16.01.2026, 19:49 1626
Мажарстан астанасында Қазақстанмен құқықтық саладағы ынтымақтастық талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы мен Мажарстанның Бас прокуроры Габор Балинт Надь арасында кездесу өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында Қазақстан мен Мажарстанның прокуратура органдары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету мәселелері талқыланды. Екі елде де өзара құқықтық көмек көрсету мәселелеріне ерекше маңыз берілетіні аталып өтті.
Елші сұхбатшыны Қазақстанның құқық қорғау жүйесін реформалау барысы туралы жан-жақты хабардар етті. Атап айтқанда, "Әділетті Қазақстан" және "Заң мен тәртіп" қағидаттары аясында, әсіресе прокуратура жүйесінде превентивті құқықтық қадағалауды күшейтуге, азаматтар мен бизнестің құқықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға және цифрлық шешімдерді енгізуге бағытталған шараларға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ екі ел арасындағы халықаралық құқықтық ынтымақтастықтың жоғары деңгейі аталып өтті.
Өз кезегінде Мажарстанның Бас прокуроры Қазақстандағы ішкі саяси реформаларды, әсіресе заңнамалық және құқықтық салалардағы өзгерістерді жоғары бағалады. Ол 2025 жылғы 4 қарашада Қазақстан Жоғарғы сотының төрағасы Асламбек Мерғалиевтің Будапештке жасаған сапары барысында аталған реформалар туралы жан-жақты ақпарат алғанын атап өтті.
Осы орайда екі елдің прокуратура органдары арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың, соның ішінде құқықтық және гуманитарлық салаларда тәжірибе алмасудың маңыздылығы ерекше айтылды.
Сонымен қатар талқылау барысында Г.Балинт Надь Қазақстан мен Мажарстан прокуратура органдары арасындағы ынтымақтастықтың тиімді әрі сындарлы сипатқа ие екенін атап өтті. Ол Мажарстан прокуратурасының қызметіне цифрлық технологияларды енгізу жөнінде ақпарат беріп, цифрландыру саласында, соның ішінде жасанды интеллект технологияларын қолдану бағытында Қазақстанмен тәжірибе алмасуға мүдделілік танытты.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстанның Елшілігі мен Мажарстанның Бас прокуратурасы арасындағы тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға және оны одан әрі дамытуға өзара қызығушылық білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
16.01.2026, 18:46 1861
Қазақстан мен Сербия: серіктестік ынтымақтастық басты назарда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан мен Сербия арасындағы іскерлік ынтымақтастықты дамыту аясында Қазақстан Республикасының Сербиядағы Елшісі Мади Атамқұлов және Ұлттық жергілікті экономикалық даму альянсының (NALED) атқарушы директоры, сонымен қатар, Сербиядағы "Etno mreža" этномәдени ұйымының негізін қалаушы Виолета Йованович кездесуі өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында В.Йованович Қазақстан Елшісін NALED ұйымының қызметімен таныстырды. Аталған ұйым Сербияда кәсіпкерліктің ахуалын жақсартуға, тұрақты экономикалық дамуға және шетелдік инвестицияларды қолдауға ықпал етеді.
М.Атамқұлов Қазақстан мен Сербия арасындағы іскерлік қатынастарды нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, екі елдің сауда, инвестиция және инновациялар саласында өзара тиімді ынтымақтастық әлеуетіне ие екенін айтты.
Сонымен қатар В.Йованович "Etno mreža" этномәдени ұйымының қызметімен таныстырды. Ол ұлттық дәстүрлер мен мәдени бірегейлікті бейнелейтін дәстүрлі өнімдерді ілгерілетуге бағытталған.
Кездесу барысында тараптар Сербия мен Қазақстан арасындағы тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін, мәдени ынтымақтастықты дамыту және мәдени мұраны сақтауға үлес қосатын жобаларды талқылады.
Қазақ дипломаты Қазақстанның Сербиямен экономикалық және мәдени салаларда ынтымақтастықты кеңейтуге дайындығын атап өтіп, екі ел арасындағы кәсіпкерлік ахуалын жақсарту, инвестицияларды қолдау және екіжақты байланысты нығайтуға бағытталған жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға қызығушылық ниетін жеткізді.
Тараптар аталған диалогты жалғастыруға және болашақта бірлескен бастамалар аясында ынтымақтастықтың нақты нысандарын қарастыруға дайындықтарын растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.01.2026, 17:42 2091
Қазақстан және Таиланд сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен Таиланд Корольдігінің Сыртқы істер министрі Сихасак Пуангкеткео арасында телефон арқылы сөйлесу өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сұхбат барысында сыртқы саяси ведомстволардың басшылары Қазақстан-Таиланд қатынастарының үдемелі даму қарқынын жоғары бағалап, екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы перспективаларын талқылады.
Тараптар саяси диалогты кеңейтуге, сауда және инвестициялар, өңдеу өнеркәсібі, көлік және логистика, цифрлық даму, туризм салаларындағы және өзге де басым бағыттардағы өзара әрекеттестікті тереңдетуге одан әрі қолдау көрсетуге дайындықтарын білдірді.
Сонымен қатар министрлер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша ұстанымдарды одан әрі үйлестіру мақсатында тұрақты жұмыс байланыстарын қолдауға уағдаласты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.01.2026, 14:39 2541
Иордания Корольдік сарайында қазақ-иордан қарым-қатынастары талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшісі Талғат Шалданбай Иордания Корольдік сарайының Саяси мәселелер жөніндегі департамент директоры Моаз Аз-Зубимен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар екі ел басшыларының өзара ресми сапарлары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру тұрғысында екіжақты қатынастардың жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ Қазақстан мен Иордания арасындағы көпқырлы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Сонымен қатар Астана мен Амманның халықаралық сахнадағы бастамаларын қолдау және халықаралық ұйымдар аясында толыққанды диалог орнату маңыздылығы аталып өтті.
М.Аз-Зуби қазақ тарапына екі елдің бастамаларын сыртқы саясатта ілгерілетуге қосқан үлесі үшін ризашылығын білдірді. Бұған қосымша, ол 2025 жылы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Амман қаласына (ақпан) және Иордания Королі Абдалла II-нің Астана қаласына (тамыз) ресми сапарлары екі ел арасындағы жаңа мүмкіндіктерге жол ашқандығына назар аударды.
Елші Қазақстанның иорданиялық тараппен өзара тиімді серіктестікті нығайтуға мүдделі екенін атап өтіп, Астананың Амманмен толық форматта ынтымақтастық орнатуға дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ Елшілік екіжақты қатынастарды жандандыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға жәрдем көрсетуге дайын екенін растады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тұрақты байланыстарды жалғастыруға және Қазақстан мен Иордания арасындағы диалогты кезең-кезеңімен нығайтуға бағытталған нақты шараларды бірлесіп әзірлеуге өзара қызығушылық білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.01.2026, 12:36 4631
Қазақстан мен Әзербайжан өңірде жаңа архитектураны бірлесе қалыптастыруда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел Әзербайжан Республикасы Президентінің сыртқы саясат жөніндегі көмекшісі Хикмет Гаджиевпен кездесті. Тараптар өткен жылғы екіжақты ынтымақтастықты қорытындылай отырып, алдағы кезеңге арналған жоспарларды талқылады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ә.Байел өзара сапарлардың жоғары қарқынын ынтымақтастықтың тығыздығын айқындайтын маңызды көрсеткіш ретінде атап өтті. Соңғы үш жылда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға алты рет, ал Президент Ильхам Әлиев Қазақстанға бес рет сапармен келген.
2025 жылғы 8 тамызда Әзербайжан мен Армения арасындағы көпжылдық жанжалға нүкте қойылғанына назар аударылды. Бейбіт реттеу жөніндегі тарихи декларацияға қол қойылды. Қазақстан да бейбіт процеске өз үлесін қосып, 2024 жылы әзербайжан-армян келіссөздеріне алаң ұсынған болатын. Әзербайжан аумағы арқылы Арменияға соңғы 30 жылда алғаш рет жіберілген жүк ретінде қазақстандық бидайдың өтуі символдық әрі практикалық маңызға ие екені айтылды. Тараптар коммуникацияларды одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.
2025 жылғы маңызды оқиғалардың бірі Әзербайжанның Орталық Азия көшбасшылары саммиттері форматына толыққанды қосылуы болды. Қазақстан бұл процеске жан-жақты қолдау көрсетті. Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев әзербайжандық баспасөзге берген мәлімдемесінде Әзербайжанды "C5 + АҚШ" форматында көргісі келетінін атап өтті.
Тараптар бірлескен инвестициялық қорды пайдалана отырып, экономикалық және өнеркәсіптік кооперацияны күшейту қажеттілігіне, сондай-ақ көлік-логистикалық және энергетикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңыздылығына мән берді. Сонымен қатар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды. Қазақстан мен Әзербайжан Еуразия кеңістігінде жаңа геосаяси және геоэкономикалық архитектураны қалыптастыруға бірлесіп белсенді қатысып отырғаны айтылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.01.2026, 10:33 4841
Қазақстан мен Оңтүстік Корея көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшісі Нұрғали Арыстанов Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Жер, инфрақұрылым және көлік жөніндегі комитетінің төрағасы, депутат Мэн Сон Гюмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясаты аясындағы стратегиялық басым бағыттардың бірі - көлік және логистика саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.
Сондай-ақ Алатау ақылды қаласын дамыту бағытындағы ынтымақтастықтың өзектілігі аталып өтілді. Осы тұрғыда 2025 жылғы желтоқсанда ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, "Alatau City Authority" мемлекеттік қоры және Кореяның Шетелдік инфрақұрылым мен қала құрылысына қолдау көрсету корпорациясы (KIND) арасында қол қойылған Өзара түсіністік туралы меморандумның маңыздылығы ерекше назарға ие болды.
Бұдан бөлек, қазақ дипломаты депутатты Астанада өтетін халықаралық іс-шараларға қатысу үшін Қазақстанға шақырды.
Жалпы, "Air Astana", "SCAT Airlines", "Asiana Airlines" және "Eastar Jet" әуекомпаниялары жүзеге асырып отырған тікелей әуе рейстерінің кеңеюінің арқасында екіжақты байланыстар мен туристік алмасудың оң серпіні аталып өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.01.2026, 21:30 5046
Қазақстан СІМ-де Иранның сыртқы саяси ведомствосы басшысының орынбасарымен кездесулер өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Иран Ислам Республикасы сыртқы саяси ведомствосы басшысының орынбасары Казем Гарибабадимен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тараптар екіжақты күн тәртібінің кең ауқымды мәселелерін, оның ішінде саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету, көлік-логистика саласындағы өзара іс-қимылды кеңейту, сондай-ақ Ислам ынтымақтастығы ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес және Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
2025 жылғы 10-11 желтоқсанда Иран Президенті Масуд Пезешкианның Қазақстанға жасаған алғашқы ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сұхбаттастар қол жеткізілген келісімдерді дәйекті түрде жүзеге асыруға және екіжақты ынтымақтастыққа басым бағыттар бойынша қосымша серпін беруге өзара мүдделілік растады.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетовтың Иран делегациясымен келіссөздері өтіп, көпжақты ынтымақтастық және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Дипломаттар Біріккен Ұлттар Ұйымы шеңберінде өтетін алдағы іс-шаралар, сондай-ақ Каспий теңізі мәселелері бойынша ынтымақтастық жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ Таяу Шығыстағы және әлемдегі жалпы ахуалдың дамуына қатысты өзекті мәселелер қозғалды.
Кездесулер қорытындысы бойынша тараптар Астана мен Тегеран арасындағы конструктивті диалогты жалғастыруға және жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге жоғары өзара қызығушылықтарын растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.01.2026, 19:26 5246
Қазақстан мен Мысыр денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Елшісі Асқар Жеңіс Мысыр Араб Республикасы Премьер-министрінің Адам дамуы жөніндегі орынбасары - Денсаулық сақтау және халық саны министрі Халед Абдел-Ғаффармен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар денсаулық сақтау, медицина және фармацевтика өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықты қалыптастырудың маңыздылығына аса назар аударды.
Атап айтқанда, тараптар денсаулық сақтау мен медицинаның дәстүрлi медицина, фармацевтика, эпидемиология және т.б. сияқты басқа да көптеген салаларында ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін талқылады.
Оған қоса тараптар медициналық салада білікті мамандар, ғалымдар арасында тәжірибе алмасу, конференциялар мен көрмелер аясында маңызды iндет аурулары туралы ақпараттармен және деректермен бөлісу маңыздылығы мен мүмкіндіктерін қарастыруға келісті.
Осы ретте, екі елдің белгілі медицина саласының ғалымдарының арасында тығыз ынтымақтастық орнату мақсатында, оның ішінде күрделі отау жасау мамандары арасында тәжірибе алмасуды ұдайы түрде жүргізу мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар Елші Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды "Цифрландыру және жасанды интеллект жылы" деп жариялағанын жеткізіп, елде жасанды интеллект технологиясын қолданып, медициналық қызметтердің сапасына және көлеміне мониторинг жүргізетін жаңа жүйе қалыптастыру бойынша жұмыстардың тапсырылғанын хабардар етті.
Қазақ дипломаты елімізде дәрігердің мәртебесін көтеріп, әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін нақты шаралар қабылданып жатқандығы туралы толыққанды ақпарат берді.
Өз кезегінде, Х.Абдел-Ғаффар қазақ тарапының ұсыныстарына өзінің қызығушылығын таныта отырып, оларды бірлесе іске асыруда барынша қолғабыс көрсетуге дайын екенін жеткізді және мұндай бастамалар мен келісімдердің сәтті болатынына сенімін білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.01.2026, 17:24 4331
Қазақстан Елшісі Чехия Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Прага Қамалында Қазақстан Республикасының Елшісі Қайрат Әбдірахманов Чех Республикасының Президенті Петр Павелге сенім грамоталарын тапсырды. Салтанатты рәсім аясында қазақ дипломаты мен чех мемлекет басшысы сұхбаттасып, екіжақты қатынастардың жоғары деңгейін растап, оларды одан әрі тереңдетуге өзара қызығушылықтарын білдірді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыру, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударды. Өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу барысында жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту мүддесінде Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы аясындағы өзара іс-қимылдың маңыздылығы аталып өтті. Еуропалық одақ пен Орталық Азия арасындағы ынтымақтастықтың жоғары қарқыны қанағаттанушылықпен айтылды.
Елші чех тарапының назарын Қазақстандағы жаңғырудың жаңа кезеңіне аударып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Turkistan" газетіне берген жаңа жылдық сұхбатында айқындалған орнықты экономикасы, тұрақты саяси жүйесі және қоғамдық игіліктерді әділ бөлу қағидаты бар құқықтық мемлекет құру басымдықтарын атап өтті. Чех кәсіпкерлері Қазақстандағы экономикалық өзгерістерге, әсіресе энергетика және коммуналдық шаруашылық салаларына ерекше қызығушылық танытып отыр. Себебі, чех компаниялары дәл осы салаларға қажетті, ресурсты үнемдейтін және экологиялық таза озық технологиялармен жабдықталған.
Осы және өзге де өзара тиімді қазақ-чех ынтымақтастығының бағыттары бойынша биік және жоғары деңгейдегі кездесулерді әзірлеу мақсатында екі елдің үкіметтері, іскер және қоғамдық топтары желісі арқылы үйлестірілген жұмыс жалғастырылатын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
13.01.2026, 19:16Қасым-Жомарт Тоқаев "QazaqGaz" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Әлібек Жамауовты қабылдады 13.01.2026, 18:30 149406Еліміздің барлық елді мекендері сумен толық қамтамасыз етілді13.01.2026, 20:35 148766Елімізде су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі әзірленуде13.01.2026, 17:27 147771Су министрлігі көктемгі су тасқынынан қорғау шараларын күшейтуде14.01.2026, 08:57 146981Қазақстан Үкіметі жер қойнауын зерттеудің жаңа кезеңіне кірісуде: геологиялық барлауға 240 млрд теңге бөлінеді
06.01.2026, 20:48 200011Заңнамалық актілер жаңа Цифрлық кодекске сәйкес келтіріледі07.01.2026, 09:29 178986Православиелік қазақстандықтар Рождество мерекесін тойлап жатыр07.01.2026, 10:33 178891Мемлекет басшысы Рождество мерекесімен құттықтады06.01.2026, 20:02 151991Премьер-министр төтенше жағдайларға қарсы күрес және алаяқтықтың заманауи түрлерін анықтау үшін цифрлық құралдарды әзірлеп шығару қажеттігін атап өтті13.01.2026, 19:16 149956Қасым-Жомарт Тоқаев "QazaqGaz" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Әлібек Жамауовты қабылдады

