31.12.2025, 17:05 128866
Мемлекет басшысының атына Жаңа жылға орай құттықтау жеделхаттары келіп жатыр
Сурет: akorda.kz
Достарға айту
Қазақстан Президентінің атына шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен Жаңа жылға орай құттықтау жеделхаттары келіп түсуде, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысын Ресей Президенті Владимир Путин, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Армения Президенті Ваагн Хачатурян, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, БАӘ Президенті шейх Мухаммед бен Заид Әл Нахаян, БАӘ Вице-Президенті, Премьер-министрі, Дубай Әміршісі Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, БАӘ Вице-Президенті, Премьер-министрдің орынбасары Мансур бен Заид Әл Нахаян, Марокко Королі VI Мұхаммед, Иран Президенті Масуд Пезешкиан, Мысыр Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сиси, Испания Королі VI Фелипе, Испания Премьер-министрі Педро Санчес, Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер, Германия Федеральдық Канцлері Фридрих Мерц, Ұлыбритания Премьер-министрі Кир Стармер, Италия Президенті Серджо Маттарелла, Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок, Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар, Албания Президенті Байрам Бегай, Хорватия Президенті Зоран Миланович, Латвия Президенті Эдгарс Ринкевичс, Еуропалық кеңес Президенті Антониу Кошта, Жапония Премьер-министрі Санаэ Такаичи, Корея Президенті Ли Чже Мёң, Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам, Мьянма Президентінің міндетін атқарушы Мин Аун Хлайн, Руанда Президенті Поль Кагаме, Сингапур Аға министрі Ли Сянь Лун, ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаев, ФИФА Президенті Джанни Инфантино, Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйым жетекшілері, бұрынғы мемлекет және үкімет басшылары, шетелдік көрнекті мемлекет қайраткерлері, шетелдік ірі компаниялар мен қаржы институттарының жетекшілері, дипломатиялық миссия өкілдері және басқа да ресми тұлғалар құттықтады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
05.03.2026, 19:00 20051
Ереванда қазақ-армян гуманитарлық ынтымақтастығын нығайту мәселесі талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Елші Болат Иманбаев Армения Республикасының Білім, ғылым, мәдениет және спорт министрі Жанна Андреасянмен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сұхбаттасушылар Қазақстан мен Армения арасындағы білім беру, ғылым және мәдениет салаларындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін растады. 2025 жылы екі елдің бейінді ведомстволары, сонымен бірге жетекші мұражайлары, кітапханалары мен киноиндустрия ұйымдары арасында қол қойылған екіжақты құжаттардың маңыздылығы ерекше аталып өтті.
Осы орайда үстіміздегі жылдың ақпан айында Месроп Маштоц атындағы "Матенадаран" ежелгі қолжазбалар институты делегациясының Қазақстанға сапарының маңыздылығына назар аударылып, сапар аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басшылығымен тәжірибе алмасу және бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру мәселелері бойынша келіссөздер жүргізілді.
Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылап, ағымдағы жылға арналған екіжақты іс-шаралар кестесін келістірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.03.2026, 18:58 20256
Словениядағы қазақстандық қауымдастықпен кездесуде Конституциялық реформа талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Словениядағы Елшісі Алтай Әбибуллаев Словенияда тұратын Қазақстан азаматтарымен кездесіп, отандастардың құқықтарын қорғау, дипломатиялық миссиямен өзара іс‑қимыл және шетелдегі қазақстандық қауымдастықты нығайту мәселелерін талқылады. Елші Қазақстан мен Словения арасындағы жоғары деңгейдегі қатынастарды атап өтіп, азаматтармен ашық диалогтың маңыздылығын және елшіліктің жан‑жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесудің негізгі бөлігі Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды өзгерістерге арналды. Елші конституциялық реформаның негізгі аспектілеріне тоқталып, демократиялық институттарды нығайтуға және азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуын кеңейтуге бағытталған Конституциядағы негізгі өзгерістерді түсіндірді және отандастарды 15 наурызда өтетін республикалық референдумға қатысуға шақырды.
Дипломат елдің цифрландыру саласындағы жоспарлары туралы айтып, электрондық мемлекеттік қызметтерді кеңейту, экономикаға инновациялық шешімдерді енгізу және халыққа көрсетілетін цифрлық қызметтердің сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарға тоқталды. Осыған байланысты ол қазақстан‑словениялық "AI&Digital Bridge" цифрлық форумына және елшілік ұйымдастыратын басқа да қоғамдық және мәдени іс‑шараларға қатысуға шақырды.
Кездесуге қатысушылар талқыланған тақырыптарға белсенді қызығушылық танытып, мемлекеттік құрылымдармен өзара іс‑қимыл жасау, білім беру бағдарламаларына қатысу және мәдени бастамаларды іске асыру мүмкіндіктерін қарастырды. Қатысушылар саяси реформалар, цифрлық жобалар және консулдық қызметтер туралы өзекті ақпараттың маңыздылығын атап өтті.
Кештің ерекше сәті Любляна университетінің Музыка академиясында оқитын қазақстандық талантты студенттердің өнер көрсетуі болды. Олар Евгений Брусиловскийдің "Боз айғыр" шығармасын орындап, кездесудің жарқын мәдени акцентіне айналды және Қазақстан мен Словения арасындағы гуманитарлық байланыстарды дамытуға жастардың қосқан үлесін көрсетті.
Кездесуді қорытындылай келе, Елші мұндай іс‑шаралар шетелдегі қазақстандық қауымдастықтың бірлігін нығайтуға және Қазақстанмен тұрақты байланысты сақтауға ықпал ететінін атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.03.2026, 17:37 20456
Астана мен Хельсинки конституциялық реформалар аясында сараптамалық серіктестікті нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Азамат Әбдіраимов Хельсинки университеті жанындағы Александров институты директоры Анна Хеусаламен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар халықаралық және өңірлік үдерістердің өзекті мәселелері бойынша мазмұнды пікір алмасып, саяси диалогтың оң серпінін және екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымы бойынша практикалық өзара іс-қимылдың дәйекті түрде кеңейіп келе жатқанын атап өтті.
Елші сұхбаттасын 15 наурызда өтетін Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша Жалпыұлттық референдум туралы хабардар етті. Ол негізгі конституциялық өзгерістер мен жаңа Конституция жобасының мазмұнына тоқталып, ұсынылып отырған конституциялық реформа Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған дәйекті саяси жаңғырулардың заңды жалғасы екенін мәлімдеді.
Өз кезегінде А.Хеусала Финляндияда Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформаларға ерекше назар аударылатынын айтып, саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғыртулардың ауқымы мен жүйелілігіне жоғары баға берді. Оның пікірінше, Қазақстан Орталық Азия өңірінде тұрақтылық пен болжамдылықты қамтамасыз етуге елеулі үлес қосатын, орнықты әрі серпінді дамып келе жатқан мемлекет ретіндегі ұстанымын дәйекті түрде нығайтып келеді.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар екі елдің талдау орталықтары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге, оның ішінде сараптамалық және ақпараттық-талдамалық материалдармен жүйелі алмасуға, сұхбаттар ұйымдастыруға, сондай-ақ өзара сапарлар өткізуге мүдделілік білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.03.2026, 16:51 20656
Каирде Таяу Шығыстағы жағдай және Қазақстанның конституциялық жаңғыруы талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Асқар Жеңіс араб әлемінің көрнекті саясаткері, Мысырдың бұрынғы Сыртқы істер министрі әрі Араб мемлекеттері лигасының экс-Бас хатшысы Амр Мұсамен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесудің басты тақырыбы Таяу Шығыстағы ахуал болды. А.Мұса аймақтағы шиеленістің артуына терең алаңдаушылық білдіріп, қазіргі жағдайдың халықаралық қауіпсіздікке төндіретін қатері зор екенін ескертті. Ол кез келген қақтығысты шешуде дипломатиялық жолдың баламасыздығын айтып, аймақты одан әрі дестабилизациядан сақтап қалу үшін бейбіт келіссөздер жүргізуге шақырды.
Тараптар 15 наурызда өтетін референдум қарсаңындағы Қазақстанның конституциялық жаңғыру барысын егжей-тегжейлі талқылады. Мемлекеттік құрылым саласындағы мол тәжірибесіне сүйене отырып, А.Мұса еліміздің бір палаталы парламентке көшуі мен вице-президент лауазымын енгізу туралы шешімін жоғары бағалады. Оның пікірінше, "жаһандық құбылмалылық" кезеңінде билік институттарын нығайту Қазақстанның саяси жүйесін сыртқы сын-қатерлерге төзімді әрі сыртқы серіктестер үшін сенімді ете түседі.
Қазақстанның даму жолына шынайы қызығушылық танытқан мысырлық дипломат алдағы уақытта елімізде өтетін халықаралық форумдар мен маңызды іс-шараларға қатысуға дайын екенін жеткізді. Ол дипломатия және құқықтық даму мәселелері бойынша екіжақты сарапшылық диалогты нығайтуға ниетін білдірді.
Амр Мұса - Мысыр мен әлемдік дипломатияның ардагері. Ол 1991-2001 жылдар аралығында Мысырдың СІМ басқарып, Ливандағы азаматтық соғысты тоқтатуда шешуші рөл атқарды. 2001-2011 жылдары Араб мемлекеттері лигасының Бас хатшысы болды. 2013 жылы Мысырдың жаңа Конституциясын дайындаған комитетке жетекшілік етті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.03.2026, 15:54 20991
Вашингтонда Орта дәлізді дамыту және өңірлік ынтымақтастық басымдықтары талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Каспий саясаты орталығы (Caspian Policy Center) алаңында "Жаңа және кеңейтілген Орталық Азия: Транскаспий бағытын дамытудың келесі қадамдары" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Орта дәліздің перспективалары мен өңірлік кооперацияны нығайту мәселелеріне арналды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Талқылауға Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Мағжан Ілиясов, Әзербайжан мен Өзбекстанның дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары, сондай-ақ америкалық сарапшылық қауымдастық пен БАҚ өкілдері қатысты.
Өз сөзінде М.Ілиясов Қазақстанның Орталық Азиядағы серіктестікті тереңдетуді және Әзербайжанмен стратегиялық өзара іс-қимылды кеңейтуді дәйекті түрде ілгерілетіп келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, "C6" форматының іске қосылуы Еуразия кеңістігінде көлік, сауда және инфрақұрылымды дамыту салаларындағы ынтымақтастықтың неғұрлым прагматикалық тұрғыда қалыптастырылған моделіне көшуін білдіреді.
Елші өңір елдерінің орнықты экономикалық өсімі ауқымды нарық қалыптастырып, өзара сауданы ынталандырып, Орталық Азияның инвестициялық тартымдылығын арттырып отырғанын атап өтті. Қазақстан көршілес мемлекеттердің ілгерілеуін ашықтық, прагматизм және өзара тиімділік қағидаттарына негізделе отырып, бүкіл өңірдің ұзақ мерзімді орнықтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің маңызды факторы ретінде қарастырады.
Қазақстан негізгі транзиттік-логистикалық буын ретінде әрекет ететін Орта дәліздің дамуы мәселесіне ерекше назар аударылды. Теміржол және порт инфрақұрылымын жаңғырту, Каспийдегі порт қуаттарын кеңейту, цифрлық шешімдерді енгізу және рәсімдерді оңтайландыру жүк жеткізу мерзімдерін айтарлықтай қысқартып, контейнерлік тасымал көлемін арттыруға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, транскаспий күн тәртібінің "C5+1" форматының экономикалық бағытымен, оның ішінде АҚШ-пен аса маңызды минералдар, озық технологиялар және инвестициялар тарту салаларындағы ынтымақтастықпен өзара үндестігі атап өтілді.
Іс-шара сұрақ-жауап сессиясымен аяқталып, оның барысында қатысушылар Транскаспий бағытын одан әрі дамыту және Орталық Азиядағы орнықты өсімді нығайту жөніндегі практикалық қадамдарды талқылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.03.2026, 14:43 21186
Маңғыстауға Таяу Шығыстан оралған қазақстандықтардың кезекті легі келді
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Таяу Шығыс елдеріне сапармен барған қазақстандықтардың кезекті легі елге аман-есен оралды. Жолаушылар бүгін "Air Astana" әуе компаниясының ұшағымен Ақтау халықаралық әуежайына қонды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ұшып келген азаматтардың басым бөлігі әрі қарай Алматы қаласына жол тартты.
Азаматтар шетелде болған кезеңде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен елшіліктер тарапынан тұрақты байланыс орнатылып, жан-жақты қолдау көрсетілгенін атап өтті. Арнайы чаттар ашылып, ақпараттық және құқықтық көмек берілген. Қонақ үй мен тамақ мәселесі де шешімін тапқан.
- Біз Сауд Арабиясы, Жидда, Доха, Катар бағыттарынан жиналып, Умра сапарынан кейін Жидда қаласына топтастырылдық. Сол жерден ұйымдастырылған рейспен Ақтауға жеттік. Араға 2-3 күн кідіріс түскені болмаса, жағдайымыз жақсы болды. Сыртқы істер министрлігі мен елшілер толық қолдау көрсетті. Құжат рәсімдеу барысында да көмектесті. Осындай сәтте еліміздегі тыныштық пен тәуелсіздіктің қадірін тереңірек түсінеді екенсің. Қазақ халқына, мемлекет басшысына алғысымды айтқым келеді. Барша қазақстандықтарға бірлік тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Аспанымыз ашық болсын, - деді Ақтау қаласының тұрғыны Бирюза Ищанова.
Айта кетейік, Таяу Шығыс елдерінен Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары жалғасуда. ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда Қазақстанға оралған азаматтардың жалпы саны 2 151 адамды құрады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.03.2026, 13:35 21391
Қазақстан мен Грекия ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын нақтылады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Грек Республикасының Елшісі Антония Кацуруды қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар қазақ-грек ынтымақтастығының өзекті мәселелері мен перспективаларын, сондай-ақ жоғары деңгейдегі байланыстар кестесін талқылады. Саяси диалог пен сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара әрекеттестіктің оң динамикасы аталып өтті.
Грекия - Жерорта теңізі өңіріндегі Қазақстанның маңызды серіктесі. Біз шарттық-құқықтық базаны кеңейтуге және екіжақты деңгейде де, халықаралық ұйымдар аясында да ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екенімізді білдіреміз", - деп атап өтті А.Исетов.
Өз кезегінде, А.Кацуру Афинаның Қазақстанмен жан-жақты байланыстарды одан әрі нығайтуға ұмтылысын атап, туризм саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударды.
Кездесу соңында тараптар саяси диалогты тұрақты түрде қолдауға және барлық бағыттар бойынша қазақ-грек серіктестігін кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруға келісті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.03.2026, 12:38 21596
Мадридте экономикалық қатынастарды жандандыру мәселесі талқыланды
Достарға айту
Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев Испанияның Сауда жөніндегі мемлекеттік хатшысы, Қазақстан-Испания үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Ампаро Лопеспен келіссөздер өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында өткен жылғы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қорытындылары шығарылды. Тараптар екіжақты өзара іс-қимыл динамикасындағы оң үрдістерді атап өтіп, 2025 жылғы наурызда Мадрид қаласында өткен Үкіметаралық комиссияның 11-отырысы мен Іскерлік кеңестің 8-отырысының нәтижелерін жоғары бағалады.
Әңгімелесушілер энергетика, құрылыс материалдары өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін, сондай-ақ Испанияға экспортталатын қазақстандық тауарлар номенклатурасын кеңейту мүмкіндіктерін қарастырды.
Осы тұрғыда баламалы логистикалық бағыттарды, соның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын пайдалану және бірлескен іс-шаралар өткізу маңыздылығы аталып өтті.
Келіссөздердің бөлек тақырыбы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша алдағы референдум болды. А.Лопеске институционалдық негіздерді нығайтуға, саяси және экономикалық жүйені жаңғыртуға, мемлекеттік басқарудың тұрақтылығын арттыруға бағытталған жобаның негізгі ережелері туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Мемлекеттік хатшы аталған бастамаларға оң баға беріп, олардың Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы үшін маңыздылығын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты күн тәртібінің барлық бағыттары бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
04.03.2026, 10:54Босния және Герцеговина Елшісі сенім грамотасының көшірмесін табыстады 04.03.2026, 16:45 201466Қазақстан СІМ-де бірқатар мемлекеттердің елшілерінен сенім грамоталарының көшірмелерін қабылданды04.03.2026, 15:34 201451Астанада ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының өкілдерімен референдумды байқау мәселелері бойынша кездесу өтті04.03.2026, 20:25 201431Таяу Шығыс елдерінен Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары жалғасып келеді04.03.2026, 14:31 201391Қазақ мәдениеті Үндістанда халықаралық фестивальде таныстырылды
04.03.2026, 10:54 236391Босния және Герцеговина Елшісі сенім грамотасының көшірмесін табыстады26.02.2026, 22:48 229791Қазақстан Сыртқы істер министрі "Орталық Азия - Ұлыбритания" форматындағы сыртқы саяси ведомстволар басшыларының кездесуіне қатысты26.02.2026, 23:25 229271Қазақстан мен Ұлыбритания басым салаларда экономикалық серіктестікті тереңдетуде26.02.2026, 17:47 229266Загребте жаңа Конституция жобасы таныстырылды26.02.2026, 18:49 229221Қазақстан БҰҰ Туризм ұйымымен бірге өңірлік туристік хаб ретіндегі рөлін нығайтуда

