01.01.2026, 17:01 19546

Мемлекет басшысы Куба Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Куба Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Сурет: Akorda
Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Марио Диас-Канель Бермудес пен оның отандастарын Куба Республикасының ұлттық мерекесі - Революцияның салтанатты жеңісі күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Президент жеделхатта Қазақстан мен Куба арасындағы достық және өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынас қос халықтың игілігі үшін одан әрі тереңдей беретініне сенім білдірген.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Марио Диас-Канель Бермудестің аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал Куба халқына құт-береке тіледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны