20.03.2026, 20:09 1656

Найробиде Қазақстан-Кения ынтымақтастығын дамыту мәселелері талқыланды

Қазақстанның Кениядағы Елшісі, ҚР Найробидегі БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов Кения Республикасының Сыртқы істер және диаспора министрлігінің Саяси мәселелер жөніндегі Бас директоры Джосфат Майкарамен, Президент Кеңсесі және Сыртқы істер министрлігі Протоколының басшысы Северин Люялимен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында қазақ дипломаты кениялық тарапты 2026 жылғы 15 наурызда орын алған жалпыұлттық референдум аясындағы конституциялық өзгерістер Қазақстанның саяси жүйесін одан әрі жаңғыртуды және мемлекеттік басқарудың тиімдірек және теңгерімді моделін қалыптастыруды көздейтіні, әлеуметтік-саяси тұрақтылықты нығайтуға және тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуге ықпал ететінін мәлімдеді.

Тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту жоспарларын, жоғары және ең жоғары деңгейдегі алдағы сапарларды, екіжақты шарттық-құқықтық базаны қалыптастыру мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасылып, көпжақты құрылымдар аясында тығыз ынтымақтастыққа дайындығы расталды.

Екіжақты өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша, соның ішінде сауда және инвестициялық даму, транзиттік және көлік бағыттары, оның ішінде Кения порттарын пайдалану мәселесі, ақпараттық және қаржылық технологиялар, ғарыш, тау-кен өндірісі, медицина, спорт, ауыл шаруашылығы, туризм, ғылыми және мәдени алмасулар салаларындағы ынтымақтастықты нығайту бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.

Д.Майкара Қазақстан мен Кения арасындағы жылы қарым-қатынасқа тоқтала келе, Қазақстанның дамуын жоғары бағалап, Найробидің Астанамен екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуіне және оны одан әрі дамытуға деген терең қызығушылығына назар аударды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара қызуғышылық танытатын мәселелер бойынша іс-қимылды жалғастыруға келісіп, ынтымақтастықты нығайту жөніндегі бірлескен шараларды, соның ішінде сауда және инвестиция, көлік, ақпараттық технологиялар және туризм салалары бойынша Қазақстан мен Кения арасындағы сарапшылар тобының шеңберіндегі жұмысты жандандыруға келісті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны