күрес: білім, мәдениет және диалог арқылы адам құқықтарын ілгерілету" тақырыбындағы дөңгелек үстел Ислам ынтымақтастық ұйымына төрағалық ететін Түркияның бастамасымен өтті. 2022 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 15 наурызды Халықаралық исламофобияға қарсы күрес күні деп белгілеу туралы қарар қабылдады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.03.2026, 15:51 3041
Ташкентте Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшісі Бейбіт Атамқұловтың Өзбекстан Республикасының Мектепке дейінгі және мектеп білімі министрі Эъзозхон Каримовамен кездесуі өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тараптар екі ел арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Өзара іс-қимылдың тұрақты оң серпіні атап өтіліп, мектепке дейінгі және мектеп білім беру жүйесін реформалау тәжірибесімен алмасудың, заманауи білім беру стандарттарын енгізудің, сондай-ақ оқушылар мен педагог кадрларды даярлау сапасын арттырудың маңыздылығы айтылды.
Кездесу барысында Елші білім беру саласының елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі стратегиялық рөлін атап өтіп, өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту сапасы қоғам мен мемлекеттің болашағын айқындайтынын ерекше атап өтті.
Сондай-ақ академиялық байланыстарды нығайтуға, білім беру үдерістерін цифрландыруға, дарынды жастарды қолдауға, педагог кадрларды даярлау саласындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге және білім беруде инновациялық тәсілдерді енгізуге бағытталған бірлескен бастамаларды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Елші Министрді 2026 жылғы 22-24 сәуірде Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммит туралы хабардар етті. Іс-шара аясында БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен "Балалар, жастар және климат" тақырыбында дөңгелек үстел өткізу жоспарланған.
Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге және гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған жаңа практикалық жобаларды жүзеге асыруға өзара мүдделілік білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.03.2026, 14:04 3281
Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-өнеркәсіптік ынтымақтастықты жандандыру мәселелері Душанбеде талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төрехановтың Тәжікстанның Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Фарходшох Рахмонализодамен кездесуі өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар экономика, сауда және инвестициялар салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады, сондай-ақ екі елдің іскерлік миссияларын ұйымдастыру, халықаралық көрмелерге белсенді қатысу және іскер топтар арасындағы тікелей байланыстарды нығайту мәселелері бойынша пікір алмасты.
2025 жылы Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы тауар айналымы 1,19 млрд АҚШ долларын құрағаны атап өтілді. Тараптар екі елдің тиісті құрылымдары мен бизнес-қоғамдастықтарының бірлескен күш-жігерімен екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты 2 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайту әлеуетінің кең перспективалары бар екенін айтты.
Екі елдің бизнес-топтары арасындағы тұрақты диалогты қолдау мақсатында Қазақстан-Тәжікстан Іскерлік кеңесінің кезекті отырысын өткізу мәселесі қозғалды. Өз кезегінде Ф.Рахмонализода 2026 жылы Тәжікстанда жоспарланған халықаралық көрмелер мен форумдарға қатысуға шақырды.
Кездесу соңында тараптар сауда-экономикалық саладағы қазақ-тәжік байланыстарын нығайту ісінде жемісті ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.03.2026, 12:10 3766
Қазақстан мен Люксембург саяси диалог пен экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Люксембургке жұмыс сапары аясында Елші Роман Василенко елдің заң шығарушы және атқарушы билік өкілдерімен, Еуропалық инвестициялық банкпен (ЕИБ) және іскер топтармен бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Люксембургтің Сыртқы және еуропалық істер министрлігінің Саяси директоры Вероника Докендорфпен кездесу барысында екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелері, сондай-ақ Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы өзара іс-қимыл талқыланды. Тараптар саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру, халықаралық ұйымдар мен институттар аясында өзара қолдау көрсету, сондай-ақ биыл кезекті сыртқы істер министрліктері арасындағы консультацияларды өткізу,"Қазақстан - Люксембург" Іскерлік кеңесін құру мүмкіндігі және Люксембургте Қазақстан мәдениеті күндерін ұйымдастыру мәселелерін талқылады.
Жұмыс бағдарламасы аясында Елші Люксембург Премьер-министрінің дипломатиялық кеңесшісі Ясуко Мюллермен де кездесу өткізді. Тараптар қазіргі халықаралық жағдай жөнінде пікір алмасып, энергетика мәселелері мен екіжақты және көпжақты форматтардағы өзара іс-қимыл жолдарын талқылады.
Сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту перспективалары Люксембург Сауда-өнеркәсіп палатасының халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Синди Теребамен кездесуде қаралды. Кездесу барысында қаржы, логистика, инновациялар және цифрлық экономика салаларындағы әріптестікті дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ 2026 жылғы қазанда Люксембург компанияларының Қазақстанға сауда миссиясын ұйымдастыру жоспарлары талқыланды.
Сонымен қатар Елші Еуропалық инвестициялық банктің халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Турайя Трикимен және ЕИБ-тің Орталық Азия бойынша менеджері Давид Монгуззимен кездесті. Кездесу барысында ЕИБ-тің Қазақстанда автомобиль жолдарын салу, көлік инфрақұрылымын дамыту, сирек жер металдары саласындағы жобаларды қаржыландыру мүмкіндіктері, сондай-ақ тиісті жобаларға инвестициялар тарту үшін практикалық үйлестіру жолдары талқыланды.
Сондай-ақ, Eurasian Resources Group өкілдерімен кездесу өткен барысында инвестициялық ынтымақтастық перспективалары мен бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.03.2026, 10:24 189331
Қазақстан мен Малайзия сауда, инвестиция және өнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Малайзиядағы Елшісі Булат Сүгірбаев Малайзияның Инвестициялар, сауда және өнеркәсіп министрі Джохари бин Абдул Ганимен кездесу өткізді. Кездесуге сондай-ақ "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқарма төрағасы Рустам Қарагойшин, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры, Өнеркәсіпті дамыту қоры басшылығы және Allur Group компаниясының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Елші Б. Сүгірбаев екі ел арасындағы сауда көлемінің айтарлықтай артқанын атап өтті. 2025 жылдың қорытындысы бойынша өзара тауар айналымы 53%-ға өсіп, 221 млн АҚШ долларына жетті. Ынтымақтастыққа қосымша серпін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бастаған сауда делегациясының Малайзияға сапары, сондай-ақ өткен жылы QazTrade пен оның малайзиялық серіктесі MATRADE арасында ынтымақтастық туралы меморандумның қол қойылуы арқылы берілді.
Өз кезегінде Дж. бин Абдул Гани Малайзия Қазақстанды Орталық Азия нарықтарына шығу үшін маңызды серіктес әрі ірі өңірлік хаб ретінде қарастыратынын атап өтті. Министр сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін білдірді. Тараптар екіжақты өзара іс-қимыл тетіктерін, соның ішінде Бірлескен сауда-экономикалық комитеттің кезекті отырысын өткізу және Қазақстан-Малайзия Іскерлік кеңесінің қызметін жандандыру мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында көлік-логистика саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Б. Сүгірбаев Қазақстанның Азия мен Еуропа арасындағы маңызды транзиттік торап ретіндегі стратегиялық рөлін, соның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамыту аясында атап өтті. Сонымен қатар Оңтүстік-Шығыс Азияның материктік бөлігі мен Қытай арасындағы теміржол байланысының кеңеюі аталған бағытпен жүк ағындарын ықпалдастыруға қосымша мүмкіндіктер ашатыны айтылды. Елші Қазақстан малайзиялық компаниялардың Орталық Азия және Еуразиялық экономикалық одақ, сондай-ақ Еуропа нарықтарына шығуы үшін маңызды алаң бола алатынына сенім білдірді. Осыған байланысты "Қорғас" халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы аумағында Малайзия сауда үйін құру мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.
Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Басқарма төрағасы Р. Қарагойшин Малайзияның Proton компаниясын Қазақстандағы автомобиль өнеркәсібін дамытуға тарту мәселесі туралы хабардар етті. Бірлескен өндіріс Қазақстан экономикасында жаңа жұмыс орындарын құруға және жергілікті кәсіпкерлікті қолдауға ықпал ететін мультипликативтік әсер береді деп күтілуде.
Аталған инвестициялық және технологиялық жобадан бөлек, "Бәйтерек" холдингінің делегациясы Малайзияның қаржы секторымен, даму институттарымен және шағын және орта бизнесті қолдау ұйымдарымен ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін де талқылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
17.03.2026, 11:53Женевада телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және киберқауіпсіздік мәселелері талқыланды 17.03.2026, 12:45 2791Мәскеуде Қазақстанның жаңа Конституциясы бойынша Референдумның қорытындылары талқыланды
12.03.2026, 13:25 189826Қазақстан Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымының сессиясында ядролық державалар арасындағы диалогты қайта жандандыруға шақырды12.03.2026, 14:07 188661Қазақстанның мемлекеттік органдары мен дипломатиялық өкілдіктерінің қолдауымен Таяу Шығыс өңірінен Қазақстанға 9926 қазақстандық елге қайтарылды13.03.2026, 10:24 188631Қазақстан мен Малайзия сауда, инвестиция және өнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуда12.03.2026, 15:10 188611Астанада Қазақстан-Бельгия саяси консультациялардың алтыншы раунды өтті12.03.2026, 21:21 188556Стокгольмде Қазақстанның конституциялық реформалары таныстырылды
04.03.2026, 10:54 238111Босния және Герцеговина Елшісі сенім грамотасының көшірмесін табыстады26.02.2026, 22:48 230321Қазақстан Сыртқы істер министрі "Орталық Азия - Ұлыбритания" форматындағы сыртқы саяси ведомстволар басшыларының кездесуіне қатысты26.02.2026, 23:25 229781Қазақстан мен Ұлыбритания басым салаларда экономикалық серіктестікті тереңдетуде26.02.2026, 17:47 229766Загребте жаңа Конституция жобасы таныстырылды26.02.2026, 18:49 229731Қазақстан БҰҰ Туризм ұйымымен бірге өңірлік туристік хаб ретіндегі рөлін нығайтуда

