25.08.2025, 11:47 39126

Мемлекет басшысы Конго Демократиялық Республикасы Президентінің арнаулы өкілі Патрик Мпойи Луабеяны қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Патрик Мпойи Луабеяға ілтипат білдіріп, оның сапарын Қазақстан мен Конго Демократиялық Республикасы арасындағы ынтымақтастықты дамыту жолындағы маңызды қадам ретінде қарастыратынын атап өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Патрик Мпойи Луабея Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездесуге мүмкіндік жасағаны үшін ризашылығын білдіріп, Конго Демократиялық Республикасы Президенті Феликс Чисекедидің арнайы сәлемін жеткізді.

Кездесу барысында Конго Демократиялық Республикасы Президентінің Қазақстанға жасайтын сапарына дайындық мәселелері, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың перспективті бағыттары талқыланды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны