23.04.2026, 21:16 211
Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығы Премьер-министрінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Зиязин бен Хайсам Әл Саидты қабылдады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Оман араб әлеміндегі уақыт тезінен өткен сенімді серіктесіміз саналатынын, Қазақстанның ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға бейіл екенін жеткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
- Екіжақты саяси-экономикалық байланыстарымыз нығайып келе жатыр. Қазақстан мен Оман арасындағы ынтымақтастықты арттыруға қосқан үлесіңізді ерекше атап өткім келеді. Осы орайлы сәтті пайдалана отырып, Сұлтан Хайсам бен Тариқ Әл Саидқа сәлемім мен ізгі тілегімді жолдаймын. Ұлы мәртебелі Сұлтанның Астанаға сапармен келуін күтеміз, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Премьер-министрдің орынбасары қонақжайлықпен қарсы алған Қазақстан Президентіне алғыс айтып, Оман тарапы мемлекетаралық ықпалдастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін растады.
- Қазақстан - өте әсем әрі мәдени мұраға бай ел. Сізге Ұлы мәртебелі Сұлтанның сәлемін жеткізу мен үшін үлкен құрмет. Өзіңізге мәлім, екі елдің қарым-қатынасы 1992 жылдан бастау алады. Осылайша, Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесіне мүше елдер арасында алғашқылардың бірі болып Қазақстанмен дипломатиялық байланыс орнаттық. Бізді барлық бағытты, соның ішінде мәдениет, сауда, экономика және туризм салаларын қамтыған тығыз ықпалдастық байланыстырады. Аталған ынтымақтастық алдағы уақытта да жалғасын табады деп үміттенеміз, - деді Зиязин бен Хайсам Әл Саид.
Қазақстан Президенті Таяу Шығыстағы ахуал ушыққан қазіргі сәтте бауырлас Оман халқын қолдайтынын тағы да атап өтті.
Мемлекет басшысы аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға ерекше күш жұмсап келе жатқан Оманның халықаралық аренадағы беделін жоғары бағалады.
Әңгімелесу барысында екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын кеңейту перспективасы талқыланды. Әсіресе, энергетика, металлургия, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру салаларындағы ықпалдастыққа, мәдени-гуманитарлық байланыстарды жандандырудың маңызына назар аударылды.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Оман арасындағы ынтымақтастықты және халықтарымыздың өзара достығын нығайтуға қосқан үлесі үшін Премьер-министрдің орынбасары Зиязин бен Хайсам Әл Саидты I дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
27.04.2026, 11:09 19386
Қазақстан мен БАӘ стратегиялық серіктестікті нығайтуға бейілділіктерін растады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары барысында БАӘ Премьер-Министрінің орынбасары және Сыртқы істер министрі шейх Абдалла бен Заид Әл Нахаянмен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар қазақ-әмірлік серіктестігінің қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады, саяси диалогтың жоғары деңгейін және екі ел арасындағы дәстүрлі бауырластық қарым-қатынастарды атап өтті.
БАӘ Қазақстанның араб әлеміндегі стратегиялық серіктесі болып табылады және екі ел арасындағы ынтымақтастық барлық негізгі салаларда дәйекті нығайып келеді", - деп атап өтті Ермек Көшербаев.
Екі ел басшылығы арасында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға, сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударылды.
Тараптар энергетика, көлік, инфрақұрылым, инновациялар, жасанды интеллект және азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.
Экономикалық ынтымақтастық әрқашан біздің серіктестігіміздің берік негізі болды. Бүгінде БАӘ өңірдегі Қазақстанның негізгі сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі болып табылады және біз жаңа бірлескен жобаларды ілгерілетуге мүдделіміз", - деп атап өтті ҚР СІМ басшысы.
Сондай-ақ тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. Е.Көшербаев өңірдегі қазіргі ахуал тұрғысынан Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріне қолдауы мен ынтымақтастығын растап, ушығудың алдын алудың және барлық қақтығыстарды халықаралық құқық қағидаттарына негізделген саяси және дипломатиялық құралдар арқылы шешудің маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар ҚР СІМ басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан БАӘ Президентіне 2026 жылдың 28-29 мамырында Астанада өтетін Еуразиялық экономикалық одақ саммитіне қатысуға ресми шақыруды табыс етті.
Өз кезегінде шейх Абдалла бен Заид Әл Нахаян қазақ тарапына қолдау білдіргені үшін алғыс білдіріп, дипломатиялық күш-жігерді ілгерілетуге бағытталған Қазақстанның сындарлы ұстанымын жоғары бағалады.
Келіссөздердің қорытындысы бойынша тараптар стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге, іс жүзіндегі іс-қимылды кеңейтуге және екіжақты және көпжақты форматтарда тығыз үйлестіруді жалғастыруға өзара мүдделі екендіктерін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.04.2026, 23:56 14626
Қазақстан мен Латвия екіжақты қатынастарды тереңдетуге ұмтылысын растады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасы мен Латвия Республикасы сыртқы саяси ведомстволары арасындағы саяси консультациялардың кезекті раунды өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақ делегациясын ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов, ал латвиялық делегацияны ЛР СІМ Бас хатшысының орынбасары - саяси директор Иварс Ласис жетекшілік етті.
Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-латыш ынтымақтастығын дамыту перспективаларын талқылады. Сондай-ақ БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да көпжақты алаңдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір бөлісті.
Көлік-логистикалық байланыстарды кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. А. Исетов Латвияның Балтық өңіріндегі маңызды көлік-логистикалық хаб екеніне назар аударып, Қазақстанның латвиялық тараппен жаңа маршруттық коммуникацияларды одан әрі дамыту ниетін растады. Бұл тұрғыда тараптар екі елдің көлік органдары арасындағы қалыптасқан өзара іс-қимылды құптады.
И. Ласис ү.ж. мамыр айында жоспарланған Латвияның Ауыл шаруашылығы министрі А. Краузенің Астанаға сапарының маңыздылығына тоқталды. Оның пікірінше, Қазақстан әлемдегі ірі бидай экспорттаушылардың бірі болып табылады, өз кезегінде Латвия ветеринария, мал шаруашылығы, орман шаруашылығы және басқа да бағыттар бойынша өз тәжірибесімен бөлісуге дайын.
Консультациялар қорытындысы бойынша тараптар өзара құрмет, ашықтық және прагматизм қағидаттары негізінде екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға өзара мүдделілігін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.04.2026, 23:47 15596
Мәскеу мемлекеттік университетінде Қазақстанмен ынтымақтастық перспективалары талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде болып қайтты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
ЖОО ректоры Виктор Садовничиймен кездесу барысында ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.
Көптеген жылдар бойы ММУ Қазақстан үшін де жоғары білікті кадрларды дайындап келедіжәне екі мемлекет арасындағы тату көршілік және достық қарым-қатынастардың дамуына елеулі үлес қосуда.
Мәселен, бүгінде Мәскеудегі университет қалашығында тұрып, 130-дан астамқазақстандық студент білім алуда. Ал ширек ғасыр бойы табысты жұмыс істеп келе жатқан ММУ-дың Қазақстандағы филиалы көптеген талапкерлерге елден шықпай-ақ білім алуға мүмкіндік беруде. Қазіргі уақытта онда 720-ға жуық адам күндізгі бөлімде оқиды. Бұл университеттің бірегейлігінің, сұранысқа ие екендігінің және білім беру әлеуетінің дәлелі.
Тараптар белсенді ғылыми-білім беру ынтымақтастығын одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдірді. Бірлескен жобалар мен зерттеулер екі елдің игілігі үшін нақты секторларда өздерінің практикалық қолданысын табатынына сенім білдірілді.
Студенттер алдындағы дәріс барысында Елші Қазақстанның қазіргі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтып берді. Атап айтқанда, ол 2026 жылғы жаңа Конституцияны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың институционалдық реформаларының қисынды жалғасы деп атады. "Оның негізгі идеясы - мемлекеттіліктің неғұрлым тұрақты, үйлестірілген және бейімделген моделін қалыптастыру. Бұл болашақтың стратегиялық жобасы және оны дәйекті іске асыру Қазақстанның ХХІ ғасырдың сын-тегеуріндеріне сәтті төтеп беріп, ұзақ мерзімді перспективада өзінің мемлекеттілігін нығайтуына бағытталған", - деп атап өтті Д.Абаев.
Дәріс жанды, интерактивті сипатта өтті. Баяндама барысында Елші аудиторияның көптеген сұрақтарына жауап берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.04.2026, 22:55 15031
СІМ-де ЮНЕП делегациясының Қазақстанға сапарының қорытындылары талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Қазақстанға Өңірлік экологиялық саммитке (ӨЭС) қатысу үшін келген БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының (ЮНЕП) Еуропалық өңірлік кеңсесінің директоры Арнольд Крейлхуберді қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Е.Ашықбаев ЮНЕП өкілін саммит аясында ҚР Үкіметі мен Ұйым арасындағы стратегиялық серіктестік жөніндегі негіздемелік келісімге қол қойылуымен құттықтады. Аталған құжат ұзақ мерзімді бірлескен бастамаларды іске асыру үшін институционалдық негіз қалыптастырады.
Қазақстандық дипломат еліміздің орнықты даму, қоршаған ортаны қорғау және өңірлік өзара іс-қимылды нығайту салаларындағы дәйекті саясатты ұстанатынын атап өтіп, экологиялық күн тәртібін іске асыруға және экологиялық форумды өткізуге атсалысқаны үшін ЮНЕП-ке алғыс білдірді.
Өз кезегінде, А.Крейлхубер келісім аясында ЮНЕП-тің Алматы қ. Орталық Азияға арналған субөңірлік кеңсесінің негізінде құрылғын Өңірлік экологиялық хабты Орталық Азиядағы күш-жігерді шоғырландыруға арналған платформа, сондай-ақ озық тәжірибе мен ғылыми сараптама орталығы ретінде қарастыратынын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Саммиттің қорытындылары мен қабылданған құжаттарды іс жүзінде іске асыру, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту бағытында тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.04.2026, 22:42 16006
Қазақстан БҰҰ АзТМЭӘК-ның Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі технологиялар трансферті орталығының Басқарушы кеңесінің құрамына кірді
Сурет: gov.kz
Достарға айту
БҰҰ Азия және Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (БҰҰ АзТМЭӘК) 52 мүше мемлекеті арасындағы сайлау қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы БҰҰ АзТМЭӘК-ның Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі технологиялар трансферті орталығының (APCTT) Басқарушы кеңесінің құрамына сайланды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
БҰҰ АзТМЭӘК жанындағы Қазақстанның Тұрақты Өкілі Марғұлан Баймұхан атап өткендей, аталған шешім Қазақстанның өңірлік ғылыми-технологиялық күн тәртібіндегі белсенді қатысушы ретіндегі ұстанымының нығаюын, сондай-ақ тұрақты әрі инклюзивті дамуды ілгерілетуге қосқан үлесінің халықаралық деңгейде мойындалуын растайды.
Басқарушы кеңес құрамына кіру елге технологиялар трансферті саласындағы өңірлік тәсілдерді қалыптастыруға тікелей қатысуға мүмкіндік береді. Бұл, атап айтқанда, аса маңызды технологияларға неғұрлым ашық әрі әділ қолжетімділікті қамтамасыз ету тетіктерін әзірлеуді, сондай-ақ Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі технологиялық алшақтықты қысқартуға жәрдемдесуді қамтиды.
Кеңес жұмысына қатысу елге озық технологияларды, инвестицияларды және жоғары білікті мамандарды тартуға, сондай-ақ жетекші ғылыми орталықтармен халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге қосымша мүмкіндіктер ашады.
Сонымен қатар, бұл отандық инновацияларды өңірлік деңгейде ілгерілетуге жағдай жасап, Қазақстанның сенімді серіктес әрі заманауи технологиялық шешімдерді жеткізуші ретіндегі рөлін нығайтады.
Басқарушы кеңес құрамына сайлану Қазақстан Республикасының инновациялық экономиканы дамытуға және жаһандық технологиялық үдерістерге ықпалдасуға бағытталған мемлекеттік саясатының стратегиялық басымдықтарына толық сәйкес келеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.04.2026, 21:57 102951
Қазақстан мен Германия "жасыл" стратегиялық серіктестікті нығайтуда: климат, су және орнықты даму
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде "Орнықты дамуға бірлесіп қол жеткізу: Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасының "жасыл" болашақ жолындағы стратегиялық серіктестігі" тақырыбында Берлин Еуразиялық клубының кезекті отырысы өтті. Іс-шара Өңірлік экологиялық саммит аясында екі елдің мемлекеттік органдары, іскер топтары мен халықаралық ұйымдарының қатысуымен ұйымдастырылды., деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Өз сөзінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев 2012 жылдан бері Берлин Еуразиялық клубы диалогтан нақты бірлескен жобаларды іске асыруға мүмкіндік беретін тиімді алаң ретінде өзін танытқанын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан мен Германия арасындағы қатынастар сенімге, прагматизмге және ұзақ мерзімді мүдделердің үндестігіне негізделген стратегиялық серіктестік деңгейіне жетті. Германия Еуропа одағындағы Қазақстанның негізгі серіктестерінің бірі, ал Қазақстан Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастықтың маңызды орталығы.
Е.Ашықбаев климаттың өзгеруі жағдайында су экономикалық дамуға, азық-түлік қауіпсіздігіне және өңірлік қауіпсіздікке тікелей әсер ететін стратегиялық ресурсқа айналуда, әсіресе Орталық Азияда. Қазақстан су қауіпсіздігін мемлекеттік саясаттың басым бағыты ретінде қарастырып, тиісті министрлікті құру, инфрақұрылымды жаңғырту және цифрлық әрі су үнемдеу технологияларын енгізуді қоса алғанда, жүйелі шараларды жүзеге асыруда.
Қазіргі уақытта Қазақстан БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру бастамасын ілгерілетіп, халықаралық әріптестердің қолдауына үміт артады. Осы тұрғыда оның ішінде "Орталық Азия - Германия" форматы мен "Green Central Asia" бастамасы шеңберінде өңірлік ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығы атап өтілді.
Германия экономикасының Шығыс комитеті басқарма төрайымы Катрина Клаас-Мюльхойзер Қазақстанның реформалардың серпінін жоғары бағалап, су секторындағы ынтымақтастықтың перспективаларын атап өтті. Мысал ретінде инновациялар, цифрландыру және кадр даярлау алаңы болатын Kazakh-German Water Hub құру бастамасы аталды.
Отырыс барысында тараптардың практикалық ынтымақтастықты тереңдету үшін елеулі әлеуетке ие екені, соның ішінде инфрақұрылымдық және экологиялық жобаларды бірлесіп іске асыру, ғылыми-зерттеу бастамаларын дамыту және өңірлік климаттық күн тәртібін нығайту мүмкіндігі айтылды.
Екі панельдік сессия барысында қатысушылар азық-түлік қауіпсіздігі, су ресурстарын басқару, климаттық орнықтылық мәселелерін, сондай-ақ өңірлік қауіпсіздік пен экологиялық ынтымақтастықты нығайту құралы ретіндегі "Green Central Asia" бастамасын іске асыруды талқылады. Озық технологиялармен алмасуға және салааралық өзара іс-қимылды дамытуға ерекше назар аударылды.
Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Германияның Қоршаған орта мәселелері жөніндегі тәуелсіз институты; Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Германияның Қоршаған орта мәселелері жөніндегі тәуелсіз институты; Су ресурстарын ақпараттық-талдау орталығы мен Германияның Қоршаған орта мәселелері жөніндегі тәуелсіз институты; сондай-ақ "Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту орталығы" АҚ, "German Water Partnership" Германия су қауымдастығы және "System S&P GmbH" компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.04.2026, 21:45 15796
ҚР СІМ-де ЮНИСЕФ-тің Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша Өңірлік директордың орынбасарымен балалар құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев ЮНИСЕФ-тің Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша Өңірлік директордың орынбасары Октавиан Биволмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында қазақстандық дипломат О.Биволға Өңірлік экологиялық саммитке қатысқаны үшін алғыс білдіріп, сондай-ақ ЮНИСЕФ-тің Өңірлік кеңсесінің қазақстандық мемлекеттік органдардың қатысуымен өткен Саммиттің панельдік сессиялары мен іс-шараларын ұйымдастыруға белсенді қолдау көрсеткені үшін ризашылығын жеткізді.
Ол экологиялық күн тәртібі мәселелері балалардың әл-ауқатымен тікелей байланысты екенін атап өтті, себебі балалар жаһандық климаттың өзгеруінен туындаған табиғи апаттар мен техногендік төтенше жағдайлар алдында ең осал топтардың бірі болып табылады.
О.Бивол Саммит алаңы өңірлік экологиялық күн тәртібіне жаңа қырынан қарауға мүмкіндік беріп, өңірлік экологиялық ынтымақтастықтың ең өзекті мәселелері бойынша ұстанымдарды үйлестіруге жол ашқанын атап өтті.
ЮНИСЕФ өкілі Саммит аясында білім беру бағдарламаларына экологиялық тәрбие қағидаттарын енгізуге, қоршаған ортаға ұқыпты әрі саналы көзқарасты қалыптастыруға және өскелең ұрпақтың табиғи ресурстарды ұтымды әрі үнемді пайдалану дағдыларын дамытуға негізделген "Жасыл мектеп" атты бірегей өңірлік жобаның бастау алғанын ерекше атап өтті.
О.Бивол Қазақстан Үкіметі мен ЮНИСЕФ арасындағы 2026-2030 жылдарға арналған жаңа елдік ынтымақтастық бағдарламасы балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету және олардың құқықтарын қорғауға қатысты Қазақстанның негізгі ұлттық басымдықтарын көрсететінін айтты.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар балалар құқықтары мәселелері бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға және ЮНИСЕФ-тің Алматы қаласындағы Орталық Азия елдері мен Ауғанстанға арналған БҰҰ-ның Орнықты даму жөніндегі өңірлік орталығының негізінде қатысуын кеңейтуге келісті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.04.2026, 20:52 15241
Испания Қазақстандағы саяси реформалар бағытын қолдайтынын білдірді
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев Испания Сенатының Сыртқы істер комитетінің төрағасы Пилар Рохомен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Келіссөздер барысында тараптар қазақ-испан қатынастарының өзекті мәселелері мен оларды одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Бұл ретте, парламентаралық байланыстардың оң серпіні, оның ішінде достық тобы аясындағы өзара іс-қимыл аталып өтті.
Елші Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан саяси реформалар туралы хабардар етіп, республикалық референдум қорытындысы бойынша қабылданған жаңа Конституцияның негізгі ережелерін таныстырды. Осы тұрғыда ол жаңартылған Негізгі заң бір палаталы парламенттік модельге көшуді және саяси жаңғырудың жаңа кезеңін айқындайтынына назар аударды.
Өз кезегінде, испан сенаторы жүргізіліп жатқан өзгерістерге оң баға беріп, олардың елдің орнықты дамуы мен мемлекеттік институттардың тиімділігін арттырудағы маңызын ескертті.
Сұхбаттасушылар парламентаралық өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға және стратегиялық серіктестікті нығайтуға мүдделілік танытты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
27.04.2026, 11:09Қазақстан мен БАӘ стратегиялық серіктестікті нығайтуға бейілділіктерін растады
24.04.2026, 21:57 102336Қазақстан мен Германия "жасыл" стратегиялық серіктестікті нығайтуда: климат, су және орнықты даму24.04.2026, 14:53 87726Қазақстан мен Оман Сұлтандығы арасында Инвестициялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды24.04.2026, 16:47 21981Мемлекет басшысы Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде сөз сөйледі24.04.2026, 15:50 21736Мемлекет басшысы Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды24.04.2026, 12:55 21416Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды
10.04.2026, 23:02 726456Қазақстан-Польша Үкіметаралық комиссиясы аясында ынтымақтастық перспективалары қарастырылды13.04.2026, 21:35 473211Қазақстан СІМ-де Франция Сенаты делегациясымен кездесу өтті14.04.2026, 09:37 473141Латвия мен Қазақстан көлік және логистика салаларындағы екіжақты байланыстарды нығайтуды жалғастыруда13.04.2026, 19:54 Қазақстан CІМ басшысы мен ҰҚШҰ Бас хатшысы бұдан әрі болатын өзара іс-қимылдың мәселелерін талқылады473071Қазақстан CІМ басшысы мен ҰҚШҰ Бас хатшысы бұдан әрі болатын өзара іс-қимылдың мәселелерін талқылады10.04.2026, 22:00 461791Сеулде "Орталық Азия - Корея Республикасы" алғашқы саммитіне дайындық мәселелері талқыланды

